Хирургиядағы жаңа технологиялар

Эндовидеохирургия

Эндовидеохирургия – ішкі мүшелерге манипуляцияларды арнайы құрал-жабдықтармен кіші жаралар немесе табиғи тесіктер арқылы жасауғы көмектеседі. Ол өз кезегінде бірнеше түрге бөлінеді:

  • Лапароскопиялық операция – құрсақ қуысына жасалады (бауыр-өт жолдары, асқазан-ішек, көкбауыр, жатыр және жатыр қосалқылары).
  • Торакоскопиялық операциялар – кеуде қуысына өкпе және көкірекаралыққа жасалады.
  • Артроскопиялық операция – буындардағы қан-тамырларына, беткей тамырларға жасалады.

эндовидеохирургия қазақша

Эндовидеохирургияның артықшылықтары:

  • Жараттың аз болуы
  • Адам ағзасының барлық жеріне операция жасау
  • Операциядан кейінгі асқынулардың аз болуы
  • Науқастардың тез сауығуы
  • Дәстүрлі хирургиялық емдеу тәсілдерімен салыстырғанда емдеу уақыты аз.

Эндовидеохирургияның кемшіліктері

  • Операциялық аймақтың екі өлшемді болуы.
  • Хирургтың тактильді сезімінің болмауы.
  • Операциялық аймақтың шектеулілігі және операциялық аймақтан тыс мүшелердің бақылауды болмауы.
  • Құрал-жабдықтың қымбат болуы.

Эндоскопиялық хирургияда мүмкін болатын асқынулар бөлінеді

  • Дәстүрлі хирургиядағы және эндовидеохирургиядағы болатын жалпы асқынулар
  • Қан кетулер
  • Аяқ венасының тромбозы мен тромбофлебиті
  • Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
  • Ми мен жүректің ишемиялық зақымдалулары
  • Тігістердің дұрыс тігілмеуі
  • Қабыну инфильтраттар мен абцестер
  • Операциядан кейінгі жаралардың іріңдеуі
  • Операциядан кейінгі жарық
  • Операциядан кейінгі пневмония және т.б.

Арнайы эндохирургиялық зақымданулар:

  • Қан-тамырлардың Вереша және троакар инесімен зақымдалуы
  • Ішкі мүшелердің троакарлы зақымдалуы
  • Ішкі мүшелердің электротермиялық зақымдалуы
  • Клеткааралық кеңістіктің зақымдануы
  • Пневмоторакс
  • Газды эмболия
  • Гемодинамика мен газ алмасудың бұзылуы
  • Троакарлы тесік орнында инплантациялық метастаздың болуы

Эндохирургияның жалпы асқынуларын алдын алу принциптері

  • Хирургиялық операцияға байланысты хирург та мамандандырылған болуы керек.
  • Операция жасау үшін құралдар толық болуы керек және операция жасайтын орын кең болуы керек.
  • Тек бүтін құрал-жабдықтарды операцияға қолдану керек.
  • Хирургтың жұмыс істеу жылдамдығы операция этапымен сәйкес келуі керек.
  • Операция жасап жатқан хирург өзінің және тәсілдің мүмкіншіліктерін білу керек.

Микрохирургия

Микрохирургия (греч. mikros мядаалый + хирургия) – бұл операцияларды оптикалық приборлар көмегімен, арнайы құрал-жабдықтар және тігіс материалдарымен жасау. Бұл операция түрі ұсақ балтырдың қан-тамырлардың окклюзионды, лимфостазда, перифериялық нервтердің зақымдалуларында, тіндердің аутотрансплантациясында, офтальмологи, оториноларингологияда, гинекологияда, нейрохирургияда және т.б

Қазіргі операциялық микроскоптар балтырлық лампалар мен тіндік сәуле түсіргіштің әсерінен операциондық алаңға жақсы жарық түсіріп тұрады. Микроскопиялық құрал-жабдықтар арнайы және әртүрлі монипуляцияларға арналған. Оларға:микроскальпельдер,алмас ұстайтындар,алмазды скальпельдер, микрохирургиялық пышақтар, тіндерді ұстауға арналған пинцеттер, микроине ұстағыш, микротамыр ұстайтын қысқыштар, арнайы жараны кеңіткіштер.

микрохирургия қазақша

Микрохирургияда ең маңызды тігіс материалы болып табылады. Атравматикалық ине 70-130мкм, синтетикалық ине 16-25мкм. Ал тамырларға операция жасау үшін қалыңдығы 0,3-0,6мкм металды материал қолданылады.

Балтырдың тамырларының окклюзионды жаралары кезінде микрохирургияның техникасы балтыр мен жамбас аралығындағы қантамырларын шунттау. Аяқ-қолдардың мүшеленген сегменттерінің реплантациясында міндетті түрде микрохирургиялық техниканы қолданылады.

Микрохирургиялық орталықта операцияның сәтті өтуіне жараланған адамдардың транспортировкасы ғана емес, сонымен қатар мүшеленген сегменттердің транспортировкасы маңызды роль атқарады. Мүшеленген сегментті қандайда бәр антисептикалық заттармен зарарсыздандыруға болмайды.

Мүшеленген сегменттерді полиэтиленді пакетке салып, оны үлкенірек ішінде мұзы бар пакетке салады. Операция травматологиялық, микрохирургиялық кезеңдерден және зақымдалған аймақтың жарасын ашу. Мүшеленген сегементтердің ары қарай өсуі ампутацияның механизміне байланысты.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...