Босану кезіндегі бала жарақаттары

Босану кезіндегі жарақаттар — туып келе жатқан балаға қосымша қолмен көмек, реанимация жасалған кезде пайда болатын жарақаттар. Бұл жарақаттарға паренхиматозды ағзалардың, жұмсақ тіндердің жарақаттары, сүйектердің сынуы жатады.

КЕФАЛОГЕМАТОМА— бала туу кезінде суйекүсті қабаты мен бас сүйегінің арасына қанның жиналуы.

ЕМІ: Кефалогематома көбінесе 2-3 аптадан кейін қайтады. Егер көпке дейін қайтпаса, оны пункция жасап, сорып алады, ал іріңдесе кесіп, іріңдеген жараларды емдейді. Кішкентай кефалогематомалар өздігінен 1-2 аптадан кейін қайтады. Егер де кефалогематомасы бар нәрестелерде анемия мен сүйек астына кеңістігіне қан жиналса, алғашқы 5-6 күнге дейін пункция жасауға тыйым салынады.

БҰҒАНАНЫҢ СЫНУЫ— ығысумен және ығысусыз болатын тума жарақаттардың бір түрі.

ЕМІ: Нәрестелерде бұған сынығы кезінде репозиция жасаудың қажеті жоқ. Жарақаттанған қолды Дезо әдісі бойынша 7-10 күнге қолтыққа жастықша салып денесіне байлап қояды. Ол бұғана сынығының жақсы бітісіп, қолдың қимылын жақсартуға көмектеседі.

САН СҮЙЕГІЕІҢ СЫНУЫ—  бала жамбаспен немесе көлденең келген кезде көмек көрсетуі немесе аяғынан бұрған кезде туындайтын жарақаттар.

ЕМІ: Нәрестелерде сан сүйегі сынғанда аяқты Шеде әдісімен 10-14 күнге жоғары тартып асып қояды. Шеде әдісімен тартудан кейін санға сыртқа қарай шалқайтатын шина салынады.

ОМЫРТҚА ЖОТАСЫ МЕН ЖҰЛЫННЫҢ ТУМА ЖАРАҚАТТАРЫ

ЕМІ: 1-шіден зақымдалған омыртқа жотасын иммабилизациялау қажет:мойын омыртқасы жарақаттанғанда шеңбер тәріздес мақта-дәкеден жасалған таңба жарақаттанған баланың басының астына салады. Шеңбердің қалыңдығы 6-8 см , ішкі диаметрі бас аумуғынан 2-3 мм кішірек болады. Иммобилизация үшін мақта дәкеден жасалған таңба мен 3 қатар жаялық қажет: жаялықтың үстіне, ені екі иықтың еніне, ұзындығы, қара құстан құйымшаққа дейін жететін бірнеше қабаттан құралған жаялық салынады. Оның үстіне бірнеше қабаттан тұратын үшбұрышты жаялықты негізімен үстіге қарата жайып үстіне мақта дәкеден жасаған шеңбер қойылады. Баланы басын шеңберге бұрылмайтындай орналастырып, юасы мен денесінің үстіңгі бөлігін орайды. 2-3 аптаға созылады.

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІНЕ ҚАН ҚҰЙЫЛУ.

ЕМІ: Бүйрек үстіне қан құйылып, бірақ құрсақ қуысына қан кетпеген жағдайда консервативті ем жүргізеді. Нәрестелерге гидрокортизон немесе преднизолон беріледі. Бүйрек үсті безінің гематомасы бүйректі ығыстырып, оның функциясына кері әсер ететін кезде ұйылған қанды алып тастау үшін 2-3 аптадан кейін люмботомия жасалады.  

Мойын омыртқасы орнынан жылжыуы

Мойын омыртқасы орнынан жылжып кеткен кезде репозиция жүргізеді. Репозиция 0,1мл 50 процент анальгин жасалғаннан кейін өткізіліп, баланы гипстен жасалған бесікке жатқызады. Гипстен бесік алдын ала баладан алынған пішін бойынша жасалады. Иммоболизация мерзімі 3-4 аптаға дейін созылады.

Кеуде мен бел омыртқалары жарақаттанғанда баланы ішіне жатқызып, бір қолымен екі аяғынан жоғары көтеріп, екінші қолымен патологиялық кифозы бар жерге жайлап басып деформацияны біртіндеп кетіреді. Иммобилизация 2-3 айға созылады. 3-4 аптадан кейін массаж, лфк тағайындалады.

ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ҚИСЫҚ МОЙЫН — бастың бір жағына кетіп, қарама-қарсы жаққа бұрылуы.

ЕМІ: Нәресте 7-10 күнге келгеннен бастап жүргізіледі. Арқасында жатқан баланың басын сау жаққа қарай қисайтып, бетін ақауы бар жаққа қарай бұру қажет. Күніне 10-15 минуттан 3-4 рет жасалады. УВЧ, калий йодиді, ранидазамен электрофарез тағайындалады. Мойыны мен бетіне массаж жасалу керек. Консервативті ем 3 жасқа дейін жүргізіледі. 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...