Диабет мектебі

Қант диабетімен ауырудың қарқынды өсуі — әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық проблемалардың бірі. Бүгінде ғаламшардың шамамен 200 млн. тұрғыны осы аурумен қасірет шегуде. БДСҰ-ның сарапшыларының болжамына сәйкес қант диабетімен ауыратын аурулардың саны 2015 жылға 300 млн. адамға артады. Қант диабеті неғұрлым елеулі медициналық-әлеуметтік әлемдік проблемаға айналып отыр, атап айтқанда Еуропадағы қант диабетімен ауру-сырқау 2-5 % құрайды, ал 15 жас пен одан үлкен жастағы аурулар жалпы саны 13-32,5 млн. жетіп артылады. Емдеудің қазіргі заманғы әдістері бар болған күннің өзінде қант диабеті АҚШ-тағы өлім-жетімнің мәні бойынша төртінші орын алып отыр.
Бүкіл әлемдегі ауруды тудыру мен қант диабетін таратушылықтың ұлғаюының ортақ себебі өмір салтының, тамақтану мәдениетінің, өмірлік процесс қарқынының,  халықтың урбандалуы мен қартаюының өзгеруіндегі үрдістермен байланысты.

Глюкозаға интолеранттықтың таралушылықтың (әдетте диабетке айналып кететін) жоғары және ұлғаймалы деңгейі, әдетте диабеті анықталған адамдар санына тең немесе асып түсетін диагностика жүргізілмеген диабеті бар адамдардың көпшілік бөлігі; гипертония мен дислепедемия сияқты аурулары бар және микроқантамырлы асқынуларын ғана емес, сонымен қатар жүрекке қан апаратын артериялық қан тамырларының зақымдануын да қамтитын асқынулары бар және емделумен байланысты асқынулары мен аурушаңдықтың психоәлеуметтік аспектілерімен байланысты асқынулары бар адамдар тобы; қаражаттарды пайдалануда артықшылықтарды белгілеу мақсатында мұқият, дәл және толық талдауды талап ететін үлкен ауқымдағы экономикалық салдарлар байқалып отыр.

Қант диабетімен ауру-сырқаудың өсуімен байланысты негізгі проблемалар:

  • Қант диабетімен аурушаңдық жаһандық эпидемияға айналуда. Әлемде қант диабетімен ауыратын адамдар санының қарқынды өсуі көптеген деректермен расталып отыр.
  • Қант диабетімен ауыратын адамдар санының өсуімен қатар мүгедектікке әкеп соғатын осы аурудың асқынуынан зардап шегіп отырған аурулардың саны ұлғаюда.
  • Диабетпен және оның асқынуымен байланысты өлім-жітім күрт өсуде. Қант диабетімен ауыратын адамдардың өлімі статистикалық орташа көрсеткіштерден бірнеше мәрте асып түседі және 75-80% жағдайларда жүрек-қан тамырлары кризистерімен байланысты болады.
  • Жоғарыда айтылған факторлардың барлығы қант диабеті мен оның асқынуларын емдеуге арналған шығыстардың екпінді өсуіне ықпал етеді, бұл мемлекетке барынша үлкен шығын әкелмек.

Диабеттің өсу себептері:

Қант диабетін диагностикалау мен емдеудің негізгі проблемасы 1 типті диабетті туғызатын себептер белгіленбеуіне байланысты. 2-типті диабеттен өзгешеленетін бұл ауру түрі инсулин өндіретін асқазан безінің жасушалары иммунологиялық реакция нәтижесінде бұзылған жағдайда туындайды. Осы аутоиммунды реакция үшін қозғаушы ретінде не қызмет ететіндігі белгісіз. Бірнеше себептер жеткілікті түрде зерттелген: вирустар, жеткілікті түрде емшек ембеу және баланы сиыр сүтімен ерте тамақтандыру, құрамында азотты заттардың, тамақ пен суда токсиндердің болуы, мысалы дамыған елдерде суды шектен тыс тазартумен шарттасқан  кейбір антигендерге организмнің жеткілікті түрде қарсы тұра алмауы, алайда 1-типті диабеттің туындауының түпкілікті себептері табылған жоқ.

Мамандар 2-типтегі диабеттің таралуын тоқтатуға болады деп есептейді. Бұған дене салмағын азайту, физикалық жүктемені ұлғайту, дұрыс тамақтану ықпал етеді. Басқа сөзбен айтқанда типтік батыстық өмір салтын түбегейлі өзгерту. Диабеттің алдын алу үшін дене салмағын бақылау балардың 25%  артық салмақпен немесе семіздікпен қасірет шегетін Египет, Мальта және АҚШ сияқты елдерде қолданылады. Семіздік пен 2 типті диабеттің арасында тікелей байланыс әлі күнге дейін анықтамаса да, адам толық болған сайын оның инсулинге қажеттілігі де арта түсетін болғандықтан, семіздік инсулинорезистенттіктің себеп-салдары болып табылатын жағдайлардың орасан көп бөлігі анықталған. Асқынулары бар 1 типтегі қант диабетін емдеу асқынусыз ауруға қарағанда 12 есе қымбат, ал ІІ типтегі қант диабетінде бұл айырмашылық 24 есені құрайды.

Қант диабетінің асқынуы

Диабет асқынып кетсе өте қауіпті. Диабеттік асқынулар аса қатты болуы мүмкін, мысалы кетоацидоз не гипогликемия немесе созылмалы, сондай-ақ жүктілікпен байланысты болуы мүмкін. Диабетін нашар бақылауға алып отыратын адамдар бактериалды (әсіресе, микро-бактериалды немесе анаэробтық) және таз инфекцияларына анағұрлым тартылады. Өкпе тубуркулезі, терінің таз инфекцияларын, диафрагма микозалары, зәр шығару жүйесінің бактериалды инфекцияларын, неғұрлым терең терілердің анаэробты инфекциялары денсаулық үшін елеулі, әсіресе антисанитарияға қарсы құбылыста қауіп төндіреді. Созылмалы асқынулар негізінен диабет арқылы пайда болған макроқантамырларының зақымдануымен шарттасқан. Жүрекке қан апаратын тамырлардың аурулары 45 жастан жоғары диабетпен ауыратын адамдардың   20% байқалады.

Бұл аурудың даму қаупі оларда жалпы қауымға қарағанда 2-4 есе жоғары. Бұл диабеті бар адамдар өлімінің 50-75% жүрек қанының азаюы ауруларының нәтижесінен болатын индустриялды дамыған елдерде диабеттің ІІ типті  диабеті бар адамдардың мүгедектігі мен өлімінің негізгі себебі. Ми қан тамырларының ауруы диабеті бар адамдар арасында жиі кездеседі, диабетпен ауыратын адамдарда инсульттің даму қаупі 2-4 есе жоғары және ІІ типті диабеті бар адамдардың 15% осыдан  қайтыс болады. ІІ типті диабеті бар адамдарда жалпы қауымға қарағанда перефериялық қан тамырлары ауруының даму қаупі 4-6 есе артық. Диабеті бар адамдардың денсаулығы үшін негізгі қауіптердің бірі микроқантамырлары аурулар арқылы пайда болатын нефропатия болып табылады. Бүйректің жұмыс істеуінің баяу нашарлауының соңғы сатысы бүйрек жеткіліксіздігінің түпкілікті сатысы ретінде қаралады (ХПН).

Диабет – бұл бүйрек жеткіліксіздігінің анағұрлым кең таралған себептерінің бірі, СБЖ-ның диагностикалаған жағдайларының үштен бір бөлігі осы аурумен байланысты. СБЖ– бұл І типті диабеті бар адамдар өлімінің негізгі себептері, өйткені оларда жалпы қауымға қарағанда бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі 23 есе артық. Сондай-ақ ХПН-ның даму қаупі ІІ типті диабеті бар адамдарда өте жоғары (17 есе).     Диабеттік ретинопатия – дамыған елдердің халықтары арасындағы соқырлық пен көздің көру қабілетінің нашарлауының негізгі проблемаларының бірі. Зерттеуден зерттеуге дейін қайталанып отырған фактілер диабетпен ауырған адамдардың 15 жылдан кейін 2% зағип болып қалатынын, ал ретинопатия, көздің су қараңғы болып қалуы мен шел басудың  нәтижесінде 10%-да көздің көруінің елеулі бұзылуы пайда болатындығын болжауға мүмкіндік беріп отыр. Диабет салдарынан жанарынан айырылған аурулардың үлесі ІІ типті диабеті бар адамдар үшін  26%-дан І типті диабеті бар адамдар үшін 94%-ға дейін ауытқып отырады.

Нейропатия, басқа да микро қантамырлы асқынулар осы немесе сол сияқты нысанда диабеті бар адамдардың шамамен  70%-да диагностикаланады. Нейропатияның ең таралған нысаны – бұл ампутацияға алып келуі мүмкін   аяқтың, табанның және қолдың шеткері сенсорлық нейропатиясы. Алайда соңғы бірнеше жылдар ішінде «Диабеттік табан» атты арнайы көмек бағдарламасы қолданылатын елдерде ампутацияның саны 50%-ға дейін азайып отыр.

Экономикалық фактор. Бұл ретте жиі госпитальдау, қымбат тұратын зерттеу әдістерін пайдаланудан да, сол сияқты медикаментті және жедел емдеуден де экономикалық залал өсіп келеді. Екінші жағынан ауруларды құрылымды бағдарламалар бойынша ауруларды оқытуды енгізу есебінен қант диабетін емдеудің сапасын жақсарту диабеттің қатты асқынуымен байланысты госпитальдауды 50%-ға дейін төмендетуге алып келеді, ауруларды аяқты дұрыс күтіп ұстауға үйрету аяқтың балтырдан төменгі жақтарын ампутациялау деңгейін екі жыл ішінде 50%-ға төмендетеді, ангиотензин-конвертирлеу ферментінің ингибиторларын уақтылы тағайындау диабеттік нефропатияның терминалдық сатысының санын 50%-ғатөмендетуге алып келеді.

Сондықтан әлемнің көптеген елдерінің денсаулық сақтау органдары қант диабетімен ауыратын адамдарға оның сапасының артуы фонында емдеу мен алдын алуға көмек көрсетуге кедергі келтіретін бағдарламаларды әзірлеумен айналысады. 1997 жылы тек Америка Құрама Штаттарының өзінде ғана диабет пен оған ілескен ауруларды емдеуге арналған шығындар 44 миллиардтан астам долларды құраған. Кейбір елдерде диабетті емдеуге арналған шығындар денсаулық сақтауға арналған барлық шығындардың негізгі бөлігі болып табылады.

АҚШ-та қант диабетімен байланысты проблемаларға арналған тікелей емес шығындар  54 миллиард долларға жетіп жығылады, басқа дамыған елдер үшін жекелеген сандар әлі күнге дейін анықталмаған. 2025 жылы 45 жастан бастап 65 жасқа дейінгі адамдардың көпшілігі, яғни шамамен жұмысқа қабілетті жастағы 170 миллион ерлер мен әйелдер диабетке шалдығатын болғандықтан, бұл шығындар маңызды фактор болып табылмақ.

Халықаралық тәжірибе. БДСҰ-ның сараптамалық кеңесі диабет проблемасымен 1979 жылы айналыса бастады, диабетті зерделеу жөніндегі алғашқы зерттеу тобы өз жұмысын 1985 жылы бастады. Осы топтың істелінген жұмысы туралы әрбір баяндама диабет туралы мамандандырылған әдебиетке айналды. 1989 жылы Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы «Диабеттің алдын алу және бақылау туралы» қарарды қабылдады, ол диабетті зерделеу мен емдеудегі бағдарламалық құжатқа айналды.

БДСҰ қант диабетімен байланысты бүкіл әлемдік шығыстарға бақылау  жасау, диабеттің алдын алу, диагностика және емдеу бойынша негізгі ережелерді әзірлеу, тренингтерді ұйымдастыру мен медицина қызметкерлерін оқыту сияқты қызметтің әр түрін басқарады. Біз жекелеген елдерге диабеттің алдын алу мен бақылау бойынша жекелеген бағдарламаларды әзірлеуге көмек береміз, әлемдік жұртшылықты диабеттің проблемаларымен таныстырамыз. Халықаралық диабеттік федерация жыл сайын 14 қарашаны Халықаралық диабет күні есебінде атап өтуге ұсыныс енгізді. Бұл күні зерттеулері инсулинді өндіруді жолға қоюға мүмкіндік берген  Фредерик Бантинг дүниеге келген. Ең алғашқы Халықаралық диабет күні 1991 жылы өтті, сол уақыттан бері жыл сайын БДСҰ-мен бірлесіп өткізіліп отырады. Жыл өткен сайын көптеген елдер Халықаралық диабет күнін жұртшылыққа осы аурудың проблемалары туралы ақпараттандыру үшін пайдалануда.

Қант диабетін емдеудің іргетасы диета сақтау болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, емдеудің медикаментті құралдарын қолданбастан тек диетотерапияға ғана ауруды үш жылға дейін апаруға мүмкіндік береді. Бұдан әрі пациентке таблеткадағы қантты азайтатын дәрі-дәрмектер тағайындау қажет. Олардың көмегімен ІІ типті қант диабетіне орта есеппен алғанда бес жылға дейін қанттың орташа деңгейін ұстап тұруға болады. Бұдан кейін ауру таблеткадағы дәрі-дәрмектер мен инсулинге немесе тек инсулинге ғана көшеді.

Қант диабетінің қазіргі заманғы терапиясының басты қағидасы – бұл аурудың басталған кезінің өзінде мүлтіксіз, яғни қалыпты метаболдық көрсеткіштерге жақын диабетті өтеу. Адам ағзасының қантты кәдеге жаратуының барлық көрсеткіштерін нақты түрде қалыпты жағдайға дейін жеткізу және ұдайы осы деңгейде ұстап тұру қажет. Осы шарттарды сақтаған жағдайда ғана қант диабеті бар пациенттің жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, қатты асқынулардың алдын алуға және сонымен қатар науқас өмірінің жоғары сапасына қол жеткізуге болады. БДСҰ әлемнің барлық мемлекеттерін осы қағидатты мүлтіксіз сақтауға бағыттап отыр.

Қазақстандағы қант диабетімен аурушаңдылық

Қазақстан Республикасының Ұлттық регистрі деректеріне сәйкес Қазақстанда 2008 жылғы 14 сәуірдегі ахуал бойынша 152098 адам диабетпен қасірет шегуде, оның ішінде 92 %- 2 типті диабетпен ауырады. Инсулиннің күн сайынғы инъекцияларын салуды күн сайын қажетсінетін адамдардың саны да артып келеді, олардың арасында диабеттің инсулинге тәуелді нысанымен (І типті) ауыратындар – 11 438 адам, негізінен жастар және 2 типтегі қант диабетінің асқынған нысандары – 15 887 адам.

Қант диабеті аууына шалдығу соңғы 5 жыл ішінде 100 000 тұрғынға шаққанда 2003 жылы 111,3-тен 2007 жылы 115,8 дейін ұлғайған. 2006 жылы бұл сан ең жоғары – 133,5 болды. Өсудің жоғары қарқыны балаларда (2,2%), жасөспірімдерде (14,4%) және инсулиндегі диабеттің 2 типімен ауыратындарда (14 %) тіркелген. 2001 жылдан бастап 2003 жылдар бойынша қант диабетімен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту жөніндегі барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы № 978 қаулысымен бекітілген «Диабет» мақсатты кешенді бағдарламасына сәйкес жүргізілді.

Бағдарламаның құрамдас бөліктерінің бірі Қант диабетін ұлттық регистрін құру болды, ол диабетпен ауыратындарды есепке алуда түзету жүргізуге, тіркелген аурулар, асқынулар мен мүгедектік туралы жүйелі, шынайы ақпараттар алуға мүмкіндік берді. Бұл науқастарға көмек беру жағдайын, инсулин мен қантты төмендететін таблеткадағы дәрі-дәрмектермен, инсулиндерді жеткізу құралдарымен белгілі бір аумақтарда немесе өңірлерде бақылау құралдарымен қамтамасыз ету деңгейін, дәрілерді бөлу жүйесін жоюға, диабетті бақылау құралдары мен «бәріне бірдей» есебімен «теңбе-тең» барлық ресурстарын бақылауға мүмкіндік берді.

Республикада науқастарды қантты төмендететін дәрі-дәрмектермен, жеткізу және диабетті бақылау құралдарымен қамтамасыз етуде нақты үрдіс байқалып отыр. Диабетпен ауыратын науқастың өмірін қолдауға арналған үлкен қаржылық шығындар  дәл осымен түсіндіріледі. 1996 жылдан бастап республикалық бюджеттен диабетке қарсы дәрі-дәрмектер мен жеткізу құралдарын орталықтандырып сатып алуға қаражат бөлініп отырады, бұл ретте бөлініп отырған сома жыл сайын артып келеді.

Асқынулардың, диабеттік команың туындауының алдын алу, мүгедектену мен өлім-жітімді төмендету мақсатында қан құрамындағы қанттың деңгейін ұдайы бақылауды жүргізу үшін 2007 жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен пациенттер үшін диабетті бақылау құралдарын (глюкометр және жолақ тест) сатып алу жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы    № 1296 қаулысымен бекітілген Ақысыз медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің 2006 – 2007 жылдарға арналған тізбесіне сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету маманының және кәсіби мамандардың (яғни амбулаторлық-емханалық ұйымдардың тек терапевт дәрігерлерінің, эндокринологтарының және жалпы тәжірибедегі дәрігерлерінің жолдамалары бойынша ғана) жолдамалары арқылы медициналық көрсеткіштері бойынша диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық зерттеулер (қант деңгейін анықтау) азаматтардың барлық санаттарына ақысыз негізде жүзеге асырылады.

Пациенттердің бастамашылығы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету маманының және денсаулық сақтау ұйымдары мамандардың жолдамасы болмаған жағдайда диагностикалық қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 06 қазандағы № 956 қаулысының 3-тармағына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау министрлігі емдеу стандарттарын әзірледі және бекітті, дәрігерлердің бәрі оқытылған және ІІ типті қант диабеті бар пациентті қай кезде инсулинді терапияға көшіру қажет екендігін біледі. Халықаралық клиникалық тәжірибе ІІ типті қант диабеті бар адамдардың 25-40% инсулин алуы қажет екендігін дәлелдеп отыр. Қазақстан Республикасы бойынша орташа алғанда бұл көрсеткіш тек  10% ғана құрайды.

Қазақстан Республикасының Диабет Ассоциациясы қандай бағдарлама бойынша жұмыс жасауда?

Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған 2006-2007 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат бағдарламасы бар. Оның шеңберінде диабетпен ауыратын науқастарға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен диабетке қарсы дәрі-дәрмектермен (инсулин, шприц-қолдар, шприц, инелер) және диабетті бақылайтын құралдармен (зәр шығаруда гликемия деңгейі мен кетонды денені анықтайтын глюкометрлер, тест-жолақтары және микроальбуминурияны анықтайтын зәр шығару тесті) қамтамассыздайды.

Тегін емдейтін медициналық көмек ауқылына не кіреді?

2006-2007 жылға ҚР Үкіметтің 28.12.05ж. № 1296 Қаулысына сәйкес тегін медициналық көмек көрсету көлемдік тізіміне диагноздық қызмет көрсету, алғашқы дәрігерлік кеңес бойынша жіберілетін медициналық-санитарлық көмек пен профилді мамандардың анықтамасы бойынша лабараториялық анықтаулары (қант құрамын анықтау) жалпы барлық санаттағы азаматтарға тегін емделеді.
Емделушінің өз еркімен диагностикалық қызмет алу үшін ҚР Үкіметінің 06.10.06ж. № 956 шыққан Қаулысының №3 тарабына сейкес ақылы түрде жүргізіледі. Диабетпен ауыратын науқастарды тест-жолақпан қамтамассыздау Денсаулық сақтау Министрінің құзырына кірмейді. Бұл сұрақ облыс әкімшілігі мен Астана, Алматы қалалары, яғни жергілікті орындардың бюджет есебінен қарастырылады.

ДИАБЕТ МЕКТЕБІ

Қант диабетін өздерінде бірінші рет байқаған адамдаға бұл диагноз үлкен қасірет болып көрінеді.Дегенмен ауыратындардың саны күннен күнге артып келеді. ДДҰ-ның деректері бойынша дүние жүзінде әрбір 10 секөнт сайын екі адамның бірінде қант диабеті анықталуда, бір адам осы аурудан қайтыс болуда. Бүгінгі таңда әлемде  барлығы 300 миллион адам қант диабетімен ауырады. Ғалымдардың айтуынша, 2050 жылға қарай жер шарының жартысы аурудың осы қауіпті түрінен жапа шегуі мүмкін.Бұл жерде балалардың ауруы 22%-ды құрайды. БҰҰ-ның қант диабеті бойынша қарарына сәйкес бұл ауру адамзат баласы үшін  инфекция емес эпидемия ретінде төтенше қауіп туғызуда. Оның үстіне, оның асқынуына қарағанда, диабеттің өзі соншалықты қауіпті емес.

Статистикаға жүгінетін болсақ, 1-түрдегі диабетпен ауыратындардың 50% -ы ғана 50 жасқа дейін өмір сүреді. Барлық жарақаттанумен байланысты емес төменгі жақты амутациялаудың 80%-ы осы қант диабетінің үлесінде, ал  көздің көрмей қалуының басты себебі, көп жағдайларда–қант диабеті.Диабетпен ауырғандардың көбісі:«Осымен бітті! Мен енді ешқашанда бақытты бола алмаймын», -деп ойлайды. Бірақ, диабетпен ауыру жағдайында да бірқалыпты тұрмыс күйін кешіп, өзін бақытты сезінуге боолады. Ол үшін диабет туралы көп біліп, дәрігерлердің ұсынымдарына құлақ асқан жөн. Тап осы мақсатта Ақсай-2 шағын ауданы, 44а мекенжайында орналасқан «Сұңқар» медициналық орталығында диабет мектебі ашылды.

Сабақ кестесі:

1- сабақ . Қант диабетін емдеу кезінде қолданылатын негізгі ұғымдар, терминдер және анықтамалар:

  1. қант диабеті дегеніміз не?
  2. қандағы қант деңгейінің көтерерілуі не үшін қауіпті?
  3. қанттың қандай маңызы қалыпты болып есептелінеді?
  4. инсулин деген не?
  5. 1 не 2 — түрдегі диабет деген не?
  6. қант диабетінің пайда болу себебі?

 2 -сабақ . Диабет кезінде зат алмасуын бақылау:

  1. несептегі қантты анықтау;
  2. қандағы қантты анықтау  ;
  3. диабетпен ауыратындардың күнделігі.

3 -сабақ . Қант диабетінің асқынуы:  Жіті асқынулар

  • диабеттік  кома;
  • гипогликемия.

Созылмалы асқынулар

  • жүрек пен қан тамырларын зақымдау;
  • көзді зақымдау;
  •  аяқты зақымдау.

4 -сабақ . 1-түрдегі диабет кезінді тамақтануды жоспарлау:

  1. үлгі диета;
  2. артық салмақ;
  3. қанталмастырушылар;
  4. нан бірліктері;
  5. алкоголді пайдалану;
  6. диабетпен ауырушы мейрамханада .

5-сабақ . Қант диабетінің инсулинотерапиясы:

  1. дозаны азайту ережесі;
  2. дозаны арттыру ережесі.

6 -сабақ . Диабет кезінде денеге жүк салу:

  1. гипогликемиядан қалай құтылуға болады?
  2. инсулин дозасын түзеу;
  3. жалпы ұсынымдар.

7- сабақ . Диабет және жүктілік:

  1. жүктілікті жоспарлау;
  2. жүктіліктің өту ерекшелігі;
  3. дәрілік терапияның ерекшелігі.

8 -сабақ . Қант диабеті туралы мифтер мен аңыздар.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...