Жеделдеу тиреоидит

Жеделдеу тиреоидит немесе Де Кревен тиреоидиті, гранулематозды тиреоидит

Деструктивті тиреотоксикоздың жедел инфекциялық аурудың симптоматикасы мен мойын аймағындағы ауыру сезімі синдромының тіркелуімен сипатталатын, вирусты этиологиялы қалқанша безінің қабыну ауруы.

Де Кревен тиреоидиті (жеделдеу) этиологиясы:

Вирусты инфекция :

  • Коксаки вирусы, аденовирус, эпидемиялық паротит вирусы, тұмау вирусы және Эпштейна-Барр вирусы
  • Генетикалық бейімділік HLA-Bw35 антигенін тасымалдаушыларда

Эпидемиологиясы:

  • Таралу жиілігі белгісіз
  • Жиі әйелдерде 30-60 жас аралығында дамиды.
  • Жас балаларды-казиустикалық сирек кездеседі.

Жеделдеу тиреоидит патанатомиясы

Бездің симметриялы және асимметриялы ұлғаюы. Тін біркелкі құрылымды емес, қоңырқай түсті, тығыз емес. Микроскопиялық алып және псевдо- алып клеткалардан түзілген гранулемалар, фолликулдар коллоидқа, макрофагқа, нейтрофилдер мен эозинофилдерге толған. Фолликулдар эпителийі десквамирленген және некроздалған. Гранулема арасы мукоидты ісік және лимфоидты инфильтратқа, плазматикалық клеткаларға: макрофагтар, эозинофилдер, бұлтты клеткалар кездеседі. Бұзылмаған фолликулдарда функциональдық белсенділік байқалады, базальды мембранасы қалыңдаған. Кейде гранулемалар микроабсцесспен әктенеді. Строманың фиброзы болып келеді.

Жеделдеу тиреоидит кезеңдері:

Бастапқы, немесе жіті кезеңі:  ұзақтығы 4-8 апта және ҚБ маңында пальпация кезінде ауырсынумен, тиреотоксикозбен сипатталады. Жеделдеу гранулематозды тиреоидитті тиреотоксикалық деп атайды.
Бұл кезде ҚБ тиреоидты гормондар қоры біртіндеп бітеді.  Зақымдалған фолликулдардан қанға гормондар шығуы тоқтағанда екінші эутиреоидты кезең басталады.

Гипотиреоидты кезең: сауығумен ұласады Қалқанша без құрылымы мен қызметі қалпына толық келеді. Т3 және Т4 гормондарының жалпы денгейі қалыпта, бірақ Қалқанша без радиоактивті йодты сіңіруі уақыт өте жоғарлайды (регенерацияланған фолликулалар).

Тұрақты гипотиреоз  сирек кездеседі, көп жағдайда  қалқанша без қызметі толық жазылуынан (эутиреоз).  Бұл кезде йодқұрамды дәрілерге қалқанша без жоғарысезімталдылығы анықталады. Шамамен барлық науқастарда қалқанша без қызметі қалпына келеді.

Жеделдеу тиреоидит клиникалық көрінісі

  • Жедел дене температурасы 38-39 С дейін және субфебрилды.
  • Жалпы жағдайының нашарлауы,  жұтынғанда және басын бұрғанда,пальпациялағанда бір жақты желкеге,құлаққа,төменгі жаққа берілетін мойын аймағындағы ауырсыну.
  • Тиреотоксикоз симптомдары

Физикалық зерттеу: Қалқанша бездің пальпациясы кезінде көбінде бір жақты тығыз, ауырсынулы, түйінді түзіліс анықталады. Кейде қалқанша без қол тигізбестей ауырады. Сирек екі жақты ауырсыну және зоб байқалады. Тиреотоксикоз кезінде тахикардия, пульстік қысымның жоғарылауы, дене температурасының жоғарылауы және тершеңдік анықталады.

Зертханалық тексеру: 

  • ЖҚА: нормохромды нормоцитарлы анемия,жеңіл лейкоцитоз не лейкоцит мөлшері қалыпты.ЭТЖ жоғарылауы (50-70мм/сағ)
  • Қан сарысуындағы қалқанша без гормондары: Т4 пен Т3 деңгейі қабыну деңгейіне байланысты жоғарылайды.Жиі субклиникалық тиреотоксикоз дамиды.
  • Ауру симптомдары пайда болған соң бірнеше аптадан кейін  тиреоглобулинге аутоантиденелер және микросомальды антиденелер пайда болады.

—Аспаптық зерттеу:

  • УДЗ: айқын шектелмеген гипоэхогенді ошақтар,сирек диффузды гипоэхогендік анықталады.
  • —Сцинтиграфия: Тс 99 сіңірілуінің төмендеуі көрінеді.

Аса диагностикалық маңызды деп преднизолонмен емдеу нәтижесі, яғни бастапқы сатысы Крайль тесті деп аталады. Крайль тесті егер науқасқа 30мг/тәул преднизолонды тағайындағаннан кейінгі алғашқы 12-48 сағатта мойын аймағындағы ауырсыну сезімі азайып немесе жоғалса, жалпы жағдайы жақсарса, ЭТЖ төмендесе аталған тест нәтижесі оң деп саналады.

Жеделдеу тиреоидит салыстырмалы диагностикасы

  • Жедел тиреоидит
  • Мойын флегмонасы
  • Қалқанша без кистасынан қан кету
  • Фарингит
  • Эзофагит
  • Ортаңғы отит
  • Қызылиектің абцессі
  • Диффузды токсикалық жемсау (ҚБ пальпациясы кезінде ауырсыну)
  • Дифференцирленбеген қалқанша без қатерлі ісігі
  • Самай-төменгі жақ синдромы

Жеделдеу тиреоидит емі

  • Жеңіл ауырсыну — стероидты емес қабынуға қарсы заттар (аспирин 300-600 мг әрбір 6 сағат сайын).
  • Айқын ауырсыну,интоксикация синдромы — преднизолон 30 мг/тәул,2-3 айда біртіндеп азайтып тоқтатады.

Жеделдеу тиреоидит болжамы

  • Өздігінен жазылады
  • Қайталанбайды
  • Толық сауығумен аяқталады.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...