Жалпы зәр анализі. Қалыпты көрсеткіші

Жалпы зәр анализінің қалыпты көрсеткіштері

Жалпы зәр анализі –қалыпты көрсеткіштері
Зәр түсі Сабан –сары
Мөлдірлігі Мөлдір
Зәр иісі Өткір емес
рН  немесе зәр реакциясы рН 4 – 7 арасында
Зәр тығыздығы 1,012 г/л – 1,022 г/л шамасында
Зәрдегі белок жоқ,  0,033 г/л дейін болу мүмкін
Зәрдегі глюкоза жоқ, 0,8 ммоль/л дейін
Зәрдегі кетон денелері Жоқ
Билирубин Жоқ
Уробилиноген 5-10 мг/л шамасында
Гемоглобин Жоқ
Эритроциттер Әйелдер үшін 3 ке дейін көру алаңында
Ерлер үшін бірлікте көру алаңында
Лейкоциттер Әйелдер үшін 6 дейін көру алаңында
Ерлер үшін 3 ке дейін көру алаңында
Эпителиальді жасушалар 10 дейін көру алаңында
Цилиндрлер жоқ, гиалинді түрі бірлікте ғана
Тұздар Жоқ
Бактериялар Жоқ
Саңырауқұлақтар Жоқ
Паразиттер жоқ
жалпы зәр анализі

жалпы зәр анализінің көрсеткіштері

Зәр түсі

Қалыпты жағдайда зәр сабан сары түсті болады
Зәр түсіне қабылдаған тағам, дәрілік заттар әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар зәрдің қою түсті болуына бауыр аурулары (гепатит, өт тас ауруы) немесе қан аурулары (гемолитикалық анемия, Виллебранд ауруы ) себеп болады.
Зәр түсінің өзгеру себебі

Қою түс (қара шай түстес) Бауыр аурулары (гепатит, цирроз, бауыр жетіспеушілігі, өт тас ауруы), эритроциттердің массивті бұзылуылары (қан құюдан кейін, малярия және т.б)
Қою жасыл түс Ағзаның сусыздануы (құсу, диарея, аз сұйықтық қабылдау), жүрек жетіспеушілігі.
Түссіз зәр Қант диабеті, қантсыз диабет, сұйықтықты көп ішу, бүйрек патологиялары (бүйректің концентрациялық қызметінің бұзылуы).
Зәрдің қызғылтым түс болуы Тағамға пигменттелген жеміс және көкеністерді қабылдау (сәбіз, қарақат, жүзім және т.б).
Қызыл түс Ашық қызыл түс зәрде қан барын көрсетеді. Бұл көрініс зәр тас ауруы, қуық қатерлі ісіктері, бүйрек инфарктісі, пиелонефритте, гломерулонефрит кезінде байқалады.
Ет жуындысы тәрізді түс Зәр мөлдір емес, жуынды-шайынды су тәрізді. Себептері: жедел гломерулонефрит, созылмалы гломерулонефрит, бүйректегі тастар, бүйрек инфарктісі, бүйрек және зәр шығару жолдары туберкулезі,  эритроциттердің жылдау ыдырауы, дәрілік препараттарды қолдану (стрептоцид, сульфонал, антипирин, пирамидон, трионал).
Қызыл –қоңыр түстес зәр Келесі препараттарды қолдану: метронидазол, сульфониламидті  препараттар, толокнянк құрамды дәрілер.
Қара түс Макиафав Микелли ауруы , Алкаптонурия, Меланома тәрізді аурулар кезінде көрінеді

Зәр мөлдірлігі

Қалыпты жағдайда зәр мөлдір болады

Қалыпты жағдайда зәрді ыдысқа құйғаннан кейін бірнеше саған ішінде зәр мөлдірлігін сақтау керек. Аз ғана лайлану оның құрамындағы эпителиалды жасушалар мен шырыш әсерінен болуы мүмкін.
Зәрдің лайлану себебі:

  • Эритроциттердің болуы (зәр тас ауруы, пиелонефрит, гломерулонефрит, қуық қатерлі ісігі, простатит)
  • Лейкоциттердің болуы (пиелонефрит, цистит)
  • Зәрде бактериялардың көп болуы (пиелонефрит, цистит)
  • Зәрде белоктың болуы (пиелонефрит, гломерулонефрит, амилоидоз)
  • Көп мөлдерде эпителийдің болуы (пиелонефрит)
  • Тұздардың зәрде жоғары болуы (ураттар, фосфаттар, оксалаттар)

Зәрдің салыстырмалы тығыздығы

Зәрдің салыстырмалы тығыздың ондағы еріген заттардың концентрациясына байланысты. Ағзадан қаншалықты концентрленген заттар бөлінсе, соншалықты зәрдің салыстырмалы тығыздығы жоғары болады. Зәр тығыздығын тұздармен қатар ондағы органикалық заттар (белок, қант, билирубин) жоғарылатуымен қатар, бактериялар, лейкоциттер, эритроциттер де тығыздығын жоғарылаутға қасиеті бар.

Балалар және ересектердегі зәрдің салыстырмалы тығыздығы, норма
Жаңа туғандар  (10 күнге дейінгі уақыт) 1,008-1,018 г/л
2-3 жас аралығындағы балалар 1,010-1,017 г/л
4-12 жас аралығындағы балалар 1,012 – 1,020 г/л
12 жастан асқан балалар 1,010 – 1,022 г/л

Зәрдің тығыздығы жоғарылау себебі (>1,030 г/л)

  • қант диабеті
  • Гломерулонефрит, нефротикалық синдром
  • Зәрмен сыртқа шығатын препараттарды көп қолдану (антибиотиктер, зәр айдаушы препараттар)
  • Сұйықтықты аз қабылдау
  • Ағзадан сұйықтықты көп жоғалту (құсу, диарея, көп терлеу)
  • Жүктілер токсикозы
  • Бүйрек және зәр шығару жолындағы инфекциялық аурулар (пиелонефрит, цистит)

Зәр тығыздығының азаюы (1,010 г/л аз)

  • Қантсыз диабет
  • Бүйрек жетіспеушілігі
  • Зәр айдаушы кейбір препараттар
  • Суды көп ішу

Зәрдің тығыздығы төмендеген немесе жоғарылаған болса, нақты диагноз қою үшін дәрігер қосымша зерттеу ретінде Зимницский пробасын тағайындауына болады. Бұл зерттеу бүйректің қызметін тереңрек зерттеуге мүмкіндік беріп, нақты диагноз қоюға көмектеседі.

Зәр қышқылдығы

Зәр қышқылдығы өзгеріске көп ұшырайтын көрсеткіштердің бірі. Бір күн ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай үлкен көрсеткіштерге дейін өзгеруі мүмкін. Мұның себебі қан қышқылдығын (PH) реттеуге бүйрек қатысып, артық қышқылды заттарды зәрмен шығарып отырады.

Зәрдің қалыпты қышқылдығы

 Зәр қышқылдығы pH 4-тен жоғары  — 7-ден төмен болуы керек. (4-7 арасында)

Зәр қышқылдығының төмендеу себебі (pH >7):

  • Қанның қышқыл –сілтілік балансының бұзылуы (тыныстық немесе метаболикалық алкалоз)
  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
  • Бүйректік каналшалық ацидоз
  • Қандағы калий деңгейінің жоғарылауы
  • Қалқанша маңы безінің гормонының жоғарылауы (паратгормон)
  • Өсімдік тектес тағамдармен ғана тамақтану
  • Ұзақ уақытқа созылған құсу
  • Несеп жыныс жүйесінің кейбір инфекциялары (уреаплазмоз)
  • Дәрілік заттарды қабылдау – никотинамид, адреналин
  • Бүйрек және қуық ісіктері

Зәрдің қышқылдығының жоғарылау себебі (pH<4)

  • Қанның қышқыл –сілтілік балансының бұзылуы (тыныстық немесе метаболикалық ацидоз)
  • Қандағы калий деңгейінің төмендеуі
  • Сусыздану (құсудан басқа себептер)
  • Аштық
  • Қант диабеті
  • Жоғары температура
  • Дәрілік заттарды қабылдау: аспирин, метионин, диакарб
  • Етті тағамдарды көп пайдалану

Зәрдегі белок

Зәрде белок қалыпты көрсеткіші

Қалыпты жағдайда зәрде белок концентрациясы 0,033 г/л аспауы тиіс

Зәрде белок (ақуыз) пайда болуы әрдайым бүйрек зақымдалуымен байланысты бола бермейді. Зәрдегі белок (альбуминурия) несепағар, қуық қабынуы, уретрит кезінде пайда болуы мүмкін. Кейде белок сау адамдарда аса күшті физикалық жүктемеден кейін пайда болады.

Сонымен қатар зәрде белок 7-16 жас аралығындағы физикалық дамуы нашар балалар мен жүкті әйелдерде көрінеді. Альбуминурия бүйректен тыс түрі аллергиялық реакция, лейкоз, эпилепсия, жүрек жетіспеушілігі кезінде болады. Бұлардың барлығы функционалды альбуминурия

Енді патологиялық альбуминурияны қарастырайық. Оның себебі әрдайым бүйрекпен байланысты, сондықтан бүйрек ауруын көрсетеді 3-5% аралығындағы альбуминурия жедел гломерулонефритке тән, 0,5-1% — созылмалы пиелонефрит және гломерулонефритке тән көрініс. Нефроз кезінде зәрде белок жоғары көрсеткішке жетеді (3% жоғары). Сондықтан зәрдегі белок (ақуыз) анықтау аса маңызды диагностикалық тестердің бірі.

Зәрдегі глюкоза (қант)

Қалыпты жағдайдағы зәрдегі глюкоза

Қалыпты жағдайда зәрде глюкоза болмайды, бірақ оның 0,8 ммоль/л артық емес концентрациясы қалыптыға жатады.

Зәрде глюкоза анықталу негізгі себебі қант диабеті немесе бүйрек жұмысының бұзылуы. Мұндай жағдайда қосымша зерттеу қажет.

Зәрдегі глюкоза (қант) пайда болу себебі:

  • Нефротикалық синдром
  • Қант диабеті
  • Желдел панкреатит
  • Бүйректік диабет
  • Кушинг синдромы
  • Феохромоцитома
  • Жүктілік
  • Тәтті тағамдарды шектен тыс пайдалану

Зәрдегі кетон денелері

Кетон денелеріне – ацетон, ацетосірке қышқылы (ацетоуксусная кислота) және оксимай қышқылы жатады.

Кетон денелерінің зәрдегі нормасы

Қалыпты жағдайда кетон денелері зәр талдауында анықалмау керек

Зәрде кетон денелерінің пайда болуы, ағзадағы зат алмасудың бұзылуынан пайда болады. Бұл ағзадағы әртрүрлі схемадағы патологиялқы процесстер кезінде пайда болуы мүмкін.

Зәрде кетон денелерінің пайда болу себебі

  • Қант диабеті
  • Алкогольді интоксикация
  • Жедел панкреатит
  • Балалардағы ацетемиялық құсу
  • Ұзақ ашығу
  • Тағам рационында белокты және майлы тағамдар көп болуы
  • Орталық жүйке жүйесімен байланысты травмалар
  • Қалқанша безі гормонынының көп бөлінуі (тиреотоксикоз)
  • Иценко Кушинга ауруы

Зәрдегі билирубин

Билирубин —  қалыпты жағдайда билирубин өт құрамында болып, ішекпен сыртқа шығады. Бірақ кей кездерде қанда билирубин деңгейі аса жоғары болғанда, бұл затты сыртқа бөлу қызметін бүйрек те атқарады..

Зәрдегі билирубин деңгейі

Қалыпты жағдайда билирубин зәрде болмауы керек

Билирубиннің зәрде пайда болу себебі

  • Гепатит
  • Бауыр циррозы
  • Бауыр жетіспеушілігі
  • Өт тас ауруы
  • Виллебранд ауруы
  • Қандағы эритроциттердің массивті ыдырауы (малярия,токсикалық гемолиз, гемолитикалық ауру, орақ тәрізді анемия)

Зәрдегі уробилиноген

Зәрдегі уробилиноген нормада

Қалыпты жағдайда зәрде уробилиноген анықталмайды

Уробилиногеннің зәрде пайда болу себебі

  • Эритроциттердің массивті бұзылулары (гемолитикалық анемия, қан құю, әртүрлі инфекциялар, сепсис, кейбір инфекциялық аурулар)
  • Ішек қабынуы (энтероколит, колит, илеит)
  • Бауыр жетіспеушілігі (гепатита, бауыр циррозы себебінен)

Зәрдегі гемоглобин

Зәрдегі гемоглобин мөлшері

Қалыпты жағдайда зәрде гемоглобин мүлдем болмайды

Гемоглобин – оттегі тасымалдауға қатысатын белок. Гемоглобин эритроциттер ішінде болады. Эритроциттердің массивті түрде ыдырауы жүргенде, көп мөлшерде бөлінген гемоглобин бауыр мен көкбауырда өңдеуден өтіп үлгермей бүйрек арқылы сыртқа шығады. Сонымен қатар бұлшықет тіні басылып қалғанда, миокард инфарктісі кезінде қан ағу жүйесіне гемоглобинге ұқсас миоглобин бөлінеді. Миоглобин де бүйрек арқылы қанмен бірге сыртқа шығады.

Зәрде гемоглобин пайда болу себебі

  • Гемолитикалық ауру
  • Малярия
  • Қан құю
  • Бұлшықет тінінің массивті зақымдалуы (краш синдром, массивті гематомамен соққы алу)
  • Миокард инфарктісі
  • Күйіктер
  • Фенол, сульфаниламидті препараттар, саңырауқұлақтармен улану

Эритроциттер бүйректің травмалық зақымдалуы кезінде зәрде пайда болады. Сонымен қатар бүйрек ісігі, жедел нефриттерде (гломерулонефрит, пиелонефрит) кезінде байқалауы мүмкін. Зәрде қан уретрит, цистит, бүйректегі тастар кезінде көрінуі әбден мүмкін.

Зәрдегі тұнбалар

Зәрдегі тұнбалар –жалпы зәр анализінде тұнба деп, зәрді қысқа уақыт центрифугада өткізгеннен кейін пайда болатын жасушалар, цилиндрлер, тұздар кристалын айтады.

Зәрдегі лейкоциттер

Зәрдегі лейкоциттер нормасы

Ер адамдар 0—3 лейкоциттер көру алаңында
Әйелдер және балалар 0—6 лейкоциттер көру алаңында

 
Лейкоциттер – ағзадағы қорғаныштық функцияны атқаратын ақ қан түйіршіктері. Лейкоциттер токсиндерді, паразиттерді, вирустар және бактерияларды жоюға қатысады. Зәрде лейкоциттер болмайды, немесе өте аз мөшерде болуы мүмкін (көру алаңында 3 тен артық емес). Егер көру алаңында 3-10 аралығында болса, мұндай көрсеткіш күмәнді, күдікті болып табылады. 10 артық болса, зәр шығару жүйесінің патологиясы барын көрсетеді.

Зәрде лейкоциттердің жоғарылау себебі:

  • Бүйрек аурулары: пиелонефрит (созылмалы немесе жедел), бүйрек туберкулезі,  несеп –тас ауруы.
  • Несепағардың зақымдалуы:несеп –тас ауруы, несепағардың инфекциялық қабынуы
  • Қуықтың зақымдалуы:цистит, қуық қатерлі ісігі.
  • Простата зақымдалуы: простатит, простата қатерлі ісігі.
  • Уретра зақымдалуы: уретрит, несеп тас ауруы
  • Сыртқы жыныс ағзаларының инфекциясы, гигиена ережелерін сақтамау. Кейбір кезде зәрде лейкоциттердің пайда болуы зәр жинау кезінде гигиеналық шараларды сақтамау немесе сыртқы жыныс ағзаларының қабыну арулары болу мүмкін (вульвовагинит).

Зәрдегі эритроциттер

Зәрдегі эритроциттер көрсеткіші

·         Ерлер Бірлікті (единичные)
·         Әйелдер 3-ке дейін көру алаңында

Эритроциттер – қаның қызыл түйршіктері. Қанның ең көп жасушалар қатарына жатады. Негізгі қызметі оттегіні тіндерге тасымалдау. Қалыпты жағдайда зәрде эритроциттер болмауы керек, немесе өте аз мөлшерде (3-тен артық емес, көру алаңында) кездесуі мүмкін. Зәрде көп мөлшерде эритроциттердің кездесуі бүйрек және зәр шығару жолдарының қауіпті патологиялары жайлы көрсеткіш болып табылады.

Зәрдегі эритроциттер көбею себебі:

  • Жедел гломерулонефрит
  • Нефротикалық синдром
  • Бүйрек инфарктісі
  • Несеп тас ауруы
  • Бүйрек, қуық, простата қатерлі ісіктері

Зәрдегі эпителий

Зәрдегі эпителий нормасы

10 жасушаға дейін, көру алаңына

Зәр тұнбасында әртүрл эпителиалды жасушалар кездесуі мүмкін. Олар: бүйректің эпителий, қуықтың эпителийі және т.б. Зәрде бүйректің эпителиі пайда болу бүйректегі айқын патологияны көрсетеді (нефроз, жедел нефрит). Несепағар және қуықтың ауыспалы эпителийі зәрде пайда болу –цистит, несепағардың қабынуын көрсетеді. Әйел адамдарда зәрде жалпақ эпителийлер болуы мүмкін. Бұлар жыныс жолдарынан зәрге түсіп, бүйрек ауруын көретпейді.

Зәрдегі циллиндрлер

Цилиндрлер – цилиндр пішіндес, бүйрек каналшаларында орналасқа айқын патология барын көрсететін денешіктер. Циллиндрлер құрамы бойына әртүрі болады, келесідей заттардан тұруы мүмкін: эритроциттер, белок, бүйрек каналшасының жасушалары және т.б. Сыртқы түріне байланысты олар: дәнді (құрамында эритроциттер және бүйрек каналша жасушалары басым болады), гиалинді (бүйрек каналшаларының жасушалары мен белок көп болады), эритроцитарлы (негізін эритроциттер құрайды) болып бөлінеді.

Циллиндрлердің зәрдегі нормасы

Болмауы керек, бірлікті гиалинді циллиндрлер кездесуі мүмкін.

Циллиндрлер деңгейінің жоғарылауы және патологиялық формалардың көріну себептері

Гиалинді циллиндрлер деңгейінің жоғарылауы (1 мл зәрде 20 жоғары) және басқа формаларының кез келген көлемде анықталуы бүйректегі айқын патологиялық процессті көрсетеді.

Гиалинді циллиндрлер санының көбеюі (свыше 20 у 1 мл).
Бұл циллиндрлер қайта реабсорбция жасалып үлгермеген белоктан түзіледі. Қалыпты жағдайда белок біріншілік зәрден қайта қанға сорылуы керек. Себептері:

  • Пиелонефрит
  • Созылмалы және жедел гломерулонефрит
  • Гипертониялық ауру
  • Зәр айдаушы препараттар қабылдау

Дәнді цилиндрлер (кез келген көлемінде анықталу патологияға жатады)

Бұл циллиндр түрі бүйрек каналшасын астарлап жатқан жасушаларыдың ыдырауынан түзіледі. Себептері:

  • Гломерулонефрит
  • Пиелонефрит
  • Қорғасынмен улану
  • Вирусты инфекциялар

Воск тәрізді цилиндрлер (кез келген көлемінде анықталу патологияға жатады).

Воск тәрізді циллиндрлер бүйрек каналшасында гиалинді және дәнді циллиндрлердің ұзақ тұрып қалуынан пайда болады. Себебі:

  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
  • Бүйрек амилоидозы
  • Нефротикалық синдром

Эритроцитарлы цилиндрлер (кез келген көлемінде анықталу патологияға жатады).
Бүйрек каналшаларында қалыпты жағдайда қанның қызыл түйіршіктері болмау керек. Бірақ тамырлардың өткізгіштігі жоғарылаған кезде, эритроциттер бүйрек канлашасына өте алатын жағдайға жетеді. Бүйрек каналшасына түскен барлық эритроциттер зәрмен сыртқа шығады. Ескеретін жайт, егер эритроциттердің бүйрек каналшасына өтуі массивті түрде болса, оның эритроцитарлы циллиндрлермен бітеліп қалуы туындайды. Себептері:

  • Жедел гломерулонефрит
  • Бүйрек инфарктісі
  • Бүйрек венасының тромбозы
  • Қатерлі гипертензия

Эпителиалдые цилиндрлер (кез келген көлемінде анықталу патологияға жатады). 
Бүйрек каналшасының эпителийін қабылдамаушылық (отторжения) болғанда пайда болады. Бұл циллиндрлер бүйректегі қауіпті патологияның барын көрсетеді. Себептері:

  • Жедел каналшалы некроз
  • Жедел вирусты инфекция
  • Ауы металдар және басқа нефротоксикалық заттармен (этиленгликоль, фенол) улану
  • Бүйрекке токсикалық препараттарды (салицилаттар) шектен тыс дозалау

Зәрдегі тұздар

Зәрмен бірге бүйрек көм мөлшерде минералдарды бөледі. Осының арқасында ағзадағы қашқылдық және электролиттік баланс тұрақты деңгейде тұрады. Ағзаға қажетсіз артық минералдар немесе органикалық заттар қаннан бүйрекке ауысып, зәрмен бірге сыртқа шығып отырады. Керісінше минералдар жетіспеген кезде, зәрдегі минералды заттар көлмеші күрт төмендеп, жоққа дейін жетеді. Бірақ, кейбір кезде зәрмен бірге органикалық емес заттар бірге шығады. Олар зәрдің белгілі қышқылдығы, концентрациясы және шығарылу жылдамдығына байланысты бір бірімен реакцияға түсіп, тұнба түрінде қалып қалуы мүмкін. Осы процесстердің арқасында бүйректе тастар пайда болады.

Зәрдегі тұздардың нормасы

Қалыпты жағдайда зәрде тұздар болмайды

Зәрдегі несеп қышқылының (зәр)пайда болуы (ураты)

Зәр (несеп) қышқылының зәрде пайда болу себебі:

  • Ағза сусыздануы
  • Келсі тағамдарды пайдалану: ет, балық, какао, күшті шай, саңырауқұлақтар
  • Зәрдің қышқылды ортасы
  • Подагра
  • Зәр қышқылды диатез (Мочекислый диатез)
  • Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
  • Жедел және созылмалы нефрит
  • Жаңа туған кез

Ураттардың деңгейін зәрден қалай төмендеуге болады??

  • Ішке қабылданатын сұйықтықтар деңгейін жоғарылату керек.
  • Пуриндік қосылысы бар тағамдарды шектеу: жұмыртқа, (бобовые) және т.б.
  • Сілтілі негізі бар минералды суларды ішу
  • А және В тобындағы дәрумендері бар тағамдарды қабылдау.

Зәрдегі оксалаттар (кальций оксалаты)

Зәрдегі оксалаттардың пайда болу себебі:

  • Щавелий қышқылы және С дәруменіне бай тағамдар(шпинат, щавель, томат, спаржа, цитрустар, қарақат)
  • Пиелонефрит
  • Қант диабеті
  • Этиленгликолмен улану

Зәрдегі оксалат деңгейін қалай төмендетуге болады?

  • Күнделікті ішетін сұйықтық деңгейн жоғарылату (2-литрден артық)
  • Құрамында магний бар тағамдарды көп пайдалану – теңіз тағамдары , теңіз орамжапырағы, сұлы және бидай ботқасы
  • В (В1 және В6) тобындағы дәруменге бай тағамдарды қабылдау – етті тағамдар, жұмыртқа, бауыр.

Зәрдегі гиппур қышқылының кристалдары

Кристалдардың пайда болу себебі

  • Бензойной қышқылы бар тағамдарды көп қабылдау (қарақат, брусника)
  • Қант диабеті
  • Ішек дисбактериозы
  • Бауыр жетіспеушілігі

Зәрде фосфаттар деңгейінің жоғарылау себебі:

  • Зәрде фосфаттардың жоғарылауы келесідей тағамдарды қабылдаумен байланысты: балық, уылдырық (икра), сүт, айран, сұлы, қарақұмық (гречневая) ботқасы.
  • Фосфатты тұздардың түзілудің бір себебі: зәрдің сілтілі реакциясы және зәрдегі кальцийдің жоғары болуы

Зәрдегі фосфаттардың деңгейін қалай төмендетуге болады?

Зәрде фосфаттардың деңгейі жоғары болғанда, тас түзілуді алдын алу үшін келесідей қадамдарды орындау керек:

  • Кальций және Д дәрумені бар тағамадрды шектеу: балық майы, сүт, сүтті тағамдар, жұмыртқа, бауыр.
  • Зәрдің қышқылдығын жоғарылату – қышқыл шырындарды, минералды суларды ішу

Зәрдегі бактерия

Зәрдегі бактериялар көрсеткіші

Зәрдегі бактериялар нормасы

Қалыпты жағдайда бактериялар зәрде болмайды

Зәрде бактериялар пайда болу себебі: 

Зәр шығару жолдарының кез келген инфекциялық ауруы зәрде бактерияның пайда болуына алып келеді:

  • уретрит
  • цистит
  • простатит
  • пиелонефрит
  • зәр жинау кезінде гигиеналық шараларды сақтамау
  • вульвовагинит(зәрді дұрыс жинамағанда инфекция түсу)

Егер зәрдегі бактериялар зәр шығару жолдарындағы инфекция кезінде болса, онымен бірге зәрде лейкоциттер, қабыну белгілері көрініс береді.

Зәрдегі саңырауқұлақтар

Зәрдегі саңырауқұлақ көрсеткіші

жоқ

Зәрде саңырауқұлақтардың пайда болу себеі:
1. Зәр шығару жолдарының саңырауқұлақты инфекциямен зақымдалуы:

  • цистит
  • простатит
  • уретрит
  1. Сыртқы жыныс ағзаларының саңырауқұлақпен зақымдалуы
  • саңырауқұлақты вульвовагинит
  • саңырауқұлақтыбаланопостит
  1. Иммунодефицитті жағдайлар4. Антибиотиктерді ұзақ уақыт пайдалану
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...