Өкпе абсцесі мен гангренасы

Өкпе абцессі мен гангренасы хирургиялық емі

Абцесс дегеніміз, іріңнің қуыста оқшауланып жиналуы. Өткір абцесстің жан жағында үнемі өкпе тіндерінің қабыну инфильтрация аймағы болады.

Гангрена дегеніміз, қан айналымының бұзылуынан және улы заттардың әсерінен өкпе тінінің некрозға ұшырауы. Айқын шекарасы болмайды. Клиникалық көрінісі өте ауыр түрде өтеді және адам өміріне қауыптілігі жоғары.

Өкпе мен плевра ауруларының халықаралық жіктелуі:

Қабынбалы іріңді аурулары:

  1. Өкпе абцессі
  2. Өкпе гангренасы
  3. Бронхоэктатикалық ауруы
  4. Плевра эмпиемасы
  5. Пиопневмоторакс

Абсцесстің этиологиясы: В.И. Стручков, 1986 ж.

  • Пневмания түрлері — 60%, жиі крупозды
  • Тұмау аурулары — 10%
  • Аспирационды характер- 10%
  • Лимфагенді — гематогенді – эмболиялық қалдықтары -1%
  • Басқа себептер — 19, жарақаттар

Өкпе абцессінің жиі қоздырғыштары болып табылады:

  • Стафилококк;
  • Пневмококк;
  • Ішек таяқшасы;
  • Протей;
  • Фриндляндер таяқшасы;
  • Bact. fragilis;
  • Bact. melaninodenicus
  • Peptococcus
  • Peptostreptococcus
  • Бактероидтар

Эпидемиологиясы: Өкпе абцессі мен гангренасы ер адамдарда- 85%, әйел адамдарда-15-20% кездеседі. Еңбекке жарамды кезеңде -80-90% 20 мен 50 жас аралығында. Басты бронхтың орналасуына байланысты, жиі оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі зақымданады.

Клиникалық көрінісі

Өкпенің жедел абцессінің клиникасы екі сатыда өтеді:

  1. Абцессті бронхқа ашуға дейін (Жабық кезең)
  2. Абцессті бронхқа ашудан кейін (Ашық кезең)

Абцессті бронхқа ашуға дейінгі диагностикасы: Пневмонияға тән белгілерімен жедел басталуы .

  • Қалтыраумнен сипатталатын дене қызуының жоғарылауы.
  • Тершеңдік
  • Кеуде торындағы ауырсыну
  • Шырышты боліндімен ауыр жөтелу.
  • Перкуторлық дыбыстық тұйықталуы (зақымданған аймақта)
  • Тыныс алу әлсіреген.

Абцессті бронхқа ашудан кейінгі диагностикасы:

  • Өте көп мөлшерде «ауыз тола» қан араласа шығатын какырыкты жөтел.
  • Инфекцияға байланысты қақырык нашар иісті болуы мүмкін.
  • Какырык 3 қабаттан тұрады: 1. төменгі қабаты-іріңнен 2. ортаңғы қабаты-сарғыш тартқан сұйықтықтан 3. жоғарғы қабаты — көбіктен .
  • Температура түседі, қалтыраулар жоқ.
  • Кеуде торындағы ауырсыну синдромы жылдам басылады.
  • Бронхиалды дыбыс тындалынады, кейде амфорикалық оттенк және дымқыл сырылдар.
  • Жалпы жағдайы жақсарады.

Өкпенің жедел іріңді абцессін диагностикалау:

  • Қакырықты зерттеу, цитологиялық зерттеу.
  • Кеуде торына екі проекцияда ренгенография жасау.
  • Томография
  • Ультрадыбысты зерттеу
  • Бронхоскопия
  • Бронхография (абсцессография)
  • Компьютерлі томография.

Өкпенің жедел іріңді абцессінің емі:

Консервативті емі: Кең спектрлі антибиотиктерді көктамырға енгізу. Иммунотерапия: ронколейкин, интерлейкин-2, иммунофан, пентоглобин. Антистафилоккокты плазма.

Постуральды дренаж – денені көп мөлшерде какырык бөлінетіндей етіп орналастыру. Диаметрі 6 см-ден үлкен абцесс кезінде хирургиялық араласусыз консервативті ем тиімсіз.

дренаж қазақша

 

постуралды дренаж қазақша

Оперативті емі: Антибактериялды және бронхолитик заттарды енгізу үшін микротрахеостомия жасау. УДЗ-дің көмегімен абцессті трансторакальды дренаждау. Созылмалы түрге ауысқан жағдайда сегментэктомия -зақымданған өкпеге резекция жасау.

Өкпе гангренасы

Өкпе гангренасы – оны шектейтин қабаты болмай іріңді деструктивті тіндер одан әрі дамып, таралауы.

Өкпе гангренасының этиологиясы:

  • Бактероидтар
  • Фузобактериялар,
  • Анаэробты кокктар
  • Ішек таяқшасы
  • Протей.

Өкпе гангренасының клиникалық көрінісі

  • Ауру басталуының өткір түрде болуы
  • Науқастың жағдайының ауырлауы: көгеру, ентігу, тахикардия, ҚҚ төмендеуі.
  • Дем шығарған ауадағы жағымсыз иіс «абсцессті бронхқа ашқаға дейінгі кезеңде».
  • Анемия дамиды.
  • Гемолитикалық сарғаюлар
  • Кеудедегі ауырсыну сезімі.
  • Перкуторлы дыбыстың тұйықталуының кең көлемде.

Емдеу:

  • Интенсивді улануға қарсы ем.
  • Анаеробты инфекцияға арналған антибактериальды ем.
  • Трамбоэмболиялық асқынуларға қарсы тура әсерлі антикоагулянттар.
  • Плевра қуысын дренаждау пульмон — немесе лобэктомия науқастарды құтқарады.
  • Өкпенің іріңді аурулардың таралуы өте іжоғары: абсцессте — 4%, жайылған гангренада -50% және одан да көп.

Дренаждау (англ. Drain — қазақша құрғату) әр түрлі қуысты ағзлардың жарақаты кезіндегі сұйықтықтарды шығару әдісі. Дренаждауды әр түрлі диаметрлі резенке, хлорвинилді түтікшелер арқылы және басқа да резеңке немесе марлыдан жасалған затты абсцесс қуысына, плевраға енгізу арқылы жүзеге асырады. Химиялық және биологичялық жағыннан инерттілігі жоғары болу қажет. Ірің, бүлінген жасушалар, микроорганизмдер сол арқылы арнайы ыдысқа немесе таңғышқа шығып отырады. Сонымен қатар, дренаж арқылы жараға немесе іріңді ортаға антисептикалық препараттар, антибиотиктер, протеолитикалық ферменттердің ерітіндісін енгізуге болады.

Плевра қуысын троакардың көмегімен дренаждау: а) плевра қуысына пункция жасау, б) дренажды троакардың канюлясы арқылы өткізу, в) троакар канюлясын алып тастау, г) дренажды фиксациялау

дренаж қазақша

Плевра куысын іріңді плеврит кезінде дренаждау: а) қантоқтатқыш қысқыш арқылы дренажды енгізу; б) дренажды бекіту

плеврит кезінде дренаж

Бюлау әдісі бойынша плевра қуысын дренаждау

бюрлау бойынша дренаждау

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...