Туберкулез қоздырғышы. Микобактериялар

Микобактериялар ұғымы. Туберкулез қоздырғышы

  • Микобактериялар –қышқылға төзімді бактериялар, грам он таяқшалар.
  • Микобактериялардың құрамында 70-80% майлы қышқылдар бар.
  • Цил-Нилсен бояу әдісі арқылы анықтайды.
  • Осы тұқымдасқа туберкулез және алапес қоздырғыштары жатады.

Туберкулез қоздырғышы. 1882ж Р. Кох туберкулез қоздырғышын ашқан. Туберкулез ауруы көп таралған. БДҰ болжамы бойынша алдынғы 10 жылдарында туберкулезді 90 млн жұқтырады, 30 млн адам өледі. Қазақстан туберкулез ауруы таралуы бойынша, барлық ТМД елдерінің ішінде бірінші орында тұр.

Микобактериялар систематикасы.

  • Тұқымдасы- Mycobacteriaseae
  • Түысы – Mycobacterium
  • Түрлері – M.tuberculosis, M. bovis, M. africanum, M. avium, M. leprae.

Туберкулез қоздырғышы

  • M. hominis, bovis, avium, africanum — сәл иелген таяқшалар, спора, капсула тузбейді, қозғалмайды.
  • Орталарға талапшыл – картоп, глицерин, сарыуызды талап етеді, баяу өседі 30-45 тәулік.
  • Элективты орталар — Левенштейн –Йенсен ортасы, Бучин ортасы, Петраняни ортасы.
  • Тығыз орталарда –R пішінді колониялар тузеді – ірі, әжімделген, сары түсті, құрғақ.

туберкулез қазақша

Туберкулез қоздырғышының биохимиялық қасиеттері

  1. Ферментативтік қасиеттері тұрақты емес, диагностика үшін манызы жоқ.
  2. Эндотоксин түзеді – туберкулин деп аталады, осы токсинді Кох ашқан.
  3. Фтиоидты, микол қашқылдары адам тіндерін бұзады, балауыз, корд-фактор токсигендік қабілеті бар.
  4. Корд-фактор микобактерияларды фагоцитоздан қорғайды. Аяқталмаған фагоцитоз байқалады.

Туберкулез эпидемиологиясы

  • Инфекция көзі ауру адам, жануарлар.
  • Жұғу жолдары – экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді – қан және лимфа арқылы.
  • Туберкулез – созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады.

Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді.
Бірінші ошағы — өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы — Гон ошағы деп атайды.

  • Гранулема, лимфоангит, лимфоаденит бүл біріншілік туберкулезды ошақ пневмонияға акеледі.
  • Осы ошақтан қоздырғыш гематогенды және лимфогенды жолмен басқа мүшелерге тарайды.
  • Егер иммунитет жоғары болса- гранулема дәнекер капсуласына оралады, осы ошақта туберкулез таяқшасы анабиозға ұшырайды, сақталады.
  • Алиментарлы жолмен жұққанда туберкулез таяқшасы ішек лимфа бездерін зақымдайды.

туберкулез қазақша

Клинкалық көрніс бойынша басты 3 түрі бар:

  1. Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы
  2. Тыныс органдарының туберкулезі
  3. Жүйелермен органдардың туберкулезі

Микробиологиялық диагностика

  • Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды.
  • Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады.
  • Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі).

Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады.

Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы – вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді.
Экспресс-әдіс –Прайс микродақылдар әдісі.

Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері.

Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан сарсуы т.б.

Зерттеу тәсілдері:

  • микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік)
  • микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу)
  • биологиялық
  • серологиялық (сирек қолданылады)
  • аллергологиялық ( Манту, Пирке сынақтары)

Экспресс (шұғыл) диагностика — ИФР (РИФ).ПТР (ПЦР)

Емдеу 

  • Емдеу – туберкулезға қарсы антибиотиктерді қолданады.
  • Алдын алу – БЦЖ вакцинасы –тірі әлсіреген бактериялардын турады.
  • Туберкулез кезінде стерилды емес иммунитет пайда болады, яғни қоздырғыш ағзада болғанда ғана тузеледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Туберкулезді анықтау
  2. Туберкулиндік диагностика
  3. Флюорографиялық тексеру
  4. Туберкулезді бактериоскопиялық жолмен анықтау
  5. Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы
  6. БЦЖ егуден соң болатын асқынулар
  7. Туберкулезге қарсы алғашқы эпидемиологиялық шаралар
  8. Туберкулезді химиялық алдын алу
  9. Туберкулез ауруын емдеу жолдары

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...