Гипогликемиялық кома

Гипогликемия – қан плазмасындағы глюкоза мөлшерінің төмендеп, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенді қызметімен немесе орталық жүйке жүйесінің дисфункциясымен сипатталатын клиникалық синдром. (плазмадағы глюкоза концентрациясы 2,2 – 2,8 ммоль/л төмен)

Гипогликемиялық команың негізгі себептері (этиологиясы)

Гипогликемиялық кома

Гипогликемия ауырлығына байланысты:

  • Жеңіл гипогликемия аурудың айқындылығына және субъективті симптоматиканың жалғасуына қарамастан науқас көмірсуды  қабылдай алады.
  • Ауыр гипогликемияда естен танады және емдеуге венаішілік глюкозаны енгізу керек.

Гипогликемияның дамуының патофизиологиясы:

Рецепторлардың инсулинге инсулинрезистенттілігінің төмен болуы, пострецепторлық жүйенің белсенділігінің төмен болуы. Энергетикалық баланс гиперинсулинизм және гипергликемия жағдайында болады.

Глюкозаның қандағы жоғары деңгейінде градиент концентрациясы бойынша жүретін пассивті диффузия іске қосылады. Осы кезде глюкозаның тіндерге диффузиясы соншалықты, тіндерде глюкоза белсенді түрде жинала бастайды. Осы процестердің барлығы инсулиннің қатысуынсыз жүреді.

Гипогликемияның клиникалық көріністері:

Классикалық екі симптомдар тобы ажыратылады:

  1. Адренергиялық – вегетативті жүйке жүйесінің компенсаторлы белсенділігі.
  2. Нейрогликопениялық – негізгі субстраттардың жетіспеуіне байланысты ОЖЖ-ның дисфункциясы.

30 минутқа дейінгі гипогликемиялық комада болған науқасқа адекватты ем қолданып есіне келтірсе ешқандай асқынулар дамымайды. Жеке жағдайларда науқас ступорлық немесе коматозды жағдайда бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін жатуы мүмкін. Ұзақ гипогликемия немесе оның жиі болуы ОЖЖ-нің қайтымсыз өзгерістеріне әкелуі мүмкін. (ақылының тұрақты жетіспеуі)

Түнгі гипогликемия әдетте симптомсыз өтеді. Оның белгілері: түнгі тершеңдік, қорқынышты түстер көру, таңертеңгілік бас ауыру.

Гипогликемиялық кома кезінде кездесетін негізгі симптомдар

гипогликемиялық кома

Гипогликемиялық кома емі

Жеңіл гипогликемияны емдеуде құрамында 1-2 ХЕ (хлебная единица, қазақша нан бірлігі) (10-210грамм глюкоза) бар тамақ ішу керек. Эффективті болып шырынды сусындар болып табылады.(глюкоза сұйық кезінде тез сіңіріледі) 1 ХЕ = 2 қант рафинат бөлшегі. Сондықтан науқас қалтасында 5-6 қант рафинат бөлшегін немесе шоколадты конфет салып жүру керек.

Ауыр гипогликемияда вена ішіне глюкозаны немесе глюкагонды бұлшықетке енгізеді.

  • 40 % -тік глюкоза ерітіндісі – 50 мл вена ішіне енгіземіз.
  • Глюкагон 1 мл бұлшықетке немесе тері астына енгіземіз. Егер қанда инсулин мөлшері көп болса глюкагон эффективті емес.

Гипогликемиялық кома кезінде алғашқы көмек

Жеңіл белгілерде сырқатқа қанттың бірнеше түйірін, 100 г-дай  балдың 2-3 қасығын тез арада беру керек.

Ауыр белгілерде:

  • егер науқас жұта алатын болса ауызына жылы шәй (3-4 қасық қанты бар стақан) құйған жөн;
    шәй құярдан бұрын тістерінің арасына бекіткіш (фиксатор) қойылады. Бұл жақтың күрт қарысуынан сақтайды;
  • сырқаттың жай-күйінің жақсару дәрежесіне сәйкес оны көмірсуға бай тамақпен тамақтандырады (жемістер, ұннан жасалған тағамдар және ботқалар);
  • келесі ұстаманың алдын алу үшін ертеңгі күнгі таңертең инсулин дозасын 4-8 Бірлікке азайтады;
  • гипогликемиялық реакцияларды жойғаннан соң дәрігерге қаралу керек.

Егер команың дамуы естен танумен бірге өтсе, онда:

  1. венаішіне глюкозаның 40-80 мл енгізу;
  2. тез арада “жедел жәрдем” шақыру қажет.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...