Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы

Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы

Адамдардың туберкулез ауруынан сақтанудың көп жолдарының бірі –бұл туберкулезге қарсы қолданылатын БЦЖ вакцинасымен балаларды, жасөспірімдерді және үлкен адамдарды егу.

БЦЖ –бұл 1921 жылы Кальметт пен Герен неміс ғалымдары ашқан вакцина.

Вакцина –жұқпалы ауруларды алдын ала сақтау үшін егілетін әлсіз микроб. БЦЖ вакцинасы –бұл өт қосылған ортада өсірілетін туберкулез құртының ірі қара малда кездесетін әлсіз, бірақ, тірі түрінен дайындалған микроб дәрі. Бұл дәріні адамның денесіне инемен сол жақ иықтың жоғары жағына, терінің ішіне 0,1 мл көлемде жібереді.

БЦЖ дәрісі егілгеннен кейін сол адамның денесінде туберкулезге деген сезімталдылықпен бірге, туберкулез микобактериясына қарса тұра алатын зат –антиденелер түзіле бастайды. Себебі егілген жерден денеге туберкулез бактериясы өсіп өне бастайды. Мұндай адам денесінде өзгеріс 6-8 жұмадан кейін аяқталады. Іс жүзінде бұл өзгеріс былай болады: БЦЖ дәрісі егілген жерде алдымен тері қызарады, содан кейін ісік пайда болады, онан әрі әлгі ісік күлдіреп ісиді және жарылады. Ал жазылған соң орнына тыртық қалады. БЦЖ вакцинасы туберкулезден адамды толық сақтай алмайды, сондықтан туберкулез иммунитеті тұрақсыз, уақытша және таза емес болады. Таза емес дегеніміз, біз оны сау адам денесіне әлсіреген, тірі туберкулез бактериясын егу жасаймыз.

Егер де БЦЖ вакцинасы егілсе, ағзаны иммунизациялау 96-97% ке дейін көтеріледі. Асқыну жағдайлары өте сирек кездеседі. Қайта егу 5-7 жылдан кейін қайталап отырады.

Балалар мен жасөспірімдер БЦЖ мен қайтара егіледі, егер 2 ТБ (туберкулин бірлігі) Манту реакциясы теріс, яғни сезімтал емес болып шықса.

БЦЖ вакцинасының біздің елімізде екі түрі қолданылады. Олар:

  1. БЦЖ вакцинасы –бұл дәрінің 0,1 мл ертіндісіне 0,05 мг құрғақ вакцина бар;
  2. БЦЖ-М вакцинасы –бұл дәрінің 0,1 мл ерітіндісінде 0,025 мг құрғақ вакцина бар;

Жаңа туған балаларда БЦЖ вакцинасын егу жұмысын дәрігер немесе арнайы дайындықтан өткен медбике жүргізеді.

Үйде туған балалар БЦЖ вакцинасымен егу жұмысын дәрігер немесе арнайы білімі бар медбике поликлиникада жүргізеді. Дәрігер фтизиятрлар оларды қадағалап отырады.

Балалар мен жасөспірімдерде 2 ТБ Манту реакциясымен туберкулезге тексеру оларды туберкулезе қарса қайтара егумен қатар жүргізілуі керек.

Туберкулезге тексеру және оған қарсы егу жұмыстарын төменде көрсетілген құжаттарға тіркеп отырады. Олар:

  • №63-у форматында –профилактикалық егу картасы;
  • № 112-у формасында –балалар өсу тарихы;
  • № 026-у формасында –балалар медициналық картасы;

Мектеп жасына толмаған балаларда 2 ТБ Манту реакциясы поликлиникада егу кабинетінде жүргізіледі, мектеп жасындағы балалар мектепте егіледі. Оқушыларды қайта егуді арнайы дайындықтан өткен медбике дәрігердің басқаруымен және бақылауымен жүргізеді.

Туберкулезге қарсы егілген балалар мен жасөспірімдр әрбір 1, 2, 10, 12 ай сайын дәрігер немесе медбике қарап отырады және БЦЖ вакцинасы егілген жердегі өзгерістер №063, 112, 026-У учеттық формаларға жазып отырады. Бұл формаларда қалған тыртық көлемі көрсетіледі.

Жаңа туған балалардың барлығын туберкулезге қарсы егу қажет. Олардың ортасында егуге жарамайтыны орта есеппен 0,5% аспайтын, ал уақытша егуге жарамайтын 4-5% аспауы керек. Бірнеше ай өткен соң бұл балаларды егуге болады, бірақ егу алдында Манту 2ТБ реакциясы қойылады.

Ревакцинация жоспары былтырғы Манту 2ТБ реакциясына сезімталдылық көрсетпеген балалардың саны есебімен жасалады.

Манту 2ТБ реациясы арқылы ревакцинаяға балалар мен жасөспірімдерді таңдап алу соңғы жылдары өте қиындап кетті, себебі кейде бұл реакцияға сезімталдылық көрсету туберкулез ауруы емес БЦЖ вакцинасын алғанға байланысты. Осындай реакцияны ауруға байланысты пайда болатынын ажырату өте қиын.

Сонымен вакциналық аллергия туберкулезге қарсы екеннен кейін көбінесе 1 жылдан кейін пайда болады және Манту 2ТБ реакциясының ісігінің көлемі 12 мм –ден аспайды. Еккенен кейін 2-3 жыл немесе 3-4 жыл өткен соң бұл ісіктің көлемі 5 мм ге дейін азаяды, тіпті кейде мүлдем жоғалады.

Ал егер Манту 2 ТБ реакциясы адамның денесіне туберкулез бактериясының қоршаған ортадан түскеніне байланысты болса, яғни басқаша айтқанда инфекциялық аллергия болса, онда адам білегіндегі ісік клемі көбінесе 12 мм ден үлкен болады және жылдан жылға оның көлемі кем дегенде 6 мм өсіп отырады. Бұл ісік басылып, жазылғаннан кейінде өз орнына із қалдырады.

Егерде вакциналық аллергия мен инфекциялық аллергияны ажырату өте қиын болса, мұндай балалар мен жасөспірімдер туберкулез диспансеріне 0 группасына тіркеліп, есепке алынады. Мұндай адамдарға 6 айдан кейін Манту 2 ТБ қайта қойылады, егерде осы қайталағанда ісік көлемі бұрынғы қалпында болса, немесе оның көлемі үлкейсе, онда бұл реакция инфекциялық аллергия болып саналады.

Балалар туберкулезге қарсы бірінші рет туғаннан кейін 4 күн өткен соң егіледі.

БЦЖ вакцинасымен туберкулезге қарсы қайтара егу мына төмендегі көрсетілген жастарға жүргізіледі.

Жаңа туған нәрестелердің арасында уақытша егуге болмайтын мыналар:

  1. Егер нәресте салмағы 2 кг аз болса;
  2. Туа біткен сары ауру;
  3. Туғанда жас нәрестенің асынан алған жарақат;
  4. Нәрестелердің ыстығы (температурасы) көтерілсе;
  5. Нәрестеде кездесетін терінің іріңді аурулары;

Ревакцинация егер Манту 2ТБ реакциясы теріс болса ғана жүргізіледі. Келесі  балаларға ревакцинация жүргізуге болмайды:

  1. Егер бұрын туберкулезбен ауырған болса;
  2. Егер Манту 2ТБ реакциясы бірінші рет болса (сезімталдылық көрсетпесе) –туберкулинді вираж;
  3. Егер Манту 2 ТБ реакциясы ұдайы оң болса (сезімталдылық көрсетсе);
  4. Егер бұрын БЦЖ вакцинасын екеннен кейін әртүрлі асқыну реакциялары болған болса;

Уақытша мына адамдарды егуге болмайды:

  1. Егер басынан жараланса;
  2. Егер адам операция жасатқан болса;
  3. Егер адам гормондармен емделген болса;

Егілгенен кейін балаларды дәрігер мен медбике бақылап отырады. Әрбір қараған сайын 63 формаға БЦЖ егілген жерде мынандай өзгерістер болуы мүмкін: жай ісік, күлдіреген ісік, сары қотырланған жара және тыртық. Осы өзгерістердің бәрі 63 формаға ғана емес балалардың өсу тарихы 112 формаға жазылады.

БЦЖ вакинасынан кейін болатын асқыну түрлері:

  1. Тері астының іріңдеуі;
  2. Тері үстіндегі жараның көлемі 10 мм және одан да үлкен;
  3. БЦ вакинасы егілген жақтан қолтық астындағы бездің 15 мм көлемдегі және тері тыртығынан өсетін қатты ісік -10 мм көлемінде, кейде одан да үлкен.

Жалпылай емдеу ауруханалары балалар мен жасөспірімдерге арналған, туберкулезге қарсы мана төменде көрсетілген жұмыстарды жүргізеді:

  • Балалар мен жасөспірімдер арасында кездесетін туберкулез ауруының алғашқы белгілерін және түрлерін анықтау;
  • Туберкулез ауруына қарсы БЦЖ вакинасымен егу жұмыстарын жүргізу;
  • Мектепте және балалар бақшасында еңбек ететін медбикелер сол мекемелердегі туберкулез диспансерінде тізімде тұратын балаларға фтизиатр тағайындаған дәрілерде бақылап ішкізеді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Туберкулезді анықтау
  2. Туберкулиндік диагностика
  3. Флюорографиялық тексеру
  4. Туберкулезді бактериоскопиялық жолмен анықтау
  5. БЦЖ егуден соң болатын асқынулар
  6. Туберкулезге қарсы алғашқы эпидемиологиялық шаралар
  7. Туберкулезді химиялық алдын алу
  8. Туберкулез ауруын емдеу жолдары
  9. Туберкулез науқастарын диспансерлік бақылау

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...