Ішек инфекциясы

Жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) 

Диареялық синдром дамуымен біріктірілетін, патогенді және шартты-патогенді бактериялармен, вирустармен және қарапайымдылармен шақырылатын, адамдардың инфекциялық ауруларының үлкен тобы.

ЖІИ қоздырғыштары негізінен ішекте орналасады.

Ішек инфекциялары аурушаңдық бойынша тек қана тұмау мен жедел респираторлы инфекциялардан кем түсіп,әсіресе балалық шақта инфекциялық аурулардың жалпы құрылымында негізгі орындардың бірін алады.

Инфекциялық аурулардың құрылымындағы үлесі 20% құрайды.

БДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде 1-1,2 млрд дейін диареялық аурулар тіркеледі, 5 млн жуық балалар жыл сайын ішек инфекцияларынан және олардың асқынуларынан көз жұмады.

Қазіргі уақытта қоздырғыштары бактериялар, вирустар мен қарапайымдар, сонымен қатар бактериялардың токсиндері (бұл жағдайда диареяны бактериялардың өздері емес, қоздырғыш көбейген тағам өнімдерімен ас қорыту жолына түскен токсиндер тудырады) болатын 30-дан аса нозологиялық формалар белгілі.

 Жедел ішек инфекциясының этиологиясы

ЖІИ тобы полиэтиологиялы болып табылады.

Қоздырғыш ретінде болуы мүмкін:

  • бактериялар (патогенді және шартты-патогенді);
  • вирустар;
  • қарапайымдылар.

Белгілі мәліметтер:

  • Жағдайдың 30-40%-да инфекциялық диарея вирустармен тудырылады;
  • Жағдайдың  20% –да патогенді бактериялармен (шигеллалар, сальмонеллалар, т.б.) шақырылады;
  • Жағдайдың 40% -да қоздырғышты анықтау мүмкін емес.

Жұғу механизмі фекальді-оральді.

Таралу факторлары:

  • -тағам өнімдері;
  •  су;
  •  тұрмыс заттары  (ыдыс-аяқ, т.б.)

Жұғу механизмі күрделі, уақыт пен кеңістіктегі кейбір үзілулермен жүзеге асырылады, ал бұл үшін қоздырғыш сыртқы  ортада өте төзімді болу керек.

Инфекция көзі мен табиғи резервуарға байланысты ЖІИ жатады:

  • антропоноздарға;
  • зооноздарға;
  • сапроноздарға.

Инфекция көзі:

  • адам:
  • Ауру немесе бактериятасымалдаушы: сау (транзиторлы тасымалдаушы), ауырып болған (дизентерия, тырысқақ, сальмонеллез және т.б.)
  • жануарлар:
  • ауылшаруашылық (сальмонеллез);
  • кеміргіштер (иерсиниоздар).

Таралу жолдары:

  • алиментарлы немесе тағамдық (дизентерия, АТИ (ПТИ), сальмонеллез және т.б.);
  • Су арқылы (тырысқақ, дизентерия және т.б.);
  • Контактілі- тұрмыстық (дизентерия, сальмонеллез және т.б.)

Ішек инфекциясы кезінде кіру қақпасы ас қорыту жолдарының шырышты қабаты болып табылады.

Патологиялық процесстің орналасуы ас қорыту жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі шырышты қабаттың (энтероциттердің) қоздырғышпен таңдамалы түрде зақымдалуына байланысты, яғни қоздырғыштың троптылығына байланысты.

Қоздырғыштың және оның токсиндерінің әсерінен түрлі сипаттағы қабыну процессі дамиды:

  • катаральді;
  • катаральді-эрозивті;
  • катаральді-геморрагиялық;
  • катаральді-жаралық.

Сол қабыну нәтижесінде дамиды:

  • Ас қорыту жүйесінің функциялық бұзылыстары
  • Ас қорыту процессінің бұзылуы.

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары бүкіл ас қорыту трактісін зақымдамай,тек қана оның белгілі бір бөліктерін зақымдайды.

  Орналасуына байланысты зақымданулар бөліндеді:

  • гастрит — асқазанның қабынуы,
  • дуоденит — он екі елі
  • ішкетің қабынуы,
  • энтерит — жіңішке ішектің қабынуы,
  • колит — тоқ ішектің қабынуы.

ЖІИ клиникасына тән:

  1. Ағымының циклділігі;
  2. Аурудың жедел, кейде аяқ-астынан басталуы;
  3. Ұзақтығы әр түрлі қызба (холерадан басқа);
  4. Интоксикация синдромы (холерадан басқа);
  5. Әр түрлі деңгейде ас қорыту жолының зақымдалу синдромы (гастрит, энтерит, колит);
  6. Сусыздану синдромы (холера кезінде ең айқын).

Интоксикация синдромы аурудың басында дамып, мына симптомдармен сипатталады:

  • әлсіздік;
  • адинамия;
  • Тәбетінің төмендеуі;
  • Бас ауыруы;
  • Бас айналу және т.б.

Ас қорыту жүйесінің зақымдалуы төмендегілермен көрініс береді:

  • Гастрит – эпигастрийдегі ауырсыну, жүрек айну, құсу (жиі көп рет);
  • Энтерит – оң жақ мықын аймағында кіндік маңында толғақ тәрізді ауырсыну, жүрек айну, көп рет құсу, диарея – жиі, сұйық, көп мөлшерлі қорытылмаған тағам қалдықтарымен нәжіс иісі мен түсінің өзгеруімен;
  • Колит (дистальді колит) – толғақ тәрізді сол жақ мықын аймағында ауырсыну, тенезмдар, жалған шақырулар, нәжісі жиіаз мөлшерде, нәжістік сипатын тез жоғалтады, патологиялық қоспалармен (қан, шырыш).

Жедел ішек инфекциясы кезінде сусызданудың (дегидратация) 4 дәрежесін бөледі: (В.И. Покровский, 1978):

  • I дәрежеде дене массасын жоғалту 1-3% құрайды;
  • II дәрежеде  дене массасын жоғалту 4-6% құрайды;
  • III дәрежеде дене массасын жоғалту 7-9% құрайды;
  • IV дәрежеде дене массасын жоғалту 10% -дан жоғары.

І дәрежелі дегидратация кезіндегі клиникалық көріністер (дене салмағын 3%-ға дейін жоғалту):

  1. Нәжіс тәулігіне 3-10 рет;
  2. Нәжіс аз мөлшерде;
  3. Құсу 2-3 реттен көп емес;
  4. Науқастардың  5% ерін цианозы болу мүмкін;
  5. Кейде шырышты қабаттардың құрғақтығы;
  6. Әлсіздік, бас айналу;
  7. Пульс лабильділігі;
  8. Шамалы  гипотония;

ІІ дәрежелі дегидратация кезіндегі клиникалық көріністер (дене салмағын 4-6%-ға дейін жоғалту):

  1. Нәжіс тәулігіне 15-20 рет;
  2. Құсу көп ретті;
  3. Сусыздану белгілері тез дамиды : күрт әлсіздік, бас айналу, шөлдеу, ауыздың шырышты қабаттарының құрғақтығы, терісі бозғылт, беті термен жабылған, шырышты қабаттардың цианозы, акроцианоз, балтыр бұлшықеттерінің және қол басы және табан бұлшықеттерінің тырысулары мүмкін, тері тургоры төмендеген (тері қатпары баяу тегістеледі); мимика аз, көз астында жеңіл көлеңкелер; пульс 100 рет/мин, гипотония, тыныс алуы жиі, шамалы олигурия болуы мүмкін.

ІІІ дәрежелі дегидратация кезіндегі клиникалық көріністер (дене салмағын 7-9%-ға дейін жоғалту):

  1. Науқастардың ½ дефекация санын есептеуге келмейді;
  2. Көп ретті құсу;
  3. Сусыздану белгілері айқын және тез дамиды (10-12 сағаттан кейін): үңірейген көз, бет әлпеті үшкірленген, айқын акроцианоз, тері тургоры төмендеген («кір жуғыш қолы»,тері қатпары тегістелмейді); қанбайтын шөл, шырышты қабаттардың құрғақтығы; айқын тырысулар; дауысының қарлығуы (сыбырлап сөйлеу); пульс 120-130 рет/мин, гипотония; олигурия; тынысының жиілеуі.

Сусызданудың IV дәрежесі кезіндегі клиникалық көріністер (суды жоғалту деңгейі дене салмағының 10% және одан да жоғары, декомпенсацияланған сусыздану, гиповолемиялық шок):

  1.   Жоғарыда айтылған барлық белгілер өте айқын одан басқа:
  2. Іш өту мен құсу басылады;
  3. Анурия басталады;
  4. пульс жіп тәрізді;
  5. Артериалды қан қысымы анықталмайды;
  6. Терісі суық, жабысқақ термен жабылған;
  7. Тыныс алуы жиі (40-60 рет/мин), беткей, аритмиялық.

ЖІИ-ларының клиникалық ағымы:

Тән белгілер мен олардың айқындылығының дәрежесіне байланысты келесі формаларды ажыратады:

Типті формалар (барлық немесе көпшілік тән белгілр болады);

Атипті формалар:

  • жеңіл (кейбір белгілер болмайды немесе өте әлсіз білінеді, мысалы, ботқа тәрізді нәжіс 1-2 рет/тәул; қысқа уақытты субфебрильді температура (1-2 тәулік), жүрек айну, құсу болмайды, т.б.);
  • ауыр – гипертоксикалық формалар, аяқ-астынан басталып, өте тез өрістейтін асқынулардың дамуымен жүретін динамикамен сипатталады (инфекция-токсикалық шок немесе гиповолемиялық шок).

Сальмонеллездің клиникасы

Сальмонеллездің клиникалық классификациясы

  1. I. Гастроинтестинальды форма (99%):
  • гастриттік вариант;
  • гастроэнтериттік вариант;
  • гастроэнтероколиттік вариант.
  1. II. Генерализденген форма:
  • Сүзек тәрізді вариант (сирек);
  • септикопиемиялық вариант (өте сирек);

III. Бактериобөлушілік:

  • жедел (3 айға дейін);
  • созылмалы (3 айдан көп);
  • транзиторлы.

Гастроинтестинальді форма

Инкубациялық кезең: 2-6 сағаттан 2-3 күн; ауруханаішілік инфекция кезінде 8-10 күн.

Бастапқы кезең. Басталуы жедел интоксикация симптомдарынан (әлсіздік, бас ауыру, қалтырау, дене қызуының 38-39оС көтерілуі, денедегі ауырсыну).

Өршу кезеңі. Аурудың 1,2,3 – күнінде ас қорыту жолдарының зақымдалу белгілері пайда болады (жүрек айну, құсу, іш өту, түрлі сипаттағы іштегі ауырсыну). Құсу көп ретті, нәжісі тәулігіне2-3 реттен 15-20 ретке дейін, көп мөлшерде, шырышпен араласқан, жасыл түсті (гастроэнтероколиттік вариант кезінде) немесе патологиялық қосылыстарсыз. Қызба 2-3-4 күн бойы, диарея – 5-7 күн, сирек 10 күн.

Кейде түрлі дәрежедегі сусыздану синдромы даму мүмкін.

Сүзек тәрізді форма

lБастапқы кезең гастроинтестинальды форма түрінде немесе онсыз тек интоксикация синдромымен өту мүмкін (бас ауру, жоғары температура, қалтырау, әлсіздік).

lӨршу кезеңі:

  1. қызба (38-39оС) толқын тәрізді немесе дұрыс емес типті 10-14 күн;
  2. салыстырмалы брадикардия;
  3. адинамия, бас ауру, ұйқысыздық;
  4. Тері бозғылттығы;
  5. Кеуде, іш терісінде розеолезді бөртпе;
  6. Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы;
  7. Іш кебу.

Септикопиемиялық вариант

  • Бастапқы кезең: қысқа гастроэнтерит типі бойынша.
  • Өршу кезеңі:

Термен, қалтыраумен гектикалық қызба;

Бас ауру, сандырақ даму мүмкін,

миалгиялар;

Терісі бозғылт немесе жасыл-сары түсті;

геморрагиялық бөртпе (петехиялар);

Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы;

Екіншілік ошақтар (пневмония, плеврит, абсцесстер, эндокардит, пиелит, артрит, остеомиелит және т.б.).

Рисунок2

 

Сальмонеллез кезіндегі нейротоксикоз

ЖІИ диагностикасы төмендегілердің негізінде жүргізіледі:

Әр нозологиялық формаға тән клиникалық белгілер.

Мысалы:

  • Дизентерия кезінде: интоксикация синдромы фонында дистальды колит белгілерінің болуы (жиі, аз мөлшерде сұйық нәжіс, нәжісте шырыш, қанның болуы, тенезмдер, жалған шақырулар, тығыз және ауырсынатын сигма);
  • Холера кезінде: «күріш қайнатпасы» типті жиі, көп мөлшерлі нәжістің, жүрек айнусыз көп ретті құсудың, қызбасыз сусызданудың , іштегі ауырсынусыз интоксикация синдромының болуы.

Эпидемиологиялық мәліметтер: анамнезінде ұқсас симптомдары бар  науқастармен контактінің болуы, таралу факторы ретінде болған сапасыз тағам өнімдері мен суды қолдану.

Лабораторлы мәліметтер:

  • спецификалық:
  • Нәжіс, құсық массаларын, асқазанның жуынды суларын бактериологиялық зерттеу;
  • Серологиялық зерттеу (ИФА, РА және РПГА).
  • Бейспецификалық зерттеу тәсілдері:

— Қанның жалпы анализі;

— Зәрдің жалпы анализі;

— копрограмма.

Аспаптық зерттеу әдістері:

  • — ректороманоскопия;
  • — колоноскопия.

ЖІШ емі:

ЖІИ аурыған науқастарды госпитализациялау жүргізіледі:

Емі кешенді:

  • төсек тәртіп;
  • Қоздырғыштардың сезімталдығын ескеріп, этиотропты препараттар;
  • дезинтоксикациялық препараттар;
  • Регидратациялық ерітінділер;
  • симптоматикалық препараттар;
  • сорбенттер;
  • эубиотиктер.

Жедел ішек инфекцияларының профилактикасы

  1. Вакцинация (кейбір аурулар кезінде).
  2. Елді мекендерде сумен қамтамасыз ету мен санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде санитарлы-гигеналық шараларды жүргізу .
  3. Күнделікті эпидемиологиялық бақылау.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...