Жалпы фармакология. Дәрілік заттар ағзаға әсері.

Дәрілік заттардың адам ағзасына әсері. Фармакодинамика және фармакокинетика

Фармакалогилада дәрілік заттардың фармакокинетикалық  және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады.Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Дәрілік заттарды емдік және алдын алу мақсатында  қолдану, оларды ағзаға енгізуден немесе дене бетінен жанастырудан басталады.

Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды.

Дәрілік заттар әсері

Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады.Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың құрылымын және рецептормен жанасу дәрежесін молекулалық байланыстың беріктігіне тәуелді болады.зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды.

Дәрілік заттардың әсерлеріне байланысты бөлінуі:

  1. Сандық
  2. Сапалық

Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде олардың химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты  болды. Заттардың химиялық құрылысы  және олардың химиялық биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Сонымен қатар бірдей типті әсерлі әр түрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру үшін дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде мәлімет алуға болады.

Дәрілік заттардың әсерлері:

  1. Дозалар, концентрация;
  2. Дәрілік заттарды қайталып қолдану;
  3. Дәрілік заттардың әсерлесуі;
  4. Дәрілік  заттарға тәуелді заттар;
  • Дәрілердің әсері көп дәрежеде, олардың дозасымен анықталады. Дозаға байланысты әсерінің даму жылдамдығы, оның айқындығы, ұзақтығы, кейде сипаты өзгереді.Әдетте дозаның жоғарылауыменн латентті кезеңі азаяды және әсерінің айқындығы мен ұзақтығы ұлғаяды.
  • Тәуліктік дозаға әсері – бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын доза деп атайды. Дозаны граммен немесе грам үлесімен белгілейді.Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық дозаны табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды. Егер ағзада дәрілік заттардың жоғары дозасын жылдам түзу қажет ететін болса, онда бірінші доза соңғылардан жоғары болады. Кейбір жағдайларда препараттың дозасы курстық емге көрсетіледі, әсіресе микробтарға қарсы химиотерапиялық заттарды қолданғанға маңызды.
  • Қайталап қолдану – олардың әсері жоғарылауы жағына да және төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін. Бірқатар заттардың әсеренің ұлғаюы, олардың кумуляциялану қабілетіне байланысты болады. Фармакологиялық заттардың жинақталу түрін айтады. Бұл ұзақ әсер ететін препараттарға тән, олар өз бөлінеді немесе ағзаға тұрақты байланысады. Оларды қайталап тағайындағанда заттардың жинақталуы уытты әсерлердің себебі болуы мүмкін.
  • Функционалдық деп – бұл кезде зат емес, әсер жинақталады. Алкоголизм кезінде ОЖЖ нде функциясының үдемелі өзгеруіне маскүнемдіктің дамуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайда зат жылдам тотығады, тіндерде тез сіңіріледі. Оның тек нейротропты әсерлері ғана сіңіріледі.

Дәрілік заттардың өзара әсерлесулері – ол дәрілік заттарды бір уақытта жиі қолдануда және олар негізгі әсердің айқындығын, сипатын және жанама әсерлерін күшейте немесе әлсірете отырып бір – бірімен өзара әсерлесуін қарастырады. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуін былай жіктеуге болады:

  1. Дәрілік заттардың фармакокинетикасының өзгеруіне негізделген
  2. Дәрілік заттардың фармакрдинамикасының өзгеруіне
  3. Ағза ортасына химиялық және физикалық өзара әсерлесуі

Дәрілік заттардың фармацевтикалық өзара әсерлесуі – медицина практикасы үшін пайдалы әсерлерді күшейту және үйлестіру үшін әртүрлі дәрілік заттарды жұптастыру жиірек қолданылады. Оған мысал ретінде психотровтық заттарды опиоидтық анальгетиктермен қосып қолдана отырып соңғысының әсерін жоғарылату болып табылады.

Фармацевтикалық өзара әсерлесу – бұл кезде препарттарды дайындау және оларды сақтау барысында сонымен қатар бір щприцте араластырғанда, қоспалар компанентінің өзара әсерлесуі болады және өзгерістің болатындығы соншама нәтижесінде препарат керексіз болып қалады. Бұл кезде бастапқы компонетте бар болған фармакотерапиялық белсенділік төмендейді немесе жойылады. Кей кездерде жаңа ал кей кездері жағымсыз қасиеттер пайда болады.

Дәрілік заттардың адам ағзасы үшін әсері көріністері және ерекшелігі

  1. Жасы
  2. Жынысы
  3. Генетикалық факторлар
  4. Ағзаның жағдайы
  5. Тәуліктік ырғақтың маңызы

Ағзаның жағдайы. Препараттардың әсері ағзаның жағдайына,соның ішінде оларды тағайындайтын паталогияға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ыстықты түсіретін заттар дене температурасын тек қызба кезінде түсіреді. Симпатикалық иннервацияның тонусы жоғары болған сайын ганглиоблакаторлардың гипотензивтік әсері көп болады.бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар заттардың экскрециясын және биотрансформациясынын өзгертеді. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы жүктілікті, семіздікті өзгертеді.

Тәуліктік ырғақтың маңызы. Сергектік пен ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне жәнеиоған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Бұл өз кезегінде әр түрлі ағзаның заттарға сезімталдығын көрсетеді. Фармакологиялық әсердің тәуліктік периодизмге зерттеу, Хронофармакология деп аталады. Тәуліктік периодизмге байланысты заттың уыттығыда айтарлықтай өзгереді. Мысалы, Жануарларға зерттеу жүргізгенді уытты дозаға фенобарбиталдың леталдық әсері тәуіктің әрбәр уақытында  0 – 100 пайызға дейін ауытқиды. Хронофармакология саласында мәліметтердің көлемі  шектеулі болғанымен, оларды қабылдау уақытына байланысты препарттарды рациналды дозалау үшін тәуліктік ырғақтыңда, әсерінде анықтау қажет.

Жасы. Дәрілік заттарға сезімталдық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттардың іштегі нәрестеге 24 – аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге әсер етуін зерттейтін ғылым перинаталдық деп аталатын болып табылады. Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктеерін зерттеумен айналысатын фармакалогия саласын педияторлық фармакалогия деп атайды. Әртүрлі жастағы балалар үшін уытты және күшті әсер ететін заттардың жоғарғы бір реттік және тәуліктік дозаның кестесі мысалға келтірілген. Жасы егде және кәрі  адамдарда дәрілік заттардың сіңуі баяулаған, олардың метаболизімнің тиімділігі аздау, препараттардың бұйректен шығу жылдамдығы төмендеген. Жалпы, егде және кәрілік жаста көпшілік дәрілік заттарға сезімталдық жоғары болады, соған байланысты дозасы төмен болу керек.

Жынысы. Адам жынысына байланысты бірқатар заттардың метаболизімінде ерекшеліктер бар. Мысалы, ер адамдарда әйелдерге қарағанда ионның абсорбциясы баяулайды. Ер адамдарға қарағанда әйелдерде верапамилдің биожеткіліктілігі жоғарлайды.

Генетикалық факторлар. Дәрілік заттарға сезімталдық генетикалық негізделген. Мысалы, қан сарысуында холинэстерезаның генетикалық жетіспеушілігі кезінде, миорелаксант дитилиннің әсер ету ұзақтығы кенеттен жоғарлайды. 6-8сағ оданда көп болуы  мүмкін. Туберкулезге қарсы зат изониязидтің ацетилдену жылдамдығы жеткілікті кең түрленетіні белгілі. Адамдарда тез және баяу метаболизімдік белсенділігі бар деп бөлінеді. Ағзаның дәрілік заттарға генетикалық факторлардың ролі өте зор.

Дәрілік заттардың адам ағзасына әсері:

  1. Негізгі әсер
  2. Жанама әсер;
  3. Уытты әсер;

Дәрілік заттар қатары. Дәрілік заттардың адам ағзасы үшін маңыздылығы өте жоғары. Ал дәрілік заттардың құрылысы химиялық, физикалық қасиеттері әртүрлі. Әсер ету ұзақтығы өте ұзақ және маңыздылығы жоғары. Дәрілік заттардың адам ағзасына, жынысына, жасына,генетикалық ақпаратына, тәуліктік ырғақтығына тікелей байланысты болады. Заттардың ағзаға әсер ету қзақтығы егде адамдарда ұзақ, ал орта жастағы адамдарға әсер ету ұзақтығы өте тез және жеңіл жүреді. Сонымен қатар дәрілік заттардың дозаларымен қоса қайталап қолдану және өзара әсеерлесуіне де байланысты болады, яғни адам ағзасына дәрілік заттардың әсерлері әртүрлі болатыны анықталды.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...