Тыныс алу жүйесінің дамуы. Жасқа сай ерекшелігі

Тыныс алу жүйесі, қызметі, дамуы.

Ауа жолдары, қызметі, васкуляризациясы, иннервациясы. Көмекей, кеңірдек. Өкпе дамуы, қызметі, васкуляризациясы, иннервациясы. Жасқа сай ерекшелігі.

Тыныс алу жүйесі ағзада тыныс алумен қатар тыеыс алуға қатыссыз қызмет атқаратын мүшелер тобы. Бұл жүйеге қатысатын мүшелер ауа жолдарына және тыныс алуға қатысты болып бөлінеді. Бұл мүшелерге:мұрын қуысы, жұтқыншақтың мұрын бөлігі, кеңірдек, өкпеден тыс жатқан бронхтар мен негізгі мүше өкпе жатады.

Сыртқы тыныс алу, яғни жұтылған ауадан оттегінің қанға сіңірілуі, сондай-ақ ағзадан көмір қышқыл газын шығару- тыныс алу жүйесінің негізгі қызметі болып табылады. Тынысалу өкпе арқылы жүзеге асады. Басқа көптеген қызметтердің ішіндегі ең маңыздысына жататындары: жұтылған ауаны жылыту және ылғалдау, ауаны шаң-тозаңмен микроорганизмдерден тазалау, қан тамырлар жүйесіндегіқанды оттегімен жабдықтау,тромбопластин мен оның антогонисі немесе қарсыласы гепариннің бөлінуі арқасында қанның ұюына да қатысады. Зат алмасу процесінд,су-тұз және липидті алмасудағы керекті бірқатар гормондарды синтездеп, бұлармен қоса дыбысты қалыптастыруға иіс сезугежәне иммундық қорғаныс қызметтерін атқарады.

өкпе дамуы тыныс алу

Тыныс алу ағзаларының дамуы

Көмекей, кеңірдек және өкпе эмбриогенездің үш және төртінші аптасында алдыңғы ішектің вентральды қабырғасынан пайда болатын өсіндіден дамып, жетіледі. Эмбриогенездің сегізңнші аптасында қысқа түтікшелер түрінде,майда бронхтардың бастамасы лайда болады. Ал, ұрықтың он-он екінші аптасында бұлардың қабырғасында цилиндр тәрізді эпителиоциттермен астарланған қатпарлар түзіледі. Эмбриогенездің төртінші айының соңында қабырғасы куб тәрізді эпителиймен тысталған бронхылар пайда болады. Алтыншы айдан бастап, нәресте туғанға дейін өкпеде альвеола жолдары мен альвеолалардың даму процесі жүзеге асады.

Ауа жолдары

Бұларға: мұрын қуысы, кеңсірік, жұтқыншақ, таңдай тесігі, көмекей, кеңірдек және бронхылар жатады. Ауа жүретін жолдар ауаны тазалап, жұтылатын ауаның температуралық және механикалық тітіркендіргіштердің рецепциясы болып табылады. Сондай-ақ жұтқыншақ ауаның көлемін реттеуге қатысады. Көмекей дыбыс шығаруға қатысып, ағзада маңызды қызмет атқарады.

Мұрын қуысы

Мұрынның кіреберісінде тыныс алу мен иіс сезу қызметін қамтитын бөліктерді ажыратады. Танау тесігі мен мұрынның шеміршек бөлігінің астында жатқан қуысы тыныс алуға қатысады. Бұл терімен тысталған бөлігі. Мұның астындағы дәнекер тінінде май бездері мен түктің түбірлері орналасады.Түктер жұтқан ауаның құрамындағы шаң-тозаңды ұстап қалады.

Мұрынның сүйек бөлігінің ішкі бетіндегі кілегейлі қабығы көп қатпарлы, бұл кілегейлі эпителийдің құрамында бірнеше жасушалары болады. Олар: кірпікшелі, қыстырма. Базальды мембранаға бекінген базальды және бокал тәрізді секторлы эпителиоциттері де бар.
Бокал тәрізді жасушалар-кірпікшелі жасушалардың бетіне секрет бөлетін жасушалы бездер болып саналады.

Васкуляризациясы. Кілегейлі қабық эпителиінің астындағы меншікті пластинкада көптеген қан тамырлары бар.Бұлар жылдың суық мерзімінде жұтылған ауаның жылуына жәрдемдеседі. Етті қабықта артериялар мен артериолар торы жақсы жетілген: Бұл қабықтың құрамында веналар да, лимфа тамырлары да жеткілікті.Қан тамырлары қанға толған жағдайда кілегейлі қабық ісінеді де, бұл кейде ауаның жұтылуын қиындатуы мүмкін.

Иннервациясы. Мұрын қуысының кілегейлі қабығы өте жақсы нервтелген, мұнда көптеген бос жатқан нерв ұштары кездеседі. Сезімтал нерв талшықтары,нервтің бесіншіжұбының үш тармақтары түйінінен басталады. Мұрынның кілегейлі қабығының құрамында иіс сезу жасушалары бар. Бұлар иіс сезу рецепторлары болып саналады.

Көмекей

Тек тыныс алуға ғана емес сондай-ақ дыбыс шығаруға қатысатын, тыныс алу жүйесінің ауа жолындағы мүше. Көмекейдің қабырғасы үш қабықпен қоршалған. Олар: кілегейлі, фиброзды-шеміршекті және адвентиция.

  • Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында ретсіз орналасқан, құрамында көптегениілгіш талшықтары болады.Көмекейдің ортаңғы бөлігінде жалған дыбыс шымылдықтары деп аталатын перделерін құрайтын кілегейлі қабықтың қатпарлары болады.
  • Фиброзды-шеміршекті қабық- тығыз талшықты дәнекер тінімен қоршалған гиалинді және иілгіш-эластинді шеміршектерден тұрады. Бұлар көмекейде қорғаныс және тіректік қаңқа қызметтерін атқарады.
  • Адвентиция-талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінен тұратын сыртқы қабығы. Бұл қабықта қатпарлар болмайды.

Кеңірдек

Құрамында: кілегейлі, кілегей асты негізі, талшықты-шеміршекті және адвентициалды қабықтары бар шеміршекті қабықпен байланысады, сондықтан кілегейлі кірпікшелі,призмалы эпителиймен тысталған түтікті мүше.

  • Кілегейлі қабық-өте жұқа.эпителиі бір қабатты көп қатпарлы кірпікшелі, құрамында:кірпікшелі,бокал тәрізді, эндокринді және қысқа жасушалары бар. Ауамен келіп түсетін көптеген микроорганизмдерді залалсыздандыратын кілегейлі қабықтың құрамында призмавлы жасушалардан бөлінетін иммуноглобулиндер болады.мұндағы эндокриноциттердің цитоплазмасында көптеген горманальды түйіршіктері болады, бұлар қанға біраз гормондар бөледі. Олардың көбі липидті гормондар мен биогенді аминдерді: норадреналин, серотонин, дофаминдер, ал бұлар болса ауа жолдарындағы ет тінінің миоциттерінің жиырылуын реттейді.
  • Кеңірдектің кілегей асты негізі борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіннен тұрады. Бұл негізде кілегейлі қабықтың бетіне ашылатын өзектері кең, аралас-белоктышырышты бездер орналасады. Мұндай бездер әсіресе кеңірдектің артқы және бүйір қабырғасында өте көп.
  • Кеңірдектің талшықты-шеміршекті қабығы кеңірдектің өңешке қараған қабырғасында тұйықталмаған, құрамында он алты- жиырма гиалиноді шеміршек шеңберінен тұратын құрылым. Осындай құрылысының арқасында кеңірдектің артқы беті жұмсақ, икемді иіледі де, бұл тағамды жұту кезінде өңешті қажамай, тағамды оңай жұтуда маңызды қызмет атқарады.
  • Кеңірдектің сыртқы адвентициалды қабығы құрамында қалыптаспаған борпылдақ талшықты дәнекер тіні бар құрылым. Бұл қабық кеңірдекті көкірек қуысының жапсарлас бөліктерімен жалғастырады.

Өкпе

Өкпе көкірек қуысының көп бөлігін алып жатқан және тыныс алу кезеңінде ұдайы өз пішінін өзгертіп отыратын мүше. Өкпенің беті серозды қабық- висцеральды плеврамен қапталған.

Құрлысы: Өкпе-ауа жолдары, бронхтар мен өкпе көпіршіктер жүйесі немесе альвеолалардан тұрады. Альвеолалар өкпенің респираторлы бөлімі болып табылады. Өкпенің бронхтары-оң және сол жақтағы бронхылар жүйелерінен тұрады. Бұл бронхылар өкпе ішінде ауа жолдарын түзіп, бірнеше тармақтарға бөлінеді. Диаметріне байланысты, ірі бронхылар, орташа және майда бронхтар болып жіктеледі. Ал, бұдан соң соңғы бөлігі-терминальды бронхиолаларға айналады. Бронхиолалар тыныс алу қызметін атқаратын респираторлық бөлім болып табылады.

Орташа бронхтардың кілегейлі қабығының эпителиінің иқұрамында:кірпікшелі,бокал тәрізді,эндокринді, базальды қыстырма жасушаларымен қоса бронхтардың дистаьды бөліктернде секреторлы, жиекті және кірпікшесіз жасушалары болады.кірпікшесіз жасушалар бронхиолаларда кездеседі, пішіні призматәрізді. Цитоплазмасында гликоген қосындылары кездеседі.

Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында эластин талшықтары, көбінесе бронхтар қабырғасына серпімділік қасиет береді.

Фиброзды-шеміршек қабығы бронхының диаметрі кішірейген сайын, шеміршек сақиналары біртіндеп пластинкаға, одан шеміршек тінінің қалдығы аралшықтарға айналып барып, біртіндеп бронхиолаларда тіпті шеміршек жойылады.

Сыртқы адвентициалды қабығы өкпе паренхимасындағыдай бөлік аралық және бөлік ішіндегі дәнекер тінінен тұрады.Дәнекер тініндегі жасушаларының арасында жалпы қанның ұюын реттеуге қатысатын тін базофильдері кездеседі.

Плевра. Өкпе-сыртқы өкпелік немесе висцеральды деп аталатын плеврамен қапталған. Бұл висцеральды плевра өкпемен бірігіп кеткен. Органогенез процесі кезінде мезодермадан бір қабатты жалпақ эпителий-мезотелий қалыптасады да, ал плевраның дәнекер тіні негізі мезенхимадан дамиды. Өкпенің жай күйіне байланысты, мезотелий жасушаларыбірде жазылып,жалпақ болып,ал бірде призма қалпына келіп тұрады.

Васкуляризациясы (қанмен қамтамассыз етілуі). Өкпені қанмен қамтамасыз ету әртүрлі тамырлар жүйесі арқылы жүзеге асады. Өкпе артерия қанын -өкпе артериясынан,қан айналымның кіші шеңберінен алады. Өкпе артерияларының тармақтары бронхыларының тармақтарымен қоса жүріп отырады. Ең соңғы бөліктері капилляр торына айналады. Альвеолалар құрамындағы капиллярлары посткапиллярлық венулаларға жиналып, өкпедегі вена тамырлар жүйесін қалыптастыады.

Иннервациясы. Өкпенің иннервациясы симпатикалық және параситмпатикалық және жұлын-ми нервтері арқылы жүзеге асады. Симпатикалық нервтер-бронхтардың кеңеюі мен қан тамырларының тарылуын тудыратын импульстарды, ал парасимпатикалық нервтер бұған керісінше әсер етеді.

Тыныс алу ағзаларының жасқа байланысты өзгерісі

Постнатальдық кезеңде жаңа туған баланың кіндігін байлағаннан кейін өкпесіндегі тыныс алу жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырайды. Балалық шақта өкпенің тыныс алу беті біртіндеп белсенді түрге ұлғаяды. Осыған байланысты жасөспірімдердің өкпесіндегі альвеолаларының жалпы саны ересектерге қарағанда шамамен он есе көбейіп кетеді.

Елу-алпыс жастан кейін өкпенің дләнекер тінді стромасында тұздардың шөгуі орын алады. Бұл өкпе қозғалысының шектелуіне және тыныса алу қызметінің әлсіреуіне әкеп соғады.

Регенерациясы. Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық регенерациясы тек қана кілегейлі қабығында байқалады. Өкпе бөліктерін алып тастағаннан кейін, қайтадан келуі іс жүзінде болмайды. Тәжірибеде пульминоэктомиядан соң қалған өкпеге компенсаторлық гипертрофия жүзеге асып, альвеолалардың көлемі үш-төрт есе ұлғаяды да, альвеола перделері арасындағы бөліктері көбейеді. Бір мезгілде қоректендіруді және тыныс алуды қамтамасыз ететін кіші қан айналымдағы қан тамырлары мен лимфа тамырлары кеңейеді.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...