Акселерация

Акселерация – зерттеулер мен түсініктер. «Акселерация» терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды – оны 1935 жылы неміс дәрігері Е.М. Кох ұсынған болатын. Бұл сөзбен (латын тілінен «жылдамдату» дегенді білдіретін) балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының, салмағының және кейбір басқа өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын. Акселерация құбылысы АҚШ-та, Европада, Азияда, Россияда байқалады, қалаларда ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс береді. Оның кеңінен таралуы ғалымдарға акселерация құбылысын қазіргі заманғы адамның дамуына тән қақын ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Акселерация — жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.
Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Акселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі
Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады.

Акселерацияның басты мысалдары ретінде:

  • жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін (зерттеу кезіне (1979 ж.), орта есеппен 1-2 кг-ға және 4-5 см-ден жоғары (сол жүз жылдықтың 30-жылдары).
  • тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын (1-2 жылға)
  • скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын (20-ғасырдың 20-30 жылдарымен салыстырғанда 2-3 жылға ерте)
  • өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 8-10 см.-ге өсуін.
  • мектп жасындағы балалардың бойының өсуі, ерте жыныстық жетілуін (ұлдарда 11-12 жаста) мысалға келтіруге болады.

Бұл белгілерді өз жұмыстарында Ю.Е. Вельтищев пен Г.С. Грачева келтірген, И.М. Воронцов және А.В. Мазурин сондай-ақ акселерация жалпы өмір ұзақтығының өсуіне және екі жыныстағы ересек адамдардың репродуктивті кезеңіне байланысты екенін көрсеткен.

Акселерация қазақшабала дене бітімінің даму көрінісі

Акселерацияның туындауы туралы әртүрлі теория бар, оның ішінде физикалық-химиялық (күн радиациясының, ғарыш радиациясының, толқын, магниттік өріс, көмірқышқыл газының шоғырлануының артуы және басқалары), және ескерілетін факторлар мен өмір жағдайларының факторларының кешені (өсіп келе жатқан ақпараттық ағындар, урбандық әсер, әлеуметтік-биологиялық факторлар), және генетикалық (цикликалық биологиялық өзгерістер, популяциялық араласулар), осы уақытқа дейін толығымен аталғандардың қайсысы маңызды екенін анықтау мүмкін емес. Ғалымдардың пікірінше даму жылдамдығына, мысалы, отбасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен тамақтану әсер етеді, бірақ нәсілдік меншіктік немесе климат мүлдем әсер етпейді. Сондай-ақ Б.Г. Ананьев балалардың психикалық және физикалық қасиеттерінің бір қалыпқа түсуі бірқалыпты жүрмейтінін атап айтқан болатын. Бұл дисгармониялық акселерация. Психологиялық жас биологиялық жастан қалып жататын жағдайлар болып жатады (инфантильділік). Инфантильділік әдетте ұлдарда кездеседі.

Акселерация – ол туралы ата-аналар неге білуі керек?

Жоғарыда келтірілген ғылыми деректер, әрине, қызықтырады, бірақ біраз алшақтау және акселерация туралы білімнің бізге, ата-аналарға, ғылымнан хабары жоқ адамдарға не үшін қажет екенін түсіндіре алмайды. Шындығын айтқанда, оның мәні ғылымидан гөрі барынша кең. Мысалы педиатрияда акселерация дерегі балалардың даму нормаларын қарастырады. Ал ұл баланың жыныстық жетілу кезеңінде өсу үрдісінің жылдамдауы жүрек-қан тамырының және ағзаның басқа мүшелерінің ауруларын білдіруі мүмкін екендігіне назар аударған жөн. Әрине, дәрігерлер бұл туралы біледі, бірақ ауруды анықтап, уақытында дәрігерге қаралу ата-ананың еншісінде.

Ерте жыныстық жетілу.

Психологтар мен педагогтар акселерацияяның басқа аспектісі – ерте жыныстық жетілумен және соған байланысты мәселелермен күресіп келеді. Бұл депрессиялар, әртүрлі сипаттағы қақтығыстар, қарсылықтар және барлық қалыпты үрдістегі білімділіктің қажеттілігі. Ата-аналарды осы мәселелер көбінесе ойландырады. Олардың қатысуы, көңіл бөлуі, көмегі жыныстық жетілу кезеңінде балаға өте қажет. Ұлдардың акселерацияға негіздлген ерте жыныстық жетілуі, әсіресе егер физикалық дамуы психологиялық дамуынан бірінші болса, ерте жыныстық қатынаспен және онымен байланысты ауруламен немесе ерте жетілген дос қыздардың жүктілігімен қауіпті. Бұл жерде ата-аналардың, психологтар мен педагогтар бірлесіп жұмыс істеуі керек. Ең алдымен, ақпараттық. Қазіргі кезде бұл жұмыс әдетте ұлдар мен қыздарға контрапцепция тәсілдері мен жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы ақпаратты жеткізумен алмастырылып жүр. Бұл ақпарат қызықтыратын фильмдер мен ойындар түрінде беіледі, онда жыныстық қатынастың ерте басталуы жеңіл және күлкімен қабылданады, онда жыныстық өмір отбасымен, бала туумен байланыстырылмайды.

Отбасын құру, балалардың тууы мен тәрбиеленуі мәселелеріне мектепте мүлдем аз көңіл бөлінеді. . Сондықтан балалар ересек бола тұра кейде балалардың қайдан пайда болатынын түсіне бермейді. Ал бұл жыныстық қатынастан да басты мәселе болып табылады. Әзірге жыныстық қатынастың отбасын құру, ұрпақты жалғастыру және дені сау балаларды тәрбиелеу мәселелері ата-аналарының мойнында. Ата-аналары, біз бәріміз оған қажетті көңіл бөлмесек, оның зардаптарын өзіміз тартамыз. Ата-аналар қажетінше психологтардың көмегімен оянған жыныстық күш-қуатын барынша қауіпсіз арнаға, яғни шығармашылыққа, спортқа, тағы басқа қызығушылықтарға аударуға көмектесе алады.

Жасөспірім ұлдардың бүлікші рухы. Тағы бір қауіп – психологиялық. Жыныстық жетілу кезінде, әсіресе, балаларда дисгармониялық акселерация болғанда бала әлжуаз болып келеді. Физикалық дамуы жоғары дисгармониялық акселеация кезінде бала өзіне қойылатын жоғары талаптардан зардап шегуі мүмкін. Көңіл күйдің өзгергіштігі, ересек ұрпақпен қақтығыс, қарсылықтың әртүрлі формалары, кейде тіпті суицидтік бағытта – бұның бәрі қауіпті және ата-аналар үшін де, баланың өзі үшін де жайсыз болып келеді. Егер қыз балаларда бұл кезең салыстырмалы түрде бірқалыпты өтсе, жасөспірім ұлдардың бүлікші рухы көптеген келеңсіздіктедің себебіне айналуы мүмкін.

™Ата-аналар өтпелі кезең туралы біледі, оған дайындалып, 15-16 жасқа келгенде күтеді. Ал ол 12 жасында өтіп кетеді және олар оған мүлдем дайын болмайды. Ата-аналар баланың мінезінде болып жатқан өзгерістерге оңды әсер етуі үшін ол туралы білулері қажет. Баламен сенімді қаым-қатынасты жоғалтпауы керек. Әдетте жасөспірімдердің бүлікші ағымдары оларды баспасөзде сипаттағандай қорқынышыты емес. Арадағы сенімді қаым-қатынас одан да күшті әсері бар секталар мен есірткінің жетегіне еіп кетсе біліп, дер кезінде алып қалуға көмектеседі. Әрине, сипатталғандардың бәрі шындық және акселерацияның қатысуынсыз, мәселенің жылдамдатылуы кезінде қаттырақ байқалуы мүмкін.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 2,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...