Жедел ревматикалық қызба

Жедел ревматикалық қызба (ЖРҚ) бейімді адамдарда, әсіресе балаларда және жасөспірімдерде дамитын, көбінесе жүректі және буынды зақымдайтын, дәнекер тіннің жүйелі қабыну ауруы түрінде өтетін А топтағы бета-гемолитикалық стрептококкпен шақырылған тонзиллиттің немесе фарингиттің постинфекциялық асқынуы.

Этиологиясы

  • —А тобының В-гемолитикалық стрептококктары.
  • —мұрын – жұтқыншақтық стрептококкты инфекциялар және емінің әсерінің жеткіліксіздігі
  • —үлкен титрларда әртүрлі  стрептококкқа қарсы антиденелердің болуы – АСЛ-О, АСТ, АСК, антидезоксирибонуклеаза В (анти ДНК-аза В)
  • —экзоферменттердің үлкен тобы -стрептолизин О және S және стрептокиназа, шалуронидаза, протеиндер және дезоксирибонуклеаза В
  • —Стрептопротеиназа.
  • —Гиалурон қышқылы.
Жедел ревматикалық қызба

Жедел ревматикалық қызба патогенезі

Жедел ревматикалық қызба клиникалық көрінісі

жедел ревматикалық қызба

Жедел ревматикалық қызбаның үлкен және кіші критерийлері

Негізгі белгілері: кардит, ревмокардит; рентгендік дәлелденген жүрек шекараларының кеңеюі; жүрек ұшындағы систолалық немесе мезодиастолалық шудың болуы; ұйымалы перикардиттің дамуы мен оған тән жүрек конфигурациясы мен шекараларының өзгеруі, перикард үйкеліс шуының пайда болуы мен электрокардиографиялық көрсеткіштер өзгерісі; басқа себептерді жоққа шығарғандағы 25 жасқа дейінгі науқаста немесе жас балада қан айналым жеткіліксіздігінің дамуы.
Полиартрит пен оған тән буынның ісінуі, қызаруы, ауырсынуы, өозғалысының шектелуі мен ыстық сезімі.
Хорея, аяқ – қолдар мен беттің мимикалық бұлшықеттерінің еріксіз жиырылуымен сипатталады.

жедел ревматикалық қызба

Тері астылық түйіндер – буын аймағында теріасты клетчаткасында орналасатын, жаңғақ немесе бұршақ үлкендігіндей ауырмайтын, тығыз кіші түзілістер.
Сақина тәрізді эритема – контуры біркелкі емес, сақина тәрізді қызғылт түсті рецидивирлеуші бөртулер. Кеуденің бүйір бетінде, мойында, аяқ – қолдың жоғарғы жағында, сирек бетте байқалады, балалық, жас өспірім және жас шағында кездеседі. Эритема тұрақты емес, жылы әсерінен көбейеді.

Диагностикасы. Лабараторлы көрсеткіштері

  • лейкоцитоз (нейтрофильді)
  • диспротеинемия (ЭТЖ-ның жоғарылауы, гиперфибриногенемия, СРБ-ның пайда болуы, сулық мунапротеиндер, гликопротеиндер
  • патологиялық, серологиялық көрсеткіштер: қанда стрептококкты антигеннің болуы, титрдің жоғарылауы АСЛ-О, АСК, АСТ.

Аспаптық зертеулер:

  • ЭКГ
  • ЭхоКГ жүрек қақпақшаларының патологиясының диагностикасы және перикардитті анықтау үшін қажет.
  • Қосымша әдістер диф.диагностикасын анықтау үшін қажет аяқ-қол буындарының рентгенографиясы.

Жедел ревматикалық қызба емі

Медикаментозды емес:

  • —2-3 апта бойына төсектік режим
  • —Витаминге,ақуызға бай тағамдарды тағайындау керек.
  • —Тұздарды және көмірсуларды шектеу.

Медикаментозды ем:

  • —Антибактериальды терапия: бензилпенициллин  б/е 500 мың – 1млн ЕД тәул. 4 рет (ересектерге және жасөспірімдерге), 100 000-150 000 ЕД тәул. 4 рет    ( балаларға) 10 күн бойы.
  • —Бензилпенициллиндерді көтере алмаса —  макролидтер, немесе цефалоспориндер тағайындалады.
  • —Әрі қарай ұзақ әсер ететін бензатинбензил-пенициллиндерді  пайдаланады — екіншілік алдын алу режимінде.
  • —Қабыну үрдісінің белсенділігін тежеу: преднизолон ішке 1-2 рет қабылдауға 20 мг/ тәул. (ересектерге және жасөспірімдерге),    0,7-0,8 мг/тәул. (балаларға) терапевттік нәтижеге жеткенге дейін, орташа шамамен — 2 апта, содан соң дозаны қабылдауды толық тоқтатқанға дейін төмендетеді (курстың жалпы ұзақтығы  1,5-2 ай).
    —СЕҚҚЗ – стероидты емес қабынуға қарсы заттар
  • —Кардитпен ауырған науқастарда ЖРА (жүректің ревматикалық ақау) тудыруын алдын алу
  • —ЖРА бар науқастарда ІЖЖ (іркілдеген жүректің жеткіліксіздігін) компенсациясы.

Хирургиялық ем: жүрек ақаудың және олардың асқынулардың жүрек жеткіліксіздігінің III-IV ,өкпелік гипертензия,сол жақ қарыншаның дисфункциясы,стенокардия,жыпылықты аритмия т.б. сияқты айқын клиникалық көріністер.  Операциялық кірістер сипаты ,комиссуратомия,қақпақшалардың протездеу науқастың жағдайына және қақпақшалардың морфологиялық өзгерістердің болуына байланысты жүргізіледі.

—Алдын алу

Біріншілік.

  • —Қауіп факторларды анықтау
  • —АБГС –тонзиллитті мерзімді емдеу
  • —Инфекция ошағын санациялау
  • —Иммунокоррекциясы

Екіншілік. Мақсаты – ЖРҚ ауырған адамдарда қайталмалы шабуылдарды және аурудың асқынуын алдын алу. Этиотропты антистрептококкты терапияны бітіргеннен кейін бірден ауруханада бастайды.

  • —Бензилпенициллин 3 аптада 1рет б/е 2,4 млн ЕД жыл бойы, әр науқасқа жеке тағайындалады.
  • —Кардит болмаған (артрит, хорея) ЖРҚ ауырған науқастарға– соңғы шабуылдан кейін кем дегенде 5 жыл немесе 18 жасқа толғанға дейін «Не ұзағырақ» принципі бойынша.
  • —Жүрек ақауы дамымаған сауыған кардит кезінде – соңғы шабуылдан кем дегенде 10 жыл немесе «Не ұзағырақ» принципі бойынша 25 жасқа толғанға дейін.
  • —Жүрек ақауы дамыған науқастарға (соның ішінде операциядан кейінгі)– өмір бойы.
  • —Мерзімді – жылына 2 рет көктемде және күзде 20-күндік СЕҚҚЗ курсы, кардиометаболиттер, антиагреганттар, витаминдер.

Сонымен қатар ревматизм ауруы жайлы толықтай оқи кетіңіз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...