Пневмокониоз

Пневмокониоз (грек.pneumon-өкпе және conis-шаң)– өндірістік шаңды ұзақ уақыт дем алудан болатын өкпе тінінің диффузды фиброзды өзгеріске ұшырататын созылмалы ауру.Жиі көмір, асбест өндірісіндегі жұмысшыларда өндірістік шаң әсерінен 5-15 жыл ішінде пайда болады.

Ол өкпенің интерстициалды тінінде склероздың түйіншікті немесе түйінді құрылымдарының пайда болуымен сипатталады.Өкпенің туберкулезбен зақымдануы пневмокониоздың асқынуы ретінде силикозбен ауыратын науқастарда жиі кездеседі.Соның салдарынан өзіндік патогенезі,патоморфологиялық және клиникалық,ренгенологиялық көріністері бар жаңа ауру силикотуберкулез пайда болады.

 

Пневмокониозға әкелетін факторлар :

  • Ұзақ экспозиция және дем алатын ауадағы жоғарғы концентрациядағы органикалық немесе бейорганикалық шаң
  • Шаңның химиялық құрамына байланысты жіктелуі :
  • силикоз – пневмокониоз, құрамында диоксид кремни (SiO2) бар шаңды жұтудан пайда болады
  • силикатоз – силикаттарды жұтудан болатын — (асбестоз, калиноз, талькоз, нефелиноз ) түрі ;
  • металлокониоз –металл шаңын жұтудан болатын (алюминия – алюминоз; бария – бариноз; бериллия – бериллиоз; темір – сидероз  )түрі ;
  • карбокониоз – құрамында көміртегі бар шаңды жұтудан болатын түрі (антракоз, графитоз);

                                     

  Патогенез

  • Ауаның жоғары дәрежеде ластануы мен мукоци­лиарлы клиренс жұмысының жеткіліксіздігі  аэрозольды бөліктердің  альвеолаларда жиналып шөгуіне әкеледі.Нәтижесінде олар өкпенің интерстициальды тінге өтіп немесе   альвеолярлы  макрофактармен жұтылады. Жұтылан бөліктер  цитотоксикалық әсерімен макрофактарға әсер етеді. Лизохондриальды және   лизосомальды  ферменттер  фибробласт профлиферациясын үдетеді .
  • Өкпе тініндегі фиброзды өзгерістер түйінді ,интерстициальды болады. Түйінді фиброз склероздалған щан жұтылан макрофагтар мен дәнекер тін бөліктерінен тұратын майда түйіндердің пайда болуымен жүреді. Фиброзды түйіндер болмаған жағдайда периваскулярлы және перибронхиальды фиброзбен жүретін интерстициальды форма түзіледі.
  • Пневмокониоздар өз дамуында қабыну-дистрофиялық продуктивті –склеротикалық өзгерістермен жүреді. Көп пневмокониоз түрлері рентгенде екінші кезеңде ғана анықталады .

 

Клиникалық көрінісі: 

  • Баяу прогрессирлеуші — өндірістік шаңмен қатынаста болғанан кейін  10-15 жылдан соң дамиды
  • Жылдам прогресирлеуші — өндірістік шаңмен қатынаста болғанан кейін 3-5 жылдан соң дамиды
  • Кеш –щанды агентпен қатнынас тоқтаған соң бірнеше жылдан кейін пайда болады
  • Регрессирлеуші
  • Бастапқы сатысында ентігу,қақырықты жөтел, кеуде тұсындағы ине сұққандай ауырсыну. Бастапқы кезде ауырсыну тек жөтелген кезде болуы мүмкін .Кейін ауырсыну унемі болады .
  • Пневмокониоз үдеуі әлсіздіктің жоғарылауы, субфебрилитет, терлегіштік ;дене массасының төмендеуі ,тыныщтық жағдайда ентігудің болуы ,ерін цианозы ,саусақтардың барабан таяқшасына ұқсауымен көрінеді .
  • Асқыған және ұзаққа созылған түрінде тыныс жеткіліксіздігі , өкпелік гипертензия және өкпе текті жүрек дамиды .
  • Жиі асқынулары бронхоэктаз, бронхиальды астма, өкпе эмфиземасы ,спонтанды пневмоторакс,ревматоидты артрит. Кей жағдайда өкпе рагы және плевра мезотелиомасы дамуы мүмкін .

 

Диагностика:

  • Анамнез жинау
  • Өкпе рентгенографиясы
  • КТ
  • МРТ
  • Ішкі тыныс алуды зерттеу ушін спирометрия, пикфлоуметрия,  пневмотахография жасалады
  • Диагностикаға қиын жағдайлардабронхоскопия ,лимфа түйіндерінің пункциясы жасалады . 

 

Рисунок1

 

              Рентгенсемиотикасы:

Бірінші сатысында: сатысында жайылған деформация өкпе суретінің күшеюі,кіші тор түрінде анықталады.

Силикоздың түйінді түрінде диаметірі 2-3мм дөңгелек көлеңкелер көрінеді, олар көбінесе өкпе алаңының ортаңғы және төмеңгі бөліктерінде орналасады.

Екінші сатысында: қатайған,тор және ұяшық тәріздес көлеңкелердің күшейгені көрінеді,түйінді көлеңкелер әрі қарай жайылады,олардың арғы жағындағы өкпе  суреті байқалмайды(кырқып қалғандай)

Үшінші  сатысында фиброзды алаңдардың немесе конгломератты түйіндердің көлеңкелері өкпенің көп аймағында анықталады.Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің жұмыртқа қабығы сияқты әктенуі силикоздың барлық даму сатыснда тән жағдай.

 

Туберкулинді диагностика:

Туберкулин сынамасының силикотуберкулезді анықтауда диагностикалық мәні бар.Ең алдымен силикотуберкулезді бронхоадениттің дамуы кезінде туберкулинге сезімталдық күшейеді.Сондықтан манту сынамасы жүйелі түрде жүргізілген жағдайда силикозбен ауыратын науқастарда туберкулезді ерте анықтауға болады.

Бронхоскопиялық зерттеу:

Бұл әдістің мәні зор,мысалы ол силикоз диагнозын нақтылай түседі.Бронхтардың кілегей қабаттарында көмір шаңының сіңіп қалғаны көрінеді.Туберкулезді бронхоаденит бронх туберкулезінің жылан көзді турімен асқынған кезде бронхоскопияның тек диагностикалық емес,емдік те маңызы бар.Бронхоскопия кезінде,бронхтардың тесігінің қабынып тарылғаның,үлкейген лимфа түйіндерінің әсерәнен қабырғаларының ретракциясын катаральды немесе іріңді эндобронхитті көруге болады.

 

Тыныс алу және қан айналу қызметін зерттеу:

Тыныс алу мен қан айналудың бұзылуы өкпе паренхимасының силикозды зақымдануына дәнекер тінінің жаппай таралуына,бронх тармақтарындағы фибропластикалық процесстерге байланысты болады.Өкпені радионулеидті тексеру екі өкпеде де капилярлы өан айналымның диффузды түрде төмендегенін көрсетеді.

Пневмокониоздың барлық түрінде зиянды этиологиялық агентты аластату кажет . Науқас витаминге және ақуыза бай тағамдармен тамақтануы тиіс. Бейспецификалық организм реактивтілігін көтеру үшін әртүрлі адаптогендер ішу керек (пантокрин т,б).Сауықтыру шаралары : ЛФК, массаж,циркуляциялық душ).Асқанбаған түрлерінде ультрадыбыс немесе кеуде торына  электрофорез , ингаляция  ,оксигенотерапия Асқынуы бар науқастарға қабынуға қарсы шара ретінде глюкокортикоид 1-2 ай қолданылады.Өкпе-жүрек жеткіліксіздігі кезінде бронхолитик,жүрек гликозидтері ,диуретик, антикоагулянт қолданылады .

 

ЕМІ

Силикотуберкулезбен ауыратын адамдардын емі силикозы жоқ туберкулезбен ауыратын адамдарға қарағанда интенсивті және ұзақ болуы қажет. Себебі өкпеде силикоздық өзгерістер болғандықтан,ошақтарға туберкулезге қарсы дәрілердің келіп жетуі төмендейді,өкпе тінінің қайта қалпына келуі мүмкіншілігі нашарлайды.Алғаш табылған активті туберкулезде туберкулезге қарсы дәрілерді 1,5-2 жыл бойы алады,оған қоса глюкокортикойдты гармондарды пайдаланған жөн.

 Силикотуберкулездің  деструктивті формаларында дәрілерді барлаудан және инъгаляция түрінде жіберген жөн.Силикотуберкулезге оперативті емдеу резекция түрінде өте сипек және түйінді формаларына немесе фиброзды кавернозды туберкулездіе силикоздың жайылмаған түрі болса қолданылады.

Ауру болжамы оның формасы, сатысы және асқынулардың болуына байланысты. Мысалы ауыр түрлері бериллиоз, асбестоз,себебі олар әсер етуші агент болмаса да удеуге бейім.Профилактика негізінде енбек шартын жақсарту,арнайы респиратор, қорғағыш очки , шаңға қарсы киім кию керекЗиянды агентпен жұмыс жасайтын адамдар жылда медицинкалық тексерілуден өтіп тұру қажет.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...