Лимфоаденит ауру тарихы

Паспорттық бөлім:

  • Тегі: Дүйсенбеков
  • Аты: Алишер
  • Әкесінің аты: Жанатұлы
  • Жасы:08.2006жылғы-8жаста
  • Жынысы: ер бала
  • Мекен – жайы: Семей қаласы Восточные правые дачи 6924
  • Жұмыс орны немесе оқу мекемесінің аты: орта мектептің 3 сынып оқушысы
  • Атқаратын қызметі: оқушы
  • Қан тобы: 0 (ІI) Rh(+)
  • Аллергиясы: жоқ
  • Ауруханаға түскен күні:10.2014ж – сағ14:10
  • Ауруханадан шыққан күні:
  • Бағыттаушы мекеме: ПСТ №1
  • Бағыттаушы мекеме диагнозы: Сол жақ мойын артқы бетінің абцесі

Клиникалық дигноз: Сол жақ мойын артқы беті лимфоадениті.Қант диабеті 2 тип.

  • Операция аты: Іріңді ашып,дренирлеу
  • Операция мерзімі:10.2014ж

 

 

Науқастың шағымдары: Мойын артқы бетінің қызаруы,ісінуі,ауырсынуы.

 Anamnesis morbi: анасының айтуынша 4 күн ауырған.30.09.14 жылы СВА барған,сироп түріндегі антибиотик қабылдаған.Бірақ жағдайы жақсармағандықтан 01.10.14 жылы тағы барып қаралған,сол жақ мойын лимфоадениті деп диагноз қойылған. Семей қаласының Қалалық ауруханасының Семей қаласының Медициналық орталықтың Балалар хирургиясы бөліміне жолдама береді.Диагнозды нақтылап,оперативті ем тағайындау туралы шешім қабылдау үшін  Балалар хирургиясы бөліміне жатқызылды.

 

Anamnesis  vitae: Отбасында 2 бала. Құрсақтық кезені асқынусыз, уақытында дүниеге келген. Бала туған кездегі салмағы – 3300г,бойының ұзындығы-50см.Нәресте кезінде тамақтану — табиғи жолмен. Физикалық және ақыл ойының дамуы өз қатарындағы құрбыларына сай болған. Үй жағдайында білім алады, оқу үлгерімі жақсы.

Инфекциялық аурулармен ауырмаған, егілулерді өз уақытында алып отырған. Эпидқоршауы таза.

а) жанұясында аллергиялық аурулары жоқ.

б) қан құюлар болған жоқ.

в) вакцина енгізуде аллергия болмаған.

г) суық тию аурулары жылына бір-екі рет (ЖРВИ).

д) маусымдық аурулары жоқ.

Күнтізбелік жоспар бойынша егу алып тұрады.

’’Д’’тіркеуде,1 тип инсулин тәуелді.

 

Status praesens communis: Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі анық, қарым-қатынасқа тез түседі,  қозғалысы енжар, дене бітімі нормостеникалық, жүріс тұрысы өзгеріссіз; Дауысы анық шығады, мұрынмен дем алуы еркін, дене қызуы 36,5˚С;  тері жабындылары бозғылт-қызыл,құрғақ. Көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, ашық қызғылт түсті,сарғаю мен бозару байқалмайды Тырнақ пластинкаларының формасында патологиялық өзгерістер жоқ. Терінің тургоры мен эластикалық қасиеті жасына сәйкес.

   Тері асты май жабындылары жақсы дамыған. Қабырға доғасындағы тері асты май қабатының қалыңдығы – 2,5см, иықта – 1,5см. Ісінулер жоқ.

   Лимфа бездері :жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады(көлемі 5-7мм,жұмсақ консистенциялы, маңайындағы тіндермен бірікпеген), ауырсыну жоқ. Желкенің, бұғана үстінің және астының, қолтықтың, шынтақ   аумағының, шаттың, тақым асты бездері ұлғаймаған,ауырсынусыз. Сол жақ мойын безі аздап ауырсынады. Бұлшықет жүйесі қалыпты дамыған. Сүйек-буын жүйесінде патологиялық өзгерістер байқалмайды, сүйектер мен буындары қалыпты конфигурациялы,буындар пальпация кезінде ауырсынусыз, активті және пассивті қозғалыс кезінде ауырсынбайды. Қозғалу мөлшері шектелмеген.

 

Тыныс алу жүйесі:

   Қарап тексеру: тыныс алуы еркін, мұрын қуысы арқылы. Шырышты қабықта және тері түсінде көгерулер жоқ.  Кеуде клеткасында бұғана үсті және бұғана асты шұңқырлар, сонымен қатар жауырындар симетриялы орналасқан. Кеуде клеткасының оң және сол жақ бүйірлерінің тыныс алу кезінде қозғалуы бірдей, тыныс алу актісіне қатысады. Ентігу жоқ. Кеуде клеткасының пішіні дұрыс формада. Бұғана мен жауырын сүйектері бір деңгейде орналасқан. Тыныс алу кезінде кеуделік тыныс алады, тыныс алу ырғағы бірыңғай дұрыс.ТАЖ 20

Пальпация  жасағанда кеуде клеткасында ауырсыну сезімі жоқ, серпімділігі жақсы, кеуде клеткасының екі жағы да дем алу актісіне қатысады, дауыс дірілі кеуде клеткасының екі бөлігінде де, оның симметриялық орындарында да бірдей сезіледі. Деформация жоқ.

 Перкуссия: Салыстырмалы перкуссия жасағанда: кеуде клеткасының екі бөлігінде де, оның симметриялық орындарында да өкпелік ашық перкуторлық дыбыс шықты.

Топографиялық перкуссия

         Алдыңғы жағынан өкпе ұшының биіктігі сол  және оң жағынан 3 см, артқы жағынан VIII  мойын  омыртқасының сүйір өсіндісіне сәйкес келеді. Кренинг алаңы сол және оң жағынан 5 см.

Төмеңгі өкпе жиегінің шекаралары.

Белгілі сызықтар Оң жақ Сол жақ
  1. Төс маңы сызығы
ІV қабырға аралық
  1. Бұғана орта сызығы
VІ қабырға аралық
  1. Қолтық алды сызығы
VІІ қабырға аралық VІІ қабырға аралық
  1. Қолтық орта сызығы
VІІІ қабырға аралық VІІІ қабырға аралық
  1. Қолтық артқы сызығы
ІХ қабырға аралық ІХ қабырға аралық
  1. Жауырын орта сызығы
Х қабырға аралық Х қабырға аралық
  1. Омыртқа маңы сызығы
ХІ қабырға аралық ХІ қабырға аралық

 

Өкпенің төменгі жиегінің жылжымалылығы (өкпе экскурсиясы):

 

Топографиялық сызықтар Өкпенің төмегі жиегінің жылжу шектері, см
Оң жақ Сол жақ
Дем алғанда Дем шығарғанда Қосқанда Дем алғанда Дем шығарғанда Қосқанда
  1. Бұғана ортаңғы сызығы
2-3 2-3 4-6
  1. Қолтық асты ортаңғы сызығы
3-4 3-4 6-8 3-4 3-4 6-8
 3.Жауырын сызығы 2-3 2-3 4-6 2-3 2-3 4-6

Аускультация әдісімен тексергенде, өкпені тындағанда везикулярлық тыныс естілді. Қосымша тыныс шуылдары: сықыр, сырылдар, плевра үйкеліс шуылдары естілмейді. Бронхофония: күшеймеген.

 

Қанайналым ағзалары:

Жүрек тұсын қарағанда патологиялық қағу, дөңестену, ойықтану байқалған жоқ. Жүрек пішінінің кеудедегі нұсқасы өзгермеген. Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралыққа сәйкес келеді, 1,5 см ішке қарай. Күші, биіктігі, резистенттілігі қалыпты. Ірі қан тамырлары аймағында патологиялық пульсациялар байқалмайды.

 

 

 

 

 Жүрек перкуссиясы:

 

Шекаралары

 

Салыстырмалы

 

Абсолютті

 

Оң жақ

 

Сол жақ

 

Жоғарғы

Төстің оң жақ сызығымен IV қабырға аралықта 1 см сыртқары 

Сол жақ бұғана орта сызығы бойынша V қабырға аралықтан 1 см ішке

Сол жақ төс маңы сызығында III қабырға аралығында

 

 

Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы

 

Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасына сәйкес

III қабырға аралық

 

 

 

         Жүрек конфигурациясы аортальді. Тамырлар  шоғырының ені төстің шетімен II қабырға аралықта  5 см. Жүректің көлденең өлшемі – 12 см. Аускультацияда: Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ырғағы дұрыс. ЖСЖ-96 рет /мин, АҚҚ 120/80 мм.с.б. Перифериялық артериялардағы пульс орташа, толымды, ырғақты, кернеулі, екі қолда да бірдей.

 

 

Ас қорыту ағзалары

         Тәбеті орташа, аузының дәмі бұзылмаған. Ауыз қуысы — таза, тілі құрғақ,ақ жабынмен жабылған.Еріннің,таңдайдың,жұтқыншақтың ішкі беткей шырышты қабатының түсі қалыпты. Бадамшалар өзгеріссіз. Тістерінің патологиясы жоқ. Аузы шамалы кебеді, жұтынуы еркін, ауырсынусыз.

         Іші дұрыс формалы,симметриялы,іштің кебуі жоқ. Асқазан мен ішектің айқын перистальтикасы мен антиперистальтикасы байқалмайды.Шап жарығындағыдай томпаю байқалмайды. Іштің оң жағы сол жағына қарағанда тыныс алу актісінде қалып отырады.

Асқазан. Асқазанның үлкен иіні омыртқа жотасының екі жағынан да формасы доға тәрізді, жұмсақ, қатпарлы болып сезілді және ол ауырмайды. Асқазанның кіші иіні, қалтқысы пальпацияланбайды. Асқазанды перкуссиялғанда төменгі шекарасы 3-4 см-дей кіндіктен жоғары жатыр.

Ішек. Пальпация әдісімен ішекті тексергенде:

Беткей пальпация:іші жұмсақ,құрсақ бұлшықеттерінің ажырауы,іш жарықтары,беткей орналасқан ісіктер байқалмайды.

 

Образцов – Стражеский бойынша терең сырғанату әдісімен пальпациялау:

Сигма тәрізді ішектің үсті тегіс, тығыз, ауырмайды, жылжымалы, цилиндр тәрізді. Ішекті 3 см-ге екі жаққа жылжытуға болады, ені – 1,5 см. Шұрыл жоқ.

Соқыр ішекті пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ.

Тоқ ішектің жоғарғы және төменгі бөлігін бимануалды пальпация жасағанда оң және сол жақтан пальпацияланады. Ішек доға тәрізді немесе қатты көлденең цилиндр тәріздес, қалыңдығы 2-2,5 см және жоғары, шұрылдамайды, ауырсынбайды. Тоқ ішектің көлденең бөлімі кіндік тұсында орналасқан, жұмсақ, жылжымалы, цилиндр тәріздес, ауырсыну байқалмайды. Ені – 2 см.Шұрыл жоқ.

Ұйқы безі  пальпацияланбайды, Дежарден және Мейо-Робсон нүктелерінде ауырсыну белгілері жоқ.

Инфильтраттар мен ісіктер жоқ.

Перкуссия: құрсақ қуысының үстінен тимпаникалық перкуторлы дыбыс анықталады.

 

Гепато – лиенальді жүйе.

   Пальпацияда: Бауыры оң жақ қабырға доғасы жиегіне сәйкес, ауырсынусыз, тегіс, әрі тығыз. Көкбауыр пальпацияланбайды. Көлденіңінен 5 см, IX  және X  қабырға аралығында орналасқан,ұзындығы – 6 см.Курлов бойынша перкуссия:

        1.Өлшем-9,0 см

        2.Өлшем-8,1 см

        3.Өлшем-7,2 см

 

 

       Бауыр шекарасы:

 

Топографиялық сызықтар

 

Жоғарғы шекарасы

 

Төменгі шекарасы

 

.Төстің   оң жақ төменгі сызығы бойынша

.Оң жақ  бұғананың орта сызығы бойынша

.Қолтықтың алдыңғы сызығы бойынша

.Дененің алдыңғы сызығымен

.Сол жақ қабырға доғасы бойымен

Қабырғаның жоғарғы  қырының бойында

 

 

Қабырға үстінен

 

 

 

 

Қабырға үстінен

 

 

 

 

 

Оң жақ қабырғаның астынан 2 см төмен шығып тұр

 

Оң жақ  қабырғаның астынан 1 см төмен

 

 

Қабырға астынан  2 см төмен

 

Төс сүйегі шеміршегінің ұшынан 4 см төмен

Шеміршектің түбінен 6 см,сол жақ төс маңы сызығынан аспайды

 

 

 

 

Зәр шығару жүйесі

        Бел аймағында өзгерістер байқалмайды. Бүйректері пальпацияланбайды, ауырсыну жоқ. Пастернацкий сиптомы теріс. Ісінулер жоқ. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Түсі сабан – сары, мөлшері тәулігіне 1-1,5 л. Несепағар нүктелерінде ауырсыну жоқ.

       Екіншілік жыныстық белгілер байқалмайды. Ұманы қарауда аталық безінің 2-уіде ұмада, пальпация кезінде ұлғаймаған, ауырсынусыз. Дамуы өз жасына сай. Ұрық шылбыры пальпацияланбайды.

 

Нерв жүйесі

         Иіс сезу және дәм сезу қабілеті сақталған. Жұтынуы еркін, көз саңылаулары бірдей, өзгеріссіз. Көз алмасының қозғалысы толық. Қарашық мөлшері 2 жақта да бірдей, жарыққа реакциясы оң, аккомодация және конвергенция реакциясы сақталған. Көзінің көру өткірлігі төмен көру аймағында шектеулігі жоқ. Есту және вестибулярлы аппарат өзгеріссіз. Мимикалық бұлшық еттерде парез анықталмайды. Сөйлеу қабілеті сақталған. Жүрісі қалыпты, Ромберг симптомы теріс, клоникалық және тоникалық тырысулар байқалмайды. Жұтыну рефлексі сақталған. Беткей және терең сезімталдық сақталған. Менингиальді симптомдар теріс. Шеміршекті рефлекс сақталған.

 

Эндокринді жүйе

         Жалпы қарағанда қалқанша үлкеймеген, пальпацияда ауырсынусыз, жыныс бездері уақытында жетілген. Грефе, Кохер,Мебиус,Дальримпля симптомдары теріс.

 

 

Status localis:

Пальпациялағанда ісіну,гиперемия,шекарасыз тығыздану байқалады.Тығыздық шекарасы 10х5,0 см,ісіну ортасын басқанда ауырсынады.

 

 

Болжам диагноз және оны негіздеу

Науқастың шағымдары: Мойын артқы бетінің қызаруы,ісінуі,ауырсынуы.

 

Anamnesis morbi: анасының айтуынша 4 күн ауырған.30.09.14 жылы СВА барған,сироп түріндегі антибиотик қабылдаған.Бірақ жағдайы жақсармағандықтан 01.10.14 жылы тағы барып қаралған,сол жақ мойын лимфоадениті деп диагноз қойылған. Қалалық ауруханасы Семей қаласының Медициналық орталықтың Балалар хирургиясы бөліміне жолдама береді,диагнозды нақтылап,оперативті ем тағайындау туралы шешім қабылдау үшін  Балалар хирургиясы бөліміне жатқызылды.

 

 

 

Объективті зерттеу нәтижелері:  Тәбеті орташа, аузының дәмі бұзылмаған. Ауыз қуысы — таза, тілі құрғақ,ақ жабынмен жабылған.Еріннің,таңдайдың,жұтқыншақтың ішкі беткей шырышты қабатының түсі қалыпты. Бадамшалар өзгеріссіз. Тістерінің патологиясы жоқ. Аузы шамалы кебеді, жұтынуы еркін, ауырсынусыз.   Іші дұрыс формалы,симметриялы,іштің кебуі жоқ. Пальпациялағанда ауырсыну,гиперемия,ісінудің болуы іріңдік белгісі болғандықтан,жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып  болжам диагнозды: лимфоаденит деп қоямын.

 

Зерттеу жоспары:

1.ЖҚА.                                                    

2.ЖЗА.                                                   

3.Қан тобын анықтау.                             

4.Резус – сәйкестілікті анықтау.                  

5.Қанның биохимиялық зерттеуі.             

6.Нәжісті құрттар мен  

 қарапайымдыларға тексеру.

 

Лабораториялық және инструментальді зерттеу мәліметтері:

  1. Ж.Қ.А. 08.10.2014
Көрсеткіштер нормада науқаста интерпритация
Нв 120-140 г/л 120г/л N
эритроциттер 3,7-4,7*1012 3,69*1012 N
Түсті көрсеткіш 0,86-1,05 0,97 N
Тромбоцит 180-320 258,3 N
лейкоциттер 4,0-8,0*109 4,0*109 N
Сегмент ядролы 47-72*109 60*109 N
лимфоциттер 18-40* 109 35*109 N
ЭТЖ 2-10 мм/сағ 15 мм/сағ N↑

 

Қорытынды: ЭТЖ жоғарылаған

 

 

  1. Ж.З.А. 08.10.2014
Көрсеткіштер нормада науқаста интерпретация
Түсі сабан сары сабан сары N
Мөлдірлігі мөлдір Мөлдір
сал.тығыздығы 1008-1026 Зәр мөлшері аз  
реакция әлсіз қышқыл сілтілі N
белок жоқ Жоқ N
лейкоциттер 0-6 қөру аймағында 0-1-2 N
эритроциттер 0-2 1-2-2 N
жалпақ эпителий аз мөлшерде 0-1-2 N

 

Қорытынды: қалыпты зәр анализі.

 

  1. Қан тобын және резус факторды анықтау

Нәтижесі: А (ІІ),Rh+.

 

  1. Қанның биохимиялық анализін талдау:08.10.2014
Көрсеткіштер нормада науқаста Интерпритация
Жалпы белок,г/л 60-80 г/л 66-876г/л N
Креатин,мкмоль/л 45-115мкмоль/л 45-115мкмоль/л N
Билирубин ,мкмоль/л 3,4-17,1мкмоль/л 12,5мкмоль/л N
Глюкоза ,ммоль/л 3,89-5,83ммоль/л 8,3ммоль/л N***
АЛТ,ЕД/л 8-20 12 N
АСТ,ЕД/л 15-60 22 N
Сілтілі фосфатазаЕД/л 106-213 136 N

07.10.14 ж  сағ 10:40 глюкоза 23,6

08.10.14ж сағ09:00 глюкоза 16,0

08.10.14ж сағ13:00 глюкоза10,5

09.10.14ж сағ11:00 глюкоза 8,3

Қорытынды: глюкоза мөлшері жоғарлаған.

 

  1. Нәжісті ішек құрттары мен қарапайымдыларға зерттеу.08.10.2014 ж.

Нәтижесі:Нәжісте ішек құрттарымен қарапайымдылар анықталған жоқ.

 

Клиникалық диагноз: Науқастың шағымдарына,Anamnesis morbi,Anamnesis  vitae’’Д’’тіркеуде,1 тип инсулин тәуелді мәліметтерге,лабораториялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып клиникалық диагнозды былай деп қоямын:Сол жақ мойын артқы беті лимфоадениті.Қант диабеті 2 тип.

 

 

Емі

Түскеннен кейін консерватимті терапия және динамикалық бақылау жүргізу.

Препараттар 07.10.14 08.10.14 09.10.14 10.10.14
  1. Режим стационарлы
+ + + +
  1. Диета № 15
+ + + +
3.Цефозалин 750 мг 3 рет б/е  

 

+ + + +
  1. Вит.В 1,0 мл тіл астына

 

+ + + +
  1. Актропит 3,0х3

 

 

+ + + +
  1. лаптус 7.0х1
+ + + +
  1. УФА
+ + + +

 

Хирургиялық емі: Іріңдікті ашу,дренирлеу

Операция алды эпикриз.

01.10.14 күні сағат 14:10-де науқас Дүйсенбеков хирургия бөліміне түскен соң оған бірден іріңдікті ашу жүргізілді.Науқасқа консервативтік ем тағайындалды. Емнің барысында оң нәтиже алынды (яғни интенсивті ауырсыну белгілері төмендеді)..

Науқастың операцияға келісімі алынды.

 

Қорытынды диагноз: Алғашқы және клиникалық диагнозге сүйене отырып және операция барысында макроскопиялық зерттеулер негізінде қорытынды диагнозды:

Операциядан кейінгі жағдай. Негізгі ауруы-Сол жақ мойын артқы беті лимфоадениті.

Қосымша-Қант диабеті 2 тип.

Күнделік:

        

Науқасты қараған күні: 07.10.2014ж.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары әлсіздік, операциялық жараның аздап ауырсынуы.  Төсектегі қалпы – еркін. Тәбеті –орташа. Терісі қалыпты түсте, тілі ылғылды, ақ жабындымен жабылған,шырышты қабықтары өзгеріссіз. Лимфа бездері қалыпты, үлкеймеген. Тыныс алу жиілігі 18рет/мин. ырғақты, мұрын арқылы, еркін тыныс алады.

Пальпацияда: Аздап ауырсынады.

Аускультация: Өкпеде везикулярлы дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, патологиялық шулар естілмейді. Пульс 78 рет, ырғақты. Артериялық қан қысымы – 120/70 мм. сын. бағ. t – 36,5˚С. Бұрынғы ем жалғастырылады.

 Таңғышты таңу: операциялық жара бетінде таңғыш таза, тегіс, жіптері қалыпты жағдайда. Қабыну процесі жоқ. Жара бетін  96% спиртпен залалсыздандырып асептикалық дәкемен таңғыш салынды. Емі жалғасуда.

 

Науқасты қараған күні: 08.10.2014ж.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары  операциялық жараның аздап ауырсынуы. Төсектегі қалпы – еркін. Тәбеті – жақсы. Терісі қалыпты түсте, тілі ылғылды, ақ жабындымен жабылған,шырышты қабықтары өзгеріссіз. Лимфа бездері қалыпты, үлкеймеген. Операциялық жара таңу кезінде құрғақ, таза, бөліністер жоқ, ескі таңғыш алынып жаңа асептикалық таңғыш салынды. Тыныс алу жиілігі 18рет/мин.ырғақты. мұрын арқылы, еркін тыныс алады.

Пальпацияда: операциялық жара маңы ауырсынады.

Аускультация: Өкпеде везикулярлы дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, патологиялық шулар естілмейді. Пульс 78рет, ырғақты. Артериялық қан қысымы – 120/80 мм. сын. бағ. б/ша. t – 36.5˚С. Бұрынғы ем жалғастырылады.

Таңғышты таңу: операциялық жара бетінде таңғыш таза, тегіс, жіптері қалыпты жағдайда. Қабыну процесі жоқ. Жара бетін  96% спиртпен залалсыздандырып асептикалық дәкемен таңғыш салынды. Емі жалғасуда.

 

Науқасты қараған күні: 09.10.2014ж.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Төсектегі қалпы – еркін. Тәбеті – жақсы. Терісі қалыпты түсте, тілі ылғылды, таза, шырышты қабықтары өзгеріссіз. Лимфа бездері қалыпты, үлкеймеген. Операциялық жара таңу кезінде құрғақ,таза, бөліністер жоқ, 4 тігіс бар, ескі таңғыш алынып жаңа асептикалық таңғыш салынды  Тыныс алу жиілігі 20рет/мин.ырғақты. мұрын арқылы, еркін тыныс алады.

  Пальпацияда: операциялық жара маңы ауырсынады.

Аускультация: Өкпеде везикулярлы дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, патологиялық шулар естілмейді. Пульс 76рет, ырғақты. Артериялық қан қысымы – 110/70 мм. сын. бағ. б/ша. t – 36.2˚С. Бұрынғы ем жалғастырылады.

Таңғышты таңу: операциялық жара бетінде таңғыш таза, тегіс, жіптері қалыпты жағдайда. Қабыну процесі жоқ. Жара бетін  96% спиртпен залалсыздандырып асептикалық дәкемен таңғыш салынды. Емі жалғасуда.


Қорытынды диагноз:
Алғашқы және клиникалық диагнозға сүйеніп, сонымен қатар  қосымша ауруларды анықтай отырып, жүргізілген консервативті және оперативті емге  байланысты, операциядан кейін ешқандай асқынулар болмағанын ескере келе қорытынды диагнозды қойдым. Қорытынды диагнозы:Операциядан кейінгі жағдай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі ауруы-сол жақ мойын артқы беті лимфоадениті.

Қосымша-қант диабеті II тип.

Болжамы: науқастың өмірі жайындағы болжамы оң, өміріне  еш қауіп төніп тұрған жоқ, жарасы жазылып келе жатыр, ағымы барысында ешқандай патологиялық ауытқулар жоқ.

Шығару Эпикризі

Дүйсенбеков А.Ж.  2004 жылғы, Медициналық орталықтың Балалар хирургиясы бөлімінде  01.10.2014ж  10.10.2014ж аралығында жатты.Клиникалық диагнозы:Сол жақ мойын артқы беті лимфоадениті.Қант диабеті II тип.

 

Науқастың түскен кездегі шағымдары: Мойын артқы бетінің қызаруы,ісінуі,ауырсынуы.

 

Anamnesis morbi: анасының айтуынша 4 күн ауырған.30.09.14 жылы СВА барған,сироп түріндегі антибиотик қабылдаған.Бірақ жағдайы жақсармағандықтан 01.10.14 жылы тағы барып қаралған,сол жақ мойын лимфоадениті деп диагноз қойылған. Қалалық ауруханасы Семей қаласының Медициналық орталықтың Балалар хирургиясы бөліміне жолдама береді,диагнозды нақтылап,оперативті ем тағайындау туралы шешім қабылдау үшін  Балалар хирургиясы бөліміне жатқызылды.

Операция алдындағы консервативті ем:

Түскеннен кейін консерватимті терапия және динамикалық бақылау жүргізу.

Препараттар 01.10.14 02.10.14 03.10.14 04.10.14
  1. Режим стационарлы
+ + + +
  1. Диета № 15
+ + + +
3.Цефозалин 750 мг 3 рет б/е  

 

+ + + +
  1. Вит.В 1,0 мл тіл астына

 

+ + + +
  1. Актропит 3,0х3

 

 

+ + + +
  1. лаптус 7.0х1
+ + + +
  1. УФА
+ + + +

 

Хирургиялық емі: Іріңдікті ашу,дренирлеу

 

Науқас стационардан  16.11.12ж шығарылды .Шығару кезіндегі жағдайы қанағаттанарлық.

 

Болжамы: науқастың өмірі жайындағы болжамы оң, өміріне  еш қауіп төніп тұрған жоқ

 

Үйге тағайындамалар:

  1. Диетаны қатаң түрде сақтау (тәтті)
  2. Психоэмоционалдық факторларды мүмкіндігінше жою.
  3. Ауыр физикалық жүктемелерді шектеу.
  4. Минералды витаминдерді жанұялық дәрігерімен ақылдасып қолдану.
  5. Жылына 1 рет тексерілуден өту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...