Дезинфекция түрлер

Дезинфекция және оның түрлері

Дезинфекция бұл-адамды қоршаған ортада патогендi және шартты патогендi микроағзаларды жою. Дезинфекция кезiнде микроағзалардың тек вегетативті түрлерi өледi.

Микроағзаларды физикалық факторлар және химиялық заттар әсер ету арқылы жоюға болады. Микроағзалардың жойылуы дезинфицирлеушi заттардың әсер ету ұзақтығы (экспозиция) мен интенсивтiлiгiне (концентрация) байланысты болады.

Стерилизация барлық микроағзалардың вегетирлеушi түрлерiмен қоса олардың спораларын да жою. Соңғысы қоршаған ортаның әсерiне аса тұрақты.

Дезинфекция түрлерi.

Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны ажыратады:

  1. Профилактикалық дезинфекция ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi.
  2. Ошақты дезинфекция күнделiктi ошақты дезинфекцияға және ошақты қорытынды дезинфекцияға бөлiнедi. Ошақты күнделiктi дезинфекция инфекция ошағында, инфекционды науқастың төсек маңында көп рет жүргiзiледi. Ошақты қорытынды дезинфекция инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толық тазалау мақсатымен бiр рет науқасты жекелегеннен кейiн, инфекционды бөлмеге госпитализацияланғаннан кейiн, сауығуы немесе өлiмiнен кейiн жүргiзiледi. ЕАМ-де дезинфекциялық шараларды негiзiнен орташа медициналық персонал жасайды. Олар келесi нұсқау-әдiстемелiк құжаттармен қолдану қажет, инфекционды аурулардың жеке түрлерiндегi дезинфекциялық шаралар жүргiзудiң әдiстемелiк нұсқаулары, нақтылы заттар және дезинфекция әдiстерiн қолдану бойынша әдiстемелiк нұсқаулар.

Дезинфекция әдiстерiМеханикалық, физикалық және аралас дезинфекция әдiстерiн ажыратады.

Дезинфекцияның механикалық әдiстерi, оған жататындар:

  1. Бөлме iшiндегi жиһазды жуу.
  2. Киiмдi, төсек орынды, төсек заттарын қағу.
  3. Шаңсорғыш көмегiмен бөлмелердi шаңнан тазарту, бөлмелердi сылау және бояу.
  4. Қол жуу.

Дезинфекцияның физикалық (термиялық) әдiстерi. Дезинфекцияның физикалық әдiсiне келесi әдiстер жатады:

  1. Күн сәулесiн қолдану.
  2. Бөлмедегi ауаны және бөлменi ультракүлгiнмен сәулелендiру.
  3. Ыстық үтiкпен үтiктеу, күйдiру, қыздыру.
  4. Бағалы емес заттарды, қоқысты өртеу.
  5. Қайнаған сумен өңдеу немесе қайнату.
  6. Пастеризация.
  7. Гиндализация (600С-да 6-7 тәулiк iшiнде бөлшектеп пастеризациялау, экспозиция-1 сағат).

30 минут дистилденген суда қайнату, жеке ыдыстарды органикалық кiрден тазартады, эпидемияға қарсы қорғау шараларын сақтап шаяды, шайынды суды дезинфекциялап канализацияға төгедi. Қайнау уақытын су қайнап бара жатқан уақыттан бастап есептейдi.

Дезинфекцияның ауалы әдiсi (ораусыз, құрғақ-ыстық шкафында t0-1200С, экспозиция берiлген температураға жеткеннен кейiн 45 минут) қолданылады, егер бұйымдар шыныдан, металдан, резинадан, латекстан, термотұрақты полимерлi металдан жасалған болса және олар органикалық зақымданбаса.

Булап қолданылатын әдiстi айтылған бұйымдарды алдын-ала тазартусыз жүргiзедi. Дезинфицирлеушi агент: 0,5 атм.-ден жоғары қысымды су буы. Дезинфекция режимi температура-1100С, экспозиция-20 минут, стерилизацияланған бикс-коробкаларда, дезкамераларда, автоклавта сирек қолданылады.

Физикалық әдiс-персонал үшiн ең қауiпсiз және қолайлы әдiс. Егер жабдықтар, бұйымдар номенклатурасы сияқты жағдайлар болса, бұл әдiстi қолданған жөн.

Дезинфекцияның химиялық әдiсi

ЕАМ-де толық батыру әдiсiмен дезинфекциялаудың химиялық әдiсi кең қолданылады. Науқастар мен жанаспайтын бұйымдарды және олардың бөлшектерiн дезинфекциялық ерiтiндiге батырылған марлядан дайындалған салфеткамен екi рет сүртедi.

Дезинфекцияға қолдануға болмайды: сайдекс, формамен, глутарал, бианол, дезоксон-1 және басқаларды, себебi олардың адам ағзасына   көрсететiн токсикалық әсерi жоғары.

Дезинфекцияның химиялық әдiстерiне жатады:

  • Шаю (орошение).
  • Сүрту.
  • Толығымен батыру.
  • Себу (распыление).

Дезинфекцияның комбинирленген әдiстерi: комбинирленген әдiсте дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргiзiледi.

  • Бу-ауалы әдiс ылғалданған ауамен, t-1100С температурасында, 0,5 атм. қысымда, 20 минуттық экспозицияда жүргiзiледi.
  • Бу-формалиндi әдiс: 0,5 атм. режимда, t-900С, экспозиция 30 минут.

Камералы дезинфекцияның негiзiнде камерадағы заттарды аса жоғары қысымда және белгiлi температурадағы  ыстық ауамен қыздыру жатады. Егер бу әсерiнен күшейту үшiн камераға формальдегидтi (формалин) қосымша енгiзедi.

Негiзгi дезинфекциялық заттардың сипаттамасы. Негiзгi дезинфекциялық заттарға құрамында хлоры бар, оттегiсi бар заттар, беткей-белсендi заттар, гуанидтер, құрамында альдегид, фенолы бар заттар, спирттер жатады.

Хлорлы iзбестің ақ түстi ұнтағы, реакциясы сiлтiлi, өткiр тiтiркендiретiн иiсi бар. Хлорлы iзбестiң сапасы белсендi хлор бойынша 25% мөлшердегi белсендi хлордың (С1) болуымен байланысты. Хлордың белсендiлiгi 15% дейiн төмендегенде хлорлы iзбес қолдануға жарамсыз. 0,5-10% ерiтiндiсi және құрғақ түрiнде суды, ыдыстарды, бөлмелердi, науқастың бөлiнiстерiн, әжетханаларды және басқаларды заласыздандыру үшiн қолданылады. 1:5 қатынасындай (1л биологиялық сұйықтықтарға 200г құрғақ iзбес) құрғақ хлорлы iзбеспен науқастың бөлiнiстерiне, тағам қалдықтарына себедi.

Хлорамин-Б. С1-бойынша белсендiгi 26% хлорамин-Б дайындау үшiн бастапқы өнiм болып бензол (хлорамин-Г-толуол) табылады. Хлорамин-Б суда еридi, оның ерiтiндiлерi маталарды бүлдiрмейдi және түссiздендiрмейдi. Ыстық ерiтiндiлердiң (50-600С) және хлораминнiң белсендiрiлген ерiтiндiлердiң өте жоғары заласыздандыратын әсерi бар.

Бейтарап кальций гипохлоридi. С1-бойынша белсендiлiгi 52%. Емдiк мекемелерде ақ түстi ұнтақ тәрiздi кальций гипохлоридi қолданылады. Әлсiз майлы ерiтiндi түзiледi, оны дайындағаннан кейiн 30 минут өткен соң қолданылады. Сақтағанда тұрақты, аз гигроскопиялы және ауада Cl1-бойынша белсендiгiн сақтайды.

Натрий гипохлоридi 1-3% белсендi хлоры бар концентрленген негiзгi ерiтiндiлер түрiнде қолданылады. Электрохимиялық әдiспен (ЭЛМ-1, ЭМУ-1, ЭЛИСА, УДР-01 құрылғылары) алынады.

  • 0,5% концентрациялы жұмыс ерiтiндiлерiн шыныдан, пластмассадан (ПХР), силиконды резинадан жасалған бұйымдарды толық батырылған күйiнде экспозициясы 60 минут вирусты инфекцияда қолданылады.
  • 0,25% концентрациялы жұмыс ерiтiндiлерi бактериальды инфекцияда (туберкулезден басқа) қолданылады, экспозициясы 15 минут, толық батырылған күйiнде. Ал 0,3% концентрациялы ерiтiндiлер дерматофитияда 15 минут iшiнде қолданылады. Адамдар бар бөлмелердi дезинфекциялау үшiн 0,125% концентрат ерiтiндiсiн 0,5% концентрациядағы »Лотос», »Прогресс», »Астра» сияқты жуғыш заттармен бiрге қолдануға болады. Бөлмелер дезинфекциясы кезiнде  0,125% концентарциялы ерiтiндiлердi шығындау нормалары-1м2-қа 200мл.

Хлоргексидин биглюконаты мөлдiр, иiссiз 20% ерiтiндi. Сақтау үшiн арнайы шарттар қажет етпейдi. Беткей-белсендi деп аталатын заттар класына жатады. Суда, спиртте жақсы еридi, ұзақ сақтағанда өзiнiң қасиеттерiн жоғалтпайды, ұзақ антимикробты әсерi бар, медициналық құралдар қысқа уақыт (2-3 минут) ерiтiндiде болған жағдайда металдың анық коррозиясын шақырмайды.

Протейға, қышқылға төзiмдi таяқшаларға, вирустар мен спораларға препарат әсер етпейдi.

Хирургиялық бұйымдарды, хирург, медбике, акушерлер қолдарын заласыздандыруға арналған. Емдiк, антисептикалық зат ретiнде және күнделiктi, қорытынды дезинфекция үшiн қолданылады.

Сутектiң асқын тотығы (Н2О2) тотықтырғыштар тобына жатады. Өндiрiстен 29-30% концентрациялы су ерiтiндiсi түрiнде пергидроль атауымен шығарылады. Иiссiз, түссiз зат, тұтқыр ашты дәмi бар. Жоғары бактерицидтi қасиетi бар. Мөлшерi 0,5-6% концентрациядағы сутектiң асқын тотығының ерiтiндiлерi бұйымдарды бүлдiрмейдi, металдарды коррозияға ұшыратпайды, токсикалығы аз. Экспозициясы 80-нен 180 минутқа дейiн 3-4% концентрацияда жуғыш заттармен (»Прогресс» және басқа) бiрге қоданылады. Химиялық заласыздандыру қанды жуғаннан кейiн механикалық тазалаумен бiрiктiруге мүмкiндiк бередi, оның нәтижесiнде дезинфицирлеушi әсер күшейедi, 0,5% концентрацияда 0,5% жуғыш ерiтiндiсiмен  стерилизациялық өңдеу алдында 45-500С температурада, 15 минут экспозицияда қолданылады.

Сутектiң асқын тотығының ерiтiндiлерi қараңғы салқын жерде сақталады. Пергидролi бар сауыттардың капшығы болу керек. Абайлап тасымалдауы қажет.

Аламинол (»Ниопик», Ресей) беткей-белсендi заттар (ББЗ) тобына жатады. Бактерияға, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы жоғары антимикробты әсерi бар. Жуғыш қасиеттерi бар. Бөлмелердегi беткейлердi, науқастарды бұйымдарды дезинфекциялау үшiн, инструменттердi стерилизация алдында және басқа медицинада қолданатын заттарды (стоматологиялық, жұмсақ және қатты эндоскоптар) тазарту үшiн қолданылады. Дезинфекция және стерилизация алдындағы тазартуда 3-8% жұмыс ерiтiндiсi түрiнде вирусты инфекцияға  қарсы бiрiктiрiлген процесте қолданылады, экспозициясы 60 минут, бөлме температурасында. Одан кейiн шыныдан, резинадан, металдан жасалған бұйымдар, соның iшiнде стоматологиялық инструменттер 0,5-1 минут iшiнде сол ерiтiндiде жуылады және 3 минут ағынды сумен шайылады.

Бактериальды инфекцияда, сонымен бiрге туберкулезде, кандидозда, дерматофитияда 5%-концентрациялы жұмыс ерiтiндiсi қолданылады. Өңдеу этаптары өзгермейдi.

Септабик (»Абик» Израиль) ББЗ тобына жатады. Бактерияға, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы жоғары антимикробты әсерi бар. Жуғыш қасиетi бар. Концентрат және ұнтақ түрiнде шығарылады. Дезинфекция және стерилизация алдындағы тазартуда 1% жұмыс ерiтiндiсi түрiнде вирусты, бактериальды инфекцияда, кандидоздарда, дерматофитияда қолданылады, экспозиция 60-120 минут (прибор конструкциясына байланысты), бөлме температурасында. Туберкулез кезiнде шыныдан, резинадан, пластмассадан, металдан жасалған бұйымдарды, стоматологиялық инструменттердi, эндоскоптарды 3% септабин ерiтiндiсiмен 60 минут iшiнде өңдейдi, бұйымдар толық батырылуы керек. Одан кейiн сол ерiтiндiде 0,5-1 минут iшiнде жуылады және 3 минут iшiнде ағынды сумен шайылады.

    Дезинфекциялаушы заттардың жарамсыздығын бақылау түрлерi:

  1. Визуальды бақылауды дез.станцияның қызметкерi (лаборант, дәрiгер) жүргiзедi.
  2. Бактериологиялық бақылауды дез.станцияның қызметкерi лаборант жүргiзедi (шприцтер, инелер және т.б санынан 1% мөлшерде шайындыларды алу).
  3. Химиялық бақылауда құрғақ заттар және дезинфицирлеушi ерiтiндiлер пробаларын таңдап алады және дез.лабораторияға жiбередi. Онда пробалардағы белсендi С1-анықтайды және оның дұрыс дайындалуы жайлы қорытынды бередi (пробалар жеткiзiлуiн бөлiмнiң аға медбикесi бақылайды).

Дезинфекциялық шараларда жүргiзу үшiн тек тағайындалған жағдаймен рұқсат етiлген бұйымдар (жуғыш машиналар, эмальданған ыдыстар, пластмасс контейнерлер, стерилизаторлар) қолданылады.

    Дезинфекция  жүргiзiлетiн бұйымдарға  қойылатын шарттар:

  1. Сауыттардың қақпақтары болу керек.
  2. Сауыттар мен қақпақтардың маркирі, заттың атауы, оның концентрациясы, тағайындаулары, дайындалған күнi болу керек. Көп ретке қолданылатын ерiтiндiлер үшiн заттың қолданылатын уақытын және сағатын көрсетедi.
  3. Қымбат бұйымдарды (эндоскоптар, жұмсақ эндоскоптарға инструменттер) қосымша инструкциялы-әдiстемелiк құжаттар бойынша дезинфекциялайды.
  4. Дезинфекция үшiн жабдықтарды таңдау бұйымдар ерекшелiгi мен оның тағайындалуымен байланысты.

Дезинфекциялық шараларды жүргiзу үшiн келесi жабдықтар болу керек:

  1. гидропульт (чехолмен);
  2. эмальденген шелектер немесе 1,5 және 10л деген жазуы бар ыдыстар;
  3. дезинфекциялаушы камераға заттарды тасымалдау үшiн кленкалы қаптар;
  4. дезинфекцияланатын затқа арналған үлкен ыдыс;
  5. таза заласызданған ветошь;
  6. қолданылған ветошьтар және қолданылған арнайы киiм комплектерiнiң кленкалы қаптары;
  7. сортировкасы жасалған дезинфекциялық заттар;
  8. арнайы киiм: халаттар, қалпақтар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар;

Дезинфицирлеушi заттармен жұмыс iстегенде еңбектi қорғау ережелерi:

  1. Химиялық дезинфицирлеушi заттарды сақтау ережелерiн сақтаңыздар.
  2. Дезинфекциялы зат бар ыдыстар атауы, тағайындалуы, дайындалу күнi және мерзiмi көрсетiлген паспорты болу керек.
  3. Дезинфекциялайтын ерiтiндiлердi дайындағанда жеке бастың гигиенасын сақтаңыздар (арнайы халаттар, бас орамалдар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар, ауыстыратын аяқ киiм).
  4. Дезинфекциялы ерiтiндiлердi ауасын тартатын шкафта немесе арнайы вентиляциясы бар бөлмелерде дайындалады және сұрыптау жүргiзiледi.
  5. Дезинфекциялық заттар терiге тигенде оларды сумен лезде жуып шаю керек.
  6. Көзге түссе-2% сода ерiтiндiсiмен шаю керек, 30% альбуцид тамызу, ауырсыну басылмаса-2% новокаины бар көз тамшыларын тамызу.
  7. Тыныс алу жолдары тiтiркенгенде-лезде басқа желдетiлетiн бөлмеге немесе таза ауаға шығуы керек, содасы бар жылы сүттi iшу, 2% сода ерiтiндiсiмен ауызды шаю керек, қажет болса жүрек препаратын, тыныштандыратын және жөтелге қарсы заттарды қабылдау керек.

Дезинфицирлеуші хлорлы жұмыс қоспаларын дайындау ережелері:

  • ашық хлорлы әк қоспасын әзірлеу үшін: 1 кг ұнтақ хлорлы әкті 10 л (шелек) суық суға араластырады;
  • қоспаны тәулік бойы тұндырады;
  • алынған қоспаны күңгірт шыныға құйып, тығынмен жабады (10 % хлорлы әк қоспасын алатын болғандықтан 5-7 күн қараңғы жерде сақтайды);
  • хлорлы әктің жұмыс қоспасын дайындау:
  1. 0,1 % — 100 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,9 л суға;
  2. 0,2 % — 200 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,8 л суға;
  3. 0,5 % — 500 мл 10 % хлорлы әк қоспасын 9,5 л суға;
  4. 1 % — 1 л 10 % хлорлы әк қоспасын 9 л суға;
  5. 2 % — 2 л 10 % хлорлы әк қоспасын 8 л суға;
  • хлорамин қоспасын қолдану алдында ғана дайындайды:
  1. 0,2 % — 2 г хлорламин  1 л суға;
  2. 1 % — 10 г хлорламин  990 мл суға;
  3. 2 % — 20 г хлорламин  980 мл суға;
  4. 5 % — 50 г хлорламин  950 мл суға;

Сонымен қатар стерилизация және залалсыздандыру жайлы материалды қарай кетіңіз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...