Кома

Кома (грек тілінен аударғанда терең ұйқы) оянбайтындай, ешқандай сыртқы әсерлерге ( ыстық, суық,жарыс, дауыс) жауап реакциясы болмайтын жағдай.

Комалық жағдай құбылмалы келеді, кез келген уақытта адам өлімге кетуі мүмкін.

Сана сезім жағдайының түрлері:

  1. Ашық сана
  2. Бұлыңғыр сана науқас сұраққа дұрыс жауап бергенмен, қоршаған айналасын анықтай алмайды.
  3. Ступор ( stupor) науқас қоршаған ортасын түсіне бермейді, сұраққа салбырт жауап береді.
  4. Сопор (sopor) науқас үнемі жатады да, тек қатты дыбыстан не айғалағанда ғана жауап береді.
  5. Кома (coma) науқастың ес түссіз, санасыз күйі, кейде рефлекстер мүлдем жоғалады.

Кома түрлері:

  1. Уремиялық кома
  2. Бауырлық кома
  3. Гипергликемиялық кома
  4. Гипогликемиялық кома
  5. Маскүнемдік кома
  6. Апоплексиялық кома
  7. Эпилепсия кома

Команың сатылары:

  • 1 саты (жеңіл түрі) бұл кезде естің болмауы, жарық пен дауысқа реакциясы жоқ, бірақ ауырсыну мен нашатырьға реакция бар. Көздің фотореакциясы әлсіз,бұлшық ет тонусы бұзылған,жұтынуы қиын,еріксіз қимылдар байқалады.
  • 2 саты (орташа саты) бұл кезде де сананың бұлыңғырт болуы, сіңір рефлекстері күрт төмендеген,көз фоторецепторы әлсіреген,жамбас ағзалардың қызметі бұзылған, патологиялық дем алу байқалады.
  • 3 саты (атониялық кома) сананың толықтай жоғалуы, рефлекстердің мүлдем болмауы, патологиялық дем алу болады.
  • 4 саты (асқынған кома) өздігінен дем алу бұзылған, бас миының биоэлектрлік белсенділігі бұзылғанына байланысты жүрек қантамыр қызметі де бұзылған.

Апоплектикалық кома. Бас миының қантамырларының жедел бұзылыстарынан. Геморрагиялық инсульт кезінде де байқалады. Көбінесе жасы ұлғайған адамдарда, жүрек,қантамыр ауруларында кездеседі. Миға қан құйылғанда болады, аурудың беті күрең тартып, дем алысы тереңдеп, шуыл пайда болады.

Гипоксиялық кома. Жүрек миокард инфарктінде, оттегі жетіспеушіліктен және құнарлы заттар жетіспеушілігінен болады. Өте жедел оттегі жетіспеушіліктен ми жасушалары 5 минутта өле бастайды.Бір себебі болып тромбоэмболия жатады. Тромб артерияны бітеп,содан оттегі жетіспей жүрек тоқтайды.комадағы науқастың мойны, аяқ қолдары көгереді,науқас бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін.

Уремиялық кома. Бүйрек ауруларында (пиелонефрит, жедел бүйрек жетіспеушілігі) кездеседі. Кома біртіндеп дамиды бас ауру, анемия,бозару,құлақ шуылы болады.Бұл организмнен азоттық қалдықтардың шығарылуы нашарлағанан пайда болады. Науқастың аузынан аммияк иісі шығады мен терісінде тұзды кристалдар көрінеді.

Бауырлық кома. Бауыр қызметі әлсіреген шақта дамиды. Алдымен психикалық аурулар (невроз,ұйқы бұзылуы,эйфория,депрессия) ретінде байқалуы мүмкін.

Маскүнемдік кома. Маскүнемдік (алкоголдік) кезінде аурудың аузынан арақтың иісі шығып тұрады.

Эпилепсиялық кома. (Қояншық комасы) қояншық ауруы болған науқастарда ауруларының асқыну нәтижесінде дамитын патологиялық үрдіс.

Гипергликемиялық кома. Инсулин жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде тіндердің глюкозаны шығаруының бұзылуы.бауырда гликонеогенез шапшандайды, гипергликемия және глюкозурия дамиды. Глюкокортикоидтардың артық мөлшері гипоталамус-гипофиз-адреналдық жүйені қоздырып, глюконеогенездің белсенділігін арттырады, май қышқылдары деполарынан шығады. Олардың толық тотықпауы кетоацидозға алып келеді. Сутегі иондарының көбеюі ацидозды ұлғайтады, полиурия мен дегидратация алмасуы бұзылады.

Диабеттік команың бір түрі болып гипергликемиялық, гиперосмостық, кетогендік емес, кома есептеледі. Бұл кома инсулинге тәуелсіз диабет кезінде ұлғайған науқастарда дамиды. Ол организмнің сусыздануымен, тырыспа-селкілдек ұстамаларымен және комамен сипатталады.Қанда глюкоза деңгейі 55 ммоль/л ден астам көрінеді, ал кетондық денелердің мөлшері көтерілмейді, кетоацидоз дамиды. Бұл кезде организмдегң бар инсулиннің деңгейі майлардың ыдырауын азайтуға жеткілікті болады, бірақ ол тіндердің глюкозаны пайдалануын қамтамасыз ете алмайды.

Гипогликемиялық кома. Гипогликемиялық команы тудыратын негізгі себеп бас миының көмірсутегінің жеткіліксіздігінен қызметінің нашарлауы болып табылады. Оны тудыратын жағдайларға: улану (хлорпропамид, тобутамид), ұйқы безінің өспесі (инсулома), асқазан резекциясынан кейінгі демпинг синдромы, нефрогендік себептер, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, организмнің әр түрлі себептерімен көмірсутегінің қажетті мөлшерден аз түсуі.

Токсикалық кома

  • Экзотоксикалық. Қоршаған ортадан ағзаға қандай да бір токсиндердің енуінен пайда болады. (инекция арқылы т.б)
  • Эндотокскалық. Ағзаның улы токсин дерді қандай да бір себептерге байланысты бөліп шығаруы.

Инфекциялық кома. Ағзаға сытқы ортадан инфекциялық вирустар мен бактериялардың түсуінен пайда болатын кома.

Команы анықтау

Команың балық әлемде таралуына байланысты оларды анықтауда ГЛАЗГО шкаласы қолданылады.

глазго шкаласы қазақша

Команы анықтау үшін арналған глазго шкаласы

Глазго шкаласы бойынша нәтижесін бағалау: 

  • 15 балл анық сана
  • 13-14 балл бұлыңғыр
  • 9-12 балл сопор
  • 4-8 балл кома
  • 3 балл соңғы кома

Коматозды жағдайдағы науқастарда айқын гипоксия байқалады. Жүрек қантамыр ауруларында гипоксияның бірнеше түрлерін ажыратады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...