Туберкулезді менингит

Туберкулезді менингит

Туберкулезді менингит — туберкулез микобактерияларын жұқтыру нәтижесінде бас миының жұмсақ қабатының арнайы қабынуы. Барлық уақытта кеш анықталумен емдеуі қиын. Өкпеден тыс туберкулезден науқастар арасында 1,1-1,1%  жиілікте. Туберкулезбен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы тіркеледі.

Туберкулезді менингит ерте жастағы балалар арасында біріншілік кезінде дамуы мүмкін. Бірақ жиі екіншілік туберкулезге өтетін ауру. Ол негізінен біріншілік тіуберкулез кеуде ішілік лимфа түйіндерінінң туберкулезі. Сонымен қатар жедел диссеминерленген туберкулездің асқынған турінде дамыйды. Туберкулезді менингит көктем және күз маусымдарында жиі кездеседі.

Туберкулезді менингиттің өту кезендері

  1. Төртінші апта – продромальды жасырын кезең.
  2. Бесінші апта – серозды менингит;
  3. Алтыншы апта – базилярлы форма;
  4. Жетінші апта – менингоэнцефалит;
  5. Сегізінші апта – цереброспинальды лептопахоменингит

Туберкулезді менингиттің патогенезі:

Мидың жұмсақ қабатына ТМБ гематогенді жол арқылы түседі. Сонымен қатар ми қабатының зақымдалуы 2 кезеңнен өтеді:

  1.  ТМБ гематоэнцефалды барьерден өтіп,  мидың жұмсақ қабығының қан тамырлар өрімін зақымдайды.Тамырлар қабырғасының некрозы дамиды,өткізгіштігі жоғарлайды
  2. Қан тамырлар өрімі арқылы ТМБ ликворға түседі. Миыдың негізінің жұмсақ қабатының спецификалық қабынуын шақырады.

ТМБ ағзада көбеюі әсерінен мидың тіні мен минингиальды қабығында микроскопиялық туберкулалар  түзіледі,туберкулалар бас сүйегінде және омыртқада да түзілуі мүмкін

Туберкулалар мынадай үрдістердің себебі бола алады:

  • менингиальды қабықшалардың қабынуы
  • мидың негізінде сұр желетәрізді масса түзілуі
  • Миға баратын артериялардың қабынуы мен олардың өзігінің кішіреуі  әсерінен жергілікті милық зақымдалу

Туберкулезді менингит патоморфологиясы

Біріншіден мидың жұмсақ қабығында сероздық қабыну болады және туберкулездің ұсақ бұдырлары мидың ең астынғы қабатында орналасады, сондықтан туберкулезді менинигиттің екінші аты базилярлық менингит.Кейбір жағдайларда туберкулез ауруы мидың өзін жарақаттайды,сонымен қатар жұлын миын және оның талшықтарын да зақымдауы мүмкін.

Сонымен ТМ ауруының патоморфологиялық көріністері мынадай

  1. Мидың жұмсақ қабығының сероздық-фиброздық қабынуы және ондағы туберкулез ошақтары;
  2. Мидың астынғы қабатында туберкулез ошақтары
  3. Орталық мида,гипофизде,вегатативтік орталықта туберкулез ошақтары бар;
  4. Орталық мида,гипофизде,вегатативтік орталықта туберкулез ошақтары бар;
  5. Мидың жұмсақ қабығының қан тамырларында және орталық мидың өзінде туберкулез ошақтарының болуы
  6. Жұлынға да туберкулез ошақтарының түсуі

Туберкулезді менингит жіктелуі

  • Базилярлы туберкулезды менингит(90% жиілікпен кездеседі), туберкулезды менингоэнцефалит және туберкулезды менингиттің жұлындық бөлімін айырады. Менингиттің базилярлы формасында менингиальды синдром және бас сүйек ми нервтерінің зақымдалуы бірінші орынға шығады. Бұл топқа бас – сүйек ми нервтері зақымдалмайтын жасырын менингит формалары да енеді.
  • Менингоэнцефалитикалық немесе менинговаскулярлы форма— менингиальды синдроммен бас ми затының ошақты зат зақымдалуымен жүретін (афазия, гемипаралич және гемипарез) форма.
  • Жұлындық форма– клиникалық көрінісінде бірінші орынға жұлынның қабықтары, заты және аяқ мен жамбас қуысы мүшелерінің зақымдалуы кіреді.

Клиникалық көрінісі

Жасырын кезең біртіндеп басталады. Тұрақсыз субфебрильді температура, жиі бас ауру, құсу байқалады. Улану белгілері біртіндеп күшейеді. Баланың тәбеті едәуір төмендейді. Паталогиялық ұйқышылдық симптомы пайда болады. Ол күндіз бала ұйқышыл, ойнаудан, сабақтан бас тартады. Түнімен мазасызданып жылайды. Ай сонында дене температурасы жоғарылайды, басы ауырып, құсуы жиілейді. Баланың дене қызуы 39-40 С, толқын тәрізді. Бала басын шалқайтып, басын жан-жаққа шайқап жылайды. Құсуы жиі фонтан тәрізді, тамақпен байланыссыз. Менингиалды симптомдар – оң. Денесінде Туссо дақтары пайда болады. Есінің бұзылуы одан әрі өршейді.

Бірінші симптом – ступор. Науқас есінде, бірақ берген жауапты кешіктіріп, жәй береді.Осыларға қосымша бас-ми нервтерінің зақымдануы болады. Ең жиі VII, бет нерві, VI жұп нерві зақымдалады.

  • III жұп нервісінің зақымдануының белгілері: Көздің қимылдануы, қарашықтың кеңейуі, екі еселеніп көрінуі, Нистагм акромигалияның бұзылуы.
  • VI жұп нервісінің зақымдану белгілері: Қитарлық.
  • VII жұп нервісінің зақымдану белгілері: Беттің ассиметриясы. Зақымдалған көз қабығының ауыз ұшының салбырап кетуі. Мұрын ерін үшбұрышының тегістелуі.

Екіншілік кезеңі – сопор. Бала есінде бірақ дұрыс жауабын бере алмайды. Ауры есінен танып құрысу-тырысулар байқалады. Науқастың көру есту қабылеті нашарлай бастайды.

Диагностикалық критерилер

Шағымдары мен анамнез: Туберкулезды интоксикация симптомдары: бас ауру (бас ауырсынуы өте қатты және желке тұсында болып, омыртқаның мойындық бөліміне беріледі), дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсу, құсу тамақ қабылдаумен байланысты емес, орын ауыстырумен байланысты болады).

Менингеальды симптомдардың болуы, ОЖЖ зақымдалуы, естің бұзылысы, бас сүйек нервтерінің зақымдалуы, патологиялық рефлекстердің болуы. Менингеальды синдром құрамына жалпы милық симптомдар кіреді, кеуде бұлшықеттерінің және аяқ — қолдың бұлшықетінің тоникалық тарылуымен бірге. Фебрильды және гектикалық температура фонында менингиальды симптомокомплекстің туындауы

Физикалық тексеру. Туберкулезді мениниті бар науқасты сыртқы қарау және жатқан қалпында қарау арқылы жүргізіледі. Науқас бір бүйіріне жатады, аяқтары ішіне қарай тартылған, тізе буынында бүгілген (арқасында – басы жастыққа кірген), кеш диагностикалау кезінде –  децеребрационды ригидтілік позасында: арқасында жатады, экстензорлы ригидтілік қалпында аяқтары жазылған, қолдары – флексорлы ригидтілік, іші тартылған, құрсақ бұлшықеттері қатайған.

Науқасты сұрастыру писхикасының зақымдалу дәрежесін көрсетеді. Егер науқаста есі болса, ол тежелген, қарауға негативті болады.

Неврологиялық тексеру бет нервтерін тексеруден басталады (VII жұп – симметриялық, төменгі бет бұлшықетінің әлсіздігі) және 12 жұп бас – ми нервтерін тексеру. Көз торлары мен қарашықты тексеру (III, IV, VI жұп – қалпы, жарыққа реакциясы, аккомодация және конвергенция, нистагм). Менингеальды қалыпты тексеру, құрсақ рефлекстері, патологиялық рефлекстерді (пирамидалық жолдардың бұзылысы), тері сезімталдығы, дермографизм, аяқ – қол бұлшықет күшін тексеру, табан клонусы.

Диагнозды анықтау:

  • өз уақытында – тітіркену басталғанан соң 10 күн аралығы;
  • кеш – 15 күннен соң

Келесі диагностикалық өзгерістердің болуы туберкулезды менингиттің болуын көрсетеді: 

  1. Продрома.
  2. Интоксикация синдромы.
  3. Жамбас қуысы мүшелерінің функционалды бұзылыстары (іш қату, зәрдің тоқтауы).
  4. Ладья тәрізді іш.
  5. Бас — ми симптоматикасы.
  6. Жұлын сұйықтығының спецификалық өзгерістері.
  7. Сәйкес клиникалық динамика.

Туберкулезды инфекция әртүрлі мүшелерде орналасуына байланысты науқасты қараған кезде мән беру қажет:

  1. лимфа түйіндерінің туберкулезі;
  2. милиарлы өкпе туберкулезінің рентгенологиялық өзгерістері;
  3. бауыр мен көкбауыр үлкеюі;
  4. көз түбін қараған кезде анықталатын хориоидальды туберкулез.

Туберкулинді тест теріс болуы мүмкін, әсіресе аурудың кеш, асқынған сатыларында (теріс анергия).

Туберкулезді менингиттің жұлын сұйықтығын анықтаған кездегі өзгерістері:

  1. Жұлын каналында қысым жоғарылаған 300 ден 500 мм сулы.бағ., ал кейде одан да жоғары (нормада 100-200 мм сулы.бағ.), сұйықтық жиі және тамшымен ағады.
  2. Жұлын сұйықтығының көрінісі: бастапқыда мөлдір, кейін (24 сағаттан кейін) фибрин сеткасы түзіледі. Жұлын сұйықтығының блокадасы кезінде сары түстес болады.
  3. Клеткалық құрамы: 200-800 мм3 (норма 3-5).
  4. Ақуыз жоғарылаған (0,8-1,5-2,0 г/л), норма 0,15- 0,45 г/л.
  5. Қант: 90% төмендеген, бірақ аурудың ерте сатысында және ЖИТС кезінде қалыпты болады. Бұл көрсеткіш вирусты менингитпен диагностика жасаған кезде маңызды, ол кезде жұлын сұйықтығында қант мөлшері қалыпты болады.
  6. Жұлын сұйықтығын бактериологиялық тексеру: МБТ 10% науқастарда анықталады, егер жұлын сұйықтығы көлемі қалыпты болса (10-12 мл). 30 минут бойы центрифугалау арқылы флотация кезінде МБТ 90% жағдайда анықталады.

Жалпы қан анализіндегі көрініс: ЭТЖ жоғарылауы 30-50 мм/сағ дейін, лимфопения, моноцитоз, лейкоцитарлы формуланың нейтрофильды солға жылжуы, анемия.
Жалпы зәр анализі: аздаған протеинурия, жекелік лейкоцит және эритроциттер.

Ақуыз – клеткалық диссоциация синдромы – қабыну процесіне қарағанда тоқырау көріністері бірінші орынға шығады. Ол жұлын сұйықтығында жоғары дәрежелі ақуыз құрамының болуымен, төменгі цитоз арқылы көрініс береді.

Стационарға жатқызар алдында қажет тексерулер минимумы:

  • жалпы қан анализі (6 параметр)
  • жалпы зәр анализі
  • биохимиялық қан анализі
  • кеуде торының шолу рентгенографиясы (бір проекция)
  • жұлын сұйықтығын тексеру (цитоз, ақуыз, қант, хлорид)
  • бассүйекті 2-проекциялық рентгенографиясы
  • кеуде клеткасы мүшелерінің томографиясы (бір проекция)
  • МБТ қақырық анализі және ликворды бактериоскопиялық және себу арқылы.

Мамандар консультациясына көрсеткіштер:  

  • невропатолог – орталық жүйке жүйесінің динамикалық зақымдалуын тексеру үшін
  • нейрохирург- гидроцефалия, ликвородинамика бұзылыстарын анықтау үшін
  • окулист – көз түбіндегі өзгерістерін анықтау және бақылау үшін
  • инфекционист –менингиттің бейспецификалық этиологиясын жоққа шығару үшін.

Дифференциальды диагноз. Бактериальды менингит, вирусты менингит және ВИЧ-криптококкты менингитпен салыстырмалы диагностика жүргізу керек. Алғашқы екеуінде ауру басы жедел басталады. Криптококкозды менингит баяу дамиды. Туыстарында туберкулез немесе белгілі бір мүшенің туберкулезі болса, менингиттің туберкулезді генезін көрсетеді. Бірақ, ең анық көрсеткіш жұлын сұйықтығынан анықтау арқылы анықталады.

Іріңді (менингококкты, пневмококкты, стафило-стрептококкты) менингит
Негізгі шағымдары: бас ауырсыну, құсу, қалтырау. Аурудың басталуы: жедел. Дене температурасының (39-40’С) жоғарылауы, тері гиперемиясы

Серозды вирусты менингит (паротитты, энтеровирусты, жедел лимфоцитарлы хориоменингит) Негізгі шағымдары: бас ауырсыну, қалтырау, жүрек айну, кейде құсу. Аурудың басталуы: жедел, кейде тыныс жолдары катары немесе асқазан – ішек жолы бұзылыстарынан кейін дамиды. Аздаған қалтырау, кейде екі фазалы, қысқа уақыттық (3—7 тәулік)

Туберкулезды менингит. Негізгі шағымдары: шаршағыштық, анорексия, терлегіштік, жүрек айну, қатты емес бас ауырсыну. Аурудың басталуы: баяу астения симптомдарымен бірге, кейде ересектерде жедел. Интоксикация көріністерімен бірге субфебрилитет.

Туберкулезді менингиттің емі

Егер туберкулезді менингитке күдік болған жағдайда шұғыл түрде арнайы емдік мекемеге жатқызу қажет, онда  қажетті рентгенологиялық зерттеу, спинальды пункция, лабораторлы тексеру, туберкулезге қарсы арнайы әдістер жүргізіледі.

Ем жүргізілмеген жағдайда соңы летальды болады. Ауруды ерте анықтап, емдеу жақсы нәтиже береді.

Ем мақсаты. 1 немесе 2 категориядағы химиотерапия. Туберкулезді интоксикация симптомдарын алу, гемограмма және ликворограмманы қалпына келтіру, менингиальды симптомдарды және орталық жүйке жүйесі зақымдалу симптомдарын жою.

Емдеу тактикасы. Ми қабаттарын және орталық жүйке жүйесінің туберкулезді зақымдалуын емдеу арнайы мекемелерде жүргізіледі. Интенсивті фаза емі арнайы мамандандырылған мекемелерде, ал демеуші фаза емі амбулаторлы жүргізіледі.

Емді бақылау. Интенсивті фазада микроскопиялық және культуралды қақырықты МБТ тексеру (2 рет), жалпы қан және зәр анализі, биохимиялық қан алаизі – ай сайын, кеуде торы мүшелерін рентгено-томографиялық зерттеу 2-3 айда 1 рет, демеуші фазада – әр квартал сайын. Бас миы КТ невропатолог және нейрохирург көрсеткіштері бойынша.

Режим. Емнің басты компоненті қатаң төсектік тәртіп, ликвор санациясы және менингеальды көріністердің жойылғандығына дейін, кейін баяу түрдеотыруға, жартылай төсектік тәртіпке ауысуға болады. Әрбір сатыға ауысу аздаған жүктеме арқылы жүргізіледі және невропатолог пен окулист рұқсаты арқылы жүргізіледі.

Медикаментозды ем.

Бірінші қатарлы препараттар қатаң түрде дене салмағына есептеу арқылы мг/кг/тәулік жүргізіледі.

1 категориядағы интенсивті фаза емі 5 АБП арқылы 4 ай аралығында жүргізіледі (изониазид 300, рифампицин 600, пиразинамид 2000, этамбутол 1200 — 4 ай, және стрептомицин 1,0 — 2 ай). 2, 3, 4 ай соңында интенсивті фазада қорытынды тексерулер жүргізіледі: МБТ- ға ликвордың бактериоскопиясы; ликворограмма. Егер оң клинико-бактериологиялық динамика болса, науқас демеуші фазаға ауысады, 8 ай 2 немесе 3 препаратпен (изониазид 300 + рифампицин 600 немесе изониазид 300 + рифампицин 600 + этамбутол-1200) күнделікті режимде.

2 категориядағы интенсивті фаза емі 5 АБП арқылы 5 ай жүргізіледі (изониазид 300, рифампицин 600, пиразинамид 2000, этамбутол 1200 — 5 ай, стрептомицин 1,0 — 2 ай). 2,3,4,5 айдың соңында қорытынды тексерулер жүргізіледі: ликворды МБТ- ға бактериоскопиясы; ликворограмма. Егер оң клинико-бактериологиялық динамика болса науқас демеуші фазаға ауысады 7 ай, 3 препаратпен (изониазид 300 + рифампицин 600 + этамбутол 1200) күнделікті режимде.

Симптоматикалық және патогенетикалық ем

Менингиттің түрлеріне қарамай басты бейспецификалық емі дезинтоксикация және су – тұз алмасуды реттеу. Ол үшін коллоидты және кристаллоидты ерітінділер қолданылады.тамыр ішілік ерітінді құюды абайлап жасау қажет, себебі ми ісінуі дамуы мүмкін.

Коллоидты осмотикалық қысым келесі деңгейде ұсталып тұруы тиіс:

  • альбумин 48-52 г/л;
  • натрий ионы 140—145 ммоль/л.

Басты ерітінді 5 % декстроза 0,9 % натрий хлоридпен бірге.

Гипоальбуминемия кезінде 10 % альбумин немесе жаңа қатырылған плазма — 10 мл/кг, микроциркуляцияны жақсарту үшін — декстран — 10 мл/кг, HAES-стерил гидроксиэтилкрахмал 200/0.56-10 % — 5-10 мл/кг қолданылады.

Инфекциялық-токсикалық шок бар науқастарға глюкокортикоидтар (гидрокортизон, преднизолон), жүректік заттар (строфантин, никетамид), адреномиметиктер (фенилэфрин, эфедрин) қолданылады. Сонымен қоса бүйрек үсті жеткіліксіздігі болса тамыр ішілік 125—500 мг гидрокортизон немесе 30-50 мг преднизолон, сонымен қоса 500—1000 мг аскорбин қышқылы, никетамид, строфантин қолданылады.

Госпитализацияға көрсеткіштер

  • туберкулезды интоксикация симптомы;
  • активті туберкулезды процесс, рентгенологиялық, бактериальды, клиникалық көрсеткіштермен анықталған;
  • белсенді активті ОЖЖ туберкулезді зақымдалуы.

Менингоэнцефолит

Бала жүдеген. Есінің бұзылуы. Үшінші кезкңінде кома. Ессіз, көзден айрылған, дене қызуы 39-40 С, жиі құсу.  Сонымен науқастын ерекше жатысы болады «Үрген иттің жатысы».

Туберкулезді менингиттің асқынуы

  1. Гидроцефолия;
  2. Архноидит;
  3. Ми туберкулемасы;
  4. Эпилепсия;
  5. Интелектің төмендеуі
  6. Салдану;
  7. Көзден айрылу;
  8. Кереңдік;
  9. Эндокриндік ағзалар: қансыз диабет, ергежейлілік.

Туберкулезді менингит

Дифференциалды-диагностикалаудың қиыншылықтары

Дифференциалды-диагностикалық қиыншылықтар мидың туберкулезді анықтау кезінде болады (әсіресе балалық шақтың өзіне тән), көбінесе өкпенің гематогендік-диссеминерленген туберкулезында. Ми туберкулезі кезінде неврологиялық көрсеткіштер аз сиппаталады: менингиальды синдром айқын емес көрініс табуы мүмкін және мидың жұмсақ қабығының контрактты тітіркенуімен байланысты, бірақ кейде болмауы мүмкін; кейде бас миының жүйкесінің зақымдануы байланысты эпилептикалық ұстамалар орын табады; басқа жағайларда мидың аумақтық заттық зақымдануы мида жаңа түзілімдерге күдіе тудырады; жұлынмилық сұйықтықтар әлсіз көрсетілуі қант дегейінің төмендеуі байқалады. Сирек алайда соңғы уақыттарда жиірек кездесетін шектелген туберкулезді менингит (туберкулезді арахноидит). Анатомиялық бұл формалар фиброзды инволюция фазасындағы шектеулі төмпешік процессін құрайды.  Олардың клиникалық көрсеткіштері полиморфты; ісік түрінде немесе қан қысымының көтеруі белгілерінсіз немесе менингиялдық синдром бас ауруы ұстамасы түріндегі джексондық эпилепсия түрінде болады. Жоғарыда аталған клиникалық сиптоматикаға байланысты осы фрмалардың диагностикасының сүйеу болатын мекендері: а) туберкулездік жалпылануы фонындағы дамуы; б) жұлынми сұйықтығының қалыпты құрамы; в) туберкулезге қарсы спецификалық терапияның нәтижелігі.

Менингизм

Туберкулезге шалдыққан науқастар созылмалы синусид немесе отиттің асқынуы менингитке ұқсас синдром білдіруі мүмкін. Туберкулезді менингитке  күдіктенуді лорингалогиялық зерттеулер мен жұлын суйықтығының анықтау арқылы аурудың клиникалық көрінісін береді. Жүкті әйелдердің токсикозы немесе керісінше туберкулезді менингитті жиі шатастыруы мүмкін. Бұл кезде тек қана жұлын суйықтығын зерттеу арқылы ғана дұрыс диагноз қоюға қол жеткізеді. Өкпенің фибриозды- кавернозды туберкулезімен аурурарының асқыну кезіндегі уримиялық ұстама немесе диабетикалық комаға түсуімен де туберкулезді менингитті шатастыру мүмкін. Бұл жолы да жұлын сұйықтығын зерртеу арқылы диагностикалық көрініске қол жеткізуге болады. Абсцедирующей пневмония және бронхоэктатикалық, орталық жуйке жуйесінің қабынуымен ауыратын науқастарды белгілі бір мезгіл аралығында туберкулезге қарсы стационарларға жатқызу заңды шешім болып табылады. Әсте бұл науқастар аурудың соңғы кезеңінде, жалпы жағдайының өте ауыр, шатасқан неврологиялық белгілер көрініс кезінде қаралуына байланысты дифференциальдық диагностиканы анықтау үшін қосымша факторлардың көмегі зор.

Субарахноидалды қан құйылуы кезі мен менингеалды синдромның ұксастығына байланысты дифференциальды диагностикалау кейбір қиыншылықтар тудырады. Бұл кезде басқа көрсеткіштерге қосымша кан аралас жұлын сұйықтығын болуы, науқастын жағдайының тез арада жақсаруы байланысты дұрыс диагноз құю мүмкіндігі туады.

Бас миының абсцессі

Аурудың ұзаққа созылуы 75%-да     2 аптаны құрайды. Клиникалық көрінісі инфекциялық жұқпалы ауру емес басішілік қысымның көтерілуі. Қалыптасу симптомдарымен көрсетіледі. Көрінісі жиі спецификалық емес, және де көптеген жағдайларға байланысты болады (мысалы, бактерияның вериленттілігі, иммунитет жағдайы, абсцесс немесе абсцесстердің негізгі аймағы, ми қарыншасындағы абсцесстің жарылуы немесе менингиттің дамуы). Тек кейбір жағдайларда классикалық триада көрініс береді: қалтырау, бас ауыруы және аймақтық неврологиялық бұзылыстар. Ең жиі кездесетін симптом – бас ауруы (70% жағдайында кездеседі). Қалтырау жалпы алғанда аурудың жартысында кездеседі; алайда балаларда 80%-дан астам жағдайларда болады. Аймақтық неврологиялық бұзылыстар бір бөлігінде кездеседі. Абсцесстің белгілі бір аймағында және санына байланысты гемиплигия, гемионопсия, бассүйек нервтерінің зақымдану симптомдары және басқа да бұзылыстар. Мишықтық абсцесс жиі нестагм, атаксия, құсу және дисметриядан көрініс табады. Маңдайлық бөлік абсцессі, бастың ауруы, ұйқышылдық, назар аудару қабілетінің бұзылуы және интеллектуалдық функциялардың бұзылыстарымен сиппаталады. Кейде сөйлеу қабілетінің бұзылуымен қатар келетін гемипарездік дамуы болады. Эппилептикалық ұстамалар 25-45% кездеседі. Жүрек айну және құсу басішілік қысымның жоғарылауы кезінде пайда болады. Есінің бұзылуы (ұйқылдық пен комаға дейін) аурулардың бәрінде дерлік кездеседі.

Соңғы кездері аурулар стационарға комада аз түседі. Оны қазіргі кездегі тексеру методтарының (мысалы КТ) қол жетімділігімен түсіндіруге болады. Көру нервісінің дискісінің ісік жиілігі әртүрлі және абсцесстің үлкенділігіне байланысты емес. Көбінесе, жүрек айну және құсумен қатар келеді. Шүйде бұлшықеттерінің региттілігі аурулардың 25%-да кездеседі, көбінісе аурудың басында. Бұл жағдайларда кейде бактериалдық менингитті қате диагностикалайды. Түрік седлосының абсцессін кей жағдайларда көріністерінің ұқсастығынан гипофиз ісігімен шатартырады (бас ауруы, көру аймағының бұзылуы, эндокриндік бұзылыстар).

Бас миының абсцесснің клиникалық көрінісі спецификалық емес, ал қалтыраудың кейде болмауына байланысты дифференциалдық диагноз келесі аурулар арқылы жүргізіледі: іріңді менингит, субдуральді эмпиема, эпидуральді абсцесс, энцефалит, септикалық аневризма, асқынған мигрень, басішілік қан құйылуы, субарахноидальді қан құйылуы, ишемиялық инсульт, мидың қатты қабығының синустар тромбозы, біріншілік немесе метастатикалық ісіктер ЦНС және жиі емес шашыраңқы склероз.

Жалпы қан анализі және зәр анализі аз ақпараттық. Соған жақын лейкоцитоз болуы мүмкін, бірақ жағдайлардың 40%-да ол кездеспейді. СОЭ жиі көтеріледі, алайда жүректің туабіткен цианотикалық кемістігінде қалыпты шектерінде қалады. С-реактивті белоктары деңгейі бойынша абсцесстерді және бас миының ісіктерін ажырату қадамдары жасалды, алайда олар да табысты болмады. Қанның бактериалогиялық зерттеулері қоздырушыны 10% жағдайында анықтауды мүмкін етеді.

СМЖ өзгерістері спецификалық емес. Бас миының абсцнссіне күдіктені кезінде люмбальдік пункция қарсы көрсетілген, өйткені бұл зерттеудің диагностикалық бағалығы улкен емес, ал басылып қалу қауіпі 20%-ға дейін жетеді. Осыған орай, қалтырау мен қатар аймақтық неврологиялық бұзылыстармен люмбальді пункция диагнозды анықтауға дейін қалдырылады.

Егер бас миының абсцессін іріңді менингиттен ажырату клиникалық көріністе мүмкін болмаса, ал соңғысының болу мүкіндігі улкен болмаса, онда КТ немесе МРТ нәтижелерін күтпей-ақ қан тексеруін бактериалогиялық зерттеуге алады және парентеральді түрде антибиотик тағайындайды. Бассүйегінің рентгенографиясы ЭЭГ, ангиография, рентгеноконтрасты вентикулография және бас миының 99mTc сцинтиграфиясымен өзгерістерді анқтай алғанымен де бас миының абсцессіне күдіктені кезінде орынсыз. Бас миының сцинтиграфиясы тек КТ және МРТ-ның қол жетімсіздігінде ғана өткізеді.

КТ және МРТ бас миы абсцессінің диагностикалау және емдеу тактикасын жеңілдетті. КТ кезінде ба миынан бөлек ортаңғы құлақ және емізік тәрізді өсімдер және де еуде клекткалық рентгенографиясы өткізіледі. Бас миының абсцессінің КТ арқылы диагностикалау 95%-дан асады. Одан бөлек КТ бас миының ісінуін анықтауға гидроцефалияны диагностикалауға, бас миының ортаңғы құрылымдарының ауысуын, абсцесстің белгілі бір аймағын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Өкнішке орай, КТ-дағы өзгерістер спецификалық емес. Ұқсас көріністер ісіктер және бас миының гранулемасы, ишимиялық инсульт және бас миының қалыптасып жатқан гемотомасы кезінде байқалады. Дәлірек диагностика үшін КТ-дан бөлек лейкоциттермен бас миының сцинтиграфиясын өткізеді. Алайда бұл зерттеу бас миының абсцессін бөлшектелген ісіктен ажыратуға мүмкіндік бермейді. Сцинтиграфиялық алдамшы теріс нәтижелері глюкокортикойдтар қабылдаумен байланысты болуы мүмкін. 201ТІ мен бірфонтандық эмиссиондық термография басішілік көлемді құрылымдарды дифференциялауды мүмкін етеді. Оның көмегімен ЖИТС ауруларымен ауыратындарда ОЖЖ лимфомасын токсоплазмосын энцефалитін ажыратуға болады. Алайда, ми абсцессінің диагностикасында бұл зерттеудің мағынасы әлі зерттелмеген.

Бас миы абсцессінің диагностикасында МРТ-ның нәтижелігі туралы көптеген көрсеткіштер жиналып жатыр.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Менингит
  2. Балалардағы менингиттер
  3. Менингококкты инфекция

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...