Тромбоз

Тромбоз қазақша. Тробтардың пайда болуы. Сатылары

Тромбоз – бұл патологиялық жағдай. Жүрек қуысында немесе тамыр қуысындағы қанның ұюын тудырады. Қан ұюы нәтижесінде қанның ұйып қалған бөлігі тромбқа айналады, бұл физиологиялық процесс. Қалыпты жағдайда пайда болған тромб зақымдалған қан тамырлар саңылауын тығындап, қан кетуді тоқтатады.

Тромбоздың даму қаупі келесі жағдайларда байқалады:

  • операциялық жағдайдан кейінгі ұзақ уақыт төсек режімінде
  • созылмалы жүрек тамыр жетіспеушілігі
  • атеросклероздар
  • қатерлі ісіктер
  • жүктілік
  • туа және жүре пайда болған гиперколляциялық жағдай.

Қан ұюының бұзылуы адам организміне үлкен қауіп әкеледі. Қан тамырлар спазмында, қан ағысының төмендеуінде, организмнің зат алмасу үрдісінің кейбір бұзылыстарында, жүрек қан тамырлар жүйе қызметінің бұзылыстарында тромбоз байқалады. Тромбтар дамуының себептерінің бірі – қан тамырлардың склеротикалық процесі:

Саңылаулардың тарылуы, қан тамырлар қабырғаларының бүтіндігінің бұзылуы, жүрек қан тамыр қызметінің бұзылыстары, бұлар барлығы қан ағысының баяулауын әкеледі. Тромбтар қан элементтерінің құрамынан, яғни фибриндерден, эритроциттерден, тромбоциттерден құралады. Тромбтардың түрлері әртүрлі.

Егер тромбтың құрамында эритроциттер болса, оны қызыл тромб; егер лейкоциттер болса, ақ тромб. Ал егер барлық элементтер қатысты болса, аралас тромб деп атайды. Егер қан тамырлар қызметінің дамуы төмендесе, бұл тромбтың тоқырауы. Егер тромбтың дамуы қан тамырлар аумағының қабыну үрдісімен байланысса, бұл патологиялық процесс тромбофлебит немесе тромбобартериит деп атайды.

тромбоз қазақша

Кей жағдайларда тромб қан тамырлар саңылауын толығымен жаппайтын болса, оны қабырғааралық тромб деп атайды. Қабырғаралық тромбтардың жүрек  қуысында пайда болуы эндокард бүтіндігінің бұзылуының нәтижесінде, соның негізінде оның қабынуында тромбоэндокардит атына ие болады.

Үлкен емес тромб аутолиз нәтижесінде толығымен бұзылысқа ұшырайды. Кей жағдайларда тромбтардың кейбір бөлігі бөлініп кетіп қан тамырлар жүйесінің тромбоэмболияны тудыруы мүмкін. Тромб дәнекер тінмен байланысты болуы да мүмкін. Бұл процесс тромбтың ұйымдығы деп аталады. Тромбтың ұйымдығы кезінде оның мөлшері төмендейді. Қан тамырлар қабырғасымен тығыз байланысады және қан тамырлар саңылаулары үлкейеді. Қанның өтуіне қолайлы жағдай туғызады.

Адам организміне тромбтардың қаупі кейбір жағдайларға байланысты: тромбтың орналасу жағдайына және пайда болу жағдайына, науқастың жасы т.б. Артерияларда тромбтардың дамуы көптеген ауыр жағдайларға әкеледі, мысалы, инфаркт миокардісі. Баяу қалыптасу кезінде қан айналымының коллатералдық дамуы көрінеді. Веналарда тромбтардың дамуы – флеботромбоз байқалады.

Тромбоздар гематологиялық (полицитемия) және инфекциялық (сыпной тиф) ауруларда көрінеді. Магистралдық артериядағы тромбоз бүкіл симптомо – комплекспен сипатталады және өте баяу дамиды. Ауру сезімі қарқынды емес. Сырқаттың басында қол – аяқтың дистальды бөлімінде суу және бұлшықеттердің әлсіреуі байқалады.

Гипотермия айқындалмаған, дене қызуы 2 – 3 0 С – тан жоғарыламайды. Гиперестезия типі бойынша сезімталдылығы бұзылады, анда – санда анестезия – сезімталдылықтың толық жоғалуы байқалады. Ишемия шекарасы окклюзия деңгейіне сәйкес келмейді.

Жедел тромбозда артериялық арнаның органикалық зақымдалуы көрінеді. Тромбоздың деңгейі түзу емес қуысты сызықтар формасына ие болады, ол кейде контрастты заттың жойылу феноминімен байқалады. Коллатералдық торда әр деңгейде анықталған.

Артериялар спазмы әртүрлі ангиографикалық көрініске ие болу мүмкін:

  1. тез арада магистральды бөлігінің тарылуы.
  2. тез арада магистральды бөлігінің контрастты заттың жойылу кезінде тарылуы.
  3. тез арада проксимальды сегменттің спазмы және коллатерал арқылы дистальды арнаның толуы.

Барлық жағдайларда қан тамырлар қабырғаларының эндотелий зақымдалуының жауап реакциясы адгезия және келесідей тромбоциттердің агрегациясында байқалады. Тромбтардан физиологиялық белсенді заттардың шығарылуы (простагландиндер, Сg және Нg, тромбаксандар Аg, АДФ, серотонин, адреналин) пайда болуынан агрегаттар кейінгі өсу тенденциясына ие болады. Тромбоцитарлық агрегаттардың қарқынды пайда болуы, агрегация ингибиторларының бөлінуінің эндотелий қабаттарында.

Тромбоз даму 3 сатыда өтеді:

  1. бірінші сатысында тромбоциттердің эндотелий жасушалары бүлінген жерлерге жабысуы;
  2. екінші сатысында тромбоциттердің өзара бірімен – бірі жабысуы;
  3. үшінші сатысында плазмалық ұю факторларының қатысуымен қанның ұюы болады.

Тромбоцитарлық факторлардан босап шыққан қанды пластинкалар және биологиялық белсенді заттар тромбоциттердің агрегациясына ғана емес, қан жүйесінің ұю активациясына және фибринолитикалық белсенділігінің төмендеуіне әкеледі. Сол сияқты, тромбоцитарлық агрегаттар функционалдық тор болып табылады, оларда қан жүйесінің факторлары мен активациясы байқалады. Соның нәтижесінде агрегаттың беткейінде фибрин жіпшелері адсорбцияланады және структуралық тор пайда болады. Ол форманың қан элементтерін бөгеп, қанды тромбқа айналады.

Тромбоз көптеген құбылыстарға әкелуі мүмкін. Қан тамырларының жарақаттануы кезінде тромб құрылуының қансыраудан сақтандыратын жағымды жағы бар. Егер қан қатпасы артериялық тамырды бітеп қалса, онда сол артерияның қанмен қамтамасыз ететін аумағында ишемия дамып, инфаркт пайда болады. Егер ол көктамырды бітеп қалса, онда тромб тұрған жерден төмен көктамырларда қан іркіліп қалуына әкеледі.

Тромбоздың диагностикасы

Терең веналардың тромбозын дер кезінде анықтау үшін:

  • Терең веналардың тромбозына объективті зерттеу жүргізу керек.
  • Инвазивті емес диагностика әдістері.
  1. Дуплексті УЗИ тез арада флебографияны істеп шығаруы және қазіргі кезде терең веналардың тромбозының нивазивті емес диагностикасының әдісі болып табылады.
  2. Допплерлік зерттеуі импедамент және механикалық плеткомографияны жиі клиникалық белгілермен сезіктенген терең веналардың тромбозы болу немесе жоққа шығару үшін қолданылады.Бұл әдістер тромбтың проксимальді орналасуына байланысты нақты болады.
  3. J105-фибриногенмен сцинтиграфия.Ол тізенің веналарының тромбозы диагностикасында қолданылады. Бірақ мықты бел сегментінің веналарының тромбозында бұл әдіс аз информацияланады. Зерттеу 24-48 сағатқа созылады.
  4. Динамикада зерттеу. Бұл зерттеуде импедианисті плетизогрфия көрсетіледі.Тізе веналарының локальді тромбозы ТЭЛА-ға әкеледі,және жиі танылмаған болып қалады. 20 % жағдайда тромбтың өсуі проксимальді бағытта өтеді,оны дуплексті УЗИ,плетеумография көмегімен анықтауға болады.
  5. Флебография. Терең веналар тромбозын диагностикалауда эталонды әдіс болып табылады.Бұнда тізе,тізе асты,сан,сыртқы және жалпы мықты веналарының, терең веналарыныңкөрінісін көруге болады.

Флебография- беткей веналардың және терең веналардың тромбозын тромбофлебит қаупімен қосақталған инвазивті зерттеу.

Тромбоз емі

Емі: Антиагуландты терапия, ТЭЛА-ң алдын алу үшін және тромб өсуін тоқтату үшін жүргізіледі. Тосектік режимді және аяқтың жоғары көтерілуін тағайындайды. Гепаринмен емдеу қаныққан ауамен 5000-10000 ЕД-дан тамыр ішілік енгізеді, 1000 ӘБ сағатына инфузияны бастайды. Әр бір 4 сағат сайын АЧТВ-ны өлшейді.

Сонымен қатар ТШҚҰ синдромы жайлы оқи кетіңіз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...