Паразитология. Паразиттер жіктелуі

Паразитология ғылымы. Паразиттер түрлері, емдеу және алдын алу шаралары

Паразиттер – басқа ағза ішінде не сыртында өмір сүретін және онымен қоректенетін ағзалар. Бұл топқа микробтардың 0,1% кіреді. Бұл микроағзалар эволюция нәтижесінде паразитті түрде өмір сүруге дағдыланған.Олар ағзадан көмірқышқыл мен аммиакты сіңіріп, күрделі көміртегі мен аминқышқылдарын синтездейді. Паразиттерге құрттар яғни гельминттер, вирустар, қарапайымдардың (саңырауқұлақтар) кейбір түрлері жатады.

Вирустар мен микробтар

Вирустар мен микробтар жасушаішілік паразиттер болып табылады. Олар тұмау, гепатит, полиомиелит, герпес,лимфагранулематоз, СПИД вирустары болып табылады. Вирустар ағзаға шырышты қабық не тері арқылы енеді. Олар ағзаға өз әсерлерін тигізбеуі де мүмкін, өлімге әкеліп соғуы да мүмкін.

Қарапайымдар

Қарапайымдар да вирустар сияқты ағзаға шырышты қабық не тері арқылы енеді. Бас сүйектегі гаймор қойнаулары ірің туғызатын бактерияларға қолайлы жер болып табылады. Ал ағзаның сілтілі-қышқылды тепе-теңдігінің бұзылуы саңырауқұлақтарға ыңғайлы орта болады. Сонымен қоса қалыпты микрофлораның бұзылуы дисбактериозға әкеліп соғады. Қарапайымның бір түрі хламидияларқан тамырларының қабырғасын бұзып инфаркт, миокард, бедеулік,бауырдың асқынуына әкеліп соғады. Ауыз қуысындағы кандида саңырауқұлақтары да осы топқа жатады.

Гельминттер

Адам ағзасында 1-16 дейін гельминттер болуы мүмкін. Мысалы, бауырда эхинакокк, тері астында дракунулез, асқазан-ішек жолында аскарида, цепендер. Паразиттік құрттарды зерттейтін ғылым гельминтология деп аталады. Құрттардың қазіргі таңда 260 жуық түрі адам ағзасында өмір сүреді. Ал жер бетінде 12000 астам құрттар зерттелген.

Құрылысы мен формасына байланысты гельминттер 2 топқа бөлінеді:

Домалақ (нематодтар). Нематодтар жіп тәрізді ұзын болып келеді, 1 мм-ден 1 м дейін өседі.

Жалпақ. Оған жататындар:

  • Цестод (таспа). Цестодтың денесі 10 метрден асады және бас, мойны денесі бар.
  • Трематод. 1 не 2 буылтықтан тұрады, 1-3 мм-ден 10 см дейін өседі

Гельминттердің биологиясына байланысты:

  • биогельминт
  • геогельминт
  • Контактілі гельминт деп бөлінеді.

Гельминт қоздырғыштарына төмендегідей сипаттама береді сипаттама:

  1. Қоздырғыш атауы
  2. Инвазия сатысы
  3. Паразиттің дамуы және ортасы
  4. Инкубациялық уақыты
  5. Маңызды клиникалық белгілері
  6. Мүмкін болатын асқынулар
  7. Зерттеу әдістері

Қоздырғыш атауы: Анкилостомоз

  • Инвазия сатысы: Миграциялық, ішектік(созылмалы)
  • Паразиттің дамуы және ортасы: Дернәсілдері ауыз арқылы сирек қан, өкпе арқылы өтеді. Содан соң асқорыту жолына өтеді. Жіңішке ішекте орналасады.
  • Инкубациялық уақыты: 1-3 апта
  • Маңызды клиникалық белгілері: Теріде бөртпе пайда болады, қызба, жөтел, эозинофилия, құрсақтың ауырсынуы, анемия
  • Мүмкін болатын асқынулар: Жоқ
  • Зерттеу әдістері: Преципитация, иттің антигенімен тура емес гемагглютинация, рентгенологиялық

Қоздырғыш атауы Ascarls lumbricoldes (аскарида)

  • Инвазия сатысы: Миграциялық, ішектік(созылмалы)
  • Паразиттің дамуы және ортасы: Дернәсілдері-қан, бауыр, өкпе. Жас гельминт-жіңішке ішекте
  • Инкубациялық уақыты: 1-3 апта
  • Маңызды клиникалық белгілері: Қызба, жөтел, пневмония, эозинофилия, құрсақтағы ауырсыну, терідегі бөртпе, бас ауруы, бастың айналуы, жалпы әлсіздік, кейде анемия, нәжіс және зәр арқылы гельминттердің шығуы.
  • Мүмкін болатын асқынулар: Ішектің өтімділігінің төмендеуі, ішекте перитониттің пайда болуы, бауырдың асқынуы, механикалық асфиксия
  • Зерттеу әдістері: Аскаридалдардың тірі личинкаларына микропреципитацияның оң әсері, теродиагностика, рентгенология, ВРТ

Қоздырғыш атауы: Дракункулез. Dracunculus medinensis (ришта)

  • Инвазия сатысы: Зерттелмеген
  • Паразиттің дамуы және ортасы: Жас, көбеюге қабілетті гельминттер-тері, бұлшықетаралық дәнекер тін.
  • Инкубациялық уақыты: 9-14 ай
  • Маңызды клиникалық белгілері: Қызба,тыныс талмасы, тері астында бау тәрізді түзілістің және теріде везикуланың пайда болуы
  • Мүмкін болатын асқынулар: Абсцесс,флегмона,буын контрактурасы, синовиттер
  • Зерттеу әдістері: Теріішілік аллергиялық инъекцияға оң әсер, ришта антигеніне преципитация реакциясы, рентгенологиялық (теріасты жасұнықта), ВРТ.

Қоздырғыш атауы: Онхоцеркоз. Onchoceroa volvulus (онхоцерка)

  • Инвазия сатысы: Зерттелмеген
  • Паразиттің дамуы және ортасы: Жас, көбеюге қабілетті-теріасты шелінде, паразит айналасында пайда болған дәнекер тінді түйінде, Личинкалары-теріасты шелінде еркін, теріде, көзде.
  • Инкубациялық уақыты: 3-4 ай
  • Маңызды клиникалық белгілері: Бұршақ пішіндіден тауық жұмыртқасына дейінгі теріасты шел түйіндері п.б. терінің құрғап тартылуы, кейде қызба, конъюктивит, кератит, иридоциклит, эозинофилия
  • Мүмкін болатын асқынулар: Көру нервісінің атрофиясы
  • Зерттеу әдістері: Теріішілік аллергиялық инъекцияға оң әсер, Ит филяриясының антигеніне преципитация, офтальмоскопиялық әдіспен микрофилярияны көзде табу, ВРТ.

Қоздырғыш атауы: Бругиоз. Brugia malayi (бругия)

  • Инвазия сатысы: Жедел және созылмалы
  • Паразиттің дамуы және ортасы: Паразиттің дамуы және ортасы: Личинкалары мен жас гельминттер-қан, лимфа түйіндері мен тамырларында, көбеюге қабілетті гельминттер-лимфа тамырлары мен түйіндерінде
  • Инкубациялық уақыты: Анықталмаған
  • Маңызды клиникалық белгілері: Қызба, терідегі полиморфты бөртпелер, лимфа түйіндерінің үлкеюі, өт пен бауыр көлемдерінің өсуі, эозинофилия, лимфангиит, орхит, фуникулит, гидроцеле, элефантиаз.
  • Мүмкін болатын асқынулар: Хилурия, асцит, плеврит, абцесс, перитонит, плевра эмпиемасы
  • Зерттеу әдістері: Теріішілік аллергиялық инъекцияға оң әсер, Ит филяриясының антигеніне преципитация реакциясы, лимфография, ВРТ.

Қоздырғыш атауы: Cтронгилоидоз. Strongyloides stercoralis

  • Инвазия сатысы: Жедел, Созылмалы.
  • Паразиттің дамуы және ортасы: Личинкалары-қан, өкпе. Ішек, өт не ұйқы безі өзегінде.
  • Инкубациялық уақыты: 1-3 апта
  • Маңызды клиникалық белгілері: Қызба, бөртпе, жөтел, пневмония, құрсақтағы ауырсыну, эозинофилия іш өту, конъюктивит, созылмалы гастродуоденит, холангит, бас ауру, астения, анемия.
  • Мүмкін болатын асқынулар: Жаралы гастродуооденит,пневмония астматический бронхит
  • Зерттеу әдістері: Рентгенологиялық, ВРТ

Қоздырғыш атауы: Трихинеллез. Trichinella spiralis (трихинелла)

  • Инвазия сатысы: Созылмалы, жедел
  • Паразиттің дамуы және ортасы: Жас гельминттер-аш ішек қабырғасы. Личинка-қан, лимфа, көлденен жолақты бұлшықет
  • Инкубациялық уақыты: 1-45 күн
  • Маңызды клиникалық белгілері: Қызба, бұлшықеттің ауырсынуы, конъюктивит, жөтел, бауырдың өсуі, ұйқысыздық, жоғары эозинофилия, созылмалы миозит, кардиопатия
  • Мүмкін болатын асқынулар: Миокардит, менингоэнцефалит, асқорыту жолдарының шырышты қабатының қанауы, артериядағы тромбоздар, гранулематозды гепатит, буын контрактурасы
  • Зерттеу әдістері: Оң РСК, РНГА, сақиналы преципитация, гелдегі иммунды диффузия,рентгенологиялық, ВРТ

Қоздырғыш атауы: Энтеробиоз. Enterobius vermicularis

  • Инвазия сатысы: Зерттелмеген
  • Паразиттің дамуы және ортасы: Жас гельминттер-жіңішке ішектің төменгі бөлігі, тоқ ішектің жоғарғы бөлігі.
  • Инкубациялық уақыты: 2 апта
  • Маңызды клиникалық белгілері: Зерігу, эозинофилия, гельминттердің анустан шығуы

Паразитті инвазия белгілері

  1. Іштің қатуы
  2. Іштің өтуі
  3. Іштің желге не газға толуы
  4. Гастроішекті синдром
  5. Буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну
  6. Аллергия
  7. Терінің бұзылуы
  8. Анемия
  9. Гранулема
  10. Тынымсыздық
  11. Ұйқының бұзылуы
  12. Тісті қайрау (бруксизм)
  13. Созылмалы қажу
  14. Иммунды бұзылыстар
  15. Онкология
  16. Температураның көтерілуі

Паразитті ауруларды алдын алу

Паразитті аурулармен ауырмау үшін біз жеке бас гигиенасын сақтау керек. Сонымен қатар гельминттердің таралуы үй жануарлар арқылы болуы да мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Теңіз өнімдерінен де паразитті аурулар тарауы мүмкін. Паразиттердің жұмыртқалары топырақта кездеседі. Профилактика үшін келесі ережелер қолданылады:

  1. Тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу.
  2. Қайнатылған суды қолдану.
  3. Шикі етті тағамдарды қолданбау
  4. Балық консервілерінен бас тарту
  5. Қан сорғыш жәндіктерден қорғанындар.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...