Миокард инфарктісі

Бүгінгі таңда миокард инфарктісі кең тарап отыр және осы ауру көп адамның кенеттен өліп кетуінің себепкеріне айналып барады. Инфаркт проблемасы әлі толық шешілген жоқ және бұл аурудан өліп кетушілердің саны барған сайын өсіп отыр.

Бұл ауру 35 пен 50 жас аралығындағы әйелдерге қарағанда ер адамдарда көбірек кездеседі.

Инфаркт алдындағы синдромның үш варианты болады: 1). алғаш рет тап болатын стенокардия. Бұл жүрек ауруының тез өтетін түрі және жиі кездеседі, 2). стенокардияның тыныштау өтетін түрі, 3). жүректің ауыр түрде ұстауы (приступ), ауа жетіспеуі. Жүрек ұстамалысының төртінші түрін дәрігерлер «стенокардия принцметалла» деп те атайды.

миокард инфарктісі

Миокард инфаркті- мүгедектікке және өлімге алып келетін себептердін бірі болып табылады. Миокард инфаркті ауруының-соңғы жылдары өршуі байқалуда, әсіресе жас және орта жас буындарда кездеседі.

Миокард инфаркты дегеніміз – коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің әсерінен жүрек бұлшық етінде бір немесе бірнеше ишемиялық некроз ошақтарының пайда болуымен сипатталатын жүректің жедел ишемиялық ауруы.

Миокард инфарктісінің туындау себептері

  • шамадан тыс тамақтану;
  • тамақ рационының дұрыс болмауы;
  • қимыл – қозғалыстың жеткіліксіз мөлшерде  болуы;
  • гипертоникалық аурулар;
  • жағымсыз әдеттер: темекі тарту, шылым шегу;

Этиологиясы

  • Коронарлы артериялардың обтурациясы
  • Коронарлы артериялардың атеросклерозы (тромбоз, бляшкалармен бітелуі) 93-98 %
  • Хирургиялық обтурация (ангиопластика)
  • Коронарлы артериялардың эмболизациясы (майлы  эмболия т. б.)
  • Коронарлы артериялардың спазмы

Миокард инфарктісінің жіктелуі

Жүрек бұлшық етінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы:

  • трансмуральды- Q-тісшесі Миокард инфаркті) (патологиялық — Q-тісшесі не QS комплексінің пайда болуы- некроз ошақтары 2-немесе оданда көп сол қарыншалық сегменттеріне таралуы (Миокард инфаркті-ірі ошақтары).
  • Q-тісшесіз Миокард инфаркті-некрозы ошақтар тек сол қарыншаның субэндокардиальды немесе интрамуральды бөліктерін және QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді. (Q-тісшесіз Миокард инфаркті-ұсақ ошақты миокард инфаркті деп аталып келді)

Аурудың ағымына қарай сипаттамасы:

  • біріншілік — анамнезде миокард инфарктімен бұрын ауырмағанған және аспапты тексерулерде миокард инфаркті белгілерінің болмауымен анықталады.
  • қайталамалы — науқаста бұрын миокард инфарктімен ауырғаны туралы құжаттық мәлімет болса және айқын жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен анықталады.
  • рецедивті — клиника-зертханалық және аспапты зерттеу белгілердің, миокард инфаркті дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен және оның негізгі үдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.

Даму cатысы бойынша:

  • Аса жедел ( Ми басталғаннан 2-6 сағат )
  • Жедел кезеңі ( МИ басталғаннан 10 күн)
  • Жеделдеу кезеңі (10-ші тәуліктен 4-8 аптаға дейін)
  • Тыртықтану кезеңі (4-8 аптадан 6 айға дейін)

Зақымдалудың анатомиясы бойынша:

  • Трансмуральды
  • Интрамуральды
  • Субэндокардиальды
  • Субэпикардиальды

Қауіп факторлары

  1. Коронарлы артерияларда тұрақсыз атеросклерозды бляшкалардың болуы
  2. Науқаста шумақшалардың зақымдануымен жүретін бүйректің созылмалы ауыруының болуы. Бұндай науқастарда ауыр екіншілік АҚҚ болады. АҚҚ тұрақты жоғарлауы негізінде сол жақ қарыншаның жүрек бұлшықетінің қалыңдауы (гипертрофия) және созылуы (дилятация) болады.
  3. Науқастың ата-анасында алпыс жасқа дейін жүрек ұстамаларының пайда болуы, жас кезде миокард инфарктісінің дамуының бірден бір факторы

Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері

  1. Инфаркт миокардісінің гастриттік түрі – гастриттің шаншу белгілерімен сипатталатын түрі. Айқын ауру сезімімен көрініс береді. Бұл кезде сол қарыншаның миокардының төменгі бөліктері зақымдалады, диафрагмаға бекіген бөлігі.
  2. Инфаркт миокардының демікпелі түрі – бронхиалды демікпе белгілеріне өте ұқсас келеді. Құрғақ жөтелмен, кеудеде дискомфорт белгілермен сипатталады.
  3. Инфаркт миокардының ауыру сезімінсіз түрі – ұйқының бұзылуымен,  көңіл-күйдің бұзылуымен,  көп  мөлшерде тер бөлінуімен көрініс береді.

Патоморфологиясы

Инфаркт  ошақтары  ақшыл сары, көкшіл қоңыр, немесе жасылсарытүрінде  көрініп, олардың жиектерінде қызыл түстегі  қан құйылу ошақтары табылады.  Оны қызыл жиекті ақ инфаркт дейді. Инфарктқа ұшыраған ет талшқтары, аралық тін, қан тамырлары лейкоцит ферменттері  әсерінде түгел өледі.

Жай микроскоппен қарағанда инфарктың бірінші сағаттарында, микроциркуляция арнасындағы майда қан тамырларының өз тонустарын жоғалтып кеңейіп кеткендігін, капиллярлардағы қанның іркілу және іркілу алдындағы жағдайын, қан құйылу ошақтарын көреміз.

Миокард инфарктінің клиникалық көрінісі

Күш түсумен байланыстыратын, нитраттарға басылмайтын, бір сағатқа созылатын төстің артындағы қатты күйдіріп, қысып, батып, тырнап ауырсыну. Көбінесе сол жақ иық, жауырын асты, қолға берілетін интенсивті ауырсыну. Суық жабысқақ термен жүреді. Жиі  қорқыныш сезімі, әлсіздік, ентігу қосылады

Миокард инфарктісінің негізгі ЭКГ белгілері:

  1. Патологиялық  Q  тісшесі ( 0.03 сек кең)
  2. AVR  және V1 тіркемелерінен басқаларында  QS  комплексі ( трансмуралды МИ)
  3. ST дискорданттылығы
  4. +_ T
  5. Терең Т ( клиникасымен бірге сәйкестендіру)
  6. Тыртықтану кезеңінде ST сегментінің, Т қалыптасуы, терең Q  тісшесі ұзақ сақталады.
  7. Субэпикардиалды  МИ ST сегменті мен Т тісшесі изосызықтан жоғары
  8. Субэндокардиалды  МИ ST сегменті мен Т тісшесі  изосызықтан төмен

Диагностикасы

Ерте:

  • Электрокардиография
  • Эхокардиография
  • Кардиотропты белоктарды анықтау (МВ-КФК, АсАТ, ЛДГ1, тропонин)

Кейінге қалтырылған:

  • Коронография
  • Миокардтың  сцинтографиясы

Ауруханаға дейінгі кезде көрсетілетін көмек:

  1. Тіл астына нитроглицеринннің бір таблеткасын салып, 0,25-0,35 г аспирин ішкізу
  2. Анальгетиктер салып ауырсынуды толық басу
  3. Қатерлі болуы мүмкін ырғақ бұзылысын жою.
  4. Жедел жүрек шамасыздығын жою
  5. Кардиогенді шоктан шығарып алу
  6. Клиникалық өлім болғанда реанимацияны жүргізу
  7. Науқасты кардиологиялық бөлімшеге мүмкіндігінше тез жеткізу

Ауруханалық этапта жүргізілнтін шаралар:

  1. Ауырсынуды жою. а)нитроглицерин б) нейролептоанальгезия (фентанил, таламанол)
  2. Оксигенотерапия
  3. Тоқтаған қан ағымын қайта жүргізу және тромбтың әрі қарай ұлғаюына немесе жаңадан түзілуіне жол бермеу.
    а) тромболизистік ем; б) антикоагулянттық ем; в) антиагреганнтар
  4. Өмірге қауіп төндіретін аритмиялардың алдын алу
    (ß-адреноблокаторлар, метапролол)
  5. Реваскуляризацияны ерте қалыптастыру және некроз көлемін шектеу. (каптоприл, эналаприл)
  6. Метаболиктік кардиопротекторлармен емдеу (глюкоза,неотон, милдранат, гиполипидемиялық кардиопротекторлар)

 

Миокард инфаркті -асқынулары

Ерте:

  • Жедел жүрек жетіспеушілігі
  • Кардиогенді шок
  • Ырғақ  және өткізгіштік бұзылысы
  • Тромбоэмболиялық асқыну
  • Перикардит
  • Жүрек тампонадасының дамуымен миокардтың  жыртылуы

Кеш:

  • Постинфарктты синдром (синдром Дресслера)
  •  Тромбоэмболиялық асқыну
  • Созылмалы  жүрек жетіспеушілігі
  • Жүрек аневризмасы

Миокард инфарктісінің болжамы: өмір сүруге қолайсыз, еңбекке қабілеттілікті төмендетіп СЖЖ-не әкеледі.

Миокард инфарктісін алдын алу

  • Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
  • Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
  • Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту- тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
  • Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
  • Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
  • Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
  • Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...