Некроз және апоптоз

Некроз – (грекше nekros-өлген) деп, тірі организмде жасушаның, тіннің немесе ағзаның бір бөлігінің бүтіндей өлуін айтады. Демек некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім.

Некроз қалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын құбылыс. Тері эпидермисі, асқазан- ішекшырышты қабатының жасушалары, қан элементтері және т.б. болады. Әрдайым өліп, жаңа жасушалармен алмасып отырады, ол  “регенерация” деген атауға ие.

Ағзалар негізін құраушы жасушалар бірнеше сағаттан бірнеше жылдарға дейін өмір сүріп, кейін өз тіршілігін жояды. Бұл физиологиялық өлім. Егер жасушаның өлімі әртүрлі зақымдаушы әсерлер нәтижесінде болса оның патологиялық өлім дейді.

Некроз өте күделі үрдіс, бірнеше сатылардан тұрады. Жасуша өлместен бұрын оның морфологиялық құрылысында көптеген өзгерістер болады. Егер осы кезеңде зақымдаушы себептер жойылса, жасуша өзінің әуелгі қалпына келе алады, сол үшін бұл үрдістердің морфогенезін мұқият және түсіне білу қажет.

Некроз даму сатылары:

  1. Некроз алды кезеңі (паранекроз) бұған жасушалардағы ауыр дистрофиялық бірақ қайтымды өзгерістер кіреді.
  2. Өлу алды кезеңінде (микробиос) жасушада қайтымсыз өзгерісттер пайда болады.
  3. Өлу кезеңі (некроз, некрофанероз) жасуша тіршілігінің бүтіндей жойылуымен сипатталады.
  4. Өлгеннен кейінгі өзгерістерге (некролиз, аутолиз) осы өлген жасушаның тін ферменттері әсерінде ыдырап, организмнен шығарылуы немесе олардың сау тіндерден шекаралануы кіреді.

Кейінгі кездері “апоптоз” деген термин пайда болды. Оның некроздан айырмашылығы ол негізінен жасушалардың зақымдануына, әсіресе олар ДНК-дағы байланысты дамитын өзін өзі өлтіру үрдісі. Сонымен апоптоз организмнің гендік қасиеттері өзгерген жасушалардан тазарудың физиологиялық механизмі.

Апоптоздың алғашқы кезеңінде хроматинде маргинация, ал цитоплазма мен жасуша оргоноидтарында конденсация құбылыстары дамып, жасуша қалдықтары мембранамен қоршалған апоптоздық денешіктерге айналады.

Кейін олардың макрофагтар немесе басқа жасушалар обып жояды. Апоптоз аймағында экссудативті қабыну болмайды. Сонымен жасушаның физиологиялық жағдайда өлуінің де патологияға байланысты өлуінің механизмдері бір деуге болады.

Сонымен жасушаның физиологиялық жағдайда өлуінін де, патологияға байланысты өлуінің де механизмдері бір деуге болады. Өлген тіндер, ағзалар әдетте ақшыл-сары (жүрек, көкбауыр, бүйректер) немесе қоңыр-қара (тері, ішек) түрге кіреді.

Некроз ошағында жасушаның барлық микроскоптық және ультрақұрылымды деңгейін қамтитын өзгерістер көрінеді.

Өлу кезіндегі жасуша ядросындағы өзгерістерге жатады:

  • Ядросының ісінуі
  • Ядроның еріп кетуі (кариолизис)
  • Ядро мембранасының жарылып кетуі
  • Ядроның бүрісіп қалуы (кариопикноз)
  • Ядроның бөлшектеніп кетуі (кариорексис)

Бұл үрдістер бірінен соң бірі дамитын үрдістер ядрошықта да кездеседі. Жасуша цитоплазмасында болатын өзгерістер жай микроскоппен қарағанда: цитоплазманың ұйып қалуы, цитоплазманың бөлшектеніп және еріп кетуі түрінде көрінеді.

Ал электрондық микроскопта ең көп өзгерістер митохондрий аппаратында орын алады. Олардың ісінуі, вакуольденуі, бүрісіп қалуы, бөлшектеніп және іріп кетуі некроз үшін тән өзгерістерге жатады. Түйіршікті цитоплазмалық торда рибосомалардың жоғалып кеткендігін, цистерналардың кеңейгендігін көреміз.

Лизосомалардың жарылып кетуі нәтижесінде цитоплазмаға шыққан гидролиздеуші ферменттер осы жасушалардың өлуінің, кейін жойылып кетуінің бірде бір себебі бола алады. Дегенмен де жеке бір органеллелардағы қайтымсыз өзгерістерді жасушаны бүтіндей күйреуіне соқтыру шарт емес.

Некроз болған жерде аралық заттар да, талшықты құрылымдар да қан тамырларында, нерв талшықтарында да өзгерістер болады. Аралық және дәнекер тінде фибриноидты некроз, каллоген, эластик талшықтарында ісіну, ыдырау, іріп кету; ретикулярлық талшықтарда бөлшектеніп кету үрдістері көрінеді.

Некроз этиологиясы (себебі):

Экзогендік:

  • Физикалық: жарақаттар, радиация, электр тогы, өте жоғары және төменгі температура;
  • Химиялық: күшті қышқылдар мен сілітілер.
  • Биологиялық: микробтар, вирустар, саңырауқұлақтар  және олардың улары.
  • Нерв жүйесіндегі өзгерістер: Қан айналуының бұзылуына кіретін тромбоз, эмболия, спазм.

Эндогендік:

  • Факторлардың әсер етеу нәтижесінде пайда болған некроздарға: Иммундық рекативтіліктің өзгеруіне, антиген және антидене реакцияларыныңнәтижесінде, иммундық кешендер әсерінде пайда болатын некроздар жатады.

Бұл айтылған себептердің кейбіреуі өзінің тікелей әсері нәтижесінде, ал басқалары қан тамырларындағы немесе нерв жүйесіндегі өзгерістер арқылы некрозға себеп болады. Осыған орай некроз: тура және жанама деп бөлінеді.

Айтылған физикалық, химиялық, биологиялық факторлар тура некроздың себебі болса, жанама некрозға қан тамырлары тығындалып қалғанда немесе спазм нәтижесінде дамитын некрозадр және нерв жүйесінің зақымдануына байланысты туындайтын трофонефроздық некроздар кіреді.

Некроздану үрдісі жасуша лизосомасының құрамындағы гидролиздеуші ферменттер әсерінде (аутолиз) немесе некроз ошағында жиналған лейкоциттер ферменттерінің әсерінде (гетеролиз) жүреді.

Даму механизіме байланысты некроз жіктеледі:

  1. Жарақаттық оны тудырушы себептердің тіндердегі тікелей әсерінен дамиды. Мысалы, жоғары температура (күю), төменгі температура (үсу), концентрацияланған қышқылдар әсерінде.
  2. Токсиндік тіндерге әртүрлі улы заттар әсерінде дамиды. Оларға бактериялалардың улары, химиялық заттардың (сулема, мышьяк) тікелей әсері кіреді. Мысалы, дифтерия токсиндері нәтижесінде тыныс жолдарындағы некроз, туберкулезге байланысты дамитын казеозды некроз және т.б.
  3. Нейрогендік орталық немесе шеткі нервтер зақымданғанда дамиды. Мысалы, ауру салданып, ұзақ жатқанда пайда болатын жатын жаралар (декубиталдық жаралар).
  4. Аллергиялық  организмнің әртүрлі әсерлерге сезімтелдығы артып кеткенде байқалады. Оның мысалы ретінде жоғары сезімталдықтың жедел түріне дамитын Артюс синдромын келтіруге болады.
  5. Қан тамырлық  ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда кездеседі. Оған қан тамырларының эмболиясы нәтижесінде дамитын жүрек инфаркты, өкпе инфаркты, ішек гангренасы мысал бола алады.

Морфологиялық өзгешіліктеріне қарап некроздың екі түрін ажыратады:

  • Коагуляциялық (құрғақ) некроз белокқа бай, бірақ құрамында су көп болмайтын ағзаларды: жүректе, көлденең жолақты бұлшықетте, бауырда, бүйректе, көкбауырда дамиды. Некроз болған аймақта белоктар ұйып қалып тін сусызданып, тығыздалып қалады. Кальций жиналып қалуы, осыған балынысты жасушаішілік ацидоз денатурация үрдісін күшейтетіні белгілі.
  • Колликвациялық (ылғалды) некроз құрамында су мол ағзаларда, мысалы, мида кездеседі. Зақымданған тін өзіне суды сіңіріп жұмсайды, сұйылады, ботқа ұқсаған затқа айналады. Кейінірек ол жерде киста пайда болады.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...