Аяқтағы қанайналым бұзылысы

Аяқтағы қанайналым бұзылуына алып келетін факторлар. Аурулар.

Аяқта қанайналым бұзылысы – Аяқ артериясының немесе көктамыр қабырғасының әртүрлі себептерден зақымдалуынан тамырдың бітелуі немесе тарылуы әсерінен қанмем қоректенуінің бұзылуы. Қазіргі кезде жиі таралған. Еңбекке қабілетті әйел адамдардың ¼ де, ер адамадрың 1/5 кездеседі.

Аяқтағы қанайналым бұзылуына алып келетін себептер:

Экзогенді фактор:

  • гиподинамия
  • семіздік
  •  аяққа көп жүктеме түсіру
  •  зиянды әдеттер темекі тарту,
  •  алиментралы көп майлы тағам қабылдау
  •  басқа аурулар атеросклероз, венозды гиперемия, тромбангиит

Эндогенді фактор:

  • тұқым қуалаушылық
  • тамыр аномалиялары
  • туа пайда болған тамыр аурулары

Аяқ тамырының қан айналым бұзылысының классификациясы:

Артериальді жеткіліксіздік – артерия өткізгіштігінің бұзылысы. Ол екіге бөлінеді:

  • жедел — аяқтың магистральды артериясының жедел тромбозы немесе эмболиясы
  • созылмалы –аяқ тамырларының облитерленген атеросклерозы,  облитерленген эндартериит.

Венозды жеткіліксіздік – венозды ағымның бұзылуы. Бұның өз алдына екі түрі бар:

  • жедел – аяқтың магистральды көктамырының жедел тромбозы
  • созылмалы — аяқтың көктамырының варикозды кеңеюі, посттромбофлебитикалық синдром.

Диабетикалық нейропатия және микроангиопатия – «диабетикалық табан» да қанайналым бұзылуына алып келетін патологиялар қатарына жатады.

Аяқ тамырларының жедел артериалды жеткіліксіздігі

Ауру туындауға қолайлы фактор:

  1. атеросклероз;
  2. эндартериит;
  3. механикалық травма;
  4. жүрек және тамыр аневризмасы;
  5. жыпылық аритмия.

Себептері:

  • Аяқтың магистральді артериясының жедел тромбозы
  • Аяқтың магистральді артериясының эмболиясы (тромбоэмболия)

Ерте  симптомдары:

  • Қарқынды ауырсыну;
  • Тері бозғылт, суық, тері сезімталдылығының төмендеуі
  • Тізе асты артериясы мен табан артериясында пульстің жоғалуы
  • Аяқ қозғалысы сақталған, бірақ  кенет ауырсынбалы
  • Жалпы жағдайы нашарлаған, шок белгілері пайда болады, суық тер, тахикардия, АҚ төмендейді;

Кеш симптомдар ( 4-6 сағ.):

  • интоксикация — өлі тіндердің өнімдерін сіңіруі нәтижесінде дене температурасының жоғарлауы,есінің өзгеруі;
  • Бұлшықеттердің өлуі нәтижесінде бұлшықет контрактурасы  дамиды. Аяқ қозғалыстарының шектеледі.

Емдеу дұрыс болмағанда немесе мүлдем жүргізілмесе, қосымша инфекция қосылатын болса, ылғалды гангрена дамуы мүмкін.

Алғашқы көмек :

  • Жедел жәрдем шақыру;
  • Науқасты жатқызу, аяқтарын горизонтальді жағдайға қою;
  • Аспирин, спазмолитиктер (но-шпа, папаверин), аскорутин, баралгин беру:
  • Жедел жәрдемді тосу;

Артериалды жетіспеушілікті емдеу принціптері:

Консервативті терапия

  • Қанайналымды жақсарту үшін реополиглюкин инфузиясы;
  • Тікелей әсерлі антикоагулянттар (гепарин) және тікелей емес (фенилин) әсерлі;
  • спазмолитиктер (но-шпа, никотиновая қыш);
  • тромболитиктер (стрептаза);
  • Наркотикалық (промедол) және наркотикалық емес (бралгин) анальгетиктер;
  • Ылғалдатылған оттегімен дем алдыру витаминотерапия (В1, В6, С, аскорутин).

Хирургиялық ем:

  • тромбэктомия, тромбэмболэктомия (тромбты жою);
  • тамырларды протездеу (аорто-сандық шунттау, сан тізелік шунттау).

Аяқтардағы созылмалы артериялық жетіспеушілік

Аяқ тамырларының облитерациялық атеросклерозы — аяқтардағы эластикалық және бұлшықетті эластикалық типті тамырларды зақымдаумен көрінетін созылмалы ауру. Тамырлар қабырғасында дәнекер тіннің өсіп кетуі туындайды. Соның нәтижесінде қанайналым бұзылады.

Облитерациялық эндартериит (тромбангиит) – аяқ артерияларының қабынуымен көрінетін, олардың көлденең кесіндісінің тарылуымен және қанайналым бұзылуымен көрінетін ауру.

Клиникалық көрінісі

I саты – компенсация.

  • Трофикалық бұзылыстар: аяқтардың жүдеуі, шаштың түсуі, терінің құрғақ болуы, терлеудің төмендеуі
  • Ұйып қалу сезімі, бұлшықеттердің дірілі;
  • Ұзақ жүргендегі балтыр бұлшықетіндегі ауырсыну;
  • Симптом «ауыспалы ақсау» (жүру кезіндегі аяқтың ауырсынуы науқасты тоқтатады, кейін біраз демалғанан кейін науқас қайта жүріп кетеді.);
  • Перифериялық артериялардағы пульсацияның төмендеуі.

II саты – субкомпенсация.

  • 1 саты симптоматикасының күшеюі.
  • Ақсақтық өмір сүруді ауырлатады;
  • Перифериялық артериядағы пульсация жоғалады.

III саты – декомпенсация

  • 1 және 2 саты симптомдарына науқасты мүгедектікке әкелетін жағдайлар пайда болады.
  • Түнгі уақытта күшейетін аурысынулар, науқасты төсектен түсіп, аяғын салбыратып отыруына себеп болады.
  • Наркотикалық анальгетиктер ауырсынуды азайтпайды.
  • Трофикалық бұзылыстар күшейе түседі. Бақай басынан трофикалық некротикалық жаралар пайда болып, ауруы шыдатпайды. Соған ұқсас жаралар табан сыртында, балтырдың төменгі үштен бірінде пайда болады. Уақыт өте келе жара үлкейіп, құрғақ болады. Инфекция түсетін болса, ылғалды гангренаға ауысады.

Аяқтағы артериялық жетіспеушілікті алдын алу. Негізгі профилактикалық іс-шара ол шылым шегуден бас тарту. Сонымен қатар науқастарға  аяғын тоңдырудан, майлар мен қантты аз пайдалану, артериалды гипертензияны емдеу ұсынылады.

Аяқтағы венозды жетіспеушілік

Аяқтағы веналар жүйесі үш негізгі құрылымнан тұрады:

  • Беткейлік – үлкен және кіші теріастылық веналар және олардың тармағы;
  • Терең (магистральді) – Аяқтағы бұлшықет қабаттарының ортасында орналасады;
  • Перфоранты (коммуниканты) – беткей және терең жүйені байланыстыратын қысқа веналар. Қанның кері кетуіне кедергі болатын клапандары бар.

Жедел венозды жетіспеушілік

Себебі: Аяқтағы веналардың жедел терең тромбофлебитті және  флеботромбозы.
Ауру дамуына қолайлы факторлар: Гиподинамия, гиперкоагуляция (операциядан кейінгі кезең), жүктілік.

Клиникалық көріністер:

  • Ауру жедел басталады. Аурдың ауырлығы зақымдалған тамырға және оның бітелуімен тікелей байланысты.
  • Керіп ауырсыну, аяқты төмен түсіргенде күшейе түседі;
  • Жылдам дамитын ісіну
  • Зақымдалған аяқтың көлемі үлкеюі
  • Тері жабындары жылы, веналар суреті күшейген;
  • Аяқтардың қозғалысы сақталған, ауырсынусыз;
  • Перифериялық артериялар пульсациясы сақталған;
  • Аяқтардың артқы жағынан (тамырлы невртік таралым аумағы) пальпациялау ауырсынумен жүреді.

Емдеу жолдары:

Консервативті ем немесе операцияға дайындық алды:

  • Қатаң төсек режимі;
  • Бёлер шинасымен аяқты көтерілген жағдайда сақтау;
  • Қанның ұю жүйесі мен зәр анализі арқылы бақылау жасалынып, тікелей әсерлі антикоагулянттар және тікелей емес әсерлі (фенилин) тағайындау.
  • Антиагреганттар (аспирин, трентал, реополиглюкин);
  • Тамыр кеңейткіш препараттар: но-шпа, теоникол, никотин қышқылы;
  • Гирудотерапия;
  • Симптоматикалық ем.

Хирургиялық ем

  • Жедел операция: тромбэктомия.
  • Операцияға дайындау әдеттегідей.
  • Операциядан кейінгі уақытта науқасты ерте белсендіру.

Аяқтардың созылмалы веналық жетіспеушілігі

Себептері:

Веналардың аурулары:

  • варикозды кеңеюлер
  • беткей және терең тромбофлебит, клапандық жетіспеушілік;

Қанайналым бұзылуына алып келетін жүрек аурулары

Клиникалық көрінісі:

I саты – компенсация.

  • Аяқтар үлкейген, ісінген. Ісіну түнде жоғалып кетеді. Трофикалық бұзылыстар жоқ.  Балтыр бұлшықеттерін керу сезімі дамиды.
  • Теріасты веналар үлкейген, толақанды.  Теріде телеангиоэктазиялар – ұсақ терішілік веналар кеңеюі туындайды.

II саты – декомпенсация.

  • Жоғарыда аталғандарға қосылады: Трофикалық бұзылыстар: пигментация және тері жұқару, трофикалық жаралар.
  • Түнгі уақытта ісіну азаймайды. Кейде терінің дымқылдануы байқалады. Жиі тілме қосылады (рожа).

Емдеу жолдары

  • Компрессия (аяқты эластикалық бинтпен орау, емдік колготки кию, цинк-желатиндік таңу);
  • Жергілікті дәрі-дәрімектік терапия (троксевазин жақпамайы, гепатромбин, гепариндік);
  • Дәрілік терапия (спазмолитиктер, антикоагулянттар, антиагрегант, ангиопротекторлар);
  • Аурудың созылмалы венозды жетіспеушілікке алып келген негізгі ауруды емдеу.

Аяқ тамырлары бұзылысын ерте диагностикалау

Ерте анықтау үшін келесідей сынамалар жүргізіледі.

  • С. Самуэлс пробасы
  • В.А. Оппель пробасы
  • Гольдфлам пробасы
  • Н.Н. Бурденко симптомы
  • Д.И. Панченко пробасы
  • Ратшова пробасы
  • М. Лайнель-Лавастина пробасы

С. Самуэлс сынамасы. Сынама негізінде жұмыс гипоксиясы анықталады. Науқас арқасымен жатып, аяғын 45° бұрыш жасап көтеріп орташа темппен  табан буындарын 20-30рет бүгіп жазады. Қалыпты жағдайда табан терісінің түсі өзгермейді, шеткі артериялды қан айналым жеткіліксіз кезінде түсі бозарады.

Гольдфламм сынамасы. Самуэлс сынамасы сияқты жүргізіледі. Сынаманың негізгі критериі зақымдалған аяқ бұлшық еттінің шаршағандығы көрінеді. Нәтижесі секундомермен бағаланады.

В.А. Оппель сынамасы – науқас зақымдалған табанын төсектен 40-50 см жоғары көтергенде тез бозарып кетеді, ал төмен түсірген кезде біргелкі емес көгереді. Қалыпты жағдайда түсі өзгермейді.

Н.Н. Бурденко симптомы— зерттеулушіні вертикальді жағдайдан горизантальдіге ауыстырғанда, ауру табанының беті ұзақ уақытқа бозарған күйде болады.

Аяқтағы қанайналым бұзылыстарын алдын алу

  1. Қанда холестерин мөлшерін бақылауконтролировать уровень холестерина в крови;
  2. Қант диабетін емдеу және қанда қант деңгейін бақылау
  3. Артериальді қан қысымын бақылау
  4. Диета сақтау құрамында холестерин бар тағамдарды шектеу
  5. Үнемі физикалық жаттығулар жасау
  6. Зиянды әдеттерден бас тарту.

Сонымен қатар тақырыпқа сай аяқтағы варикозды ауру жайлы оқи кетіңіз.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...