Перифериялық нерв зақымдалулары

Перифериялық жүйке зақымдалулары. Хирургиялық емі

Жабық  перифериялық  нервтер  зақымдалу  себептері:

  • Босану  кезіндегі  жарақаттар,   акушерлік  манипуляциялар  кезінде  зақымдалуы   иық  өрімі  басылып  жоғарғы  Эрб  параличі  дамиды.
  • Бұғана  сынығында  иық  өрімі  зақымдалуы  мүмкін.
  • Төменгі  Клюмпке-Дежерин  параличі    иық  өрімінің  иық сүйегінің басы  шыққан  жағдайда немесе  орнына  дұрыс  салынбағанда    жаншылып қалуында  дамиды.
  • Қолдың  перифериялық   салдануы  хирургиялық  операция, терең  ұйқы жиі мастық  жағдайда,  нервтың   басылып  қалуынан.
  • Иық  өрімінің    ісікпен,   гематома, аневризма, сүйек  сынықтары  немесе  мозольмен , тыртықтармен сынықтар  кезінде басылуы,

Ашық  перифериялық  нервтер  зақымдалу  себептері:

Кесуші  заттар пышақ, шыны т.б.,  тесуші біз,  ине, шеге  т.б. заттар. Бұндай  зақымдалулар  тек  нервтің  қана  емес, тері, бұлшықет, сіңір, буын, сүйектің де зақымдануына  әкеледі.

Нервтер (жүйкелердің) зақымдалу патоморфологиясы:

  • Зақымданған  нервтегі патоморфологиялық  өзгерістер  тереңдігі  көптеген  факторларға  байланысты:  соққы күшіне,  зақымдаушы  зат  түріне.
  • Патоморфологиялық  өзгерістер  тек  жарақат  аймағында  ғана  емес,   оның   жоғары    және  төменгі  аймақтарда  да  дамитыны  анықталған.
  1. Зақымдалған  аймақта: нерв    шоғырлары мен  олардың қабықшалары  қоса  жыртылуы,   қан  құйылулар,  нерв  клеткалар өлуі,  дәнекер  тіндер  зақымдалу. Өлген   жасушалар  мен  қан  құйылу  аймақтарында  дәнекер  тін  түзіліп,  бағанаішілік тыртықтар  түзіледі. Инфекциямен  жарақат  асқанса,  тытртықтар  үлкен  болады. Бағанаішілік тыртықтар  нерв  элементтер  ирритациясына  әкеледі,  нервта  микроциркуляциясын  тудырып,  бағанаішілік  гипертензия,  ісік  дамиды,  клиникасында  ол  ауырсынумен  қөрінеді.
  2. Зақымдалған  жерден  төмен  аймақта: Перифериялық  ісік  аймағы,  валлеров  жаңаруы
  3. Зақымдалған  жерден  жоғары  аймақта:  нервтің  орталық  кесіндісінде,  түйіндерінде  және  оған  сәйкес  жұлын  сегменттерінде  ретроградты  патоморфологиялық  өзгерістер  дамиды.

Жарақат  кезінде  нерв  зақымдалу  дәрежелері:

  • І —  өткізгіштіктің  функционалды  бұзылысы
  • ІІ – жеке  аксондардың  анатомиялық  бүтіндігі  бұзылуы
  • ІІІ – Нервтің  толық    анатомиялық  құрылымын  бұзылуы

Емі

  1. Консервативті: шайқалу,  соққы,  жаншылу немесе  созылу  жағдайында
  2. Хирургиялық:  анатомиялық  құрылымдары  бұзылғанда

Консервативті  ем: дегенерация  және  регенерацияны  жылдамдату  мақсатында:

  1. анальгезирлеуші, қабынуға  қарсы  және  инфекцияға  қарсы
  2. В тобы  витаминдері: иамина хлорид, пангамов қышқылы + никотин қышқылы;
  3. нерв жүйесі стимуляторлары (стрихнин, алоэ, ФиБС, плазмол и др.);
  4. антихолинэстеразды препараттар (прозерин, галантамин, нивалин);
  5. көрсеткіш және қарсы көрсеткіштерін  ескере  отырып, физиотерапевтикалық  әдісер
  6. Нерв  зақымдалуының жедел көріністері жоғалғаннан кейін бальнеотерапия

Хирургиялық емі:

  • Нейроррафия
  • Невролиз
  • Нейроэктомия

Нейроррафия. Зақымдалған  нервтің эпиневриіне орталық  және перифериялық  кесіндісінің  соңы  мен  соңын  тігу.Бұндай  тігістер  жараны  біріншілік  өңдеуде  салынады,  ерте  немесе  бріншілік  тігіс  деп  аталады.

Ауыр  жарақатты  инфекция  кезінде  біріншілік  тігіс  салуға  болмайды.Тігіс  тек  инфекциялық  процесс  басылған  соң  салынады,  ол  тігіс  кеш  немесе  екіншілік  тігіс  деп  аталады.

Невролиз.

  • Дәнекер тінді  тыртықтарды   ашып, нервты  босату  операциясы.
  • Орталық  неврома  болғанда,  ол  тілініп,  нейроррафия  жасалынады.
  • Невролиз  каузальгиялық  ауырсынулар  мен  нервтің  тыртықпен  басылуы  мен  тітіркенуі  кезінде  жасалады.

Нейроэктомия. Жарақаттың  жедел  кезеңінде    нервтің  жаншылған  аймақтарынан  тазалап,  біріншілік  тігіс  салу  кезінде  жасалады.  Кеш  кезеңінде   нейроэктомияға  көрсеткіш  болып,  тек  орталық  неврома  табылады. Орталық  неврома  өткір, қинайтын,  консервативті  емге  көнбейтін  ауырсынулар  әкелсе.

Жарақат болжамы: Шайқалу  және  жеңіл дәрежеде  зақымдаулар  кезінде  бірнеше  аптадан  соң  жазыла  бастайды.  Алдымен,  нерв  бойымен  ауырсынулар  басылып,  сезімталдығы  қалпына  келіп,  ақырында  қимыл  функциясы  қалпына  келеді.Ең  ақырында  нерв  функциясы  қалпына  келу  жүреді.

Перифериялық  жүйке зақымдалуы  кезіндегі  хирургиялық  араласулар  принциптері:

  • Операция  мақсаты: Өлген  нерв  талшықтар   футляры  бойымен  аксондардың  өсуіне  жағдай  жасау. Нервтерді созусыз, нерв  ұштарын нақты  анатомиялық  тұйістіру.
  • Операцияның  сәтті  жүруіне  микрохирургиялық  техника  қолдану  маңызды:  микроскоп,  арнайы  инструменттер,  атравматикалық  жіңішке  инелер.
  • Анатомиялық  бүтінділігі  толық  жойылғанда  нерв  ұштарын  қалыпты  құрылымдарға  дейін  тіліп, нерв  ұштарын  созылу  болмайтындай  жақындатамыз.Ол  үшін  нервты   бұрынғы  орнынан  жылжытамыз,  қанмен  қамтамасыз  етілуін  бұзбай,  мобилизация  жасаймыз.Егер  ұштарын  бірдейлестіру мүмкін  болмаса,  функционалды  маңызы  аз  нерв  фрагменттерінен  трансплантат  аламыз. Ол  үшін  көбінесе,   беткей  сезімтал  нервтер   —   беткей   асықты  жілік,  орталық  терілік  бұғаналық  нервтар,  т.б.
  • Трансплантат    зақымдалған  нерв  құрылымына  жақын болуы  тиіс.

Нерв  ұштарын  тігу  кезінде  фасцикулалары  бір  біріне  сәйкес  етіп  тігеміз.  Тігіс  эпиневрийге,  немсе  периневрийге салынады. Салынған  тігістер  саны  минималды  болу  керек,  бірақ  жеке  фасцикулаларды  сәйкестендіруге  жетерлік  болуға  тиіс. Тігістер  көптігі     дәнекер  тін  пролиферациясына  әкеліп,  нерв  регенерациясын  тежейді. Операциядан  кейін  қалпына  келтіру емі  ретінде —  арнайы  жаттығулар,  физиотерапевтикалық  процедуралар  жасатамыз.Нерв  регенерациялық  кезеңінде дегенерация  мен  склероздану  процесстерінің  алдын  алу  мақсатында иннервация  аймағындағы  бұлшықеттер  электростимуляциясын  жасау  керек.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...