Диффузды токсикалық зоб

Диффузды токсикалық зоб –органспецификалық аутоимунды аурулар қатарына жатады. Ол негізінен тиреоидты гормондардың жоғарылауымен көрініс береді.

Науқас балалар арасында 5-8% жуығы осы аурумен ауырады. Қыз балалар ұлдарға қарағанда 6-8 рет жиі аурырады.

Диффузды токсикалық зоб этиологиясы

  • Этиологиясында ауру генетикалық жағынан HLA жүйесімен байланысты. Жиі HLA антигендері А1, В8, DR3 антигендері бар балаларда дамиды.
  • Қазіргі уақытта 40 жуық тиреоидстимулдеуші антиденелер белгілі.  74-76% науқас балаларда осы антиденелердің әсерінен зоб дамуда.
  • Балаларда әсер етушы факторларға инфекциялар, әсіресе мұрынжұтқыншақ (тонзилит), стресс, химиялық, токсикалық заттар.

Диффузды токсикалық зоб патогенезі

  1. Этиологиялық факторлар әсерінен қалқанша без аутоимунды қабынуы басталады
  2. Қалқанша без гипертрофиясы, гиперплазиясы, лимфоидты инфильтрация
  3. Тиреоидты гормондардың артық өндірілуі
  4. Жүйке –бұлшықет қозғыштығы артады, жылу бөлу, глюкоза утилизациясы жоғарылайды, тіндер Оттегіні пайдалану, липолиз , глюконеогенез күшею.

Диффузды токсикалық зоб клиникалық көрінісі

Клиникалық көрінісінде негізгі 3 сипмтомдар комплексі көрініс береді:

  1. Қалқанша без үлкеюі (зоб)
  2. Гипертиреоз
  3. Аутоиммунды аурулар

Гипертиреоз көрінісі баяу дамиды. Бала эмоциональді тұрақсыз болады, қозғыш, тітіркенгіш болады. Мектептегі оқуы төмендейді, ұйқысы бұзылады. Бала тәбеті жоғарылаған, бірақ әрдайым арықтап, жүдей түседі. Балалар жиі бұлшықет әлсіздігіне шағымданады. Терісі ыстық, ылғалды, бархат тәрізді күйде болады. Терлегіш келеді.

Жиі келесідей көз симптомдарына анықтауға болады.

  • Грефе симптомы –көзді төмен қаратқанда нұрлы қабықтың үстінен склераның айқын көрінуі;
  • Кохер симптомы –жоғары қарағанда склераның көрінуі;
  • Розенбах симптомы –жұмған қабақтың дірілдеуі;
  • Штельвага симптомы –жиі көзді ашып-жұму.

Тиреотоксикоздың сатылары:

Шартты түрде жүрек қантамыр жүйесінің бұзылысына байланысты тиреотоксикоз сатыларын анықтайды:

  • 1 саты –орташа жас көрсеткішінен 20% тахикардия байқалуы;
  • 2 саты -20-50% дейін тахикардия үдеуі болса;
  • 3 саты -50% жоғары тахикардияның күшеюі байқалса;

Диффузды токсикалық зоб диагностикасы

Диагностика үшін қан құрамындағы қалқанша безі гормондарының деңгейін тексеру қажет. Келесідей көріністердің болуы, диффузды токсикалық зобқа көрсеткіш

  • Т3 3 нмоль/мл жоғары
  • Т4 200 нмоль/мл жоғары
  • ТТГ 0,1 мкЕД/мл төмен

Диффузды токсикалық зобтың емі

Диффузды токсикалық зобытың емі стационарда жүргізіледі. Консервативті терапияның мәні ұзақ уақыт бойы (2-2,5 жыл) тиреостатикалық әсері бар препараттарды қолдану болып табылады. Бұл препараттар тиреоидты гормондар синтезін тежеуге қабілеттілігі бар.

Емдеу Мерказолил препаратымен жүргізіледі.

  • Бастапқы кезде 15-20 мг/м2 3 реттен қабылдайды.
  • 10-14 күннен кейін дозаны төмендетіп, 5-10 мг, дейін төмендетеді. 2-3 аптадан кейін кейін 2,5 мг ал жасөспірімдерде 10-15 мг дейін жеткізеді.
  • Мерказолилді көтере алмаушылық болса, тиоурацил қолданады. Оның бастапқы дозасы 150-300 мг/м2, ал жалғасырушы (поддерживающая) 100-150 мг/м2.

Көп жағдайда мерказолил қолданған ұтымдырақ болып келеді. Себебі мерказолил басқаларына қарағана тиреоиды гормонардың түзілуін тежеп қана қоймай, аутоантиденелердің түзілуін тоқтатып оң әсер көрсетеді. Сондықтан қарсы көрсеткіш болмаса мерказолил жақсы нәтижелі ем көрсетеді.

Тиреостатикалық терапиямен қоса ағзадағы инфекция ошақтарын санация жүргізу керек.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...