Митральді қақпа жетіспеушілігі

Жүре пайда болған митральді қақпақшаның жетіспеушілігі-қақпақша жармасының зақымдалуы, сонымен қатар миокардқа және қақпақша сақинасына жанасқан хордалардың зақымдалуымен негізделген.

Этиологиясы:

  1. Ревматикалық эндокардит- жарманың деформациясы мен қысқаруына және бүкіл қақпақша аппаратының фиброзы мен ригидтілігіне әкеледі.
  2. Инфекциялық эндокардит- жармалардың деформациялары мен бұзылысынан болады.
  3. Қабыну нәтижесінде жармалардың зақымдалуы болады: ЖҚЖ, ревматоидты артрит, анкилозды спондилоартрит, жүйелі склеродермия.
  4. Митралді клапанның пролапсы кезінде, хордалардың созылу және миксематозды дегенерация нәтижесінен, сонымен қатар, емізікше тәрізді бұлшықетінің созылуынан: ишемия, инфаркт, сол жақ қарынша аневризмасы, жарақаты кезінде және т.б. процесстерде емізікше тәрізді бұлшық етінің жыртылуынан болады;
  5. обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия- митралді қақпақшаның алдыңғы жармасының алға ығысуы;
  6. Марфан синдромы кезінде хорда мен қақпақшалық сақинаның созылуынан болады.
  7. Қақпақша жармасының және сақинасының кальцинозы кезінде;
  8. Сол жақ қарыншаның кеңеюі, мысалы дилатационды кардиомиопатия, гипертониялық аурудың кеш сатысында, аорталді жетіспеушілік, қақпақша сақинасының кеңеюіне әкеледі, ол митралді қақпақшаның жетіспеушілігіне әкеледі.

Жүре пайда болған митральді қақпақшаның жетіспеушілігі патогенезі

  • Қақпақшалар толық жабылмай, жармаларының арасында саңылау болуы немесе тесілуі;
  • Систола кезінде қанның біршамасы жабылған қақпақтың арасындағы саңылаулардан немесе тесілген қақпақтан сол жүрекшеге оралуы. Кері оралатын қанның көлемі қақпақ кемістігінің аумағына және митральді тесіктің сақиналық бұлшықетінің жиырылу мүмкіндігіне тәуелді.

Митральді қақпақшаның жетіспеушілігі кезіндегі гемодинамикалық бұзылыстар

Гемодинамикалық бұзылыс регургитацияның көлеміне тәуелді, мысалы 5 мл шамасындағы регургитация гемодинамикалық бұзылыстарды бермейді; 10 мл- орташа, ал 25-30 мл- ауыр регургитация болып, айқын ГБ-ға әкеледі. Регургитация көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым ГБ тез пайда болады.

Митральді қақпақшаның жетіспеушілігі клиникалық көріністері:

Науқас шағымдары: анаманезінде ЖРҚ ауырған; кеш сатысында сол жақ жүрекшеде қысым жоғары болғандықтан, науқаста әлсіздік, жүрек қағу, жүктеме кезінде ентігу болады; кейін- жүрек астмасының түнгі ұстамалары мазалайды.
Қанды қақыру үлкен қанайналым мүшелеріндегі тромбоэмболиямен және стенозымен (сирек жағдайда) байланысты.

Объективті зерттеу: Митральді жетіспеушіліктің ауыр түрінде перифериялық цианоз және цианоздық «митралді қызғылттық» («митральный румянец») кездеседі. Ұзақ митралді жетіспеушілік кезінде сол жақ қарыншаның ұлғаю белгілері: жүрек ұшы итерілісінің (толчок) күшеюі және латеральді жақққа ығысуы. Айқын регургитация кезінде сол жақ парастерналді аймағында пульсация байқалады, қарынша систоласының уақытында қанның регургитациясы кезінде сол жақ жүрекшенің толуымен байланысты. Кеш сатысында жүрек итерілісі (толчок)- барлық прекардиальді аймағының пульсациясы, оң жақ қарыншаның ұлғаюын білдіреді.

Аускультативті көрінісі: 

  1. Жүрек ұшында І тонның әлсіреуі немесе жоғалуы; ақаудың ауыр түрінде пансистолалық шу естіледі.
  2. Митралді қақпақшаның пролапсы кезінде шу қосымша систолалық тоннан кейін пайда болып, систоланың аяғында күшейеді.
  3. Кеш сатысында 0,12-0,17 с кейін аорта компонентінің ІІ тонының басында ІІІ патологиялық тон естіледі.
  4. Дыбыстық симптоматика жүкткмеден кейін жақсырақ естіледі, сол жақ бүйіріне жатқанда, толық тыныс шығарғаннан кейін тынысты ұстау кезінде; кеш сатысында өкпе артериясындағы ІІ тон күшейеді.

Аспаптық зерттеу әдістері.

ЭКГ: Сол жақ жүрекше және қарыншаның гипертрофиясы және дилятациясы. Кеш сатысында жүрекшенің пароксизмальді немесе тұрақты дірілі байқалады.
Эхо КГ: қақпақша жармасының қозғалысы және регургитация айқындылығын, сол жақ жүрекшенің және басқа камераларының өлшемін анықтауға мүмкіндік береді. Кейде фиброз және кальцинаттар; инфекциялық эндокардитте- жарманың вегетациясы байқалады.

Рентгенологиялық әдіс. РӘ (өңешті контрастілеу) сол жақ жүрекшенің ұлғаюы тегістелген түрі, кейін жүректің «белінің» шығуы байқалады. Бүйір проекциясында ретрокардиалді кеңістіктің кішіреюі және жүрекшенің ұлғаюы мен өңештің үлкен радиусты доға (6 см аса)бойынша артқа тығыздалуы. Сол жақ қарыншаның ұлғаюы. Кеш сатысында жүректің оң жақ бөлігің ұлғаюы, өкпеде венозды құюлу әсерінен тамырлық көрінісінің күшеюі және кіші шеңбердің гипертензиясы.

Митральді қақпақшаның жетіспеушілігі емі

Медикаментозды терапия:

  • Негізгі ауру бойынша дәрілік зат тағайындайды (ЖРҚ, ИЭ, ЖҚЖ); асқыну кезінде ЖРҚ, ИЭ рецидивтерін алдын алу үшін госпитализациялау.
  • Жүрек жетіспеушілігі кезінде: ААФ ингибиторы- қанның регургитациясын азайту; жүрекшенің тұрақты дірілі- β-адреноблокаторлар не ЖСЖ төмендету үшін дигоксин, сонымен қатар антикоагулянттар не антиагреганттар қолданады.

Хирургиялық ем: Жасанды қақпақты не аннулопластика- жасанды сақина орнату.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...