Өт жайлы түсінік. Өт қызметі, түзілуі

Өт жайлы түсінік. Өт қызметі, түзілуі

  • Өт – сары түсті сұйық сұйықтық. Өттің құрамамындағы компоненттер суда орналасқан.
  • Өт – гепатоциттердің және өт өзегінің эпителий жасушаларының секреторлық қызметі нәтижесі.
  • Өт – ішек және асқазанның пилорикалық бөлімінің моторикасын күшейтетін қоздырғыш болып келеді, энтериттердің пролиферациясын үдетіп, ішек микрофлорасының дамуын тежейді, тоқ ішектегі шіру процесстерін алдын алады.

Өтті бауырдан бөлінуі тоқтамай өтеді, кейін өт қабында жинақталып, ал оның бөлінуі ас қорыту бастағаннан кейін (тағам қабылдауды бастағаннан 3-12 минуттан кейін) басталады. Ас қорыту барысында ең алдымен өт қабында жинақталған өт пайдаланып, кейін бауырдан 12 елі ішекке бөлінуі басталады Бауырлық және өт қабының өті он екі елі ішекке түсіп, ас қорыту қызметіне қатысады. Ол ішекке түсетін заттардың қышқылдығын төмендетіп, пепсиннің әрекетін тежейді, ұйқы безінің ферменттерінің белсенділігі үшін жағдай жасайды.

өт қабы

Өт қабының орналасуы. 5-нөмермен көрсетілген өт қабы

Өт түзілуі

Адамда тәулігінде 0,9-1,5 л өт бөлінеді. Өт гепатоциттермен бөлінеді. Гепатоциттер қан капиллярларымен тығыз байланыста болады. Гепатоциттер қан пазмасынан су, глюкоза, креатинин, электролиттер және т.б. Заттарды алады. Гепатоциттер өт пигменттерін және өт қышқылдарын бөледі, кейін олар өт капиллярынеа бөлінеді. Кейін өт бауырдың өт жолдарына бөлініп, 12 елі ішектің өт жолдарына да жеткізіледі. Өттің өт қабы жалпы өт жолынан бастау алады.

өт қабы

Өт қабының жеке көрінісі

Өт құрамы

Өттің негізгі үлесін су алады. 98%. Қалған 2% өт пигменттерінен, өт қышқылдарынан,витаминдарден, аминқышқылдар, глюкокортикоидтар түзілген құрғақ қалдық алады. Сонымен қоса өт құрамына органикалық емес заттар (натрий, калий, кальций, темір, хлор ) енеді. Өттің өзіндік салмағы 1,01, судың тығыздығынан біршама асып түседі, бауырмен бөлінген өттің рН 7,5-8,0-ге сәйкес келеді (әлсіз сілтілі реакция береді). Бірқатар уақыт өт қабында жатқан өттің рН – 6,0-7,0-ге сәйкес келеді ( әлсіз қышқыл реакция береді).

Бауырлық өт өт жолдарын қамтып, өт қабына түскеннен кейін өз қасиеттерін өзгертеді. Өт қабының шырышты қабатының эпителий жасушалары құрамынан Na+ белсенді тасымалын жүзеге асырып, Сl, HCO3 аниондарының, судың реабсорбциясының себебі болады. Бұл өт қабының өтінің қоюлануына және рН төмендеуіне әкеледі (7,3 – 8,0-тен 6,5-ке дейін.)

Өт түрлері

Бауырлық өт – ақшыл-сары, алтын түс сәйкес, рН 7,3-8,0, салыстырмалы тығыздығы 1,008-1,015.
Өт қабы өті – қошқыл қара түсті, рН 6,0-7,0, салыстырмалы тығыздығы 1,026-1,048 сәйкес. Өт қабындағы өт құрамында құрғақ қалдықтың мөлшері 5-6 есе көп, бауырдікімен салыстырғанда.

Өт қышқылдары

Өттің негізгі функционалды компоненті болып өт қышқылдары болып келеді, құрамындағы қалған заттары ас қорытуға қатыспайды. Су — өмірдің негізгі ортасы болып табылады. Адам ағзасының 95%судан тұрады. Кезкелген заттың ағзаға сіңуі қажет болса, сулы ерітінді сүйіне өтуі керек. Алайда май ерімейді. Майды сіңіру үшін бауыр өт бөледі, ол кейін өт жолдары бойымен ас қорытылуы мен сіңіруі жүзеге асатын ішек жолдарына түседі.

Өт қышқылдары – табиғи детергенттер болып келеді. Өттің өт қышқылдары желінетін маймен араласып, оны эмульсия жағдайына дейін жуады, ол жағдайда май ұсақ тамшыларға айналып, су ортасында қалқып жүреді. Осыдан кейін май эмульсиясы ферменттермен өнделіп, майды ұсақ құрылымдық элесементтерге айналады. Маййдың тек мынандай ұсақ құрылымдар ішекте сіңіріледі.

Өттің түзілу қызметі

Өт қышқылдары билирубиннен гепатоциттерде синтезделеді. Соған қоса, синусты қантамырлық капиллярдың гепатоциттері белсенді түрде тасымалдаушылар арқылы өт капиллярына бөлнеді. Сол жағдайда оспатикалық қысымға сай өтқышқылдарымен су енеді. Гепатоциттер мембранасы арқылы өт капиллярына Na+ белсенді тасымалы жүзеге асады, ал электрлік градиентке сай Na+ кейін электрлік градиент бойынша Сl , HCO3 аниондары тасымалданады. Аниондар мен катиондардың тасымалдау механизмдері осыған сәйкес. Гепатоциттер өт капиллярына фосфолипидтер, холестерин, билирубин бөледі.

Өт қышқылдарының түзілуі: Өт қышқылдары бауырда холестериннен түзіледі. Адамда бұл процесс сапалы емес, холестериннің бір бөлігі өт қышқылдарына айналмай, таза күйінде өтпен шығарылады. Дәл сол холестерин болашақ өт тастарының көзі болуы мүмкін. Холестерин 37º суда мүлде ерімейді және таза күйіндегілерден кристаллдар түзіле бастайды. Холестеринді кристалданудан сақтау үшін, өтте тағы бір компонент болады – лецитин. Ол өзі не холестерин кристалдарының бауырдан ішекке дейінгі тасымалын қамтамасыз етеді. Оларға мицелла мен визикула деп атайды.

Мицелла: Өттің негізгі компонентінің молекулалары, соның ішінде өт қышқылдары, лецитин, холестерин. Оның бір бөлігі гидрофобты, суда ерімейтін. Екінші бөлігі гидрофильді, суда ериді. Егер өт қышқылдарының, холестерин, лицетин молекулаларын екі орта- май және су арасына қояды, олар өздігінен гидрофильді бөлігі суда, гидрофобты – май.

Өт жасушаларымен құралған қарапайым молекула. Егер өт қышқылдарының концентрациясы жоғары болса, олар нағыз ерітінді күйінде су түзілуі мүмкін. Егер өт қышқылдарының концентрациясы жоғарылаған жағдайда, олар қарапайым мицелла түзеді, яғни өт қышқылының бірнеше өт қышқылдарының бірнеше молекуласынан түзіген конгломерат.

Өт қышқылдарынан, лецитин, холестериндерден түзілген күрделі мицелла. Егер су ерітіндісіне бір уақытылы 3 негізгі өт компоненттерінен құралған молекуланы салған кезде, олар өздігінен күрделі мицелла, не молекуланың 3 түрінен қалыптасқан конгломерат.

өт қабы

Өт қабының контрасты затпен түсірген рентген түсірілімі

Өт қызметтері

  1. Майлар эмульгациясы
  2. Үшглицеридтердің сіңірілуіне жағдай жасау, хиломикрондар мен мицелий түзілуі.
  3. Липаза белсендірілуі
  4. Жіңішке ішек моторикасының күшеюі
  5. 12 елі ішекте пепсин инактивациясы
  6. Ішек флорасының сонациясы
  7. Энтероциттердің пролиферациясы мен қоюлануының белсендірілуі
  8. Көмірсу мен ақуыздың сіңірілуі мен гидролизінің күшеюі
  9. Өттің түзілуі мен бөлінуі
  10. Өт түзу қызметін реттеу.

Сонымен қатар өтпен байланысты жедел холецестит ауруы жайлы оқыңыз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...