Этил спиртінің ағзаға әсер. Маскүнемдік

Этил спирті. Маскүнемдік (алкоголизм қазақша). Ағзаға әсері

Этил  спирті (этил алкоголі, шарап спирті, этанол) өзіне тəн спиртті  иісі, күйдіруші дəмі бар мөлдір ұшқыш сұйық, тез тұтанады, жанады,  кез   келген   қатынаста    сумен, эфирмен, хлорформмен араласады. Алкоголь сөзі арабтың сөздері (аль-) kuhe – сүрме, антимоний, kuhul – алкоголь, спирті kahala – жағу, баяу. Орта ғасырларда Еуропада alco(h)ol – майда ұнтақ, пудра немесе тазартылған (дистилденген) су деген мағынада   қолданған. Спирт сөзі латын тілінен шыққан: spiro – үрлеу, дем алу. Галь тілінде алкоголь – usqebaush   (өмір   суы).

Этил спирті  молекуласындағы   полярлы гидроксия мен полярсыз этил радикалының бірге болуының арқасында  жақсы  еріткіш болады,  тұнбалар,  экстракттар,  сыртқа қолданатын   дәрілер    дайындауда пайдаланылады.

Этил спиртінің (алкогольдің) ағзаға әсері

Этил спиртінің жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті әсерлері бар. Медициналық практикада негізінен жергілікті әсеріне орай қолданады. Кейбір жағдайларда сырқаттардың реконвалесценция кезінде тәбетін күшейтіп, ас жолдарының жұмысын қалпына келтіру үшін ас шарабы, сыра, қымыз  түрінде аз мөлшерде береді. Кризистік жағдайларда этил спиртін парентералды қоректендіру қоспасымен (тәулігіне 50-70г)  береді.

Ағзада тотығу барысында 100 г этанолдан 700 ккал  энергия  бөлінетіні  белгілі. Қызыл шарапты аз мөлшерде (50мл абсолютті спирт күніне   2-3   рет   есептеу   бойынша) тромбоциттердің  агрегациясын  азайтып, төмен   тығыздықты атерогенді липопротеиндер, 2 типті қант диабетінде қант деңгейі  азайып,  атеросклерозға  қарсы тұратын жоғары тығыздықты липопротеиндер көлемін  арттырады. Атеросклерозға  қарсы әсері   қызыл   шараптың   антиоксидантты әсерлі полифенолдардан деп ойлағанмен, экспериментте   бұл   дәлелденбейді.

Күшті алкоголь ішімдіктерін сұйыққа төзімділікті арттыру үшін ішу дұрыс емес, себебі спиртінен  жылу өндіру артқанмен, өте  көп  мөлшерде   жылуды   берудің артатыны белгілі. Тері тамырларының кеңеюі жалған жылыну әсерін беріп, терлеу арқылы   жылу   жоғалту күшейіп, үсу қаупімен психикалық бақылау жоғалады. Қатты суықтан жылы жерге оралғандарға қабыну ауруларының алдын-алу үшін  аз мөлшерде   этил спиртін  пайдалануға болады.

Этил спиртінің жергіліктті əсері

Бырыстырғыш әсері — тері эпителидегі ақуыздың дегидратациялануының нәтижесі (96%  этил  спиртін ойылу мен күйікте дене күлдіреуінің  алдын  алу үшін қолданады)

Тітіркендіргіш әсер – спирттің липофилді молекулалары терінің терең қабаттарындағы сезімтал жүйке талшықтарын тітіркендіргенде, қызару, күйдіру сезімі пайда болады (этил спиртінің 20-40% жылытқыш компрестермен, үсіктерді сүрту үшін қолданады);

Жергілікті анестезиялық әсері – тітіркеннен кейін сезімталдылықтың жойылуы (күйіктерде қолданылады; 96% спиртті жүйке болғандары мен үштік нервтің невралгиясында симпатикалық  ганглияларға, ота жасауға  болмайтын ісіктерде салады);

Бактерицидті әсер – бактериялардың ақуыздары дегидратация мен денатурацияға ұшырайды. Сулы ортада 96%  этил спирті максималды бактерицидті нәтиже береді, оны хирургиялық аспаптарды стерилизациялау үшін пайдаланады. Ақуызды ортада 70% этил спирті аса зор бактерицидті әсер көрсетеді, бырыстырғыш   әсері бәсең сондықтан терінің терең қабаттары мен тері және май бездеріне дейін сіңеді. 70% концентрациядағы этил спиртін оташының қолы мен операция алаңшасы зарарсыздандыруға қолданады.

Маскүнемдік (алкоголизм)

Маскүнемдік – медицина ұғымында спиртті ішімдіктерді салынып ішуден болатын ауру. Оның жедел және созылмалы түрі болады.
Арақ асқазанда тез сіңіп, қанмен денеге тарап, ми жасушаларын уландырады да, адамның көңіл-күйін өзгертіп, ұстамсыз ұшқалақтыққа душар етеді. Маскүнем орынсыз сөйлейді, мақтанады.

Орталық жүйке жүйесі улана келе маскүнем есінен танады, не істеп, не қойғанын білмейді. Мастық 5-6 сағаттан ұзамайды. Адамның ой-өрісі, сана-сезімі азғындап, күш-жігері төмендейді. Денеде зат алмасу процесі, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылады, отбасына, тіпті өзіне-өзі де сенбейді, ұйқысы қашады. Жалқау, өзімшіл, ұмытшақ келеді. Ішуді қоймай ауру асқынып кетсе, маскүнем жынданады.

Маскүнемдік арақты күн сайын аздап ішуден басталады да, біртіндеп құмарлыққа берілгенін өзі де сезбей қалады. Ішімдікке салынған адамның құлқы бұзылады, «көзіне қос көрініп», кейде бір нәрселер елестейді. Қорқыныш пайда болып, шошып оянады, көңілсіздік туады, сандырақтайды. Ауру ұзаған сайын адам өзіне-өзі сенбейтін болады, жұрт оның соңына түсіп, аңдып, істеген ісін теріске жоритындай жалған сезім пайда болады.

маскүнемдік алкоголизм қазақша

Орыстың ұлы физиологы И.П.Павлов 20-30 г. арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 16-17 пайыз төмендететінін дәлелдеген болатын. Үнемі ішімдікке салыну ұрпақтың денсаулығына да зиянын тигізбей қоймайды. Нәресте шала тууы немесе ақыл-ойы кем болып тууы мүмкін. Алкогольдің зиянды зардаптары әйелдерге ерекше байқалады. Маскүнемдікке шалдыққандардың 60-70 пайызының балалары алкогольге бейім болып туылады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші отбасындағы тәлім-тәрбиенің болашақ өмірге деген әсері мол. Әсіресе қыз баланың тәртібі ерекше бақылануы тиіс.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...