Өкпе ісінуі

Өкпе ісінуі. Себептері емдеу жолдары

Өкпеде газдардың алмасуы қатты бұзылыстарына әкелетін өкпе ұяшықтарында және тінаралық кеңістіктерде тез арада сұйықтықтың жиналып қалуын өкпе ісінуі дейді.

Даму жолына қарай өкпе ісінуі келесідей болып жіктеледі:

  • Гидростатикалық
  •  Мембраналық – деп екіге ажыратады

Гидростатикалық өкпе ісінуі өкпе қылтамырларының ішінде қан қысымы көтерілуімен  сипатталатын ауру кезінде байқалады.Өкпе қылтамырларының ішінде гидростатикалық қысым с.б.б. 7-10 мм-ге дейін көтерілгенде қан сұйығының тамыр сыртына сүзілуі оның лимфалық тамырлармен ағып кетуінен артып кетеді.

Өкпе қылтамырларының ішінде қан қысымы көтерілуі мына себептерден пайда болады:

  1. сол жақ жүрекшенің қызметінің жеткіліксіздігі,митралды қақпақша тесігінің тарылуы, жүрек аритмиялары кездерінде;
  2. бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі т.б.кездерінде айналымдағы қан көлемі тым артып кеткуінен;
  3. өкпе көктамырлары тарылып қалғанда;
  4. өкпе эмболиясы кезінде;
  5. бронхиалық демікпе т.б. себептерден тыныс алу жолдары бітелгенде;
  6. пневмоторакс, өкпе өспесі кездерінде өкпе лимфалық тамырлардың тарылуынан.

Мембраналық өкпе ісінуі өкпе қылтамырлары қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуден дамиды. Ол мына синдромдар:

  • жіті (жедел) тыныстық дисстрес-синдромы;
  • аспирациялық синдром (тыныс алу жолдарына тағам, су түсуінен);
  • ингаляциялық синдром(уытты газдармен, сынап парларымен, түтінмен т.б.б. демалғанда);
  • уыттылық синдром (бактериялық эндотоксиндер,бүйрек қызметі жеткіліксіздігі (т.с.с.)- кездерінде байқалады.

өкпе ісінуі

Пайда болу сесебіне қарамай өкпе ісінуі жасушалардың ішінде, тіндерде және өкпе ұяшықтарында сұйық жиналуымен көрінеді. Оның даму жолдарында өкпе қылтамырларында гидростатикалық қысымның көтерілуі, қан нәруыздарына, әсіресе албуминге, май тамырлар қабырғаларының өткізгіштігі артуы және өкпе тінінде лимфа айналымның бұзылуы маңызды орын алады.

Бұл бұзылыстар көптеген биологиялық белсенді заттардың (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер мен лейкотриендер, тронбин т.б.) және марофагтар мен тромбоциттердің өкпе тамырларына әсерлерінен дамиды. Тамыр сыртына шыққан әлбуминдер тінаралық кеністіктерге жиналып өкпе ісінуі дамиды.

Өкпе тамырларында қан өтуінің кезкелген бұзылыстары тамыр ішінде қан түйіршіктерінің (лейкоциттердің, тромбоциттердің) әсерленуіне әкеліп, тромбоксан А2, жүйкелік медиаторлар, простогландиндер т.б. Тамыр қабырғаларының өткізгіштігін арттыратын заттардың бөлініп шығарылуын арттырады. Өкпе ұяшықтары сұйыққа толып қалуынан ұяшықтардың желдетілуі бұзылады, ауыр гипоксемия және гиперкапния дамиды.

Кіші шеңбердегі іркілістерге байланысты:

  • Қан қақыру;
  • Жүрек астмасы;
  • Өкпе ісінуі;
  • Іркілістік пневмония, бронхит;
  • Өкпе артериясының аневризмасы;

Өкпе ісінуінің клиникалық белгілері:

  1. Ентікпе,жүректік асманың, өкпе ісінуінің ұстамалары,өкпедегі сырылдар мен крепитация,қуқылдану.
  2. Қан-қақыру, өкпеден қан кету.
  3. Өкпе артериясы діңгегінің кеңуінен сол жақ II қабырға аралық пульсация.
  4. Өкпе артериясындағы II тонның акценті, Грехем-стилдің протодиастолалық шуы.
  5. Өкпе артериясының аневризмасы.
  6. Іркілістік бронхит пен пневмония.

Емдеу принциптері:

  1. Негізгі ауруды-ревматизмді және симптомдық ем;
  2. Митральді комиссуротомия.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...