Трансплантология негіздері

Трансплантация  дегеніміз —  бір организмнен екінші организмге жасушаларды, тіндерді және мүшелерді алмастыру. Түрлі трансплантациялардың хирургиялық әдістері біздің дәуірде жетілдірілген. Ғалымдар мүшелер мен тіндерді бір индивидуумнан екінші индивидуумға алмастыру сұрақтарына хирургиялық технологиялар көмегімен жауап тапқан.

трансплантология қазақша

Аутотрансплантат — бір индивидумда өз денесінің бір жерінен алынған тінді басқа жерге салу. Бұл алмастыру түрін көбінесе күйген адамдарда өткізеді, ол кезде дененің таза терісін күйген жеріне салады.

Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдер туралы қазіргі көзқарастар

Трансплантат тұрақтамауы донор мен реципиент арасындағы генетикалық айырмашылықтармен себептеледі. Әр түрлі салынған трансплантатқа қарсы иммундық жауаптың дәрежесі де әр түрлі болады. Әрбір трансплантат түрін белгілеу үшін бірнеше терминдер қолданады:

Изотрансплантат  — ол генетикалық ұқсас индивидумдар арасындағы салынған тіндер мен мүшелер.  Изотрансплантациялау таза линияға жататын тышқандар арасында орындалады. Адамдарда изотрансплантация генетикалық ұқсас егіздерде өткізіледі.

Аллотрансплантат — ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелері. Тышқандарда аллотрансплантациялау бір таза линиялы тышқандардан екінші таза линиялы тышқандарына тіндерін немесе мүшелерін алмастырғанда орындалады. Адамдарда көбінесе бір индивуумнан екінші индивидумга мүшелерін алмастырғанда өтеді, мысалы донор орнында реципиентке ұқсас емес егізі болса.

Ксенотрансплантат деп, әр түрге жататын организмдер арасында салынған тіндер немесе мүшелерін айтады. Мысалы, адамға маймылдан алынып салынған жүректі ксенотрансплантат деп атайды. Ксенотрансплантат өте жоғары генетикалық сәйкессіздік білдіретіндіктен, ол салынған тіндер тұрақтамауының өте тез жүруіне себеп болады.

Трансплантологияда қолданылады:

  1. Жасанды мүшелер – нағыз мүшелерді алмастырғыштар.
  2. Бағаналы клеткалардан мүшелерді клондау

Медициналық практикада өте жиі аллотрансплантатты қолданады. Бұл кезде реципиент пен донор екеуінде кейбір гендердің түрлі аллельдері вариантты болады. Реципиенттің иммунды жүйесі аллотрансплантат жасушаларының бетінде экспрессияланған антигендерді бөгде зат ретінде танып, оған қарсы иммунологиялық тұрақтамау серпілісін шақырады.

Жасанды мүшелер

Ол нағыз мүшедей қызмет атқармаса да, адам өмірін ұзартады.
Жасанды сүйектер. Құрылуы кезеңі: клиникалық зерттеулерде орындалады.

Жуырда лимон қышқылы октандиолмен бірге резеңке секілді зат жасауға болады, ол эластикалы болады. Және де сол арқылы адамның зақымдалған бөліктеріне орналастыруға болады. Алынған полимер, гидроаптитпен бірге зақымдалған сүйектің орнына қолданылатын қатты затқа айналады.

Жасанды тері. Құрылу стадиясы: зерттеушілер нағыз теріні шығаруды ойлстырып жатыр.
1996жылы жасалған жасанды тері күйікке салынған. Бұл әдіс терінің негізін құрайтын, клетка ішілік матрицаны дамыту үшін жануарлардың шеміршегінен алынған коллагендермен гликозамингликандерді байланыстырудан тұрады.2001 жылы осы тәсілдің негізінде өзі қалпына келетін жасанды тері шығарылды.

Жасанды қол -аяқтар. Құрылу кезеңі: зерттеулер жүргізілуде. Саламандр жұлынған аяқ-қолдар қалпына келтіре алады. Соңғы кездері аяқ-қолдарын ампутирленген адамдарға үміт пайда болды.

Бағаналы жасушалардан мүшелерді өсіру

Трансплантологиядағы дамыған жағдайлардың бірі бағаналы жасушалардан мүшелерді өсіру болып табылады. Егер бұл зерттеулер сәтті болса, адамдар кез-келген мүшесін басқа сау мүшеге ауыстыруға кең мүмкіндік береді.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...