Адам психикасы. Психика функциялары

Психика – ми қасиеті. Организмнің психикалық әрекеті көптеген дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді.Олардың бірі әсерлерді қабылдайды, екіншілері оларды сигналға айналдырып, іс — әрекетті жоспарлап, қадағалап отырады, ал үшіншілері – бұлшық етттерді әрекетке келтіреді.Осы күрделі жұмыстардың бәрі қосылып, қоршаған ортада адамның жол тауып жүруінің белсенді құралы болмақ.

Психикалық әрекеттің қалыптасу заңдылықтарын психология ғылымы зерттейді.

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғарту үшін алдымен оларды белгілі бір топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуатының топтастырылуы дейді.Бұл топтастыру бойынша психика бір – бірімен байланысты үш топқа бөлінеді.Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншісі психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталады.

  1. Психикалық кейіп – адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт,зерігу,үрейлену,абыжу,белсенділік т.б.) тұрақты компоненттері.
  2. Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз  болатың ең маңызды,ең тұрлаулы ерекшіліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті қабілеті мен бүксе танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.
  3. Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида түрліше бейнеленуі.

Психикалық әрекетті зерттеу әдістері:

  • Физиологиялық
  • Кибернетикалық
  • Социологиялық
  • Электрофизиологиялық
  • Психологиялық
  • Бақылау
  • Тәжірибе
  • Психологиялық сынамалар
  • Ауызша жауап

Сана— адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғарғы, жаңа сатысына дерек береді.
Сана психиканы біріктіруші ең жоғарғы өмір әрекет формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана – қоғамдық болмыс.

Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады (А.В.Петровский):

  1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
  2. Санада субьекті мен обьектінің айырмашылықтары бекиді.Органикалық әлем тарихында тек өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады.Жалғыз адам – ақ тіршілікиелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұрауға қабілетті.
  3. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады.Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштасып, іс — әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын – ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп – салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс — әрекетінің орындалу жолын айқындау т.б
  4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі обьектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

Өзіндік сана (И.С. Кон бойынша):    «Әрбір дара адамның өзін — өзі іс — әрекет субьект ретінде тануға жәрдем ететін психикалық процестердің жиынтығы — өзіндік сана деп аталады, ал оның өзі жөніндегі өз ұғымдары белгілі бір “Мен” бейнесін құрайды.»

Шала сана (подсознанаие) – санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады.Шала сананың 3 деңгейі бар:

  • Адам өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы.
  • Адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер.
  • Адам рухының жоғарғы сергектігінде жетілітін көркемдік, ғылыми, және басқа сезімталдық психикалық процестерден көрініс табады.

Асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция, сана бақыламайтын шығармашылық нұрлану, болжам, жорамал, аңғару қасиеттерін қалыптастыратын механизмнен тұрады.Асқан сана негізі – жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға себепкер болуы.

Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары қыртысы, ал шаласана орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арқылы атқарылады деген пікір болды.Алайда олар мидың барлық құрылымдарының бірлестірген іс — әрекеті. Сана мен шаласана тудыратын нейрофизиологиялық құбылыстардың арасында жылжымалы (динамикалы) тепе – теңдік болады.

Тіл – адамдардың қатынас құралы ретінде қалыптасады. Тіл сананың материалдық көрінісі.Тілсіз сана жоқ, санасыз адам жоқ.

Тілдесу процесіндегі үш бағыт:

  1. Коммуникативті (ақпарат алмасу )
  2. Интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу)
  3. Перцепивті (адамның бірін – бірі қабылдап, түсінуі)

Сөз – бейнелеудің екінші сигналдық формасы. Нәрселерді сөзбен белгілеудің акустикалық, кинестезиялық және оптикалық түрлері кездеседі. Тілдің акустикалық формасы дыбыс сигналдары түрінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап  түйсінуге көмектеседі.Яғни байланыстырушы әрекет етеді. Тілдің кинестезиялық түрі дыбыс шығарушы артикуляциялық мүшелердің қимыл — әрекеті арқылы жүзеге асады.Тіпті дыбыс шығармай – ақ ойлаудың өзі олардың бұлшықеттерінің сергуін күшейтеді.

Тілдің оптикалық түрі – жеке сөз тітіркендіргіштерін талдау және бірлестіру механизмдерін, сөздің символдық мәнін қамтамасыз етеді.

 

Сөзді айту талдағышы дыбыс аппараттары мен бұлшықеттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады.Ол мидың маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан ( Брока орталығы).Ауырсыну кезінде еріксіз сөйлеуге байланысты бұған қыртысасты құрылымдар да қатысады деп болжауға болады.
Тілді түсіну мидың сөзді есту талдағышы арқылы атқарылады. Ол оңқай адамдардың сол жақ ми сыңарының самай аймағының жоғарғы бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы).

Ойлау – адамның жаңа жағдайларға бейімделуі кезінде мақсаттарды жаңаша шешуге арналған ми қыртысының өте күрделі іс- әрекеті.Ойлау арқылы заттардың және құбылыстардың түсінбейтін мазмұны, мағынасы және маңызы танылады.

Ойлау процестері негізінен түсінік пен ұғымнан және пікір мен ой тұжырымнан тұрады.

  • Ұғым – зат немесе құбылыстың жалпы, сондай – ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой.
  • Пікір – ойлау формасы, мұнда не бір нәрсе мақұлданады, не теріске шығады.

Ойлаудың түрлері (психология ғылымы негізінен):

  1. Нақтылы немесе көрнекті ойлау. Бірінші сигналдық жүйеге тіреледі, әрі екінші сигналдық жүйені арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқысатысы, ол кейін бейнелі ойға алмасу мүмкін.
  2. Бейнелі ойлау – ойша пайымдау немесе  елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады.Бұл тілмен Тығыз байланысты.
  3. Деректі — қисынды ойлау  ұғымы, пікір символдық белгілер және басқа да дерексіз категориялар пайдаланады. Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі келеді.

Ойдың физиологиялық негізін сигналдық жүйелердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын үлкен ми сыңарларының қызметі құрайды. И.П.Павловтың айтуынша, екінші сигналдық жүйенің іс — әрекеті мидың маңдай аймағы мен сөйлеу, есту, және көру талдағыштарының әрекеттерінен тұрады.Оларға ауызша, жазбаша сөздерді түйсініп, жаңа сөйлемдер құруға, айтуға жағдай жасайды. Осылай танымның бірінші кезеңі екінші кезеңге, қарапайым сезуден күрделі ой процесіне алмасады.

Эмоция -адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі – эмоция. Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады.

Эмоция түрлері:

  1. Биологиялық эмоция (шөлдеу, ашығу т.б)
  2. Жоғарғы эмоция ( рухани, танымдық, әсемдік әрекеттер)
  3. Кідірген эмоция (адамның эмоцияны тежеуі)
  4. Жағымсыз эмоция
  5. Жағымды эмоция

Эмоция  құбылыстары аффект, нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі.
Аффект – айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Нағыз эмоция  ұзақ уақыт және анық білінеді. Сезім кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен махаббат), отанды сүю, өшпенділік т.б ойлау немесе елестету арқылы пайда болады.

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субьективтік сезінісін айтады. Эмоциялық көрініс деп организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді айтады.

Психиканың жасқа байланысты өзгешелігі

Онтогенездік даму кезінде баланың психикасында, қарапайым психикалық әрекетке жатпайтын, жаңа сапалы көріністер байқалады. Олар адам мінезін және іс — әрекетін, оның басқа адамдарға, қоршаған төңірекке, өзіне қатынасын қалыптастырады.Балалар тіршілігінің өтпелі кезеңдерін, бір жастан екінші жасқа алмасу кезін дағдарыс деп атайды.Мұндай дағдарыс кезеңдер балалардың 3 – 7 және 12 – 16 жастарында кездеседі.

Екі жастағы бала зерде және ұғымы арқылы әрекет жасайды. Осы кезеңде сәбидің психикалық дамуына, санасы мен мінез – құлқы қалыптасуына зерде және ойлау процестері жетекші орын алады.

Үш жасқа дейін сәбидің кісілік қасиеті қалыптаса бастайды. Алғашқы дағдарыс кезеңге жеткенде, бала үлкендерден тәуелсіз іс — әрекет жасайды.Өз бетімен қозғалып, өзінің көптеген мұқтаждықтарын қанағаттандырады.Тілі шығып, қатынастары кеңейеді.Сәби өзін — өзі сезініп, ұғыну арқылы қоршаған әлеммен өзін “Мен” деп бөлетін қабілетке жетеді.

Жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс күйі күрделі және ұзақ болады.Өйткені бұл кезеңде организмде елеулі өзгерістер туады. Гормондық жүйе қайта құрылады, сезімталдықтың мөлшері қалыптасады, жыныстық тілуден баланың эмоциялық күйі ерекше өзгереді.Сонымен бірге олардың психикасы жаңа мақсаттарға бағытталады, өзінің болашағын ойлай бастайды. Осы кезеңнің екінші жартысында (15 – 16 жас) жастар өзінің жыныстық ролін, міндетін түсенеді, “өмірдің жаңа көріністері ”мен әдеуметтік мәртебесі туралы ұғым пайда болады.

Ересек адамның кісілігі жоғары деңгейде бірлесіп ұйымдастырылған біршама тиянақты психологиялық жүйеден тұрады.Ол сана арқылы өзінің даму қисынын және заңдылықтарын иеленеді.Алайда сана, кісілік қасиеттер, мінез, іс — әрекеттерде обьективті түрде атқарылады.

Сонымен, психика – ми қасиеті. Түйсік, ой, сана – ерекше тәсілмен ұйымдасқан материяның ең жоғарғы өнім туындысы. Организмнің психикалық әрекеті көптеген дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді.Олардың бірі әсерлерді қабылдайды, екіншілері оларды сигналға айналдырып, іс — әрекетті жоспарлап, қадағалап отырады, ал үшіншілері – бұлшық еттерді әрекетке келтіреді. Осы күрделі жұмыстардың бәрі қосылып, қоршаған ортада адамның жол тауып жүруінің белсенді құралы болмақ.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 3,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...