Қыздық перде

Қыздық перде  (hymen) — қазіргі уақыттағы ең көп сұрақ тудыратын жағдайлардың бірі. Көпшілік жас жігіттерді де қыздарды да толғандыратын сұраққа медицина тұрғысынан жауап беріп, қыздық перде жайлы халқымыз арасындағы мифтерді жоққа шығарып, шындықты өз орнына қоймақпыз.

Қыздық перде (латынша- hymen) — бұл қыздардағы қынап және ішкі жыныс ағзаларын оңашалап тұратын перделі құрылым. Құрылысы жағынан қыздық перде дәнекер тіннен, айналасында аздап бұлшықет, қан тамырлары және жүйке (нерв) талшықтарынан тұрады.

Бұлшықет тіні плевраға серпімділік беріп, оның созылғыштығын реттейді. Жүйке талшықтары перденің сезімталдылығын, және дефлорация (жыртылуы) кезіндегі сезімге жауап береді. Қан тамырларының болуы оның дефлорациясы немесе жыртылғандағы кеткен қан көлемін анықтайды. Дәл осы құрылымдардың арқасында қыздық перде алынуы ауырсынумен, қан ағу көлемімен сипатталады.

Қыздық перде қайда орналасқан?

Қыздық перде үлкен жыныс еріндері мен кіші жыныс еріндері арасында, қынапқа кіре берісте орналасқан. Дәлрек айтсақ қынаптан 1-3 см тереңде орналасады. Ол мембрана тәрізді қынапқа кіре берісті жауып орналасады.

қыздық перде фотоҚыздық перденің орналасуы және сыртқы көрінісі

Көпшілік жас жігіттер және қыздар қыздық перде деген атаудың өзінен перде толықтай жабық құрылымды зат деп біледі. Бірақ бұл қате ұғым. Біріншіден, қыздық перде ешқашан толықанды жабық болымайды. Пердеде бірнеше тесіктер болуы қажет, мұның себебі менструация кезінде кеткен қанды шығару үшін толықтай жабық перде емес тесіктері бар перде қажет. Екіншіден қыздық перде толыққанды пленка тәрізді құрылымда біркелкі орналаспайды. Ол кейде тығыз құрылымды немесе біркелкі емес болып, қынапқа кіре берістің тек кейбір бөліктерін жауып жатуы мүмкін.

Қыздық перде түрлері

Қыздық перде барлық қыздарда біркелкі деген қате ұғым. Әр қызда ол әртүрлі. Көп сөз жазғанша төмендегі суреттен қыздық перденің формасына, тереңдігіне, эластикалығына және т.б. критеийлерге қарап бөліну суреттемесін келтірдік.

қыздық перде фото

 

 

Қыздық пердеге байланысты ең жиі қойылатын сұрақтар

Қыздық перде қандай тереңдікте орналасады?

  • Ол қынапқа кіре берісте 1-3 см тереңдікте орналасады. Барлығы да нақты қыздың жыныс ағзасының ерекшеліктеріне байланысты.

Қыздық перденің жыртылуы әрдайым ауырсыну және қан ағумен жүре ме?

  • Жоқ, әрдайым емес. Жоғарыда аталғандай, барлығы перденің қан тамырымен және жүйке талшықтарымен қамтамассыз етілуіне байланысты. Қаншалықты жүйке талшықтары көп болса, соншалықты перденің алуыну ыңғайсыздық тудырады. Ал қаншалықты қан тамырлары көп болса, соншалықты перде жыртылуында қан көп шығады. Аз болса, керісінше жағдай байқалмақ.

Егер қызда пердесі болмаса, онда бұл оның жыныстық қатынаста болғанын білдіре ме?

  • Бұл өте күрделі сұрақ. Нақты Иә не ЖОҚ деп жауап беру қиын. Біріншіден туа пайда болған қыздық перденің болмауы (аплазия) деген ұғым бар. Яғни аты айтып тұрғандай бұл кезде қызда пердесі мүлдем болмайды. Екіншіден қыз өз қыздық пердесін жыныстық қатынасқа дейін жоғалтуы мүмкін. Оның себебі әртүрлі: травма алу, шектен тыс физикалық жүктеме, әртүрлі тампондарды дұрыс пайдаланбау, мастурбация кезінде, гинеколог дұрыс тексермесе, бала кезінде интенсивті жуынудан және т.б.

Қыздық перде жыныстық қатынастан кейін аман қауы мүмкін бе?

  • Иә, мұндай жағдйлар бар. Бұлай болу себебі, кейбір қыздарда перде эластикалығы жоғары, және перде өзіндегі тесіктері бірнешеу немесе үлкен болуы мүмкін. Бұл ер адам жыныс ағзасының қынапқа пердені бұзбай кіруіне жағдай жасайды. Пердедегі үлкен тесіктің болуы физиологиямен байланысты (туа пайда болған) немесе мастурбация әсерінен де болуы мүмкін. Нәтижесінде перде тесік көлемі үлкейіп, жыныстық қатынас кезінде одан жыныс мүшесі оңай өтіп кетеді. Осы секілді жағайларда қыздық пердеден қыз тек босанғанда айрылады.

Жыныстық қатынасқа ұзақ түспесе, қыздық перде қалпына келе ме?

  • Жыныстық қатынастан кейін жыртылған қыздық қайта қалпына ЕШҚАШАН КЕЛМЕЙДІ. Тіпті айлап, жылдап ешбір жыныстық қатынас болмаса да. Адам денесі кесіртке тәрізді қайта қалпына келмейтінін еске сақтау керек.

Қыздық пердені қалпына келтіруге бола ма?

  • Өкінішке орай иә. Қазіргі кезде интимді хирургия көмегімен өз қыздығын қалпына келтірп алып жүргендер бар =((. Соншалықты қымбат емес ақшаның көмегімен өз қыздығын қалпына келтіріп, өзін бұзылмаған, нағыз қызбын деп санай алатын заман келді. Мұндай операция гименопластика немесе рефлорация деп аталады. Кейбір қыздар өз санасыздығынан жаратушы берген қыздық пердесінен ерте, кім көрінгенмен айрылып, кейіннен тұрмыс құрмас бұрын оны қалпына келтіру үшін осындай көмекке жүгінеді. Әрине бұл өте өкінішті жағдай =(

Уақыт өте келе қыздық перде серпімділігі төмендеп, қатаюы мүмкін бе?

  • Көпшілк адамдарда уақыт өте келе, қыз бала өз қыздығын ұзақ сақтаса ол қатайып, серпімді емес күйге ауысады деген пікір айтып жүреді. «25-30 келгенде кемпір болып, қыздық алынуы қиындай түседі» деген дөрекі сөздер де айтады. Бірақ медициа тұрғысынан бұл толыққанды ЕРТЕГІ тәрізді МИФ деп айта аламыз. Расында да ағзамыз жасы ұлғайған сайын өзгеріске ұшырайды. Бірақ бұл факт тек қыздық пердеге қатысты емес. Егер қыздық перде 16-18 жасында жұмсақ-серпімді болса, ол 30 жасында да сондай күйде болып тұрады. Ал 18 жасында қатты, тығыз болса, ол тіпті 30 келсін бәрібір сол күйде болады. Тек 35 асқан кезде ғана қыздық өз серпімділігін аздап жоғалтуы мүмкін.
  • P.s сондықтан өз қыздық пердесін алғашқы некеге дейін сақтайтын қыз балалар үшін бұл ең жақсы жаңалық. Қарап тұрсақ табиғат өз моногамияға жағдай жасап тұр.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...