Краниометрия. Бассүйек индекстерін анықтау

Краниометрия. Бассүйектің милық және бет сүйектің индекстерін анықтау

Краниометрия (грекше craniometria,краниум – бас; метрия — өлшеймін ), яғни басты өлшеймін дегенді білдіреді. Бастың пішінін, оның көлемін зерттейтін ілім – антропология, оның бір саласы краниология.

Бұл көбінесе соттық медициналық экспертизада қолданылады.

Бассүйегі, жақсы сақталатындықтан, құрып кеткен нәсілдер туралы соған сүйеніп қорытынды жасауға болатын қазба материал болып табылады. Бассүйек пішіні жеке адамдарда едәуір өзгергіш келеді. Бассүйек көрсеткішіне, яғни көлденең диаметрінің бойлық диаметріне проценттік қатынасына қарай ми сауытының негізгі үш формасын ажыратады:

  1. Қысқа-бронхикранды (бассүйек көрсеткіші 80-нен жоғары);
  2. Ұзын-долихокранды (75-тен төмен);
  3. Ұзын долихокранды (75-тен төмен).

Ұзын бассүйек көбірек дамыған ми жайғасатын орын деген бір жақты түсінікке сүйеніп, бірқатар кертартпа ғалымдар түрлі адам нәсілдерін сипаттайтын жоғарғы және төменгі бассүйек типтері болады деген нәсілшілдік теорияны дамыта бастады. Әрине, еуропалық бассүйектер жоғарғы, ал түсті халықтардікі төменгі болып шықты. Айталық, мәселен, бушмендердің бассүйектері мен австриалықтардың бассүйектерін неандерталдықтардың бассүйектерімен ұқсас болғандықтан қарапайым деп есептеледі. Алайда объективті ғалымдардың зерттеулері көрсеткеніндей, австриялық бассүйектің негізгі белгілерінің бірі – ми сауыт бет көрсеткіші бойынша неандертальдықтардікінен айырмасы болады, ал неандертальдық белгілердің өздері қазіргі кездегі барлық нәсілдерде таралған. Мұның ең бір қызық мысалы – американ палеонтологы Коптың бассүйегі, ол Шаппель-О-Сен-нен табылған неандерталдықтың бассүйегімен керемет ұқсас болып шықты.

Ұлы Отан соғысы қарсаңы мен кезінде гитлерлік Германияның антропологтері дилихоцефальды бассүйек пішіні солтүстік нәсілге, немесе арий нәсіліне тән  немістердің басқа нәсілдерден биологиялық жағынан артықтығын көрсетеді, мұның өзі немістерге басқа халықтарды жаулап алып, дүние жүзіне үстемдік құруға жол береді дегенді дәлелдеуге тырысты. Алайда нәсілдік белгілердің маңызы туралы мәселені дүрыс шешу үшін нәсіл мен ұлт ұғымдарының ара жігін ажырату  керек. Нәсілдегеніміз  табиғи-тарихи  категория. Ол белгілі бір территорияда тұратын адамдар тобына ортақ, тұқым қуалау берілетін морфологиялық белгілердің жиынтығымен сипатталады. Қазіргі бүкіл адамзат дамудың бір сатысында тұр, бірақ адамзат тіршілігінің түрлі дәуірінде жекелеген топтардың белгілі бір мекен ортасына байланысты түрлі нәсілдер пайда болды. Бұл жағдайда қоғамның материалдық тіршілік жағдайлары, яғни оның даму жағдайлары үлкен роль атқарды.

Алайда адамдардың барған сайын тығыз аралаласып-құрасуы олардың  араласып , нәсілдер арасындағы тым көзге ұратын шектерінің жойылуына әкелді. Сондықтан нәсілдері жоғары және төменгі деп бөлуге ешқандай ғылыми деректер жоқ. Адам нәсілдері ұлт, тайпа, халық деген сияқты әлеуметтік бөліністерден де өзгеше келеді.   Ұлт дегеніміз әлеуметтік категория. Сопдықтан саяси, яғни әлеуметтік үстемдік  құруға ұмтылуын нәсілдік, яғни биологиялық белгілермен ешбір ақтауға болмайды.  Анатомиялық фактілер де осыны дәлелдейді. Мәселен, шетел және совет ғалымдары дәлелдегеніндей, бссүйектің ұзарған формасы қазіргі барлық нәсілдерде  кездеседі. Барлық нәсілдерде ұзын немесе қысқа бассүйектердің, ал кейде неандертальдық белгілердің болуы  қазіргі барлық  нәсілдердің айырмашылықтары емес, керісінше олардың ұқсастығын, бір тектен – неандерталь ата-тектен шыққанын дәлелдейді. Сол сияқты барлық нәсілдерде бастың шеңбері  бірдей өзгеріп отырады (53-61), ол бірқатар дарынды адамдарда (Лейбниц, Кант) біршама кіші (55 см),  ал Дантеде тіпті 54 см болған. Эволюция барысында адам бассүйегінің сыйымдылығы орташа алғанда үздіксіз өсіп отырды (питеконтропта – 900 см3, ал осы кездегі адамда – 1500 см3).

Қазіргі уақыттағы краниометрия

Қазіргі кездегі халықтардың әлеуметтік және мәдени дамуының түрлі деңгейінде болуы биологиялық факторға  (нәсілдік белгілерге) емес, әлеуметтік факторларға байланысты.

краниометрия қазақша

краниометриялық индекстерді анықтау сызықтары

Бастың өлшемі әр адамда әртүрлі болады. Жас ерекшеліктеріне байланысты, жынысына байланысты әрқалай болып келеді.

Бассүйектің дамуы дененің барлық сүйектері сияқты дәнекер ұлпалы сатыдан басталады. Бастың негізіндегі сүйектер дамудың шеміршекті және сүйекті сатысынан өтеді, ал  бет және бастың қақпақ сүйектері сатысынан өтпейді. Сондықтан жсте туған кезде оның бас сүйектерінің  аралығында дамудың дәнекер үлпасы сатысының белгілері қалады. Олар баланың еңбегі (родничок, fonticulis) деп аталады.

Алдынғы еңбек екі төбе сүйегінің аралығында болады. Бүйірдегі еңбек баланың екі–үш айында, ал алдынғысы екі жаста қатай ады. Әртүрлі ауруларда еңбек өзгеріп тұрады. Мысалы: денеде сұйықтық азайғанда, баланың іші өтіп тұрады. Мысалы: денеде сұйықтық азайғанда, баланың іші өткенде еңбек төмен түседі.

Бастың екінші жас ерекшеліктері нәрестеніңбасының негізіндегі сүйектердің арасында шеміршектер болады.

Үшінші ерекшелігі – жас нәрестенің бас сүйектерінде ауа қуыстары, өсінділер, тістер болмайды. Жақ сүйектері жақсы дамыған болады. Бастың жіктері 3-5 жаста тоқтайды. Ерлердің басы денесінің құрылысына қарай, әйелдердің басынан үлкенірек болады. Қарттардың басындағы қырлар, борпылдақ заттар сорылып сүйек жеңіл болып қалады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...