Буындардың жасқа байланысты ерекшелігі

Буындар және тірек қимыл жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері

Омыртқа жотасы

Жаңа туған нәрестеде омыртқа аралық дискілердің мөлшері үлкен болады, омыртқалардың буындық  өсінділері,  омыртқа денелеріне, көлденең және қылқан өсінділеріне қарағанда айқын көрінед. омыртқааралық дискілердің жоғарғы және төменгі беткейлерін жауып тұратын сіңірлік қабат, бкалаларда ересектерге қарағанда қалыңырақ болып келеді. Фиброздық сақина жақсы дамыған.

Омыртқааралық дискілердің  ерекшелігі қанмен жақсы қамтамассыз етілуінде. омыртқааралық дискілердің арасына енетін артериолалар диск ішінде бір-бірімен, ал периферияда сүйекүсті артериолаларымен анастомозданады. Омыртқалардың шеткері бөліктерінің сүйектенуіне байланысты жасөсперімідк және бозбалалық шақта омыртқаралық дискілердің қантамырларының регрессіне әкеледі.

Қартайған және егде тартқан шақта омыртқаралық диск өзіні серпімділігін жоғалтады (кейде бұл 30-35 жас аралығында да кезлеседі). 30 жастан кейін омыртқа жотасының кеуделік бөлімінде студенистое ядроның сүйектенуі жүреді. 50 жасқа таяу студенистое ядроның мөлшері кішірейеді. Фиброздық сақинаның оны айналдыра қоршаған ішкі бөлігі, ешқашан сүйектенбейді, ал сақинаның қалған бөлігінде сүйектену ошақтары қарттық және егде тартақан шақта кезедседі. Қарттарда, сонымен қатар, алдыңғы көлденең байламның омыртқа шетімен қосылу жерінде сүйектену ощақтарының пайда болуын байқауға болады.

Нәрестелердің омыртқа иілулері әлсін-әлсін ғанам көрінеді. Туғаннан кейін, нәресте басын ұстай бастаған кезде, мойын лордозы және кеуде кифозы пайда бола бастайды. Бел лордозы бала отыра бастағанда көрініп және жүре бастағанда біршама айқындала түседі. 7 жасқа таяғанда мойын лордозы мен кеуде кифозы айқын қалыптасады. Бел лордозының қалыптасуы кешірек – жыныстық жетілу кезінде болады.

Кеуде торы

Жаңа туған нәрестелерде кеуде торы қоңырау тәрізді, кеудеасты бұрышы 90-950  . Қабырғалардың горизантальды орналасуы нәтижесінде кеуде торының жоғарғы апертурасы горизщантальды жазықтықта орналасады, ал төстің ойығы І-ші кеуде омыртқа деңгейіне сау келеді. Нәрестелік шақта қабырғаарлықтар қабырғалардың төмендеуіне байланысты кеңейеді. Қабырғаасты бұрышы 85-900 азаяды. Төс ойығы 2-ші кеуде омыртқа деңгейіне сәйкес келеді. Біріншілік балалықшақтық кезеңнің соңына қарай ғана кеуде торының көлденең жәнен алдыңғы артқы мөлшерлері теңеседі, қабырғалардың иілу бұрышы ұлғаяды төс ойығы 2-ші кеуде деңгейіне сәйкес. Тек біріншілік балалықшақтық кезеңнің соңында кеуде торының көлденең мөлшерлер алдыңғы артқы мөлшерлерінен сәл асады. Жасөспірімдік шақта кеуде торының нақты қалыптасуы жүреді, төс ойығы ІІІ-ші кеуде омыртқа деңгейіне сәйкес. Егде және қарттық шақта қабырға  сіңірлерінің сүйектенуі серпімділік пен кеуде торы қимылдарының амплитудасының азаюына әкеледі. Фомасы тегістеліп, вертикальды мөлшері ұзарады.

Иық буыны

Жауырынның буындық ойығы нәрестелерде жазық, сопақ, буындық еріндер жоғары емес. Буын капсуласы тартылған және қысқа жақсы дамыған  құстұмсық-иық байламымен бітіскен. Біріншілік балалықшақ кезеңінде ойық ересектердегідей қалыпқа келеді. Буын капсуласы біраз босап, құстұмсық-иық байламы ұзарады.

Шынтақ буыны

Жаңа туған нәрестелерде шынтақ және кәрі жілік колатеральды байламдары фиброзды талшықтармен байланысқан және буын капсуласымен қатты тартылған.

Кәрі жіліктің сақиналық байламы жаңа туған нәрестелерде әлсіз дамыған. Шынтақ буынның капсуласы мен байламдарының нақты қалыптасуы жасөспірімдік кезеңнің басына сәйкес келеді.

Шынтақ білек буыны, қолбасы буындары. Жаңа туған нәрестенің шынтақ білек буынның капсуласының фиброзды мембранасы жұқа, кейбір талшық шоғырларының арасында борпылдақ жасунықпен толтырылған қуыстар болады. Кәріжілік-білек буынның буындық дискісі кәріжілік сүйегінің дистальды эпифизінің сіңіріне ауысады. Кәріжілік  буынындағы және қолбасы буындарындағы қозғалыс мүшеленген сүйектердің сәйкессіздігіне байланысты шектелген болып келеді.

Тек сүйектену кезеңінің аяғына қарай ғана буындық беткейлердің, капсулалардың және байламдардың толығымен қалыптасуы жүреді.

Жамбас буыны

Жамбастың буындық ойығы жаңа туған нәретелерде сопақша келген, тереңдігі ересектерге қарағанда таязырақ. Жамбастық буындық ойығының терең болмауына байланысты сан сүйегінің басы көп бөлігі одан тыс орналасқан. Буындық капсула жұқа, тартылған, мықын-сан байламы жақсы дамыған, қысқа тақым-сан байламы әлі дамымаған. Жамбас сүйегінің қалыңдауына және жамбас сүйегінің буындық ойығының шетінің қалыптасуына байланысты біріншілік балалық шақ кезеңінде сан сүйегінің басы буын қуысына тереңірек енеді, шеңберлік аймақ сан сүйегінің мойнына ғарай жылжижы. Жасөспірімдерде шеңберлік аймақ ерессек адамдардың қалпына сай келеді. Сан мойының айналдыра орналасады.

Тізе буыны

Жас нәрестенің буындық капсуласы тартылған, менискілері жұқа дәнекер тінді пластинкалар түрінде болады. Тізе буынының қысқа кресттәрізді байламдары бұл кезеңде буынның қозғалыс серпілісін шектеп тұрады. Екіншілік балалық шақ кезінде сан сүйегі ересек адамдардыкындей қалыпқа келеді. Тізеүсті қалтасы нәрестелерде буын қуысымен байланыстпаған, ол өмірдің алғашық жылдарында қалыптасады, бірақ 6% жағдайда қалташа ересек адамдарда тізе бынны қуысынан тәуелсіз қалып қояды.

Балтыр-табан буыны және табан буыны

Нәрестелердің балтыр табан буынның капсуласы өте жұқа, байламдары әлсіз дамыған, әсіресе медиальды (дельтатәрізді). Тұрып, жүре бастаған кезден бастап және табан сүйектерінің сүйектенуіне байланысты буын беткейлерінің, байланыс аппаратының және табан доғаларының толығымен қалыптасуы жүреді.

Қорытынды ретінде айта кетсек, Жаңа туған нәрестенің буындық капсулалары қатты тартылған, байламдардың көпшілігі оларды құрайтын борпылдақ орналасқан талшықтардың жеткіліксіз дифференцировкасымен ерекшеленедіә. Буындардың неғұрлым ұдайы дамуы 2-3 жас арлығында баланың қозғалыс белсенділігінің артуына байланысты байқалады. 3-8 жас аралығындағы балаларда барлық буындардағы керілісі көбейеді, буын капсыласының, байламдардың  коллагенизация үрдісі жылдамдайды. 9 және 12-14 жас аралығында бын сіңірлерінің қайта дамуы ақырындайды. Буын беткейлерінің, капсуланың және байламдардың қалыптасуы негізінен 13-16 жас аралығында аяқталады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...