Актиномицеттер

Актиномицеттер. Патогенезі. Микробиологиясы. Клиникалық көрінісі

Актиномицеттер (гр. “mykos”-саңырауқұлақ,  “actis”-сәуле) – біржасушалы микроорганизм. Actinomycetaceae, Streptomycetaceae туысына жатады. Оған мына тұқымдас бактериялары Actinomyces, Actinomadura, Bifidobacterium, Nocardia, Micromonospora, Rhodococcus, Streptomyces, Tsukamurella және т.б. жатады.

Морфологиясы. —Денесі мицелиден тұрады. Ол бұтақтанған жіңішке жіпше тәрізді. Мицелий жіпшелерінде хроматин дәндері орналасқан. —Барлық анилин бояуларымен жақсы боялады. —Грам оң. —Кейбіреуі капсула түзеді.  —Актиномицеттерде бактериялар сияқты генетикалық қызметті нуклеоид атқарады.

Актиномицеттер

Грамм бойынша боялған актиномицеттер

Актиномицеттердің ерекшелігі. —

Actinomycetaceae туысына актиномикоз қоздырғыштары жатады.
—Патогенді актиномицетке 1877 жылы К.Гарц ашқан Actinomyces bovis және 1891 жылы И.Израиль актиномикозбен ауыратын адамдардан алған Actinomyces israilii жатады.

Актиномицеттердің дақылдық қасиеттері. Факультативті анаэробтар 25-30 С температура, рН 4,4-9,0 ортада жақсы өседі. Қышқылға төзімді. Тығыз орталарда бірі тегіс колония түзеді, бірі төмпек, мамық тәрізді колония түзеді. Жас культураларда актиномицет жасушаларының цитоплазмасы біртекті, ол біртекті емес дәрежеде жарықты шағылыстырады және хроматиннің жеке дәндерінен тұрады. Культураның ескіруіне байланысты мицелий клеткаларында вакуоль, май тамшылары пайда болады, беті нәзік, тез сынғыш болады.

Төзімділігі. Актиномицеттер — өте төзімді микроорганизмдер. Олар 60С температурада 1 сағат бойы сақтала алады. Кептірілген күйде көп сақталады. Споралары өте төзімді.

Жануарлардағы патогенезі. Патогенді актиномицеттер ірі қара малдарды ауруға шалдықтырады. Кейде шошқа, жылқыларды зақымдауы мүмкін. Зақымдалу созылмалы түрде өтеді. Көбінесе тері, тіл, ерін, бет, мойын, кейде сүйек зақымдалады.

Адамдардағы актиномицеттердің патогенезі. Инкубациялық кезең 2-3 аптадан-бірнеше жылға дейін.
Инфекция көзі – ірі қара мал, жылқы, шошқа, ит, қоян, жабайы жануарлар және кейбір қоршаған орта объектілері (топырақ, өсімдік, ауа, дәнді дақылдар) болады. Түсу ошағы өкше болса, өкше мицетомасы дамиды.

Актиномикоз асқорыту жүйесі арқылы қоздырғыштың эндогенді түсуі нәтижесінде дамиды. Дәнді дақылдарды шайнау және терінің, шырышты қабықтың зақымдалуы, әсіресе кариесті тістің болуы – аурудың ілгері дамуына әкеледі. Енген қоздырғыш дәнекер тін арқылы, қан және лимфалық жол арқылы таралады.

Инфекциялық процесс инфильтраттың, іріңді аймақтардың пайда болуымен көрінеді. Ауру созылмалы қабыну, кейіннен іріңді үрдіске әкелетіндігімен сипатталады. Локализация ошағында тығыз инфильтраттар пайда болады. Тері көкшіл болады. Инфильтраттардан ұнамсыз иісті ірің шығады. Іріңде актиномицет жасушаларынан тұратын дәндер анықталады.

Клиникалық көрінісі бойынша бет-мойын актиномикозын, өкпе, ішкі ағзалар, тері, бұлшықеттік, мұрын, құлақ, көмей, өңеш, ОЖЖ-нің актиномикозын ажыратады.

Иммунитет: Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптаспайды, аурудың қайта қайталануы мүмкін. Науқастанған және жазылған адамдар мен жануарлардың қанында агглютининдер, преципитиндер, комплемент байланыстырушы антиденелер түзіледі. Ауру кезінде аллергия дамиды.

Актиномицеттердің лабараторлы диагностикасы:

  • —Боялған және боялмаған ірің препараттарын друзға анықтау.
  • —Іріңді қантты сорпаға, қантты агар немесе сабуро ортасына себу жасау.
  • Аэробты және анаэробты жағдайда таза дақыл алу және идентификациялау.
  • Науқастың сарысуы қосылған комплемент байланыстырушы реакция.
  • Аллергия реакциясы (тері ішілік проба)

—Актиномицеттерден емдеу

Актинолизаттар, актиномицетті көпвалентті вакцинасы, антибиотиктер және сульфаниламидті препараттар, йод препараттарын тағайындайды. Кейде рентгенотерапия мен хирургиялық жолды қоланады.

Алдын алу. Жеке гигиенаны сақтау, әсіресе тері мен шырышты қабықтарды зақымданудан қорғау, тісті күту, қолды жуу.

Сонымен қатар патогенді актиномицеттерге Nocardia тұқымдасының ішінде Nocardia asteroides жатады. Оның микроскопия кезінде жіңішке, бұтақтанған мицелиі болады. Ол аэробты жағдайда, ет-пептонды агарда әжімді, дәнді сары колония түзеді. Адамдарда нокардиоз шақырады.
Нокардиоз – созылмалы өкпе, тері, лимфатикалық жүйе, ми және оның қыртысы, бүйректің ауруы.

Nocardia asteroides топырақта өмір сүреді. Ауа-тамшы жолымен, зақымдалған тері арқылы таралады. Адамнан басқа, ірі қара мал, жылқы, ит, мысық, маймыл, құндыз және т.б. жануарлар ауруы мүмкін.

Лабораториялық диагностика. Қақырық, ми-жұлын сұйықтығы, зәр, іріңге микроскопия жүргізіледі.

Емдеу. Ампицилин немес триметоприм қосылған сульфаниламидті препараттар тағайындалады. Арнайы алдын алу жоқ.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...