Ревматизм

Ревматизм. Этиологиясы, патогенезі, жіктемесі, клиникасы, емі, алдын алу

Ревматизм – дәнекер тіннің инфекциялық -аллергиялық ауруы. Аурудың салдарынан көбінесе жүрек, қантамырлар, буындар зақымданады. Дер кезінде емдемесе жүрек қақпақшалары зақымданып, бала жүрегінің жұмысы, қан айналысы бұзылады.

Ревматизм этиологиясы

Ревматизм этиологиясында β-гемолитикалық стрептококктің А тобының маңызы өте зор. Стрептококктің бойындағы 20-дан астам антиген, фермент, эндотоксиндердің ішінде ревматизмге соқтыратын әсері барлары:

  • стрептолизин О
  • фибринолизин
  • гиалуронидаза
  • М-антиген т.б.

Ревматизм патогенезінде аллергия реакцияларының ІІІ түріне сай иммундық комплекстердің орны үлкен. Жүрек тінінің жарақаттану себебі стрептококк антигендері мен жүрек клеткалары антигендерінің жалпылай ұқсас детерминанттарының болуында (қайшылас әсерлер).

ДДСҰ тұжырымы бойынша: Ревматизм – стрептококк антигендеріне жауап ретінде шығатын токсикалық-иммундық жүйелі васкулит пен кардит.

Ревматизмнің патоморфологиялық сатылары:

  1. мукоидтық ісіну
  2. фибриноид шығуы
  3. Ашоф-Талалаев гранулемаларының пайда болуы
  4. склероз

яғни жалпы қабынуда болатын процесстерге сай келеді: альтерация, экссудация, пролиферация, бітуі.

Ревматизмнің жіктелуі

ревматизм қазақша ауруы

Өршу фазасында қабыну белсенділігінің 3 дәрежесі:

І дәреже:

  • тері бетіндегі көгерулер, мұрны қанау, субфебрилитет, жүрегінің шекарасы аса қатты өзгермейді, артралгия
  • лабораториялық өзгерістер: лейкоцитоз 8 мың мөлшерінде, ЭТЖ – 20 мм/с төмен, СРБ – 0, +, АСЛ-0 -313, онан төмен.

ІІ дәреже:

  • Бұл белгілердің бәрі де анық, жоғары болады.

ІІІ дәреже:

  • ауыр хал-жағдай, қызыну, миокардит, полиартрит
  • лабораториялық өзгерістер: лейкоцитоз 10 мыңнан жоғары, ЭТЖ-30 мм/с жоғары, СРБ — +++, ++++; АСЛ-0 — 650, онан да көп.

Ревматизмнің ағым сипаты

Жедел ағым – ауру бірден басталады, клиникалық синдромдар тез дамиды, қабынудың белсендік дәрежесі жоғары, емделгенде белгілері тез кері қайтады.

Жеделдеу ағым – ауру жайырақ басталады, белсендік дәрежесі ІІ-ге сай, жиі кездесетін түрі.

Созылыңқы-солғын ағым – ауру жайлап үдейді, төмен белсенділікпен, лабораториялық өзгерістер де өте жай азаяды, емге тез басылмайды.

Толассыз қайталайтын ағым – аурудың рецидивтері алдыңғы қабынудың аяқталуынан бұрын басталады. Жасалған ем нәтижесі уақытша.

Ревматизмнің ең негізгі белгісі жүректің қабынуы – көбінесе миокардит.

Миокардиттің белгілері:

  • хал-жағдайы нашарлап, өңі бозарады
  • жүректің соғуы жиілеп, ентігу пайда болуы мүмкін
  • жүрек көлемі үлкейеді
  • тондар әлсірейді
  • тахикардия, брадикардия, экстросистолия
  • қанайналыс бұзылысы болуы ықтимал
  • ЭКГ-да P-Q интервалының ұзаруы
  • ЭхоКГ миокардтың жиырылу қабілеті төмендейді.

Эндокардит белгілері:

Митралдық қақпақша зақымдалса:

  • қатты естілетін, үрлеген сарынды     систоликалық шу
  • шудың ең қатты естілетін жері – жүрек ұшы
  • ФКГ — І тонмен тікелей байланысты
  • жоғары жиілікте
  • систоланың 2/3-ін немесе түгел қамтиды.

Ревматизм полиартритінің ерекшеліктері:

  • ірі буындардың қабынуы
  • симметриялы зақымдануы
  • ауру белгілерінің тез басылуы
  • артынан ешқандай өзгеріс қалдырмауы

Ісіну, қызару, ауыру, буын ыстығының жоғарылауы, қимылдың бұзылуы – осы белгілердің бәрі де өте қатты болады.

Митралды қақпақшаның жетіспеушілігі. 

Клиникалық белгілері:

  • жүрек көлемінің солға және жоғары қарай кеңеюі
  • І тон дыбысының әлсіреуі
  • жүрек ұшында жақсы естілетін “үрлеген” систолалық шу
  • шу І тонмен тығыз байланысты, систоланы түгелге жақын    қамтиды
  • шу қолтық астында және арқа тұсында да естіледі

ЭКГ-де:

  • сол қарынша мен жүрекшенің гипертрофиясы

Рентгенде:

  • жүрек көлемінің сол жаққа үлкейгені
  • жүрек белінің толысқаны

ЭхоКГ-да: қақпақшаның регургитациясы.

Митралдық тарылу 

Клиника белгілері:

  • цианоз, беттің қызылшырайлануы, ернінің көкшілденуі
  • ентігу, жүректің тулап соғуы, жөтел
  • дыбыс белгілері – тарсылды І тон, гүрілдеген персистолалық діріл

ЭКГ-де:

  • сол жүрекше миокардының гипертрофиясы

ФКГ-де:

  • митралды қақпақшаның ашылу тарсылы
  • диастолалық шу

Рентгенде:

  • сол жүрекшенің үлкеюі
  • кейінірек оң қарынша мен жүрекшенің үлкеюі

Ревматизмнің диагностикалық критерийлері

1.Үлкендері:

  • кардит
  • полиартрит
  • хорея
  • анулярлық эритема
  • ревматизмдік тері астындағы түйіндер
  • байқау емі

2.Кішілері:

  • дене қызуы жоғарылауы
  • ревматизмдік анамнез немесе ревматизмдік жүрек ақауы
  • P-Q интервалының ұзаруы
  • полиартралгия
  • лейкоцитоз, ЭТЖ артуы, СРБ шығуы

3.Стрептококк инфекциясының белгілері:

  • жақында стрептококк инфекциясымен ауырғаны
  • көмекей жағындысынан стрептококктің табылуы
  • АСЛ-0 т.б. антиденелердің титрінің жоғарылауы

Ревматизм емі

1.Төсек режимі

2.Диета

3.Медикаментті ем

а) стрептококке қарсы:

  • пенициллин
  • бициллин

б) қабынуды және иммундық патологияны басатын:

  • аспирин — әр жасына 0,2-0,25 г
  • индометацин, диклофенак (вольтарен), нимумед, бутадион т.б.
  • глюкокортикоидтар
  • хинолин дәрілері: резохин, хлорохин, делагил, плаквенил

4.Созылмалы инфекция ошақтарын жою

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...