Аскаридоз

Аскаридоз кезіндегі атқарылатын шаралар. Эпидемиялық шаралар

Аскаридоз дегеніміз – антропонозды ішек гельминтозы, бастапқы кезеңінде токсико – аллергиялық генездегі өкпедегі эозинофильдік инфильтраттармен, ақырғы кезеңінде – диспепсиялық бұзылыстармен, одан ары қарай ауыр асқынулармен сипатталады.
Қоздырғыш – Ascaris Lumbricoides.

Аскариданың тіршілік циклы – сыртқы ортада ылғалды топырақ арқылы таралады. 21 күн немесе бірнеше айда ұрықтанған қуыршақтар пайда болады, олар инвазивті түрге айналады — топырақтан адам қолына өтіп (жеміс – жидек, көкеніс т.б.) ауыз арқылы асқазанға түседі – венозды жүйеге, осы арқылы оң жүрекшеге өтеді — өкпеге өтіп, капиллярларды бұзады – алвеола қуысына түседі – бронх арқылы қайтадан жұтқыншаққа өтеді, сілекеймен жұтылады – асқазанға түседі – 2,5 – 3 айдан кейін үлкен аскаридаларға айналады. Даму циклы қайталанып отырады.

Аскаридоз — жиі таралған гельминтоз, әлемде осы инвазиямен 1,3 млрд. адам ауырады. Жер тұрғындарының жылына ауруға орташа шалдығу көрсеткіші – 100 млн.
Қазақстанның негізгі эндемиялық аймақтарында 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші – 17 – 32,6.

Аскаридоздың пайда болуының эпидемиологиялық алғышарттары:

 Эпидемиялық алғышарттар:

  • Жуылмаған тағамдарды қолдану;
  • Санитарлық мәдениеттің төмендігі және қолайсыз жағдайдағы тұрмыс;
  • Тұрғын үйлердің санитарлы – гигиеналық жағдайының төмендігі;
  • Фекальды тыңатқыш ретінде қолдану және тоқтау сулармен бақшаларды суару;
  • Инфекция көзі  және резервуары – аскаридамен инвазирленген адам.

Берілу жолдары – алиментарлы.

Берілу факторлары:

  1. Аскаридамен зақымдалған топырақ, жеміс – жидектер, су т.б.;
  2. Аскарида жұмыртқасымен контактыдағы заттар;
  3. Гельминит жұмыртқасымен тағамдық өнімдерді зақымдайтын – механикалық тасымалдаушы – шыбындар;

Қауіп –қатер факторлары және топтары:

  • Бағбандар;
  • Көкеністерді шығаратын мекемелер жұмысшылары;
  • Аскарида жұмыртқасының қоршаған ортаға төзімділігінің жоғары болуы – ол топырақта 10 жыл бойы, ағынды су қоймаларында 1 жылға дейін  сақталады.

Аскаридоз диагностикасының клиникалық критерилері:

Жалпы симптомдары:

Миграция фазасында :

  • инкубациялық кезең 4 -8 апта;
  • токсико – алергиялық көріністер: жөтел, крапивница, терінің қышуы, субфебрильді температура, кеуде қуысында ауырсыну, тихикардия, АҚ төмен, кей кезде бауырдың үлкеюі.

Асқазандық фазасы:

  • бронхопневмония және бронхит белгілері: асматикалық ұстамалар, жоғары температура, өкпедегі құрғақ және дымқыл сырылдар, перкуторлық дыбыстың қысқаруы;
  • өкпедегі эозинофильдік инфильтраттар және қабыну ошақтары.

Аскаридоз диагностикасының лабораториялық критерилері:

  • Зерттелетін материал–қақырық, бөлінділер
  • Зерттеу әдістері – Паразитологиялық: фекаль макроскопиясы,
  • Зерттеу әдістері – Рентгенологиялық, жалпы қан анализі.

Аскаридоз ошағында эпидемиологиялық тексеру алгоритмі және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу

Максат: Инвазия ошағындағы эпидемиялық детерминанттарды анықтау.
Тұрғындардың аураларды жұқтырып алмауын қамтамассыз ету үшін эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу.

Іс – шаралар этаптары:

  • Эпидемиялық процестің жастық, территориялық, уақыттық т.б. парамаетрлері бойынша алда болатын эпидемиялық процесті қадағалау үшін нақты территорияның эпидемиялық жағдайына анализ жасау;
  • ГСЭБ – ның териториялды бөлімшесіне әрбір аскаридозбен ауырған адам жөнінде төтенше хабарлама жіберу;
  • Инвазияның берілу жолдары мен факторларын анықтау және науқастың ауруды жұқтыру жағдайын (әлеуметтік, табиғи, демографиялық және т.б. ), қауіп – қатер топтарын анықтау.
  • Қауіп – қатер факторларын ескере отырып, аурудың пайда болуының алғышарттарын тиянақты зерттеу.

Аскаридозға эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу:

  1. Клиникалық белгілері бойынша госпитализациялау;
  2. Қақырықтағы фекальдарды хлорлы әктаспен (200-300гр- 1кг)немесе ыстық сумен емдеуден кейін жояды;
  3. Тұрмыстық қалдықтарды, канализациядағы жуынды суларды ашық су қоймаларына жібермеу, бақшаларды суғаруүшін тоқтап тұрған суларды қолданбау;
  4. Клиника- диагностикалық лабораториялардың, поликлиникалардың, ауруханалардың, басқа да емдеу мекемелерінің госпитализацияланған науқастар ішінен инвазирленген науқастарды анықтаудағы шараларын бақылау;
  5. Эпидемиялық көрсеткіш бойынша дегельминтизация жүргізу: бастапқы кезеңінде вермокспен, метазолмен, ақырғы кезеңінде декариспен, пиперазин тұзымен.

Эпидемиялық бақылау алгоритмі және профилактикалық шараларды жүргізу:

Мақсат: Эпидемиялық маңызы бар заттардан анализдер мен ақпараттар жинау, профилактикалық шараларды ұйымдастыру және эффективтілігін бақылау.

Эпидемиялық бақылау тұрады:

  • Гельминиттер жұмырқасымен зақымдалу деңгейін анықтау және олардың алдын алу мақсатында эпидемиялық маңызды заттарды және қоршаған ортаны қадағалау;
  • Аскаридоз ошағының қалыптасуына жол бермейтін ескертетін санитарлы гельминталогиялық бақылауды жүзеге асыру;
  • Санитарлы гельминталогиялық зертеулер қортындысын экспертті бағалау мақсатымен күнделікті бақылауды жүргізу, онымен қоса тоқтау суларды, биогумусты зерттеу;
  • Микроошақ және ұйымдасқан балалар ұйымдарының (мектеп, балалар үйі, балабақшалар, бақшалар, сауықтыру лагерьлері) денсаулық жағдайын көтеруге бағытталған шараларды қадағалау.

Аскаридаға қарсы профилактикалық шаралар:

Тұрғын үйлердің жағдайының жақсы болуы, топырақты, су қоймаларын фекальды жұқпалардан сақтау;
Жеке гигиенаны сақтау: қолды жуу, ыстық сумен жуылған тағам өнімдерін қолдану.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...