Артериялық гипертензия

Артериальді гипертензия. Себептері, қауіп факторы, алдын алу және емдеу жолдары

Артериальді гипертензия (гипертония, АГ) деп — артериялық қан қысымы 140 мм.сын.бағ жоғары болатын жағдайды айтады.  (кем дегенде үш рет, әртүрлі уақытта, тыныштық жағдайында өлшегенде анықталса).

Екі түрі болады:

  1. Біріншілік эссенциалды;
  2. Екіншілік симптоматикалық

Артериялық қан қысымы дәрежелерінің классификациясы (алдын алу, диагностика, емі бойынша ұлттық нұсқаулар, 2002)

артериальді гипертензия

 

Артериялық гипертензия дамуының қауіп факторлары

Басқарылмайтын факторлар:

  • Адам жасы;
  • Тұқымқуалаушылық;
  • Қоршаған орта;

Басқарылатын факторлар:

  • Гиподинамия
  • Психоәлеуметтік факторлар
  • Семіздік
  • Шылым шегу
  • Ас тұзы
  • Тамақтану
  • Алкоголь
  • Майлар

Артериялық гипертензия диагностикасы

  • АҚ дәрежесі және тұрақтылығын анықтау
  • Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қауіп факторларын анықтау
  • Нысана ағзалардың зақымдануын диагностикалау
  • Қосымша клиникалық жағдайларды анықтау
  • Қауіп тобын анықтау
  • Симптоматикалық АГ жоққа шығару не оның түрін анықтау

АҚ дәрежесі және тұрақтылығын анықтау

  1. Алғаш қарағанда қан қысымы екі қолда және аяқта өлшенуі керек
  2. АҚ науқас 5-10мин демалғаннан кейін өлшенуі керек
  3. Арасы 30сек үш рет қайталап өлшеу керек, себебі қайта өлшегенде АҚ төмен болады. Бір рет қана өлшенген АҚ 20-30% жағдайда гипердиагностикаға, 30% жағдайда АГ анықталмауына әкеледі

Жүрек – қантамыр жүйесінің ауруларының қауіп факторларын анықтау

Негізгі:

  1. Ерлер > 55 лет;
  2. Әйелдер > 65 лет;
  3. Шылым шегу;
  4. Холестерин > 6,5 ммоль/л;
  5. Жанұяда ерте жүрек-қантамыр аурулары болуы (әйелдерде < 65 лет, ерлерде < 55 лет);
  6. Қант диабеті;
  7. Ерлерде мықын айналымы >102 см, әйелдерде > 88 см (абдоминалды семіздік);
  8. Семіздікпен (ДСИ (ИМТ)>30) немесе артық салмақпен науқастар (ДСИ (ИМТ) =25-30).

Қосымша қауіп факторлары:

  1. ЖТЛП холестериннің төмендеуі;
  2. ТТЛП холестериннің артуы;
  3. Микроальбуминурия диабет кезінде;
  4. Глюкозаға толеранттылық бұзылысы;
  5. Семіздік;
  6. Аз қозғалыстық өмір салты;
  7. Фибриноген артуы;
  8. Эстроген дефициті;
  9. Гемоцистеин артуы;
  10. СРБ артуы;
  11. Әлеуметтік-экономикалық қауіп тобы (психоәлеуметтік факторлар)

Нысана мүшелер зақымдануының диагностикасы

Физикалық зерттеу:

  • Бас миы – аускультацияда ұйқы артериясында шу естілуі; қозғалыс не сенсорлық бұзылыстар;
  • Көз торлы қабығы – көз түбі тамырлары өзгерістері;
  • жүрек – жұрек ұшы соққысы күшеюі, ырғақ бұзылысы, СЖЖ (өкпеде сырылдар, перифериялық ісінулер, бауыр өлшемдері);
  • Перифериялық артериялар: пульстің әлсіреуі, жоғалуы не асимметриясы, қол-аяқ тоңуы, тері ишемиясы симптомдары
Нысана мүше Қажет зерттеулер
ЖҮРЕК:

СҚ гипертрофиясы және диастолалық дисфункциясы

ЭКГ,ЭХОКГ
Бас миының тамырлық зақымдалуы:

Транзиторлық ишемиялық шабуылдар

Инсульт

Дисциркуляторлық энцефалопатиялар

Невролог консультациясы

Қажет болсаи – терең неврологиялық зерттеу (УЗДГ, КТ, МРТ, ЭЭГ, ангиография т.б.)

Бүйрек:

«Гипертониялық почка»

Бүйрек жетіспеушілігі

Қан креатинині:

тәуліктік альбуминурия >30-300 мг/тәул

ШФЖ (СКФ) <60 мл/мин/1,73 м2

УДЗ

Көз түбі:

Гипертониялық ангиоретинопатия

Окулист консультациясы

Салюс-Гун симптомы

 

Ірі артериялар:

Атеросклероз

Тамырдың УДЗ

Артерия қабырғасы қалыңдауы – (ТИМ >0,9 мм)

Атеросклероздық табақшалар магистралды тамырда

 

Қосымша клиникалық жағдайлардың әсер етуі

ЦЕРЕБРАЛДЫ-ВАСКУЛЯРЛЫҚ АУРУЛАР

  • Ишемиялық инсульт
  • Геморрагиялық инсульт
  • Транзиторлық ишемиялық шабуыл

ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ

  • Миокард инфаркты
  • Стенокардия
  • Коронарлық реваскуляризация
  • Тоқыраулық жүрек жетіспеушілігі

БҮЙРЕК АУРУЛАРЫ

  • Диабеттік нефропатия
  • БСА (ХПН) (ерлерде креатинин >133 мкмоль/л, әйелдерде>124 мкмоль/л)
  • Протеинурия >300 мг/тәул

ТАМЫРЛЫҚ АУРУЛАР

  • Аортаның аневризмасы

Перифериялық артериялардың симптомды зақымдануы

ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ РЕТИНОПАТИЯ

  • Геморрагиялар және экссудаттар
  • Көз нервісі емізікшесі існуі

ҚАНТ ДИАБЕТІ

МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМ

Артериялық гипертензияның қауіп факторларын анықтау

артериялық гипертензия

 

Артериялық қан қысымының жоғарылау түрлері

АҚ түрлері Диагностиканық негізгі әдістері
Реноваскулярлық АГ Инфузиялық ренография Сцинциграфия  бүйрек тамырлары Допплерлік зерттеу Аортография
Гломерулонефрит Реберг сынамасы, тәуліктік протеинурия бүйрек биопсиясы
Сүлелі пиелонефрит Инфузиялық урография зәрден себінді жасау
Біріншілік гиперальдостеронизм (Конн синдромы) Гипотиазидпен және верошпиронмен сынама, альдостерон деңгейін және ренин белсенділігін анықтау, бүйрекүсті КТ, МРТ
Кушинга синдромы не ауруы Қанда кортизол деңгейін зерттеу

Кортикостероидтардың зәрмен бөлінуі бүйрекүсті және гипофиз визуализациясы (УДЗ, компьютерлік томография, МРТ)

Феохромоцитома және басқа хромафинді ісіктер Қанда және зәрде катехоламиндердің және оның метоболиттерінің деңгейін зерттеу

Ісіктер визуализациясы (КТ, УДЗ, сцинциграфия, МРТ)

Аортада коарктациясы Магистралды тамырларды допплермен зерттеу, аортография
Аорта қақпақшасы зақымдалуы ЭХОКГ
Ұйқыда тыныс бұзылуы синдромы Полисомнография

 

Артериялық қысым жоғарылау кезіндегі науқас шағымдары

  • Бастың желке тұсында ауырсыну:
  • 1) таңертең ұйқыдан оянғанда
  • 2) эмоционалдық қиналған кезде
  • 3) кешке қарай күшеюі
  • Бас айналуы
  • Көз алды қарауытуы
  • Ұйқысы бұзылуы
  • Мазасыздану
  • Көру нашарлауы
  • Жүрек тұсында ауырсыну

ЕСКЕРТУ: Науқас өзін жақсы сезінген кезде де АҚ өлшеу керек! АҚ өлшемей ауруды анықтау мүмкін емес!

Анамнез.

  • АГ, қант диабеті, инсульт, ЖИА және бүйрек ауруларына жанұялық анамнез
  • Өмір салтын бағалау «Ас тұзын және майларды қолдану, зиянды әдеттер, физикалық белсенділік»
  • Дәрілік гипертонияны жоққа (контрацептивтер, ҚҚСЕП, глюкокортикостероидтар, эритропоэтин, амфетамин, циклоспорины)

Объективті қарау:

  • Жүрек тұйықтық шекарасының солға ығысуы, жүрек үшы соққысы күшеюі, аортада 2 тон акценті, АҚ жоғарлауы
  • Симптомды гипертонияны жоққа шығару
  • АГ III кезеңінде дамитын асқынуларды табу және жүрек, бас миы, бүйрек зақымдануын анықтау

Артериялық гипертензияны анықтау үшін лабараторлы зерттеу тәсілдері

Міндетті түрде зерттеу керек:

  1. ҚЖА, ЗЖА;
  2. Ашқарында қандағы глюкозаны анықтау;
  3. холестерин, ТГ, креатинин, несеп қышқылы, калийді зертеу;
  4. ЭКГ
  5. ЭхоКГ
  6. Кеуде қуысы рентгенографиясы;
  7. Окулист консультациясы

Қосымша зерттеу:

  1. Бүйрек және бүйрекүсті безі УДЗ;
  2. УДЗ брахиоцефалды және бүйрек артериялары;
  3. СРБ;
  4. бактериурия, протеинурияны анықтау;

Терең зерттеу:

  1. АГ асқынулары – ми қанайналымы, миокард және бүйректі зерттеу

Артериялық гипертонияны емдеу мақсаттары

  • АҚ деңгейін көздеген деңгейге дейін түсіру
  • Өмір салтын жақсарту
  • Нысана ағзаларда өзгерістерді азайту

АҚ деңгейін көздеген деңгейге дейін түсіру біртіндеп және науқас жақсы көтере алатындай болуы қажет!

Гипертонияның медикаментозды емес емі деген не?

  1. Тамақтануды дұрыстау
  2. Ас тұзын тәулігіне 5 г артық қолданбау
  3. Алкогольді қолдануды шектеу
  4. Шылым шегуден бас тарту
  5. Физикалық белсенділікті арттыру
  6. Артық дене салмағынан құтылу
  7. Стреспен күресу
  8. АҚ бақылау, өз өзін бақылау күнделігін жүргізу

тамақтану пирамидасы

 


Артериялық гипертензиядағы медикаментозды ем принциптері

Көбінесе 24 сағ. дейін ұзақ әсер ететін препараттар таңдалады

Ем бір препараттан басталады, әсері болмаса аз дозада бірнеше препарат тағайындалады

Препараттардың негізгі топтары:

  •  бета — адреноблокаторлар
  • диуретиктер
  • Кальций каналдары антагонистері
  • АПФ ингибиторлары
  • АТ II рецепторлары блокаторлары
  • Орталық әсер ететін препараттар
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...