Құтырма ауруы. Рабдовирустар

Құтырма вирусы. Рабдовирустар

Rhabdoviridae тұқымдасына құтырма вирустары, везикулярлы стоматит, қызба, омыртқасыздардың вирустары жатады. Құтырма қоздырғышын 1880 жылы Л. Пастер ашты. Құтырма қоздырғышы Rhabdovirus тұқымдасына жатады.

Морфологиясы: Құтырма вирусының формасы оқ тәрізді, бір жақ ұшы жайпақ, екінші жақ ұшы дөңгелектенген, ұзындығы 80-180 нм. Гликопротеидтер мен гликолипидтерден тұратын қабықпен қапталған, гемагглютинациялық қасиетке ие.

Дақылдық қасиеттері: Құтырма вирусы тышқандардың, қойлардың, балапандардың, қояндардың, теңіз шошқаларының, ақ егеуқұйрықтардың миында дамиды. Вирустардың кейбір штаммалары қой,бұзау, тауық эмбрионында көбейеді. Құтырма вирусы әр түрлі жануарлардың тіндерінің дақылдарына бейімделеді.

Антигендік құрылымы: Құтырма вирусында әр түрлі түрлері мен типтері жоқ. Жануарлар арасында жабайы құтырма вирусы дала вирусы деген атауға ие болды. Инкубациялық кезеңі ұзақ және инфекциялық титрі жоғары вирустар фиксирленген вирустар деп аталады.

Төмен температураға және глицеринге төзімді. Жүйке тіндерінде ұзақ сақталады, кейде жануар өлімінен кейін де. Құтырма вирусын 2 минут қайнатқанда, температурасы 60С –та 10-15 мин ұстағанда, күн көзінің тура әсерінен және ультракүлгін сәулеленуден, фенол, лизол ерітінділері және т.б эфирге сезімтал препараттар әсерінен өледі.

Құтырманың жануарларда кездесуі: Құтырмамен әдетте иттер, қасқырлар, түлкілер, жарқанаттар,сиырлар, аттар, қойлар, шошқалар, мысықтар, егеуқұйрықтар, құстар ауырады. Вирус құтырмамен ауыратын жануарлар тістегенде терінің зақымдалған жеріне сілекей арқылы жұғады.

Құтырма вирусының адамдағы патогенезі

Жұққаннан бастап аурудың басталуына дейін 15-45 тәулік өтеді, кейде 3 ай,кейбір жағдайларда жылдан асады. Инкубациялық кезеңі тістеген кездегі енген вирустың мөлшері мен вируленттілігіне, тіндердің зақымдалуына байланысты. Ауру ауыр клиникалық жағдаймен және 100% өліммен аяқталады.

Құтырма вирусы енген жерінен бастап сұйықтық ағымымен жүйке бағанасы арқылы орталық жүйке жүйесіне және қан мен лимфаға жетіп көбейеді. Жүйке жүйесінің зақымдалуынан сіресу, сілекей мен тердің көп бөлінуі дамиды. Өлім бірінші 5-7 тәуліктен соң аэрофобия, гидрофобия , салдану, сіреспе көріністерімен байқалады.

Лабораториялық диагностикасы

  1. гистологиялық әдіс аммонов мүйізінде және Гимза, Манн, Туревич әдісімен боялған сілекей бездерінде Бабеш-Негри денешіктерін анықтауға негізделген.
  2. Иммунофлюоресценция әдісі қайтыс болған адамдар мен жануарлардың миынан және сілекей бездерінен вирусты антигендерді анықтауға негізделген. Бұл әдіс басқа әдістермен салыстырғанда сезімтал және тез.
  3. биологиялық әдіс құтырма вирусын мәйіттің миынан, сілекей безінен және сілекейінен бөліп алу арқылы анықталады.

Құтырманы алдын алу және емдеу

Жалпы және спецификалық кешенді шаралар арқылы жүргізіледі. Бұларға мыналар жатады:

  1. құтырған жануарларды, қаңғыған иттерді жою, үй иттерін тіркеу, олараға тұмсыққап кигізу, құтырма бойынша эндемиялық аймақтан ит алмау, санитарлы-ағару жұмыстарын жүйелі жүргізу.
  2. жараны дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыру және антибактериялық иммуноглобулин, құтырған жануарлар тістесе адамдарға антибактериалды вакцина екпелерін тағайындау.
  3. тіркелген барлық иттерге міндетті профилактикалық вакцина.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...