Қоршаған ортамен байланысты ауруларды алдын алу

Адам өмірінде үнемі әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік қоршаған орта факторларының әсеріне ұшырайды.

Қоршаған ортаның факторларының зиянды әсерінің алдын алудың бірнеше принципиальді тәсілдері бар:

  1. Өндірісті толық тоқтату
  2. Шығарыстардың қоршаған ортаға түсуіне тыйым салу
  3. Зиянды факторды улылығы аз, зиянсыз факторлармен алмастыру
  4. Қоршаған орта объектілеріндегі зиянды заттардың мөлшерін  және олардың әсер ету деңгейін шектеу (регламинтация)

—Профилактика стратегиясы зерттелетін фактордың адам ағзасына және оның ұрпағына жуық арадағы және кейінгі қатерлі әсерін талдауды талап етеді.

—Гигиеналық нормалау – адам ағзасына қоршаған ортаның зиянды факторларының зиянсыз деңгейлерін заңды түрде бекіту:

Химиялық факторлардың  рұқсат шеткі концентрациялары (РШК), физикалық факторлардың рұқсат шеткі деңгейлері (РШД)

Көп түрлі физикалық факторлардың рұқсатты деңгейлерін белгілеу мақсатында кең көлемді зерттеулер жүргізілді:

  • Иондық сәулелену
  • Шу
  • Діріл
  • Иондалмайтын электромагнитті сәулелену (ультрокүлгін, инфроқызыл, лазер, микротолқынды, ралиожиілікті, төмен жиіліктегі)
  • Жарықтану
  • Микроклимат факторлары

Еңбек гигиенасында физикалық еңбектің ауырлығын  гигиеналық нормалау принциптері негізделген (физикалық динамикалық жүктеме, көтеретін және тасымалданатын жүктің ауырлығы, жұмыс қалпы, дененің иілуі, кеңістікте қозғалу), еңбектің қиындығы.

Химиялық  қосылыстардың РШК мен физикалық факторлардың РШД бірқатар халықаралық ұйымдар бекітеді: халықаралық еңбекті ұйымдастыру (МОТ), Бүкіләлемдік денсаулықты ұйымдастыру (ВОЗ).

—Гигиеналық нормативтерді негіздеудің жалпы қабылданған принциптері бар

  • —Бірінші орында гигиеналық нормативтердің мемлекеттік сипаты және барлық ұйымдар мен жеке тұлғалардың оларды сақтау міндеті.
  • —Гигиеналық нормалаудың екінші принципі – зиянды факторлардың пайда болуынан бұрын гигиеналық нормативтерді бекіту.

Гигиеналық  нормалауда экономикалық  немесе технологиялық емес, ал медико-биологиялық критерилерге көп көңіл береді. Зиянсыздық принципі, медико-биологиялық көрсеткіштердің приматы гигиеналық нормативтерді бекітуде оның профилактикалық бағышталуын қамтамасыз етіп, технологиялық процесстерді жетілдіру үшін приоритетті бағытты анықтауға мүмкіндік береді.
Гигиеналық нормалау қоршаған ортаның нақты бір объектісіне және экспозицияланатын контигентке байланысты әрқашан дифференцияланады. Судың, топырақтың, азық өнімдерінің физико-химиялық қасиеттерінің өзгергіштігімен және спецификалығына және ағзаға әсер ету ерекшелігіне байланысты гигиеналық нормативтер әр объектіге жеке бекітіледі – бұл санитарлы қорғау объектілерін бөлу принципі.

—Химиялық қосылыстар тікелей емес жанама түрде де әсер етуі мүмкін. Бұл зерттелетін фактордың барлық қолайсыз әсерлерінің комплексін есепке алу принципі:

  1. Органолептикалық көрсеткіштерге әсер ету
  2. Рефлеторлық әсер
  3. Жалпы санитарлық көрсеткіштерге ісер ету
  4. Бір ортадан екінші ортаға миграциялау мүмкіндігі
  5. Санитарлы тұрмыстық әсер
  6. Адам ағзасына ісер ету

Гигиенада зиянды әсер табалдырығы деп ол әсер еткенде ағзада физиологиялық реакциялар шегінен шығатын өзгерістер немесе жасырын патология дамитын сыртқы орта объектісіндегі зиянды заттың минимальді концентрациясын түсінеді. Қалыпты мен патология арасындағы эфектіні табалдырық деп санайды.

Көбінесе мөлшер-уақыт-эффект тәуелділікті лабораториялық жануарларға эксперимент жағдайында ғана анықтауға болады, онда реальді табиғи жағдайда іске асыра алмайтын экспозиция тәртібін модульдеуге болады. Бұл фактор әсерін эксперимент жағдайында модульдеу принципі.

 

Бекітілген нормативтердің медико-биологиялық сенімділігін арттыру үшін қосымша әсер ету жағдайын күшейту принципі қолданылады, оған сай эксперимент процесінде экспозицияның ең қауіпті нұсқасына сүйенеді. Эксперимент пен клиникалық, гигиеналық, аналитикалық зерттеулер нәтижесінің бірлігі қазіргі кездегі гигиеналық нормалау методологиясының ма,ызды принципі болып табылады. Практикада бұл принцип гигиеналық нормалау бойынша зерттеулердің кезеңділігімен іске асады. Осы принцип зерттеудің стратегиясын таңдау, қатаң ретпен орындалатын кезеңдерін бөлуді және мүмкіндігінше жаңа материалдар мен заттарды енгізу кезеңімен синхронды жүргізу қажеттігін көрсетеді.

Реальді жағдайда адам ағзаға белгілі бір жолмен түсетін бір заттың жеке әсеріне ғана емес, ал күрделі көп факторлы әсерге ұшырайды. Әсердің көптүрлілігін есепке алу қажеттілігі кешенді (бірдей, интегральді) гигиеналық нормалау принципінде көрсетіледі.

Көп факторлы әсердің келесі нұсқаларын ажыратады:

  1. Комбинирленген әсер – табиғаты бойынша бірдей факторлардың бір уақытта етуі (мысалы, шу және діріл, бірнеше химиялық заттар т.б.)
  2. Бірлескен әсер – табиғаты бойынша әр түрлі әсерлердің бір уақытта әсері (мысалы, шу мен химиялық заттар)
  3. Кешенді әсер – бір уақытта химиялық заттардың бірден, бірнеше жолмен бір немесе бірнеше ортадан түсуі (мысалы, ауадан, азық өнімдерімен, сумен, полимерлі материалдармен, тері арқылы сіңірілу арқылы)
  4. Кезекті әсер – комбинерлі әсердің бір нұсқасы, ол кезде бәр заттың әсері келесі зат әсерімен алмасады (мысалы, ауылшаруашылығында, химико-фармоцевтикалық өндірістің аз тоннажды өнеркәсіптерінде жұмысшылар нақты бір уақытта бір затпен контактіне түсіп химиялық қосылыстардың басқа жинағымен алмасуы мүмкін.

Қоршаған орта факторларының барлық жиынының максимальді мүмкін жүктемесін қарастыру тиімдірек. Бұл кезде климатогеографиялық жағдайларды есепке ала отырып нормативтерді дифференциялау принцилпі қарастырылуы керек. Жеке алғанда, осы принцип ауыз судағы фтор мөлшерін гигиеналық нормалауда қолданылады.

Соңғы жылдарда гигиенистер мен экологтар әр түрлі экологиялық жүйелермен таралатын химиялық заттардың зиянды әсеріне назар аударды.
Химиялық заттардың берілуінде, трансформациясында, жиналуында басты роль ойнайтын экожүйелер эколого-гигиеналық көзқарастың даму қажеттілігін анықтады. Бұл жоғарыда айтылған комплексті гигиеналық норм алау принципінің бір аспектісі. Эколого-гигиеналық зерттеулер химиялық зат объектіге түскен сәттен, ары қарай қандай жолмен адам ағзасына түсетінін көрсететін күрделі процесті зерттейді. Онда қазіргі кездегі химико-аналитикалық әдістер – хроматомасс – спектрометрия, хроматография әдістері және химиялық заттардың орта аралық транспортын математикалық модельдеу әдісі қолданылады.

Гигиеналық нормалаудың дәстүрлі әдістемесі үлкен шығын мен көп уақытты талап етеді ( 1 жылдан 2-3 жылға дейін). АҚШ химиялық затты токсикологиялық зерттеу 500 мыңнан 1,5 млн.долларға дейін болады. Оған қоса тек АҚШ да жұмысшылар 65000 көп өндірістік химиялық заттардың әсеріне ұшырайды, ал бұл елде тек 1000-нан аз қосылыстың ғана рұқсат әсер деңгейлері бекітілген. Жаңа химиялық заттардың санының өсуі, бір жағынан, барлық өндірісте қолданылатын және жаңа енгізілетін қосылыстарды мұқият тіркеуді, екінші жағынан – гигиеналық нормативтерді негіздеу бойынша зерттеулерді жылдамдатуды талап етеді.

Айтылған нормативтермен қатар полимерлі материалдардан онымен контактіге түсетін ортаға (су, азық өнімдері) зиянды заттардың бөлінуінің рұқсат деңгейлері бар. Сондай-ақ әр түрлі материалдардың термодиструкциясы нәтижесінде түзілетін қауіпті химиялық заттардың бөліну нормативтері бар. Бұл нормативтер жаңа материалдар мен бұйымдарды гигиеналық бағалау кезінде, химиялық қосылыстардың миграциясы немесе оны қыздырған кезде улы компоненттердің түзілуі нәтижесінде адам денсаулығына қауіп төндіретін өнімді шығаруға тиым салу мақсатында қолданылады.

Осылайша, қазіргі кезде профилактикалық  токсикология мен гигиенада адам денсаулығына қауіпті химиялық қосылыстардың деңгейін шектейтін  нормативтер жүйесі бекітілген. Гигиеналық нормалау әдістемесі сыртқы орта сапасының өзгеру тенденциясын талдау мен фундаментальді ғылым жетістіктері нәтижесінде үнемі жаңарып, жетілдіріліп отырылады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...