Эпилепсиялық ұстамалар

Эпилепсия — аяқ астынан дамитын тырыспалық ұстамалармен сипатталатын, халық араснда ең кең тараған созылмалы неврологиялық ауруға жатады.

Эпилептикалық ұстама (тырысу)— этиологиясы  әртүрлі қайталмалы талмалармен сипатталатын, нейрондардың шектен тыс разрядының нәтижесінде туатын және әртүрлі клиникалық көріністері мен параклиникалық симптомымен жүретін бас миының созылмалы ауруы.

Эпилептикалық ұстаманы шақыратын негізгі этиологиялық факторлар бас-ми жарақаттары, инфекциялық аурулар және нерв жүйесінің интоксикациясы,тұқым қуалау факторы болып табылады.

Патогенезі әлі анықталмаған. Патогенетикалық механизмі адам организмінің жалпы соматикалық өзгерістеріне байланысты. Церебральды механизмнің орталығы болып эпилептоген және эпилепсиялық ошақ болып табылады. Эпилепсиялық ошақ – мидың локальды структуралық  өзгерісі- эпилепсиялық разрядты фокальды өңдейтін нейрондардың патологиялық қозу көзі. Эпилепсиялық ошаққа нейрондар арқылы бір уақытта қозудың өткізілуінде қалтырау разряды пайда болады. «Эпилептизация» ЭЭГ өзгерісінде көрінеді (комплекс пик-толқын). Эпилептизация негізінің структурасында аксо-дендриттердің синапсында, «активті аймақтың» күшеюімен көрінеді.

Эпилепсимен ауыратын адамдарда әртүрлі метаболизм өзгерістері анықталған; азот-ақуыз алмасуының бұзылысынан организмде аммонидің жиналуы, су-тұз алмасуының бұзылысының әсерінен қанда альбумин глобулиннің жылжуы, көмірсу алмасуының өзгерісі. Милық метаболизм өзгерісі анықталған, норадреналин мен серотониннің төмендеуінен биогенді аминдердің алмасуының бұзылысы. Ішкі секреция бездерінің бұзылысы анықталған, ұстама алды кезеңде бүйрек үсті бездеріндегі өзгерістер.

1965 жылы Венада қабылданған дүниежүзілік жіктемеге сәйкес элилепсиялық ұстамалардың үлкен үш тобы бар:

  1. Таралымды эпилепсиялық ұстама
  2. Фокальдық немесе парциальдық эпилепсиялық ұстама
  3. Біржақты эпилепсиялық ұстама

I) Таралымды эпилепсиялық ұстама – естен тану мен көлемді вегетативті бұзылулардың дененің екі жағын бірден қамтитын немесе оларсыз бола беретін құрысулармен қосарлануы тән. ЭЭГ-да эпилепсиялық ұстаманың екі жақты синхрондық және симметриялық разряды көрінеді. Бұл топ үлкен құрыспалы және кіші(құрыспасыз) эпилепсиялық ұстамаларға бөлінеді.

Таралымды құрыспалы ұстамалар кенеттен пайда болып, үлкен эпилепсиялық ұстама түрінде білінеді. Кейде топико-клоникалық құрыспалар пайда болады. Олардың толық тоникалық кезеңі, аяқ-қол және бұлшықеттердің құрысып ширығуымен сипатталады. Көз алмалары бағытынан тайып, жоғары ығысады. Аяқ-қол бұлшықеттері шектен тыс ширығуда болады. Дем алуға қатысатын бұлшықеттер ширығуынан апноэ, цианоз пайда болады. Құрыспалы ұстаманың клиникалық кезеңінде науқас тілін тістеп қалуы және аузынан қан көпіруәмен қосарланады. Вегетативтік бұзылулардың ішінде көз қарашығының жарыққа реакциясының жойылуымен қосарланатын мидриаз қосылады. Бұл диагностикада маңызды. Сфинктерлер бұлшықетінің ширығуынан еріксіз зәр және нәжіс шығару байқалады. Тамыр соғуы жиілеп, АҚҚ жоғарылайды. Ұстама 1-2мин созылып, ұйқыға ауысатын кома түрінде аяқталады. Оянғаннан кейін амнезия, бұлшықеттердің ауырсынуы, қалжырау, әлсіздік болады. Көбінесе сопор немесе психомоторлық қозумен аяқталады.

Кіші ұстамалар қарапайым және күрделі абсанстарға бөлінеді. Кіші ұстама деп аталатын абсанс ұстамадан кейін ешқандай белгі бермейтін қысқа мерзімді ұстамалы естен тану арқылы көрінеді.

Қарапайым абсанс – қимыл т.б. әрекеттердің 5-20секунд бойы тоқтап қалуы. Науқастар ол жөнінде кейін өзімен бірге болған адамдар арқылы ғана біледі. Ауыр жағдайларда ұстамалар бірінен соң бірі бірнеше мин ішінде, сағаттар бойы өтеді.

Күрделі абсанстар қысқа мерзімді естен тану ерін мен тілдің еріксіз қимылы және көз алмаларының аларуы, т.б.-мен қабаттасады. Атониялық абсанс- постуралдық тонустың жойылуынан науқастың құлап қалуы, ал акинетикалық абсанс- бұлшықет тонусы өзгермей-ақ науқастың естен танып қалу. Күрделі абсанстар вегетативтік бұзылулармен қабаттасады.

ІІ. Ошақтық ұстамалар жабайы және күрделі симптоматикалық болып ажыратылады.

А. Жабайылық қимылдық және сенсорлық ұстамалар болып бөлінеді.

1.Қимылдық ұстамалар арасында джексондық пен версивтік ұстамалар жиі кездеседі. Бұлшықеттегі құрыспалар эпилепсиялық ошақтың ми қыртысындағы қимылдатушы проекциялық аумағындағы орнына байланысты. Құрыспалар орнықты болып қала береді және көршілес бұлшыкеттерге таралады. Таралу реттілігі қыртыстық орталықтардың орналасуына сәйкес келеді.

Версивтік эпилепсиялық ұстамалар бірнеше топқа бөлінеді:

  1. Эпилепсиялық нистагм— эпилепсиялық ошақтың ми қыртысының шүйде бөлігінде орналасуына байланысты көз алмасының біріккен клоникалық ауытқуы.
  2. Көз қозғалтқыш эпилепсиялық ұстамалар— мидың маңдай бөлігіндегі адверсивті аумақта(8аумақ) эпилепсиялық ошақтар болуына байланысты көздің біріккен клоникалық ауытқуы.
  3. Адверсивтік эпилепсиялық ұстамалар- мидың маңдай немесе самай бөлігінде эпилепсиялық ошақтар болуына байланысты көздің, бастың, дененің топикалық ауытқуы.
  4. Айналмалы эпилепсиялық ұстамалар— адверсиялық ұстама соңынан іле дененің шыр айналуы.

2. Парциалды-сенсорлы ұстамалар— қандайда болсын бір анализатор ауқымында түйсіктің кенеттен бұзылуымен сипатталады. Эпилепсиялық ошақтың орналасуына байланысты дененің кез келген бөлігінде парестезия ұстамалармен білінетін сенсорлық-джексон ұстамалары жиі кездеседі. Э.о. мидың жоғарғы төбе бөлігінде орналасқанда, дененің ошаққа қарсы жағында парестезия ұстамалары байқалады. Сонымен қатар көру, есту, иәс сезу, дәм сезу бұзылулары мен бас айналу ұстамалары түрінде де білінеді.

ІІІ. Біржақты эпилепсиялық ұстамаларға таралымды эпилепсиялық ұстаманың барлық клиникалық белгілері тән. Тонико-клоникалық түрдегі құрысулар ауруды лезде билеп әкетеді де, оған ес-түстен айрылуы мен ұстама соңындағы бұзылулар(кома, сопор т.б.) қосарланады. Гастонның пікірі бойынша, біржақты ұстамалар торлы формацияның эпилепсиялық топқа бір жағынан ілігуіне байланысты. Олар қыртыс-қыртыс асты құрылымдары едәуір зақымданғанда пайда болады, балаларда жиі кездеседі.

IV. Эпилепсиялық  жағдай – қысқа уақыт аралығында бірінен соң бірі кезектесіп келетін  эпилепсиялық ұстамалар. Эпилепсиялық жағдайдың басты клиникалық көрінісі- дем алу, циркуляторлық және  зат алмасу бұзылыстарына себепші болатын құрысу синдромы.

Клиникасы: селқостық, сырылдап дем алу, барлық бұлшықеттердің шамадан тыс ширығуы мен толассыз қайталанатын тоникалық  құрысулар, үдемелі цианоз, науқасты дірілдетіп шайқалақтататын клоникалық құрысулар, еріксіз агония туралы ойлану, көз қарашықтарының кеңейюі, бет-пішінінің сүйірленуі, тамырының өте әлсіз соғуы, жағымсыз иіс байқалады.

Эпилепсиянны диагностикалау

Эпилепсияның 40-тан астам түрі және неше түрлі ұстама типі бар. Соған байланысты, әр қайсысына өз емдеу схемасы бар. Сондықтан, дәрігерге тек қана диагноз қою емес, сонымен қатар оның түрін анықтау маңызды болып табылады. Диагностиканың негізі болып, электроэнцефалография,  компьютерлі  немесе магнитті-резонансты  томография табылады. ЭЭГ жазудың қарапайым тәсіліне 15 минут қана кетеді, сондықтан зерттеудің көп түрінде қолданады.

Көптеген зерттеушілердің ойынша, ЭЭГ мониторинг эпилепсия диагностикасында ең тиімді, ақпарат көп беретін тәсіл болып табылады.  Оны жазуға 1 сағаттан 12 сағатқа дейін уақыт кетеді.

Пневмоэнцефалографмя, КТ, МРТ эпилепсиялық ошақтың орналасуын анықтауға мүмкіндік береді.  Патологиялық өзгерістер ми қабығы мен қарыншалар жүйесінде де байқалуы мүмкін. Эпилепсиялық ұстамалар өздерінің әр түрлігіне қарамастан, пароксизмалдығымен, қысқа мерзімділігмен әр ұстаманың нақтылы науқаста стереотиптілігімен және ес түсінен айырылумен сипатталады.

Эпилепсияға қарсы препараттарды эпилепсия мен ұстаманың формасына байланысты тағайындайды. Препаратты бастапқыда аздаған мөлшерде береді, біртіндеп мөлшерін оптимальды клиникалық белгілер пайда болғанша көбейте береді. Қандай жағдай болмасын, препарат мөлшерін өздігінен өзгертуге болмайды. Кенеттен өзгерген мөлшер ұстаманың жиілеуіне және науқастың жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін.

Эпилепсия кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек

Егер сіз өзіңізде немесе жақын адамдарыңызда эпилепсия симптомдарын көретін болсаңыз, тез арада неврологқа қаралу керек. Егер ұстама бірінші рет ұстайтын болса, және тыныс алу бұзылысы болып, 5 минуттан артық созылса “жедел жәрдем” шақыру керек. Науқастың маңындағы барлық қатты заттарды алып тастау керек, басының астына жұмсақ, тегіс зат қою керек, науқасты қырынан жатқызу керек. Науқасты ұстама кезінде ұстап тұруға болмайды. Ұстама басталғанда сағатқа қарап, уақытты белгілеп алу керек. Ұстама кезінде науқастың жағын ашуға тырысады. Бұл профессионалдық тұрғыдан дұрыс. Ал шындығында, бұл өте күрделі шара. Біріншіден, жақты өте үлкен күшпен қысады да, тісті сындырып кетуі мүмкін немесе саусақ сындырып алуы мүмкін. Екіншіден, сіз бөгде адамға көмек көрсетесіз, және ол адамда инфекциялық ауру болуы мүмкін, сондықтан жұқтырып алуыңыз мүмкін, мысалы, вирусты герпес.

Есіңізде болсын!!! Науқаус ес түссіз жатқанда немесе ұстама кезінде науқасқа аузы арқылы дәрі немесе су беруге болмайды! Науқасты ұрғылап есін жиғызуға болмайды!

Эпилепсияны емдеу негізгі 2 қағидаға негізделеді:

  1. Тиімді медикоментозды препараттарды талдау және оның мөлшері. Ол диета, демалыс және еңбек режимімен байланысты. Яғни, науқас шаршамауы қажет, ұйқысы тыныш болу керек, жаздың ыстығынан қорғану керек.
  2. Науқастарды ұзақ уақыт бойы емдеу. Госпитализацияға көрсеткіштер: Госпитализацияға созылмалы аурулары бар және анық диагноз және тағайындалымдары бар науқастардан басқалары жатқызылады.

Кешендік емнің негізі дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы емдеуге саяды.  Ол мынандай бағыттарда жүргізілуі тиіс:

  • žМидың проксизмалдық белсенділігіне
  • žПсихикалық бұзылыстарға
  • žЭтиологиялық және патогенетикалық ықпалдарға қарсы ем

Жекелеген жағдайларда, егер ұстамалар сирек және қатты шаршағанда, ұйқыдан ада болғанда, психоэмоциялық  күйзеліске байланысты ушықтыратын фактор әсерінен пайда болса, олардың ықпалын болдырмауға тырысып, эпилепсияға қарсы дәрілер қолданбай, бақылау жүргізу керек.

Эпилепсияға қарсы монотерапияда мынандай препараттар қолданылады:

  • žдифенин (4-7 мг/кг),
  • карбамазепин (7-15 мг/кг),
  • žгексамидин (10-25 мг/кг),
  • žбензонал (3-10 мг/кг),
  • ž фенобарбитал (1-5 мг/кг),
  • žвальпроат натрия (10-60 мг/кг).
  • žШамалы ұстамалар кезінде клоназепам (0,1-0,2 мг/кг), этосуксемид(20-30 мг/кг), гексамидин (10-25 мг/кг), нитразепам (5-30 мг/сут) қолданылады.
  1. žМетиндион 10мг-нан таблетка түрінде дүркінді ұстамалар кезінде жиі (айына 4реттен артық) қолданылады.
  2. žАл аралас ұстамаларда құрамы күрделі дәрілер тағайындау керек ( Воробьев пен Серейский қоспалары).

žВоробьев қоспасы:
Rp.   Hexamidini 0.125

  •  diphenini 0.05
  • spasmolyni 0.15
  • ac.nicotini 0.03
  • coffeini puri0.015
  • M.f.Pulv.
  • D.t.d№90
  • S (ұнтақ түрінде, тамақтанудан кейін   күніне 1-3 рет )

žДиспансеризация. Науқастарды  невролог қарайды, жиі ұстама кезінде және психикалық бұзылыстарда емді психиатр жалғастырады.

Ауру болжамы. Көп жағдайда бір ұстамадан кейінгі болжам жақсы. 70 % науқастарда емделгенде ремиссия басталып ұстамалар 5 жыл мөлшерінде болмауы мүмкін. 20—30 % ұстамалар жалғасуы мүмкін,мұндай жағдайда бір мезетте ұстамаға қарсы бірнеше препараттар тағайындалуы мүмкін.

Эпилепсия жайлы толықтай дәрсісті оқи кетіңіз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...