Терінің жасқа сай ерекшеліктері

Тері (cutis)- ағзаны сыртынан жауып жатқан жабынды. Ересек адамда көлемі 1,5-2м 2, ал балаларда 2,5 есе артық. Тері эпидермис (эпителий тіні) пен дермадан (дәнекер тіні) тұрады. Бұлардың астында терінің май қабаты тері астындағы клечатка немесе гиподермасы бар. Адам денесінің әр бөліктерінде терінің қалыңдығы әр түрлі, алақанда және табанда қалың тері, ал дененің басқа жерлерінде жұқа тері орналасқан. Сондықтан тері қалыңдығын шамамен 0,5-5 мм деп есептейді.

Терінің дамуы

Тері ұрықтың дамуы кезінде екі жапырақшасынан бастау алып дамиды. Тері эпидермисі- эктодермадан, ал оның астындағы дәнекер тінді— дерма қабаты- сомиттің туындысы дерматомнан дамиды. Ұрықтың алғашқы аптасында терінің бір қабаты жалпақ жасушалардан, ал кейін 2-3 айлық ұрықта эпителий көп қабаттыға айналады. 3-айлық нәрестенің терісінде түктер, бездер мен тырнақ пайда бола бастайды.

 Тері қызметтері

  1.  Қорғаныш қызметі. Тері ағзадағы мүшелерді зақымданудан сақтайды. Көптеген улы заттар мен микробтар сау тері арқылы ағзаға өтпейді. Терінің бұл қызметі, әсірксе жаңа туған балаларда және емшек жасындағы баларда өте шамалы жетілген. Өйткені жаңа туған және емшек  жасындағы балаларда жұқа және жұмсақ терінің мүйізді қабаты ересектермен салыстырғанда механикалық және химиялық факторлар әсер еткенде тез зақымданады. Эпидермистің базальді қабатында орналасқан моноциттер шығаратын тері пигменті мелонииің ультро күлгін сәулелерді жұту қабілетінің нәтижесінде,тері организмді күн сәулесінің зақымдау әсерінен қорғайды. Балаларда меланин шығару процесі толық жетілмеген. Мүйізді қабаттың қабыршақтанып түсуі ересектермен салыстырғанда 4-5 рет тез жүреді.
  2. Тері- тыныс мүшесі. Терінің тыныстық қызметі көмір қышқылы мен суды қоршаған ортаға шығару арқылы орындалады. Терінің бұл қызметінің маңызы өте үлкен және ересектерге қарағанда  балаларда 8есе артық. Терінің ауданының 2/3 бөлігінің зақымдануы(күю, ауа өткізбейтін майлар жағу және басқалар) баланың тұншығуына әкелуі мүмкін.
  3. Тері су-тұз алмасуына қатысады. Қалыпты жағдайда тері арқылы тәулігіне 500мл су бөлініп шығады. Теріден терімен бірге хлоридтер мен сүт қышқылы және азотты алмасудан пайда болған көптеген зиянды заттар да бөлініп шығады. Емшек жасындағы балалардың терісінде су 10-17% болса, ересектерде 6-8%.
  4. Тері-жылу реттеу мүшесі. Жылу тері арқылы сыртқа беріледі.Терінің бұл қызметі жаңа туған және емшектегі балаларда жақсы байқалады. Сондықтан балалар тез тоңып,тез ысып кетеді. Терінің беті үлкен,эпидермис жұқа,капиллярлары көп және орталық нерв жүйесінің реттеу әсерінің толық жетілмеуіне байланысты жеңіл,бірақ нашар таралатындықтан дене жылуы өзгермелі болады. 1жасқа дейінгі балаларда булану нашар,ал 2-3жастан бастап булану процесі дамиды. Соның нәтижесінде жылу реттеледі.
  5. Тері-сезім мүшесі. Теріде қысым, жанасу, ауру, суық, жылуды қабылдайтын көптеген рецепторлар орналасады. Жаңа туған балада экстрарецепторлар жақсы дамыған және қоздырғыштарды қабылдай алады. Бирақ орталық нерв жүйесі толық өсіп жетілмегендіктен терінің сезімдік әрекеті жетілмеген.
  6. Тері Д витаминін синтездеуге қатысады. Д витамині теріде күннің күлгін сәулесі әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен әсіресе балаларда рахит ауруы дамиды.
  7. Қанның қоры қызметі. Терінің торлы қабатында(дерма) көптеген артериоло-венулярлы анастамоздар мен қан тамырлар торының орын алуына байланысты болады. Ересек адамның терісінің осы қабатында 1л-дей қан сақталады.

Тері қабаттары

1) Эпидерма (беткі қабат):

  • Мүйізді қабат
  • Жылтырауық қабат
  • Түйіршікті қабат
  • Тікенекті(үшкір) қабат
  • Базальді қабат

2) Дерма (терең қабаты):

  • Емізікшелі қабат
  • Торлы қабат

3) Тері асты шел майы

тері құрылысы

Мүйізді қабат көптеген өлген, мүйізделген клеткалар қатпарынан тұрады. Мұнда мүйізді қатты зат кератин болады. Кератин ерекше зат,құрамында күкірт болады және ол әр түрлі химиялық заттардың әсеріне өте тұрақты болады. Беткі мүйізді қабат жаңа туған балада 2-3 бір-бірімен нашар байланысқан (ересектерде 10-13 қатар) жеңіл қабыршақтанып түсіп отыратын, қабыршақтар қабатынан тұрады.

Жылтырауық қабат 3-4 қатарлы орналасқан тегіс клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың ядролары өліп, ал цитоплазмасы ерекше белокты зат эллойдинмен толған. Бұл зат бояумен боялмайды, сондықтан жылтырауық қабат деп аталады. Эллойдин кейін кератинге айналады.

Түйіршікті(дәнді) қабат 3-4 қабатты тегіс клеткалардан тұрады. Клетка түрі ромб тәріздес. Ол клеткалардың цитоплазмасында теріге сәбіз тәрізді түс беретін кератогиалинді комплекс түзіледі, соңынан мүйіздену процесі басталады.

Тікенекті қабат бірнеше клеткалар қабатынан тұрады.

Базальді қабат эпидермисті дермадан бөліп тұрады. Базальді және меланоцит клеткаларынан тұрады және өте жақсы дамыған.Осы қабатта бөлініп жаңа клеткалар пайда болу процесі өтеді. Балаларда бөліну және жаңа клеткалар пайда болу активтілігі ересектерге қарағанда өте жоғары. Осыған байланысты балаларда грануляция және эпителизация процестері тез жүреді де, регенераторлық(қалыптасу) қабілеті жоғары болып келеді.

Дерма коллагендік және икемдік талшықтардан, аморфты заттардан(гиолурон қышқылы, кератосуьфат) және клеткалық элементтерден (гистоциттер, Эрлих клеткалары, бірең-сараң лимфоцит және лейкоциттерден, пигмент клеткаларынан) тұрады.

Балаларда дерма нәзік, клеткалық элементтерге бай келеді. Дерма қан және лимфа тамырларына бай болады. Онда май және тер бездері орналасады. Капиллярлар ересектерге қарағанда кең болып келеді де,балаларда терінің регенераторлық қабілетінің жоғары болуына әсерін тигізеді. Коллагенді, созылмалы және бұлшықет талшықтары шамалы дамыған, ересектерге қарағанда жұқа, жұмсақ  және мөлшері аз болып келеді.

Баланың жасының ұлғаюына байланысты эпидермис пен дерма қалыңдай түседі. Сондықтан, баланың 7 жасында терісінің қалыңдығының епесектерден айырмашылығы жойылады.

тері құрылысы

Жасқа байланысты адам терісінің кезеңдері:

  • Нәрестенің терісі;
  • Баланың терісі;
  • Жасөспірімнің терісі;
  • Ересектердің терісі;
  • Кәрілердің терісі.

Нәрестенің терісі – ірімшіктей таза, майланған қабатпен астарланған, ол қабат майдан, гликогеннен, тұздардан, холестериннен, иісті қышқылдардан және дәрумендерден тұрады. Бұл қабат бірнеше күннен кейін, кебу әсерінен жоғалады.

Мұрын терісінде сары-ақшыл дақты нүктелер болады, ол жатырдағы артық май бездерінің секретінің нәтижесі болып табылады, бірақ олар да 1-2 аптадан кейін жоғалады.  Нәрестенің терісіне алғаш қоршаған орта ықпалдары әсер еткенде  — нәресте эритемасы дами-ды немесе физиологиялық терінің қызаруы. Терінің түсі ақшыл-қызыл, кейде көкшіл реңді болып келеді. 2-3 күннен кейін гиперемия қайтып, аяқ пен алақан терісінің қабыршықтануы болады.

Мұның барлығы нәрестедегі өткінші болатын құбылыстар.

Бала терісі —  жұқа, нәзік, бездерінің белсенділігі төмен. Тері-нің өсуі мен дамуы жүріп жат-қандықтан, егер зақымдалса, тез қалпына келеді.

Жасөспірімнің терісі –  бұл эпидермис қалыңдап, тері бездері жетілген кез.Ағзаның интенсивті жетілуіне байланысты тері бездерінің белсенділігі артады

Ересектердің  терісі —  тері нағыз жетілген кез, бұл кезеңде тұлғалық жеке ерекшеліктерге байланысты бірқалыпты тері типі қалыптасады( қалыпты, құрғақ, сезімтал, аралас тері). Ол қоршаған ортадағы түрлі биологиялық, химиялық, физикалық, механикалық ықпалдарға байланысты болады.

Қарт адамдардың терісі —  тері қажи бастайды, қордағы қорғаныш ықпалдары әлсірей бастайды, тері бездерінің,  бағаналы жасушаның белсенділігі төмендеп, тері ылғал-дылығын жоғалтады, серпімділігі мен эластикалық қасиетін жоғал-тады, әжімдер пайда басталады.

Тері туындылары

  • Шаш
  • Тырнақ
  • Бездер (май, тер және сүт бездері)

Шаш  теріге еніп тұратын бөлігін, түбірін және терінің бетінен бос шығып тұратын бөлігін, өзегін, ажыратады. Шаштың түсі пигментке, сондай-ақ шаштағы ауа мөлшеріне байланысты. Шаш қабатында ауа мөлшері көбейіп, пигмент жоғалса, ол ағарады.

Жаңа туған баланың басындағы шашы жақсы дамыған, бірақ орталық талшықтарының жоқ болуына байланысты жұмсақ болады.

4-аптадан кейін туғандағы шаштары түсіп жаңа шаш шығады. Мезгіліне жетіп туған балаларда ұрықтық кезеңіндегі шаштар аяғына және арқасында жауырын аралықта орналасқан.Ал шала туған балаларда денесінде шаш тығыз, көбінесе аяқ-қолында және бет терісінде орналасады.

Теріде үш түрлі бездер орналасқан. Май бездері ұрықтық кезеңнен бастап жұмыс істей бастайды. Туылған мезгілде тер бездерінің құрамы толық жетілген, бірақ мидағы тер бөлу орталықтарының нашар дамығандығына байланысты 3-4 айға дейін жұмыс істеуі нашар болады. Сонымен қатар, тер бездерінің түтікшелері өте қысқа және тар болып келеді.

Май бездері тері бетінде біркелкі орналаспаған. Мысалы, жаңа туған сәбиде бетінде, арқасында, кеудесінде ересектермен салыстырғанда көп болады. Жас ұлғаюына байланысты олардың көбі семіп кетеді, кейін 18-25 жаста қайта көбейеді.

Тері ағзаны сыртынан жауып жатқан жабынды болып табылады. Тері организмнің жасына байлансты өзгеріп отырады.Ол көптеген маңызды қызметтерді ақарады. Сондықтан да теріңіздін тазалығын сақтап, күтім жасап жүру керек.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...