Психопатологиялық синдромдар

Негізгі психопатологиялық синдромдар. Психикалық аурулардың жіктелуі.

Позитивты және негативты синдромдар

Психопатологиялық синдромдар— түрлі сырқаттанған үрдістердің ағымымен байланысты болатын жоғарғы психикалық функцияларының бұзылыстарының жиыны. Осы психопатологиялық синдромдардың негізінде психикалық аурулардың көрінісі туындайды. Синдром аурудың ауырлық дәрежесін және сапалық ерекшеліктерін анықтайды. Психикалық сырқат кезінде симптомдар полиморфизмі орын алатынына байланысты синдромалды анализге маңызды орын беріледі.

Психопатологиялық синдромдардың жіктелуі.

  • Үлкен
  • Кіші
  • Позитивты ( елес – сандырақтық, кататониялық, аффективты, және т.б.)
  • Негативты ( психопатиялық, амнезиялық, апатиялық, олигофрения,деменциялық)

Негативты және позитивты симптоматика көп синдромдарда қатарласып жүреді. Мысалы, Корсаков синдромында негативты көріністер (өмірдің оқиғаларының ұмтылуы, критиканың төмендеуі және позитивты көріністер ( конфабуляциялар) орын алады.)

  • Қарапайым (бір синдром)
  • Күрделі ( бірнеше синдромдар)

Астениялық синдром

Бұл синдром нерв- психикалық әлсіздік жағдайы. Психиатрияда және неврологияда ең жиі тараған синдром. Ол психиканың сандық бұзылыстарын көрсетеді. Оның негізгі көрінісі- психикалық астения. Оның 2 варианты бар:

  • гиперстениялық
  • гипостениялық

Гиперстениялық түріне тән:

  • Тітркендіргіштік
  • Эмоциялық лабильділік және әлсіздік
  • Гипобулия
  • Ес қабілетінің бұзылуы
  • Метеопатия
  • Вегетациялық өзгерістер ( іш қату, іш өту, гипергидроз, бас ауырсынуы, тахикардия, акроцианоз, ұйқының бұрмалануы — инверсия)
  • Ойлаудың бұзылуы

Гипостениялық түріне тән:

  • Физикалық астения
  • Шаршағыштық
  • Пессимизм
  • Жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі
  • Ұйқышылдық. Демек таңертең әлсіздік, ұйқыдан нәр алмауы, баста ауырлық сезімнің сезінуі.

Кездесуі

  • Соматикалық аурулар ( жұқпалы және жұқпалы емес)
  • Интоксикация
  • Органикалық және эндогенді психикалық аурулар ( шизофрения, эпилепсия)
  • Невроздар

Аффективты синдромдар

Қазіргі жіктелуінде осы синдромдарында 3 түрлі параметр жатыр:

  1. Деффектты полюс (депрессивты, маниакалды, аралас)
  2. Синдром құрылымы (гормониялық- дисгармониялық, типты- атипты)
  3. Көрініс дәрежесі (психотикалық және психотикалық емес)

Типтік ( гармониялық) синдромдарға міндетті түрде келесі триада тән:

  1. Эмоция патологиясы ( депрессия, мания )
  2. Ассоциативты үрдіс ағымының өзгеруі ( тездетілуі  немесе баяулауы)
  3. Қозғалыс- ерік бұзылыстары ( ступор, субступор, қозу, гипобулия, гипербулия)

Осында негізгісі- эмоцияның бұзылыстары боп табылады.

Атипиялық аффективты синдромда қосымша симптомдардың ( қорқыныш, сенестопатиялар, фобия, обсессия, сандырақ және т.б.)негізгі аффективты белгілерінен басым болуы тән. Аралас аффективты синдромдарда қарама-қарсы триадаға енетін бұзылыстар тән ( депрессивты қозу).

Сонымен қатар субаффективты синдромдарды ажыратады. Түрлері:

  1. Классикалық
  2. Күрделі ( аффективтік- сандырақтық, депрессивты- параноидты, депрессивты- елестік, маниакалды- парафренды)

Депрессивты синдром

Оған тән: депрессивтік триада

  1. Көңіл-күйінің төмендеуі
  2. Идеаторлық ( интеллектуалдық) мелшию
  3. Моторлық мелшию
  • Ипохондриялық, өзін-өзі кінәлау сандырағы
  • Гипобулия
  • Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа, беткей, ерте ояну)
  • Соматикалық бұзылыстар ( шырышты қабықшаларының құрғақтылығы, тахикардия, іш қату, мидриаз, артериялық қысымның жоғарлауы, дене салмағының азаюы )

Кездесуі: Эндогенды депрессиялар (МДП,шизофрения)

Субдепрессия. Ол депрессияның әлсіз психотикалық емес варианты. Типтік түрлері:

  1. Астено-субдепресивты ( психикалық және фихикалық әлсіздік, эмоциялық лабилділік, психикалық гиперстенция)
  2. Адинамиялық субдепрессия ( көңіл- күйінің төмендеуі, адинамия, абулия)
  3. Анестетикалық субдепрессия ( пессимизм, аффективты резонансты өзгеріс, көңіл- күйінің төмендеуі, симпатия және антипатиялық сезімнің жоғалуы)

Атипиялық депрессия түрлері

  • Үрейлі депрессия
  • Депрессиялық- сандырақтық синдромы
  • Апатиялық депрессия

Лавирленген субдепрессия. Алдыңғы орынға қосымша симптомдар ( сенестопатия, алгия, парестезия, сексуалдық, наркоманиялық және вегето-висцералдық бұзылыстар) шығып, ал аффективты симптомдарекінші орынға шығады.

Лавирленген субдепрессия түрлері. 

  • Алгиялық-сенестопатиялық варианты
  • Агрипиялық варианты ( ұйқы бұзылыстары)
  • Вегето-висцералдық варианты ( пульс лабилділігі, артериялық гипертензия,тахипноэ, гипергидроз, дизуриялық бұзылыстар, қалтырау сезімі, субфебрилды дене қызуы)
  • Көпшілік жағдайда диэнцефалды-гипоталамустық пароксизмдерде, вазомоторлық аллергиялық бұзылыстарына, бронх демікпеге ұқсас болады.
  • Психопатияға ұқсас варианты ( сплин, үйден кету, бағынбау периодтары, жалқаулық ). Көп жағдайда жасөспірімдерде кездеседі.
  • Наркоманиялық варианты ( алкогольды және нашақорлық масаюға ұқсас )
  • Сексуалдық сферадағы бұзылыс варианты ( периодты және маусымдық импотенция немесе фригидтілік,)

Кездесуі:

  • Невроздар
  • Циклотимия
  • Циклофрения
  • Шизофрения
  • Инволюциялық және реактивты депрессия
  • Мидың органикалық бұзылыстары

Маниакалды синдром

Оған тән: Маниакалды триада:

  1. Көңіл-күйінің жоғарлауы
  2. Ойлаудың тездетілуі
  3. Психомоторлық қозу
  • Оптимизм
  • Ұлулық сандырағы
  • Гипербулия
  • Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа мерзімді, шрашғыштық сезімі жоқ)
  • Соматикалық бұзылыстар ( дене салмағының төмендеуі )

Кездесуі:

  • МДП
  • Шизофрения
  • Циклофения
  • Эпилепсия
  • Симптомдық, органикалық, интоксикациялық психоздар

Көндіру жағдайлар синдромы

Обсессивты синдром

Оған тән:

  1. Көндіру еске алулар
  2. Қозғалыс ритуалдары
  3. Антипатияны көндіру сезімі

Кездесуі ( фобиясыз):

  • Психопатия
  • Торпидты ағымындағы шизофрения
  • Мидың органикалық бұзылыстары

Фобиялық синдром

Көптеген көндіру қорқыныш сезімдермен көрінеді. Қазіргі кезде 600- ге тарта фобиялардың ( агорофобия, мизофобия, нозофобия) түрлері бар.Науқас адамда қозғалыс ритуалдары ерте көрініс береді.

Кезедесуі: Невроздар, Шизофрения, Мидың органикалық бұзылыстары.

Корсаковтың амнестикалық синдромы

Бұл синдромды алғаш рет 1887 жылы С.С. Корсаков суреттеген. Ол естің қазіргі оқиғаларға бұзылуымен және болған оқиғаларға, тәжірибелік дағдыларға қатысты естің сақталуымен сипатталады. Оған:

  1. Фиксациялық амнезия
  2. Антероретроградты амнезия
  3. Парамнезиялар
  4. Амнезиялық  дезориентировка

Кездесуі: Мидың органикалық бұзылулары, Корсаковтың психозы, Ісіктер, Инсульттер, Интоксикация, Инфекциялық сырқаттар

Паранойялды синдром

Ол жүйелеудің жоғарғы дәрежесімен сипатталатын І интерпретациялық сандырақ.

  • Қудалау, қызғану ипохондриялық, шығармашылық, материалдық зақым келтіру сандырағымен сипатталады.
  • Галлюцинациялар болмайды.
  • Кейде синдромның манифестациясына өте бағалы ойлар әсер етеді.
  • Синдром сүлелі ағымға бейім.
  • Емге нашар көнеді.

Кездесуі: Инволюциялық психоз, Шизофрения, Пароанойялды психопатияның декомпенсация кезеңі

Параноидты синдром

Оған тән:

  1. Псевдгаллюцинациялар
  2. Қудалау, әсер ету сандырағы
  3. Психикалық автоматизм
  4. Сенестопатиялар

Кандинский- Клерамбо синдромынан бұл синдром дәм сезу елес пен сандырағымен ерекшеленеді. Синдромның ағымында жіті, баяу және сүлелі түрлерін бөледі. Шизофренияда кездеседі.

Кататониялық синдром

Оған тән:

1.Гипокинезия көріністері

  • «Ауалы жастық», капюшон симптомдары
  • Негативизм ( пассивты және белсенді)
  • Каталепсия
  • Патологиялық рефлекстер ( сору, ұстау)
  • Павлов симптомы

2. Гиперкинезия көріністері

  • Импульсивты қозғалыстар
  • Қозғалыс және тіл стереотипиялар

3. Паракинезия көріністері

  • Пантомимика
  • Эхолалия, эхопраксия, эхомимия

Кездесуі: Шизофрения, Эпидемиялық энцефалит

Истериялық синдром

Психика, моторика, сезім, сөйлеу және сомато-вегетациялық бұзылыстармен сипаталатын синдром. Мұнда негізгісі өзіне көңіл аударту. Оған келесі бұзылыстар тән:

  1. Психика бұзылыстары ( астения, субдепрессия, амнезия, фобия,ипохондрия, эмоция әлсіздігі)
  2. Қозғалыс бұзылыстары ( классикалық үлкен истериялық ұстама, истериялық парез бен параличтер, ступор, контрактура, абазия, астазия, дисфагия)
  3. Сезімнің бұзылыстары ( анестезия, парестезия, амавроз, гемианапсия, скатома, адигестия)
  4. Сомато-вегетациялық бұзылыстар ( асқазан-ішек трактінің парезі, іш қату, анорексия, метеоризм, жүрек айнуы, бас айналуы, синкопалды жағдайлар, кардиалгия, акроцианоз, кейде викарлы қан кетулер жыныстық әуестіктің бұзылуы, жалған жүктілік сезімі )

Кездесуі: Шизофрения, Истериялық невроздар, Мидың органикалық аурулары, Төтенше жағдайлар, Реактивты психоздар

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...