GRACE шкаласы

GRACE шкаласы (Global Registry of Acute Coronary Events) —  инфаркт миокардының даму қауіпін,  госпитализация жағдайындағы сатысын, келесі жарты жылдағы  көрінісін және науқастың нақты емін анықтау. Шкала 11000 артық науқасты  көрсеткіштері,тексерулерімен анықтай алады.

Науқастың стационарға ЖКС ST тісшесінің көтерілуінсіз диагнозымен түскен кезде, осы шкала қауіп тобын, жүрек – қантамырлық бұзылысын (өлім, инфаркт миокарды), консервативті емін таңдауға көмектеседі.

GRACE шкаласы төмендегілерге негізделеді:

  • —клиникалық көрінісі
  • —жасы;
  • —ЖСЖ;
  • —систолалық артерилды қан қысымы,
  • —жүрек жетіспеушілігінің Killip бойынша жіктемесі;
  • —науқастың ауруханаға түскен кезде жүрек тоқтауы болса;
  • ЭКГ- дағы өзгерісті бағалау;
  • биохимиялық маркерлер;
  • кардиоспецификалық ферменттер;
  • креатинин көлемі.

GRACE шкаласының электронды калькулятордағы ағылшын тілінде белгілері:

  • At Admission – түскен кездегі жағдайы;
  • Age — жасы
  • HR — ЖСС (1 мин)
  • SBP – Систолалық АҚ (мм с. б.)
  • Creat. – креатинин мөлшері (мкмоль/л; мг/дл)
  • CHF – жүрек жетіспеушілігі(по классификации Killip бойынша жіктемесі)
  • Cardiac arrest at admission – жүрек тоқтауы ( науқастың түскен кездегі )
  • ST-segment deviation — ST тісшесінің ығысуы
  • Elevated cardiac enzymes/markers — кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылау көрсеткіші

grace шкаласы қазақша

Егер соңғы 3 клиникалық белгі ( жүрек тоқтауы, ST тісшесінің ығысуы, кардиоспецификалық ферменттердің жоғарлауы)болмаса, онда баллдар есептелмейді.

грейс шкаласы

—GRACE шкаласының интерпретациясы:

—Төменгі қауіп:

  • —өлімділік 1% (автоматты  калькулятор есептеуімен),
  • —балл жиынтығы (қолмен есептеу кезінде) 109 төмен болса;

—Орташа қауіп:

  • —өлімділік   1% дан 3% — ке дейін (автоматты  калькулятор есептеуімен);
  • —балл жиынтығы (қолмен есептеу кезінде) 109-дан 140 дейін;

—Жоғарғы қауіп:

  • —өлімділік   1% дан 3% — ке дейін (автоматты  калькулятор есептеуімен);
  • —балл жиынтығы (қолмен есептеу кезінде)  140 жоғары болса;—

Grace шкаласын есептеу

TIMI шкаласы (Thrombolysis In Myocardial Infarction) — жасы, клиникалық көрінісін, ЭКГ өзгерісті, миокард некрозындағы маркерлердін жоғарлауын есептеуге негізделген.

TIMI шкаласындағы қауіп баллдары (әр қауіп тобына 1 баллдан қосылады,макс. 7 балл).

  • Жасы > 65 жас
  • Атеросклероздың 3 және жоғарғы қауіп тобы.
  • Ерте анықталған коронарлы артерияның стеноз диаметрі 50% жоғары болса;
  • Стацинарға түскен кездегі ЭКГ да ST сегменті көтерілсе немесе депрессиясы;
  • Стенокардия ұстамалары 24 сағ. ішінде 2 немесе одан көп болса;
  • Соңғы 7 тәулік ішінде аспиринді қабылдау;
  • Миокард некрозындағы маркерлердің жоғарлауы;

TIMI шкалласындаға жоғарғы балл,жоғарғы өлімділік қауіпін, миокард инфарктын және ишемияның қайталану қауіпін көрсетеді.

Коронарлық қан айналымды бағалау:

  • —TIMI 0 –антеградты кедергі болмауы
  • —TIMI 1 – төменгі бітелу бөлігінде контрасттың жиналуы
  • —TIMI 2 – дистальды аймағына контрасттың баяу жиналуы
  • —TIMI 3 – қалыпты қан айналым.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...