Тыныс алу жүйесін зерттеу әдістері

Тыныс алу жүйесін зерттеудің аспаптық және зертханалық әдістері

Спирометрия.

Спирометрия— өкпенің  тіршілік сыйымдылығының  (ӨТС)  және  оны құрайтын  ауа  көлемдерін  анықтайтын әдіс.  Өкпенің  тіршілік   сыйымдылығы — адамның  максимальді  дем  алып,  дем  шығарғандағы  ең  үлкен  көлемді  ауа.

Өкпенің  көлемдері  және  сыйымдылығы  көрсетілген,  олар  өкпенің  функциялық  жағдайын  көрсетеді.  Сонымен  қатар  дем  алу  қозғалысы  мен  өкпенің  көлемі және  сыйымдылығының  байланысын  сипаттайтын  пневмограмма  көрсетілген. Өкпенің  функциялық  жағдайы  адамның  жасына,  бойына,  жынысына,  физикалық  дамуына  және  т.б. факторларға  байланысты  болады.

Зерттелетін  адамның  тыныстық  функциясын  бағалау  үшін,  оның  анықталған  өкпе  көлемдерін  соған  сай  міндетті  өлшемдермен  салыстыру  керек.  Міндетті  өлшемдерді  формула  немесе  номограмма  арқылы  есептеуге  болады. Олардың  +/- 15 ауытқуы айтарлықсыздай деп  есептейді.

спирометрия қазақша

Спирометр құралы. Және спирометрияны жүргізу кезіндегі көрініс

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) және  оны  құрайтын  көлемдерді  анықтау  үшін  сулы  немесе құрғақ  спирометр  қолданылады. Спирометрдың  мунштугін  спиртке  матырылған  мақтамен  сүртеді.  Зерттелуші  максимальді  дем  алғаннан  кейін  спирометрге  максимальді  терең  дем  шығарады.  Спирометр  шкаласы  арқылы  ӨТС  анықтайды.  ӨТС-ның  көлемін  анықтау  үшін  зерттеуді  бірнеше  рет  қайталап,  оның  орташа  өлшемін  алу  керек.

Әрбір  қайталаған  сайын  спирометр  шкаласын  бастапқы   сызыққа  қойып  отыру  керек.  Ол  үшін  сулы  спирометрдің  ішкі  цилиндрінен  тығынды  алып,  цилиндрді  төмен  түсіреді,  ал құрғақ  спирометрде  өлшейтін  шкаланы  айналдырып,  нөлдік  белгіні  сызықпен  теңестіреді. Зерттелушіні  тұрғызып,  жатқызып  және  физикалық  жүктемеден  кейін  де  анықтайды.  Әр  түрлі  өлшеу  қорытындыларын  бір-бірімен  салыстырады.

ӨТС  құрайтын  өкпе  көлемдерін  өлшеу  үшін  спирометрді  үш  жолды  кранмен  ауызға  киілетін  клапанды  қондырғымен  жалғастырған  тиімді.  Зерттелуші  мұрынын  мұрын  мұрын  қысқышпен  жауып,  ауыз  қуысындағы  клапанды қондырғы  арқылы  дем  алады.  Алдымен  үш  жолды  кранды  дем  шығарған  ауа  атмосфераға  шығарылытындай  етіп  орналастырады.  Зерттелуші  ауызға  киілетін  құрал  арқылы  дем  алуға  бейімделгенде,  үш  жолды  кранды  дем  шығарған  ауа  спирометрге  баратындай  етіп  орналастырады.  Тыныстық  қозғалыстар  саны  анықталады.  Спирометр  көрсеткішін  спирометрге  шығарылған  дем  шығару   санына  бөліп,  тыныстық  ауа  көлемін  анықтайды.

Дем  шығарудың  резервті  көлемін  анықтау  үшіе  әдеттегі  кезекті  дем  шығарудан  кейін   спирометрге  терең  дем  шығаруды  сұраймыз. Спирометр  шкаласын  дем  шығарудың  резервтік  көлемін  анықтайды.  Анықтауды  бірнеше  қатар  қайталап  жасағаннан  кейін,  зерттеулердің  орташа  мәнін  табады.

Дем  алудың  резервтік  көлемін  екі  тәсілмен  анықтайды.  Есептеу  және  спмрометрмен  өлшеу.  Есептеген  кезде  өкпенің  тршілік  сыйымдылығынан  тыныстық  ауа  көлемімен   дем  шығарудың  резервтік  көлемі  қосындысын  шегеру  арқылы  табады.  Екінші  тәсілде  спирометрге  белгілі  көлемде  ауа  ендіріледі  де,  қалыпты  дем  алғаннан  соң    зерттелушінің  спиримтрден  максимальді  терең  дем  алуын  сұрайды.  Спиромтрдегі  әуелдегі  ауа  көлемімен  терең  дем  алғаннан  кейінгі  ауа  көлемдері  айырымы  резервті  дем  алу  көлеміне  сай  келеді.

Қалдық  көлемді  анықтайтын  тура  әдіс  жоқ болғандықтан,  оны  жанама  әдіспен  анықтайды.  Қалыпты  жағдайда  бұл  көрсеткіш  ӨТС  25-30%  құрайды  деп  есептейді.

Тыныс  алудың  минуттық  көлемін  тыныштық  күйде  және  жұмыс  барысында  анықтау.

Тыныс  алудың  минуттық  көлемі – ол  1  минут  ішінде  дем  алған  немесе  дем  шығаран  ауа  көлемі.  Тыныштық  күйде  ересек  адамның  минуттық  тыныс  алу  көлемі  6-8 л,  ал  жұмыс  кезінде  120-140 л  дейін  жетеді.  Минуттық  тыныс  алу  көлемі  өкпе  вентиляциясын  бағалауға  мүмкіндік  беретін  өлшем.

Өкпе  вентиляциясын  өлшеуге  арналған  жүйені  жинақтайды.  Зерттелуші  аузына  дезинфекцияланған  ауызға  киетін  құралды  киіп,  зерттеу  барысында  клапанды  қондырғы  арқылы  дем  алыды.  Зерттелушінің  мұрнын  арнайы  қысқышпен  қысады.  Зерттеу  барысында  зерттелуші  ауызға  жабатын  құрал  арқылы  дем  алып  үйренгенше  1-2  минутқа  үш  жолды  кранды  шығарылатын  ауа  атмосфераға  кететіндей  етіп  қояды.  Одан  кейін  үш  жолды  кранды  деммен  шығарылған  ауа  Дуглас  қапшығына    және  осы  уақыт  арасындағы  тыныстық  қозғалыс  санын  санайды.  Содан  кейін  үш  жолды  кранды  жауып,  Дуглас  қапшығын  газды  есептегішке  жалғап,  қапшықтағы  ауаны  сол  арқылы  өткізіп,  ішіндегі  ауа  көлемін  анықтайды.  40  литрлік  Дуглас  қапшығын  80  литрлік  қапшыққа  ауыстырып  зерттелушінің  арқасына  бекітіп  қояды.  Зерттелушіге  велоэргометр  көмегімен  3 минут  бойы  жұмыс  жасатқызады,  оның  барысында  дем  қапшыққа  шығарылады.  Жұмыс  кезінде  дем  алу  жиілігін  санайды.  Жұмыс  аяқталғаннан  кейін,  дем  шығарғандағы  ауа  көлемін  газды  есептегіш  арқылы  анықтайды.

Пневмография.

Пневмография—  тыныстық  қозғалыстарды  тіркеу.  Ол  тыныстың  жиілігін  және  тереңдігін  анықтауға,  дем  алумен  дем  шығарудың  ұзақтылығы  қатысын  білуге  мүмкігдік береді. Сау  ересек  адам  минутына  12-18  рет  дем  алады.  Дене  жұмысы  кезінде  дем  алу  жиілігімен  тереңдігі  өзгереді. Сондай-ақ  тыныстық  ырғақ  өзгерісін  жұтынғанда,  сөйлегенде,  тынысты  уақытша  тоқтатқанда  және т.б.  бақылайды.

пневмография қазақша

Пневмограф құралы

Тыныс  алу  циклы  бір-бірінің  соңынан үзіліссіз  жүретін  екі  фазадан  тұрады:  дем  алу  және  дем  шығару.  Кеуде  қуысының    тыныстық  қозғалысын  тіркеу  (пневмография)  тыныстық  қозғалыстардың  ауалы  жолмен  жазатын  рычажокқа берілуі  арқылы  іске  асады.  Алынған  жазу  пневмограммадан  тыныс  алу  фазаларының  ұзақтылығы,    тыныстық  жиілігі  мен  оның  терңдігі  және  бұл  көрсеткіштер  адамның  физиологиялық  жағдайларына:  тыныштықта,  қозғалыста  т.б.  байланыстылығын  білуге  болады.

Жалпы  көп  таған  пневмограф  ұзыншақ  резенкелі  камерадан,  оны  сыртынан  қаптап  тұрған  маталы  қапшықтан  және  онымен  резенке  түтік  арқылы  үзіліссіз  байланысқан  Марей  капсуласынан  тұрады.

Кеуде  қуысына  манжетканы  байлайды.  Манжетканы  үш  жақтылы  қосқыш  арқылы  марей  капсуласымен  жалғайды.  Тіркеуші  жуйеге  аздап  ауа  ендіріп,  кеуде  қозғалыстарын  тіркей  бастайды.  Кеуде  қуысындағы  қозғалыстар  штативтен  марей  капсулпсына  беріледі  де,  бір  минуттағы  тыныс  қозғалыстары  есептеледі.  Сонан  кейін  орнатылған  арнай  қаламды  кимографқа  тигізіп,  пневмограмманы  жазуға  кіріседі.

  1. Тыныштық  күйдегі  тыныс  алу.
  2. Терең  тыныс  алу.
  3. Жуктемелік  жұмыстан  кейінгі  тыныс  алу (10-12 рет  тұрғаннан  кейінгі)
  4. Декларация  кезіндегі  тыныс  алу.
  5. Жөтелу  кезіндегі  тыныс алу.
  6. Тынысты  тоқтатқан  кездегі  тіркеме.
  7. Жиі  үстірт  тыныс  алу.

Рентгенопневмополиграфия

Гректің  pneuma  ауа + poly  көп + grapho жазу,салу  деген  сөзден  шыққан. Бір  пленкадағы  көкірек  клеткасының   функциясын зерттеу  мақсатында әр түрлі  тыныс  алу  фазаларын  түсіретін  рентгенологиялық  зерттеу.  Рентгенопневмополиграфияның  екіфазды  түрінде  бір  пленкада  екі  снимок  жасалады, ол  тыныс  алу  мен  тыныс  шығару. Төртфазды  рентгенопневмополиграфияда  4 түсірілім жасалады, ол жай  тыныс  алу,  терең  тыныс  алу, жай  тыныс  шығару,  терең  тыныс  шығару. Рентгенопневмополиграфия  полиграфияның  бір  түрі.  Ол  рентгендік  аппаратқа  арнайы рентгенопневмополиграфиялық  растрдың  орнатылуына  негізделген.

Ол   төртбұрышты  (20*20 мм) реттеуіш қатарлардан  тұратын  қорғасынды  пластинка.  Қалыпты  жағдайда  рентгенопневмополиграммада  ақ  және  қара  төртбұрыштар  кезектесіп  орналасуы  керек.

  • Қалыпты  жағдайдағы  екі  фазалы   рентгенопневмополиграмма.  Қара  төртбұрыштар  тыныс  шығару  фазасын  көрсетсе,  ақ  төртбұрыштар  тыныс  алу  фазасын көрсетілген,  яғни  барлығы  дұрыс  келіп  тұр.
  • Өкпе  эмфиземасы  кезіндегі  түсірілім.  Төртбұрыштардың  оптикалық  тығыздығы  сәйкес  еместігі  көрінеді. Диафрагма  мен  қабырғалардың  қозғалысы  төмендеген.
  • Сол  жақ  өкпенің  жоғарғы  бронхтарының  өткізгіштігі  төмендеуінің  бастапқы  сатысы.  Өкпенің  сол  жақ  жоғарғы  бөлігіндегі  төртбұрыштардың  оптикалық  тығыздығының  толық  сәйкес  емес  екені  көрінеді.

Бронхофония.

Бронхофония стетоскоп  немесе  фонендоскоппен  сыбырлағандағы  сөздерді  есту  арқылы  жасалынады.  Науқастан  ызыңдаған,  ысылдаған  дыбыстары (ч,р)  бар  сөздерді  сыбырлап  айтуды  сұраймыз (қырық  төрт,  бір  шыны  шай)  фонендоскопты  наукқастың  салыстырмалы  аускультация  жасаған  орындарынан  қойып  тындау  керек.  Сау  адамдардан  бұл  сөздерді  сыбырлап  айтқанда  өкпе  үстінен  түсінбейтін,  анық  емес  сөздердің  дыбыстары  есиіледі.  Бронхофония  мен  дауыс  дірілін  зерттеу  әдістерінің  физикалық  негіздері  бірдей.  Өкпедк  немесе  өкпе  қабы  қуыстарында  патологиялық  үдерістер  кезінде  бронхофония  күшееді,  кейде  оның  әлсіреуіде  мумкін.

Бронхофонияның  күшеюі  өкпе  тінінің  тығыздалуы  кезінде  (өкпе  қабынуы,  өкпе  туберкулезі, өкпе  инфаркті)  немесе  өкпеде  қуыс  пайда  болған  (каверна, абцесс,  ірі  бронхоэктаз)  шақта  анықталуы  мүмкін.  Тығыз  өкпе  тіні  дыбысты  жақсы  өткізеді,  соған  байланысты  бронхофонияда  күшейеді.

Брохофонияның  күшеюі  каверна  үстінен  де  анықталады,    бұл жағдайда  каверна  қуысы  дыбыстың  өзі  резонанс  заңы  бойынша  күшейтеді  және  өкпе  қуысы  айналысындағы  тығыз,  реактивті  қабынған  өкпе  тіні  тығыз  болғандықтан  күшейген  дыбыс  құлаққа  бронхофония,  сонымен  қатар  компрессиялық  ателектаз  және  ашық  пневмоторакс  кезінде  анықталыды.  Бронхофонияның  әлсіреуі  дауыс  дірілінің  әлсіреуіне  сәйкес  келеді  (экссудатты  плеврит,  гемо,  пневмоторакс,  обтурациялық  ателектаз).

Рентгенологиялық  зерттеу.

Тыныс  алу  органдарына  рентгенологиялық  зерттеулер  жасалынады.  Ал  кейбір  түсініксіз  жағдайларда  диагнозды  дәлдеу  үшін  рентгонография.  Томоргафия  және  бронхография  әдістері  қолданылады.  Қалыпты  жағдайда  өкпе  тінінде  рентген  сәулелері  тоқтамайды.  Сондықтан,  экранда  өкпе  екі  ақшыл  алаң  ретінде  көрінеді,  ішінде  өзіне  тән  қан  тамырлармен  бронхылар  орналасқан,  өкпе  түбірінде  әсіресе  айқын  көрінетін  түбі  бар.  Ірі  және  орташа  бронхтар  бұл  жағдайда  өз  қабаттарының  жай  ғана  көлеңкесімен  шектелген  ашық  тілімдер  болып  көрінеді,  ал  қан  тамырлар  болса,  ол  қанмен  толық  болғандықтан  үзіліссіз  сызық  тәрізді  көлеңкелер  тәрізді  көрінеді.  Егер  бронхылармен  қан  тамырлар  көлденең  кемкінмен  түссе,  онда  жай  ашық  дөңгелектер  болып  көрінеді.  Зерттегенде  ең  ашық  болып  өкпенің  төменгі  бөліктері  көрінеді,  өкпе   ұштарының  ашықтығы  төмендеу  болады,  өйткені  олар  қалың  бұлшық  еттермен  жабылып  тұрады.

рентген қазақша

Кеуде қуысының рентген түсірілімі

Патологиялық  жағдайларда  өкпе  тұсының  анық  ашықтығының  төмендеуі  мен  жоғарылауы  да  кездеседі.

Өкпе  тінінің  ашықтығының  артуы  өкпе  эмфиземасында  және  әсіресе  пневмоторакста  кездеседі.  Сонымен  қатар  жүректің сау  жаққа  қарай  және  ауру  жағында  өкпенің  компрессиялық  ателектазы  байқалады. Өкпенің  дөңгеленіп  көрінуі  кавернада   өкпе абцесінде  кездеседі.  Кавернаның  шекаралары  әдетте  айқын  көрінеді  және  оның  ішінде  сұйықтық  байқалмайды.

Өкпе  абцесінде  дөңгелек  пішінді  қуыс  болады.  Сол  қуыс  түбінде оның  жоғарғы  шекарасынан  әрқашан  көлденең  орналасқан  сұйықтық  анықталады,  яғни  қуыстың  жоғарғы  жағы  ашық  болып,  ал  төменгі  жағы  қаралау,  қоңырлау  болып  көрінеді.

Сирек  жағдайларда  рентгеноскопия  кезінде  шектелген  ашықтық  түбінде  ірі  бронхоэктаздар  анықталуы  мүмкін,  онда  өкпе  суреті  ара  ұяшықтары  тәрізді  болады.

Өкпенің  ашықтығының  төмендеуі  өкпе  тінінің  қабынуы  үдерісінің  әсерінен  тығыздалуы  кезінде  (өкпе қабынуы,  өкпе  туберкулезі,  өкпе  инфаркті)  және  өкпе  ісіктері  байқалуы  мүмкін.

Өкпе  қабы  қуысында  сұйықтықтың  жиналуы (-гемо, гидроторакс  экссудатты  плеврит  кезінде  кеуде  клеткасының  төменгі  бөліктерінде  айқын  қарайғанын  көруге  болады.  Рентген  сәулесімен  экссудатты  зерттегенде  сұйықтықтың  жоғарғы  шекарасы  қиғаш  орналасқан  сызық  сияқты  болып  көрінеді,  оның  ең  жоғарғы  нүктесі  қолтық  астынан  өтеді.

Өкпеде,  яғни  кіші  қан  айналым  шеңберінде   қан  іркілгенде,  өкпенің  ашықтығы  төмендейді,  әсіресе  оның  төменгі  бөліктерінде  айқынырақ  болып  көрінеді.

Томография  рентгенографияның  ерекше  бір  әдісі,  яғни  қабаттама  түрдегі  рентгенографиялық  тексеру.  Бұл  тексеру  әдісі  өкпенің  әртүрлі  тереңдігінде  орналасқан  өзгерістерді (өкпе  ісіктері,  инфильтраттар,  қуыстар, үлкейген  лимфотүйіндер)  дәлдеп  зерттеуге  мүмкіндік  береді.

Ал,  компьютерлі  томография  болса,  сол  қабаттарды  тексеруге  және  патологиялық  өзгерістерді  анықтауға  мүмкіндік  жасайды.

Бронхография  әдісі  бронхтарды  тексеру  үшін  қолданылады. Әдетте  алдымен  бронхоскопия  жасалынады.  Ауруға  белгілі  бір  анестезиядан  кейін  дәрі  тыныс  жаолдарына  жіберіледі.  Бұл  кезде  бронхтық  саңытауларына  контрасты  зат  жіберіледі ( йодолипол),  содан  кейін  рентген  сәулесімен  тексеріп,  рентген  пленкасына  оның  суреттерін  түсіреді. Бронхограммада  бронхобұтақтарының  іші  контрасты  заттар  қабаттарынан  жабысқандығын  көрсетеді. Бұл  әдіс  кеңейген  бронхыларды  (бронхоэктаз),  абцестар мен  өкпенің  бронхпен  қатынасып  тұпған  басқа  қуыстарын  және  бронхтардың  ішкі  ісіктерінің  әсерінен немесе  басқа  бөгде  заттармен,  немесе  тыртықтар,  үлкейген  лимфа түйіндерімен,  сол  сияқты  орталық  ісіктерімен  тарылғанын  анықтауға  мумкіндік  береді.

Флюография  әдісі  диспансерлеу  мақсатымен  жаппай  көпшілік  зерттеулерде  қолданылады.  Науқастарды  кішкене  форматты  флюогреаф  деп  аталатын  аппаратты  рентген  аппараттың  экранына  қосып  суретке  түсіреді,  осылай  жасалынған  фотопленка  әдеттегідей  фотоүлкейткіш  арқылы  тексеріледі.

Эндоскопиялық  зерттеу.

Эндоскопиялық  зерттеу  әдістеріне  бронхоскопия мен  торакоскопия  жатады.

Бронхоскопия—   бронхоскоп  деп  атайтын  арнай  аспап  арқылы  кеңірдекпен  бронхтардың  (I, II, III  реттілі)  шырыш  қабатын  зерттейтін  әдіс.

Бронхоскопты  ішке  енгізбес  бұрын  1-3 процент  дикаин  ерітіндісімен  жоғарғы  тыныс  жолдарының  шырыш  қабатына  анестезия  жасайды.  Содан  кейін  барып  ауыз  және  дыбыс  саңлауы  арқылы  кеңірдекке  енгізеді.  Тексеруші  кеңірдекпен  бронхылардың  шырыш  қабаттарын  қарап  зерттейді.  Ұзын  тұтқасы  бар  арнай  қысқыш  арқылы  гистологиялық  және  цитологиялық  зерттеу  жасау  үшін  күдікті  орындардың  тінімен  кішкентай  бөліктер  алуға  және  оның  фотосуретін  түсіругеде  болады.  Бронхоскопияны  эрозияларға  бронхтардың  шырыш  қабатының  жараларына,  бронх  қабатының  ісіктеріне  диагностика  жасау,  бөгде  заттарды  сыртқа  шығару,  бронхтардың  полиптерін  алып  тасау  үшінде  жасайды,  сонымен  қатар  бұл  әдісті  бронхоэктатикалық  аурумен  орналасқан  өкпе  абцесін  емдеу  үшін  де  қолданады.  Бұл  жағдайларда  бронхоскоп  арқылы  алдымен  іріңді  қақырықты  сорып  тастайды,  одан  кейін  бронхтың  ішкі  қуысына  немесе  абцесіне  антибиотиктер  жібереді.

Торакоскопия—  арнайы  құрал  торакоскоп  арқылы  жасалынады.  Торакоскоп  металдан  жасалған  түтіктен  және  электр  шамы  бар  арнайы  оптикалық  аспаптан  құрастырылған  торакаскопия  өкпе  қабының  висцералды  және  париеталді  жапырақшаларын  көруге,  биопсия  алуға  өкпе  қабының  жабысқанын  ажырату  үшін  және  т.б.  әртүрлі  емдеу  шараларын  жасау  үшін  қолданылыды.

Зертханалық  зерттеу  әдістері

Қақырықты  зерттеу.  Қақырық  деп  жөтелу  және  қақыру  кезіндегі  ішкі  тыныс  алу  жолдарынан  бөлінетін  патологиялық  затты  айтамыз.

Шырышты  қақырық  әдетте  түссіз  немесе  сәл  ғана  ақтау,  тұтқыр  болады.  Сірлі,  ұйыма  қақырық  түссіз,  сұйық,  көбікті  болса  ол  өкпе  ісінуіне  әкеледі.

Кілегейлі  іріңді  қақарық  сары  немесе  жасыл  түсті,  тұтқыр,  созылмалы  бронхит,  туберкулез  т.б.  аурулар  кезінде  байқалады.  Нақты  іріңді  қақырық  біркелкі,  жартылай  сұйық,  сарғыш  жасыл түсті  болса,  ол  іріңді  абцестің  жарылған  кезінде  болады.

Қанды  қақырық  өкпеден  қан  аққанда  (туберкулез,  рак,  бронхоэктаздар)  таза  қан  түрінде  болуы  мүмкін.  Ол  қан  аралас  түрінде  де  болуы  мүмкін. Егер  қан  баяу  бөлінсе,  оның  гемоглобині  гемосидеринге  айналады  да  қақырыққа  қызғылт-қоңыр  тот  түсін  береді,  бұл  крупозды  пневмонияға  тән.

Қақырықта  көзге  көрінетін  бөлек  элементтерде  болуы  мүмкін  Куршман  спиральдері  кішкентай  тығыз  ақ  түсті  ирелендеген  жіптер   тәрізді  болады.  Олар  фибрин  ұйындысы  болып  есептелінеді,  ақшылдау  және  қызылдау  ағаш  тәрізді  бұтақталған  түзілістер,  бұлар  фибринозды  бронхитте,  кейде  пневмониялар  кезінде  де  байқалады.

Өкпе  тіні  ыдырағанда  қақырықта  эластикалық  талшықтар  пайда  болады.  Гангрена  кезінде  олар  көбінесе  байқалмайды,  себебі  олар  анаэробты  флораның  ферменттерімен  ерітіліп  кетеді.  Эластикалық  талшықтар  иреңдеген  екі  контурлы,  ұзындығы  мен  жуандығы  біркелкі,  дихотомиялық  бұтақталған.  Ол  талшықтар  өкпе  көпіршіктерінің  орналасуын  сақтаған  түрінде  кездеседі.  Олар  қақырықтың  кез-келген  талшығында  табыла  бермейтіндіктен,  зерттеуге  оңай  болу  үшін  оларды  қоюландырады.  Ол  үшін  қақырықтың  бірнеше  милиметріне  біпдей  немесе  екі  есе  мөлшерде  NaOH  10  процент  ерітіндісін  қосып,  оны  шырыш ерігенше  қыздырады. Бұл  жағдайда  шырышпен  бірге  эластикалық  талшықтардан  басқа  формалық  элементтер  де  ериді. Суытқаннан  кейін  сұйықтыққа  эозиннің  1  процент  спиртті  ерітіндісінің  3-5  тамшысн  қосып,  центрифуга  арқылы  тұндырады. Бұл  кезде  эластикалық  талшық  жоғарыда  айтылған  сипатын  сақтайды  және  алқызыл  түсті  болып,  айқын  көрініс  табады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...