Адам сүйектері жайлы ілім. Жалпы түсінік

СҮЙЕКТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ -OSTEOLOGIA

Адам денесінің сүйектері, ossa, тірек-қимыл мүшелерінің ішіндегі жұмсақ тіндердің тірегі және бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын маңызды құрылым. Адамның денесіндегі 200-ден астам тақ және жұп сүйек-тер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды.

адам қаңқасы сүйектер

Адам қаңқасының жалпы көрінісі

Қаңқаны құраушы сүйектер тобы, systema skeletale, топографиялық орналасуына және эмбриондық дамуына және атқаратын қызметіне байланысты: біліктік қаңқаға, skeleton axiale, және қосымша қаңқаға, skeleton appendicular, бөлінеді. Біліктік қаңқаға: бассүйек, cranium, омыртқа бағанасы, соіитпа vertebralis, және кеуде торын құраушы сүйектер, ossa thoracis, жатады. Қосымша қаңқа сүйектеріне: қолсүйектері, ossamembri superior, мен аяқ сүйектері, ossa membri inferior, жатады. Қаңқаның бұл сүйектер тобы сыртқы пішіні мен құрылысы әртүрлі болып келуімен қатар, қантамырлар мен нервтерге өте бай жүйе болып табылады.

АДАМ ҚАҢҚАСЫНЫҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ

Қаңқаны құраушы сүйектер тобы, құрылысына қарай: сүйектік бөліктен, pars osseae, және шеміршектік бөліктен, pars cartilagines, тұрады. Сүйектердің шеміршектік бөлігіне: буын бетінің шеміршектері, cartilagines articulares, ұзынтүтік тәрізді сүйектердің эпифиздік шетіндегі шеміршектерден, cartilagines epiphysales, және қабырғалардың шеміршектерінен, cartilagines costales, тұрады. Сүйектердің сыртқы беті өте жұқа қан тамырларға және нервтерге бай дәнекер тінді қабықтан, periosteumтүрады.

Сүйектік тін қабықшасының терең қабаты орналасуына қарай, сыртқы беті дәнекертіндерден, терең қабатты остеогендік қабаттан тұрады. Сыртқы талшықты дәнекер тінді қабаты, сүйектік тіндермен тығыз байланысып қоймай, қан тамырлар мен нервтерге өте бай қабат болып саналады. Бұл қабықшаның қан тамырлары сүйектің терең қабатына қарай сүйектік өзекшелер, canalis nutricius, арқылы өтіп, сүйектің кемікті бөлігімен өзара тығыз байланысқан.

Сүйек қабығының остеогендік қабаты сүйек тіндерін құраушы остебласт жасушаларынан түрады.

Қызметі: сүйектік тіндердің дамуын, әсіресе сынған кездегі бітісуін жеделдетсе, сүйектік қабығы қабаты, проксималді және дисталді бөлігіне қарай бойлай өтіп, буын шеміршегінің тұсында, буын шеміршегінің бетін жауып, шеміршекқабыққа, perichondrium, ұласады.

Сүйектік қабығы, periosteum, сүйектің сырқы бетін жауып, сүйектіктіндерді қоректендіру қызметін атқарып қоймай, сүйектің бетінде беткей орналасқан: өсінділерді, processus, қырқаларды, cristae, төмпелерді, tuberi, шұңқырларды, fossae, шұңқыршаларды, foveae, т.б, жауып орналасады. Түтік тік сүйектің қуысқа қараған беті жұқалау келіп, сүйек шілік қабықшамен көмкерілген.

Сүйектер, сыртқы пішініне қарай: ұзын ossa longi, қысқа ossa brevia, және жалпақ сүйектерге ossa plana, бөлінеді. Сонымен қатар, сыртқы пішіні өзгеше сүйектер, ossa iriangulareae, мен қатар терең қабаты ауамен толықтырылған немесе ауылы сүйектер де, ossapneumatica, кездеседі. ¥зын немесе түтік тәрізді сүйектерге: тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ жілік, алақан және саусақтың сүйектері, ортан жілік, асықты жілік сүйегі және оның шыбығы және табан, бақай сүйектері жатады. Түтік тік немесе ұзын сүйектердің ортасы диафиз, diaphysis, және проксималді, дистадді ұштары немесе эпифиздері, epiphysis proximalis et distalis, ажыратылады. Ұзын сүйектердің проксималді шетін эпифиздік шеті, epiphysis proximalisдеп, ол қаңқағажақын бөлігі, дисталді эпифиз epiphysis distalis деп, ал біліктік қаңқадан алшақ орналасқан ұшын айтамыз. Бұл сүйектердің диафизі мен эпифизі аралығында орналасқан бөлігін метафиз, metaphysis, д,еп аталынады; ¥зын сүйектердің аралығындағы бөліктері балалар мен жасөспірімдерде эпифиздік шеміршектер, cartilago epiphysialis, арқылы бітіскен.

Эпифиздік шеміршектің негізгі қызметі, ұзын сүйектердің бойлай өсуін қамтамасыз етеді. Даму сатысының кейінгі кезеңдерінде эпифиздік шеміршектер сүйектік тіндерге ұласуына байланысты, тек қана эпифиздік сызықшаны, Ііпеа epiphysialis, құрайды. Ересек адамдарда бұл сызықшалар сүйектік тінге айналуына байланысты мүлде байқалмайды.

Түтік тік ұзын сүйектерді кесіп байқайтын болсақ, сыртында орналасқан тығыз затынан, substantia compacta, және терең қабаты кемікті затынан, substantia spongiosa, тұрады. Сүйектердің мұндай кемікті бөлігі жілік май қуысынан, cavitasmedullaris, тұрады .

Қысқа сүйектердің сыртқы беті кемікті бөліктің табақшаларын жауып орналасқан, өте жұқа келген тығыз затынан, substantia compacta, гұрады. Тығыз қабаттың терең қабаты кемікті заттың табақшаларынан және аралығындағы орналасқан кемікті затгың ұяшықтарынан тұрады. Кемікті заттың табақшаларының орналасуы сүйектерге түсетін салмаққа бағытталған.

Жалпақ сүйектердің құрылысына келсек, жалпақ сүйектердің кемікті қабаты керісінше жұқалау болып келген. Сыртқы беті: екі жағынан тығыз келген табақшамен, lamina externa, көмкерілген.

Бассүйек қақпағының кемікті затын диплоэ, diploe, немесе екі жақтылық деп аталады. Себебі, кемікті затының сырты және ішкі беті тығыз келіп орналасқан табақша мен қапталған. Кемікті заттың терең қабатында диплоэттық өзекшелер, canalis diploid, орналасқан.

Сонымен қатар, бас сүйектің кейбір бөліктерінің: маңдай, тор, жоғарғы жақ сүйек және сына тәрізді сүйектердің терең қабатында мұрын қуысымен жалғасатын ауалы қуыстықтар немесе қойнаулар орналасқан. Шайнау кезінде салмақты жеңіддету үшін, бүл сүйектердің кемікті бөлігініңтабақшалары қалындап, белгілі бағытта орналасып, мандаймұрын, алвеоларлы, бетсүйектік, қанаттаңдай және төменгі жақ сүйектік контрофорсты құрайды. Контрофорстар шаинау аппаратының салмақ түсетін тіреп болып саналады.

Сүйектердің кемікті бөлігінің ұяшықтарында жілік майы, medulla osseum орналасқан. Жілік майы түс ерекшеліктеріне және құрылысына қарай: қызыл сүйектік майдан, medulla ossium rubra, және сары жілік майдан, medulla ossium flava, тұрады. Қызыл жілік майының функционалдық қызметіөте күрделі, негізгі қызметі қанның құрамын түзу. Адам организімінің қарқынды түрде өсіп, дамуына байланысты, қызыл жілік майы сары жілік майға ұласады. Сары жілік маиының непзп қызметі резервтік қызметгі атқарып қоймай, организмге белгілі қолайлы кезеңдерде, қызылжілік майға айналуы байқалады.

Адам қаңқасының біліктік бөлігі — Skeleton axiale

Біліктік қаңқа: бас сүйек, омыртқа бағанасы, кеуде торын немесе қуысын құраушы сүйектерден түрады. Соңғы екі топ сүйектер тұлға сүйектерінің құрамына жататынын еске алуымыз керек.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...