Ойлау бұзылыстары

Ойлау бұзылыстары. Сандырақтау

Ойлау дегеніміз адам санасында объективті шынайылық бейнелеуінің ең жоғарғы формасы. Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс.

Ойлау негізі – түсінік болып табылады. Түсінік – заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады.

Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл ойлаудың формасы бойынша бұзылуы. Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады.

ойлау бұзылысы

Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы:

  • Ойлау жылдамдауы
  • Ойлау баяулауы
  • Патологиялық байымдылық
  • Резонерлік
  • Ойлау үзілуі
  • Ойлау байланыссыздығы
  • Ойлау персеверациялары, стереотипиялары
  • Ментизм
  • Шперрунг

Ойлау жылдамдауы – оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі – fuga idearum деп аталады.

Ойлау баяулауы – ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағымданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді. Депрессиялық психозда, шизофренияда, реактивті және басқа да психоздарда кездеседі.

Патологиялық байымдылық – бір ойдан екіншіге ауысуының қиындауымен, ойлаудың аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас маңыздысын екінші ретті мәнділіктен ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды, бір орнында тұрып қалады, басқа тақырыптарға ауысып кетеді. Эпилепсиялық ақыл кемділікте, эпидемиялық энцефалиттің кеш кезеңінде, ОЖЖ басқа да оргнаикалық ауруларында байқалады.

Резонерлік – танымдық мағынасынын айырылған бос, өнімсіз пікір. Шизофренияда бақыланады, бұл дерттің бұрыннан бері келе жатқандығының белгісі.

Ойлау үзілуі – сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады. Бұл шизофренияның көп жылғы үрдісінде байқалады.

Ойлау байланыссыздығы – науқастың сөзі мағынасы бір-бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады, грамматикалық құрылымы бұзылған болады. Бұл психикалық бұзылыстардың тереңдегенін көрсетеді.

Ойлау персеверациялары мен стереотипиялары – қандай да бір ойда мүдіріп қалу. Ол бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше рет қайталаумен көрінеді, нәтижесінде науқастың жауабы мағынасыз болады. Бұл бұзылыс инсульттен кейінгі және кәрілік афазиясында, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі.

Ментизм – науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс ойлар ағыны, оларды басқара алмау, жасанды сезім. Бұл идеаторлы автоматизм құбылысна жатады, шизофренияда байқалады.

Шперрунг – анық сана фонында кенет пайда болатын ассоциациялар ағымындағы үзіліс, әңгіме желісінің жоғалуы. Шизофрения ауруында байқалады.

Ойлау мазмұнының бұзылуы:

  • Соңына түсу сандырағы
  • Әсер ету сандырағы
  • Уландыру сандырағы
  • Қатынас сандырағы
  • Зиян сандырағы
  • Кверулянттық сандырақ
  • Қызғаныш сандырағы
  • Ипохондриялық сандырақ
  • Өзін-өзі кінәлау және кемсіту сандырағы

Сандырақ (бред)

Сандырақ ойлар (бредовые идеи) – аурудың санасын толықтай жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулері. Сандырақтық тану пайда болған кезде сандырақ нақты мазмұнға ие болады, эмоциональды тынышталу жағдайымен жүреді, ол сандырақ кристаллизациясы деп аталады.

Соңына түсу сандырағында науқас белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенеді.

Әсер ету сандырағында сол аталаған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі техникалар мен құралдарды қолданады деп есептейді.

Улану сандырағы да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді: науқас уландырудың негізгі көзі улы тамақ, улы заттар, дәрі, ауа, су деп есептейді.

Қатынас сандырағы да соңына түсу сандырағын толықтырады. Қоршаған ортада болып жатқан қарапайым бұзылыстарды бұрмалап, өзіне қарсы істелініп жатқан іс-әрекет ретінде түсінеді.

Зиян сандырағы – науқас адамдарды зиянкеш көріп, материалды немесе моральді зиян келтіруде, тонап, заттарын бүлдіреді, құқығыма қысым жасайды деп ойлайды.

Кверулянттық сандырақ өзінің тарапына ұқыпсыз, қайырымсыз, адал емес көзқарасты сезген науқас дауласуға дайын тұрады.

› Қызғаныш сандырағы науқастың жолдасының барлық іс-әрекеттері және қоршаған ортада болып жатқан нәрселермен қатынасы жұбайлық көзге шөп салу белгілері түрінде көрінеді.

›Ипохондриялық сандырақ тематикасы ауыр, дауасы жоқ дерттің бар екеніне сенімділік.

Өзін-өзі кінәлау және кемсіту сандырақтық идеялары – ипохондриялық және депрессиялық күйлердің бірге жүруі. Науқас өзін барлық нәрсеге кінәлі сезініп, өкініш сезімін арқалап жүреді.

Сандырақ жіктелуі:

  • Біріншілік. Психиканың патологиялық өнімдері сандырақтық түрде дамиды.
  • Екіншілік. Ой түйіндеу өзгерген фонда дамиды, мысалы, ауруға қауіп төндіруші есту вербальды галлюцинациялары және оған сәйкес соңына түсу сандырақтық идеялары бар.
  • Жүйеленген. науқас болып жатқан оқиғаны түсінеді, алайда қиындықпен немесе ұзақ уақыт аралығында.
  • Жүйеленбеген. Науқас санасында айтылған және болып жатқан оқиғалардың сарапталмауы.

Шығу тегі бойынша:

  • Резидуальды сандырақ. Психоз жағдайынан кейін біршама уақыт бойы жалғыз симптом ретінде қалатын бейнелік сандырақ, науқастың жүріс-тұрысына әсер етпейді.
  • Индуцирленген сандырақ. Сау адамдардағы қате пікірлердің пайда болуы сандырақпен зардап шегетін адамдармен байланысты болады: примитивті, ситуацияны сыни көзқараспен, дұрыс түйіндей алмайтын адамдарда дамиды.

Жабысқақтықтар (обсессиялар)

Еріктен тыс пайда болатын, науқас ойын жаулап алатын және науқас үшін бөтен, дертті жағдай ретінде қабылданатын ойлар мен күйзелістер, науқас оларды өз ерік күшімен жеңе алмайды. Оларды екі топқа бөлеміз: 1-бейтарап, яғни науқас үшін индифферентті, айқын эмоциялық реакциялармен жүрмейді. 2-бейнелік науқас үшін ауыр және айқын аффективті жауаппен көрінеді.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...