Кеуде қуысы. Қабырғалар

Кеуде қуысының сүйектері. Қабырғалар. Төс сүйек

Қабырғалар, costae, жалпақтау және жіңішкелеу келіп, кеуде қуысына қарай иіліп, симметриялық жағдайда орналасқан 12-жұп қабырғалардан тұрады. Қабырғалар: ұзындау келген артқы сүйектік бөліктен және қысқалау келген алдыңғы шеміршектік бөліктен тұрады.

Сүйектік бөлігі: омыртқалық және қабырғалық ұшынан және денесінен тұрады.

  • Қабырғаның төмпешігі, tuberculum costae, жоғарғы 10- қабырғаның маңында орналасқан. Қызметі: төмпешіктердің буын беттері кеуде омыртқалардың көлденең өсіндісіндегі шұңқыршалардың буын беттерімен беттесіп, буын құрайды.
  • Қабырғаның мойыны, collium costae, бұл сүйектің өте жіңішкелеу келген бөлігі болып саналады. Жоғарғы бетінде I, XII қабырғадан басқа қабырғалар да мойын қырқалары, crista collicostae, орналасқан.
  • Қабырғаның басы, caput costae, қабырғаның омыртқалық ұшында орналасқан. Мұнда кеуде омыртқаның қабырғалық шүңқыршаларымен беттесіп, буын құрайтын буын беттері, fades articularis capitis costae, айқын байқалады. II —X қабырғалардың буын беттерінде горизонталь бағытта орналасқан қабырға басының қырқалары, crista capitis costae, арқылы көлемді келген жоғары және кішілеу келген төменгі буын беттеріне бөлінген. Бұл буын беттері омыртқалардың аралығында қабырғалық шұңқыршақтармен беттесіп, буын құрауға қатысады.
  • Қабырғаның омыртқалық ұшы: басынан, мойнынан және денесінен тұрады.
  • Қабырғаның денесі, corpus costae, қабырғаның төмпешігі мен шеміршектік ұшының аралығындағы бөлікті құрайды. Қабырғаның денесі сүйектік бөліктің тым ұзын бөлігі болып саналады. Қабырғаның омыртқалық ұшы мен жалғасқан жерінде қабырғаның бұрышы, angulus costae, орналасқан. Қабырғалардың бұрышы I қабырғатөмпешігінің маңында орналасса, қалған қабырғаларда төмен бағытта орталық сы-зықшадан латеральды бағытта ХІ-қабырғаға дейін ауытқып орналасқан. XI, XII қабырғалар-да қабырғалық бұрыштары дамымаған.

кеуде қуысы

Қабырғалардың денесі, corpus costae, барлық қабырғаларда жалпақтау келіп, сагиталь жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің дөңестеу келген сыртқы беті, ойыс келіп кеуде қуысына қараған ішкі беті және доғаддау келген жоғарғы қыры, өткірлеу келген төменгі қыры ажыратылады. Қабырға денесінің кеуде қуысына қараған бетінің төменгі жиегінің ішкі қапталында, қабырғалық нервтер мен қантамырлар өтетін қабырға астылық жүлгелері, sulcus subcostalis, орналасқан.

Қабырғаның шеміршектік ұшы, cartilago costalis, сүйектік бөліктің тікелей жалғасы болып саналады. Олар I қабырғадан VII қабырғаға дейін біртіндеп ұзара келіп, төс сүйегімен тікелей буын арқылы буындасқан. I қабырғадан VII қабырғаға дейінгі қабырғаларды негізгі қабырғалар, costae verae, деп, төменгі VIII қабырғадан X қабырғаға дейінгі қабырғаларды, жалған қабырғалар, costaespuriae, деп, алХІ.ХІІ қабырғаларды қозғалмалы қабырғалар, costae fluctuantes, деп аталынады. Қозғалмалы қабырғалар деп аталу себебі, төс сүйегіне жетпей ұштары құрсақ бұлшықеттердің аралығында орналасқандықтан. VII, VIII, X, X қабырғалардың шеміршектік ұштары төс сүйегіне жетпей бір-бірімен өзара жалғасып, қабырғаның доғасын, arcussternicostae, құрайды.

Қабырғалардың ішінен I, II және XI, XII қабырғалар өзгешелеу келеді.

  1. Бірінші қабырға, costa prima, басқа қабырғаларға қарағанда жалпақтау, қысқалаужәне горизонтадді жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің бұдырлау келген жоғарғы беті, тегістеу келген төменгі беті және дөңестеу келген сыртқы қыры, ойыстау келген ішкі қыры ажыратылады. Денесінің жоғарғы бетінде алдыңғы сатылы бұлшықеттің бекитін төмпешігі, tuberculum т. scaleneus anterior, орналасқан. Бұлтөмпешіктің алдында бұғана астылық венаның жүлгесі, sulcus v. subclaviae, артында бұғана астылық артерияның жүлгесі, sulcus a.subclaviae, орналасқан. Сонымен қатар, бірінші қабырғаның басы, мойыны және төмпешігі жақсы дамыған. Қабырға басының буын беті толық, қырқаларыжоқ.
  2. Екінші қабырға, costa secunda, сагитальды жазықтық пен горизонталді жазықтықтың аралығында орналасқан. Денесінің бұдырлау сыртқы беті ойыстау келген, ішкі беті ажыратылады. Денесінің сыртқы бетінде алдыңғы тісшеленген бұлшық еттің, т. serattus anterior, бұдыры айқын байқалады.

XI, XII қабырғалардың ұштары құрсақ бұлшықеттердің аралығында орналасқандықтан қозғалмалы қабырғалар деп аталуы сол себепті. Ерекшеліктері: буын басытолық, қырқасы жоқ. Мойыны, төмпешігі мен бұрышы нашар дамыған. Сыртқы пішіні қылышқа ұқсаған.

Төс сүйегі

Төс сүйегі — sternum, өз аддына дара, сыртқы пішіні қанжарға ұқсаған, жалпақ және ұзындау келген. Кеуде торының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысады. Төс сүйегі үш бөліктен: тұтқасынан — manubrium sterni, денесінен — corpus sterni, және семсерлік ұшынан — processus xiphoideus, тұрады. Олар бір-бірімен өзара шеміршектік ткандар арқылы байланысқан.

  1. Төс сүйегінің тұтқасы — manibrium, төс сүйегі бөліктерінің ішіндегі көлемді бөлік. Жоғарғы бөлігі қалыңдау, төменгі бөлігі жұқалау, енсіз болып келген. Жоғарғы жиегінде саусақпен сипағанда айқын байқалатын мойындырық тілігі — incisura jugularis, бүйір қапталында бұғана сүйегінің төстік ұшымен беттесіп, буын құрайтын бұғаналық тілігі — incisura clavicularis, орналасқан. Бүйір қапталында I қабырғаның шеміршектік ткані арқылы байланысқан қабырғалық тілігі — incisura costalis, орналасқан. Одан төменірек II қабырғаның тілігі -incisura costalis II, орналасқан.
  2. Төс сүйегінің денесі — corpus sterni, ол бұл сүйекті тұтқасына қарағанда үш есе ұзындау және енсіз келген. Әйел адамдарға қарағанда ер адамдарда қысқалау болып келген. Төс сүйегінің денесі тұтқасы мен шеміршек ткандар арқылы байланысып, дөңес жағы алдына қараған төс сүйегінің бұрышын — angulus sterni, құрайды.

төс сүйегі

Денесінің алдыңғы бетінде, эмбрионалдық даму кезінде, денесін құраушы сегменттердің дара шеміршектік ткандар арқылы, одан кейінгі 1-солжақ бұғана; 2-темендеген қолқа; 3-өкпе қақпасы; 4-өкпе сабауы; 5-жүрек; 6-солжақ өкпе; 7-көкет (солжақ күмбезі); 8-көкет (оң жақтың күмбезі); 9-жоғарыланған қолқа; 10-оң жақ күмбезі; 11-қолқа доғасы; 12-қабырға (артқыбеті); 13-солжақ бұғанасы; 14-оңжақ жауырын; 15-солжақ жауырын; 16-қабырға (алдыңғы жағы) даму кезеңдерде сүйектік ткандар арқылы бітісіп, көзге әлсін байқалатын көлденең сызықшалары — lineae transversus, айқын байқалады.

Төс сүйегі денесінің бүйір қапталында, екінші қабырғадан жетінші қабырғаға дейінгі аралықта қабырғалардың шеміршектік ұшымен беттесіп, буын құрайтын 4 жұп толық, 2 жұп жартылай қабырғалық тіліктер — incisura costales, орналасқан. Жартылай тіліктің бірі 1-қабырғаның шеміршектік ұшымен беттесіп буын құраса, екінші жарты тілік VII қабырғаның шеміршектік ұшымен беттесіп, буын құрау қызметін атқарады. Қалған 4 жұп толық тіліктер II- VI қабырғалардың шеміршектік ұшымен беттесіп буын құрайды.

  1. Төс сүйегінің семсерлік ұшы — processus xiphoideus, бұл сүйектің басқа бөліктеріне қарағанда қысқалау, сыртқы пішіні өзгермелі болып келген. Эмбрионалдық даму өзгермелі келеді. Кейбір кезеңде, N ұшы айырылып, ортасында тесігі, ұштары алға немесе артқа қарай ауытқып орналасуы байқалады. Бүйір қапталындаЛШ қабырғаның шеміршектік ұшымен беттесіп, буын құрайтын тілігі орналасқан. Төс сүйегінің семсерлік ұшы 17-18жас-қа дейін шеміршектік тканнан, одан әрі сүйектік гкандар арқылы бітісіп, біртұтас төс сүйёгін құрайды.

Кеуде қуысы

Кеуде торы, compages, немесе кеуде қуысы, cavum thoracis. Ол 12 кеуде омыртқалар мен 12 жұп қабырғалар және төс сүйегі арқылы және өзара буындар мен дәнекер ткандар арқылы шеміршектік ткандар арқылы байланысу нәтижесінде құралған қуыстық кеуде торының сыртқы пішіні кесілген конусқа ұқсаған. Қуыстықтың тарлау келген жоғарғы тесігі, жалпақтау келген төменгі тесігі және алдыңғы, артқы, бүйір қабырғалары ажыратылады.

кеуде қуысы қабырғалар

  1. Кеуде торының алдыңғы қабырғасы: төс сүйегінен және қабырғаның шеміршектік бөлігінен тұрады. Ол қиғаш бағытта, әсіресе гөменгі бөлігі алға қарай ығысып орналасқан.
  2. Кеуде қуысының артқы қабырғасы: 12-кеуде омыртқасынан және 12 жұп қабырғаның басынан бұрышына дейінгі қабырғалық ұшынан, extremita vertebralis, беліктен құралған. Артқы қабырғасы алдыңғы қабырғасына қарағанда биіктеу келген.
  3. Бүйір қабырғалары: 12 жұп қабырғаның бұрышынан шеміршектік бөлігіне дейінгі бөліктерінен тұрады. Кеуде қуысының бұл қабырғасы кеуде торының басқа қабырғаларына қарағанда биіктеу сыртқы беті дөңестеу болып орналасқан. Кеуде торының сыртқы арқалық бетінде, кеуде омыртқалардың арқаөсіндісі мен қабырға бұрышының аралығында, вертикалді бағытта орналасқан екіжақты сайлар орналасқан. Бұл сайларда, арқаның терең орналасқан бұлшықеттері орналасады.

Сонымен қатар, кеуде торының артқыішкі бетінде кеуде омыртқалардың денелері мен қабырғалар бұрышының аралығында вертикаль бағытта екі жақтық өкпе сайлары — sulcus pulmonales, бойтепкен. Екі қабырғаның аралығындағы кеңістікті қабырға аралық кеңістік — spatium intercostalis, деп аталады. Бұл аралықта қабырға аралық жарғақ пен бұлшықеттер және қантамырлар, нервтер орналасқан.

Сонымен қатар, кеуде торының жоғарғы және төменгі тесіктері немесе апертуралары ажьіратылады.

  1. Кеуде қуысының жоғарғы апертурасы — apertura thoracis superior, төменгі апертураға қарағанда шағын келген. а) алдында: төс сүйегінің тұтқасының жоғарғы жиегімен; ә) артында: 1-кеуде омыртқаның денесімен; б) бүйір қапталы: 1-қабырғаменшектелген. Бұл апертураның сыртқы пішіні көлденең жазықтықтың бойында сопақша болып, артынан алға қарай қиғаш, еңкіштеу бағытта орналасқан. Төс сүйегі тұтқасының жоғарғы жиегі 2-3 кеуде омыртқалардың аралығындағы деңгейге сәйкес келеді.
  2. Кеуде қуысының төменгі апертурасы — apertura thoracis inferior, алдында: төс сүйегінің семсерлік ұшымен; бүйір қабырғасы: қабырғалардың шеміршектік бөлігінің доғасымен және XI, XII қабырғалардың шеміршектік бөлігіғгің фиброздық ткандарымен; артқы қабырғасы: 12-кеуде омыртқаныңденесімен шектескен. Төс сүйегінің семсерлік ұшы қабырғаның доғасы-мен бірлесіп, төмен қарай бағытталған төменгі төстік бұрышты — angulus infrastemalis, құрай-ды.

Кеуде торының жалпы пішіні адамның жас ерекшеліктеріне байланысты: жалпақ, цилиндр, конустәрізді болып келеді.

Кеуде торы енсіз ұзын болып келген адамдарда: кеуде торы кең адамдарға қарағанда, төстік бұрышы жіңішкелеу және қабырға аралығы алшақтау келеді.

Кеуде қуысы ер адамдарда, әйел адамдарға қарағанда, ұзындаужәне кендеу немесе конус тәрізді болып келеді. Сыртқы пішіні жасына және жыныстық ерекшеліктеріне қарай өзгермелі келеді.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...