Эмболия

Эмболия – қан немесе лимфа ағымдарымен келген заттармен қан тамырларының бітеліп қалуы. Эмболдың қозғалуы қанның қозғалу бағытымен бірге болады. Кейде ірі көктамырларда қан ағымы баяулаудан эмбол өзінің салмағымен қан ағу бағытына қарсы қозғалуы ықтимал.

92 – 95 % науқастарда артериялық эмболияның себептері жүрек және ишемия миокард ауруларында байқалады. Бұл жағдайда өте ауыр жүрек ритмінің бұзылыстары, жедел және созылмалы сол қарыншаның аневризмасында көрінеді.

Эмболияның себептерінің бірі ревматикалық аралас митралды жүрек ақауларының стенозына айналуында болуы мүмкін. Созылмалы бактериялық эндокардит және туа пайда болған жүрек ақаулары жиі артериялық эмболияға әкеледі.

Эмбол көздері іш аортаның аневризмдері және ірі магистралды артериялар, кеуде және іш бөлім аорталарының атероматоз жараларында болуы мүмкін. Эмболия артерияның рефлекторлық айқындалған спазммен сипатталады. Тромбоз және эмболия кезінде қол – аяқ магистралды артерияларында тіндердің жедел гипоксиясы және қан тамырлардың микроциркуляциялық арнасында қанның бұзылуының себептері байқалады. Зақымдалған тіндерде зат алмасу қышқылының артықшылығынан метаболитикалық ацидоз дамиды.

Гипоксияның жоғарлауында тіндерде қышқылдану – қалпына келтіру процесі теріс байқалады. Олардың құрамында мембранотоксиндер – гистамин, серотонин, кинин, простагландин жоғарылайды. Соның салдарынан жұмсақ тіндерде некроз дамиды.

Жүрек ақаулары эмболияның себептерінің бірі болып саналады. Артериит және атеросклероз көрінісінде қан тамырлар қабаттарында кейбір өзгерістер болады, соның салдарынан мезентериалдық артерияларда тромбоздың пайда болуы көрінеді. Тромбоз және эмболия мезентериалдық қан тамырлардың клиникалық симптомдарымен сипатталады. Ауру сезімі іш бөлігінде, кенеттен белсенді түрде байқалады. Бірінші сағаттарда 50% науқастарда құсу, лоқсу симптомдарымен көрінеді.

Қозғалу бағытына қарай эмбол ажыратылады:

  1. кәдімгі эмбол (қан ағысымен эмболияның жылжуы)
  2. ретроградиялық эмболия (қан ағысына қарсы эмболияның қозғалуы)
  3. парадоксалдық эмболия

Эмболияның дамуында рефлекторлық спазм үлкен орын алады, ол магистралды қан тамырлар негізінде ауыр дисциркуляторлық бұзылыстар тудырады. Жергілікті эмболия пайда болу жерінде және эмболдың мөлшеріне байланысты.

Үлкен қан айналым шеңберінің венасында эмболдың пайда болуы: үлкен қан айналым шеңберінің венасында немесе оң жақ жүректе пайда болған эмбол кіші қан айналым шеңберінің артерияларын бітейді. Порталдық вена тармақтарында пайда болған эмболдар бауыр қан айналымының бұзылысына әкеледі.

Жүректе және үлкен қан айналым шеңберінің артерияларында эмболдың пайда болуы: Сол жақ жүректе және үлкен қан айналым шеңберінің артерияларында  пайда болған эмболдар үлкен қан айналым шеңберінің дисталды бөлімінде эмболияны тударыда.

Өкпе артериялардың тромбоэмболиясы

Ең ауыр тромбоэмболияның түрі — өкпе эмболиясы, науқас кенеттен өлімге ұшырайды. Өкпе эмболиясы флеботромбоздың пайда болуына әкеледі. Ол келесідей жағдайларға байланысты:

Хирургиялық операциялардан кейінгі периодта терең веналарда тромбоздың дамуы

  • Ерте туудан кейінгі период
  • Ұзақ уақыт бойы төсек иммобилизациясы
  • Жүрек жетіспеушілігі
  • Оральды контрацептивтердің қолданылуы

Эмболдың көлемі – маңызды фактор. Ол өкпе артерияларында эмболдың клиникалық деңгейін анықтайды.

өкпе эмболиясы қазақша

Массивті эмболдар. Үлкен эмболдар оң жақ қарыншаның немесе өкпе артерия тармақтарының шыға берісінде тоқтап қалуы мүмкін, соның нәтижесінде олар қанның циркуляциясына бөгет болады және пульмотәждік рефлекс нәтижесінде адамның кенеттен өлімін тудырады.

Орташа көлемді эмболдар. Сау адамдарда бронх артериясы өкпе паренхимасын қанмен қамтамасыз етеді, ал өкпе артериясының функциясы – негізінен газ алмасу болып табылады. Сондықтан да орташа көлемді өкпе эмболдары өкпе бөлімінде ғана пайда болады және газ алмасуына қатыспайды.

Кіші эмбодар. Ұсақ өкпе артериялардың тармақтары обтурацияға ұшырайды және клиникалық симптомдармен сипатталады. Көп жағдайда фибринолиз әсерінен эмболдар ыдырап кетеді.

Үлкен қан айналым шеңберінің тромбоэмболиясы.

Себептері: Үлкен қан айналым шеңберінде тромбоэмболияның дамуы сол жақ жүректе және үлкен калибр артерияларында эмболдың пайда болуымен байланысты.

Үлкен қан айналым шеңберінің тромбоэмболиясы клиникалық көріністерімен анықталады:

  • Зақымдалған қан тамырлардың мөлшері
  • Коллатералды қан айналымының дамуы
  • Тіндердің ишемияға сезімталдылығы

Сонымен қатар магистальді артериялардағы тромбоз және эмболия жайлы материалды оқи кетіңіз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...